15) Қазақстан Республикасының еншілес және басқа да ұйымдары мен шетелдік ұйымдардың қаржы ресурстарын тарта отырып, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, инновациялық және инвестициялық жобаларды ұйымдастыруды, қаржыландыруды, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетіктері мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысуды;
16) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және олармен үлестес тұлғалар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерімен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде көзделген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының құзыретіне:
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жұмыскерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын айқындау;
3) профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмыскерлер лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
4) білім беру қызметтерін көрсету шартының және кәсіптік практиканы өткізуге арналған шарттың нысандарын әзірлеу және бекіту;
5) дербес әзірленген оқу жүктемесі нормаларының, еңбекке ақы төлеу нысандары мен мөлшерлерінің негізінде білім беру қызметін жүзеге асыру;
6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
7) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасын әзірлеу;
8) білім алушыларға «бакалавр» және «магистр» дәрежелерін беру;
9) кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
10) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
11) білім алушыларға дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының, әскери қызметке шақыру туралы шақыру қағазының негізінде, босануына, бала асырап алуына байланысты бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыстар беру;
12) ішкі тәртіптеме қағидаларын әзірлеу және бекіту;
13) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
14) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік оқыту технологиясын және қашықтықтан білім беру технологияларын ендіру;
15) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
17) қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде жабдықтармен жарақтандыру;
18) кадрларды кәсіптік даярлаудың заманауи нысандарын ендіру;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті ұсыну жатады.
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қорын құруға;
2) бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен ғылыми-білім беру қызметі жөніндегі заңды тұлғаларды құруға;
3) стартап-компаниялар ашуға;
4) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржы қаражаты мен материалдық құралдардың қосымша көздерін тартуға;
5) шет мемлекеттерде филиалдар құруға құқылы.
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
4. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұнын тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен болмайтындай етіп өзі дербес айқындауға;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежелерін беруге де құқылы.
Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген қызмет түрлерін, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы мәдениет саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 6), 7), 9), 11), 13), 14) және 15) тармақшаларында көзделген нормаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға құқылы.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының осы баптың 2-тармағының 2), 3), 6), 9), 10), 11) және 15) тармақшаларында көзделген құзыреті Сот төрелігі академиясына, әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.
2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару
1. Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиісті үлгідегі білім беру ұйымы қызметінің үлгілік ережелері мен білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жеке-дара басқару және алқалылық принциптерімен жүзеге асырылады.
2. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын қоспағанда, білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымға білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде тағайындалады.
4. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен аттестаттаудан өтеді.
Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының аттестаттаудан өту тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік білім беру ұйымының (медициналық және фармацевтік білім беру ұйымдарынан басқа) басшысы мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша бас бухгалтерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына өздерінің лауазымдарын білім беру ұйымдары ішіндегі немесе одан тыс жерлердегі басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдістемелік басшылықтан басқа) лауазымдармен қоса атқаруға тыйым салынады.
8. Мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының лауазымдық міндеттерін қоса атқаруға болмайды.
9. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.
Білім беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау тәртібімен қоса, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік ережелерін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру ұйымының кеңесі (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогтік, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңестер және басқа да нысандар бола алады.
2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 9-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-1. Мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының алқалы басқару органының құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі келісу бойынша кіреді.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 9-2-тармақпен толықтырылды
9-2. Коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, осы Заңның 43-1-бабы 2-тармағының 1), 3), 6), 7) тармақшаларында, 3-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында және 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген функциялар, сондай-ақ:
1) штат санын бекіту;
2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерлерін бекіту;
3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту;
4) академиялық құрылымдық бөлімшелерді құру және тарату туралы шешімдерді қабылдау жатады.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Осы бап байқаушы кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарына, коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдарға «Мемлекеттік мүлік туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ережелерге қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
45-бап. Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі
1. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы ғылыми-педагогтік қызметкерлердің (профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарға орналасуы конкурстық негізде жүзеге асырылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әскери, арнаулы оқу орындарының басшылары мен профессор-оқытушылар құрамын лауазымға тағайындау тәртібін және олардың еңбек жағдайларын тиісінше Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.
3. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:
1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;
4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауаптылықта болады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 45-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 45-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
45-1-бап. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік білім беру жүйесінің қызметі нәтижелерін арттыруға, экономика салалары мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып кадрлар даярлығының деңгейіне қол жеткізуге, оқытудың өндіріспен байланысын, оның ішінде дуальды оқытуды енгізу арқылы нығайтуға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жұмыс берушілердің қаражатын қоса алғанда, қосымша қаржыландыру көздерін тартуға бағдарланған.
2. Кәсіптік білім беру саласындағы әріптестердің өзара іс-қимылдарының негізгі бағыттары:
1) жұмыс берушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) кәсіпорындардың (ұйымдардың) технологиялық базасын пайдалана және тәлімгер бекітіп беріле отырып, білім алушылардың кәсіптік практикасын, арнайы пәндер бойынша оқытушылардың және мамандардың тағылымдамаларын ұйымдастыру;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі үшін кәсіпорындардың (ұйымдардың) жұмыс орындарын ұсынуына жәрдемдесу;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) кадрлар даярлау және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдем-десу мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылдарын дамыту;
4) экономиканың тиісті салаларында кәсіптік қызмет тәжірибесі бар мамандарды оқыту процесіне тарту;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) кәсіптік білім беру сапасын бақылауды ұйымдастыруға қатысу;
6) жұмыс берушілердің қаржылай қаражатын білім беру ұйымдарын дамытуға тарту болып табылады.
3. Әлеуметтік әріптестік:
1) республикалық деңгейде;
2) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде комиссиялар құру арқылы тараптардың өзара іс-қимылы жолымен жүзеге асырылады.
4. Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың үлгі ережесі мен қызметінің тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
46-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер
Білім беру жүйесіндегі білім беру қызметі субъектілерінің мүдделерін олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және әрекет ететін бірлестіктері білдіре алады.
47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Білім алатын адамдар білім алушылар немесе тәрбиеленушілер болып табылады.
Бiлiм алушыларға оқушылар, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар, студенттер, магистранттар, интерндер, резидентура тыңдаушылары және докторанттар жатады.
Тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі, интернаттық ұйымдарда білім алушы және тәрбиеленуші адамдар жатады.
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;
3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;
5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан немесе жоғары білімнің білім беру бағдарламасынан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7) білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;
10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің:
1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруге;
2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметке шақырылу мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар.
5. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларда білім алушыға академиялық демалыс берілуі мүмкін.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар келесі деңгейдегі білім беру ұйымына түсу кезінде бірдей құқықтарға ие болады.
6-1. 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-2. 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия төленуі мүмкін. Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттiк атаулы стипендия жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының неғұрлым дарынды магистранттарына және Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушыларына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде төленеді.
Көзі көрмейтін мүгедектердің және құлағы естімейтін мүгедектердің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған балалардың, сондай-ақ кезекті аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша «үздік» деген бағаға ғана оқитын студенттер мен магистранттардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жоғары мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар.
Жеке және заңды тұлғалар тағайындайтын атаулы стипендиялар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысаны бойынша білім алушыларға тағайындалады.
Атаулы стипендиялардың мөлшерін және оларды төлеу тәртібін оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар айқындайды.
8. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 9-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз (2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған білім алушыларды білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етеді.
10. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.
11. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алушы және (немесе) тәрбиеленуші жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады.
12. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да жеңілдіктер беріледі.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың қысқы және жазғы каникул кезінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруге құқығы бар.
14. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.
15. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 15-1-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 15-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-1. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
Өзге білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.
16. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-тармақ өзгертілді
17. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгiленген квота шегiнде педагогтік, медициналық және ветеринарлық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргенннен кейiн тиісінше мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде не ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік ветеринария ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттi.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 17-тармақ үшінші бөлікпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен азаматтар оқуын бітіргенннен кейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті.