28) 459-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру тәртібін көлік саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
29) 462-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат беру құжаттары ресімделмей автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, алым сомасы осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке төленеді.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат беру құжаттары ресімделмей автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, алым сомасы алым төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.»;
30) 465-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша әділет органдары өткiзетiн аукциондардан;»;
31) 473-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Рұқсат беру тәртiбiн байланыс саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi.»;
32) 507-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Төлемақы сомасын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде мемлекеттік орман иеленушілер кассасына қолма-қол ақша енгізу арқылы жүргізіледі.»;
33) 511-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Төлемақы сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны бақылау-өткiзу пункттерiнде не Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық актiсiнде айқындалған табиғат қорғау ұйымдары орнататын өзге де арнайы жабдықталған орындарда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң немесе көрсетілген төлемді растайтын бақылау-кассалық машина, терминалдар чектерiнiң негiзiнде қолма-қол ақша енгiзу арқылы жүргiзiледi.»;
34) 547-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде қолма-қол ақша енгізу арқылы жүргізіледі.»;
35) 569-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік бере отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қояды немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім шығарады.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.»;
36) 570-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк қатаң есептілік бланкiсi болып табылады және салық төлеушiні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады. Куәлiктiң нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып беріледі.»;
37) 571-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:
1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін осы Кодексте оны ұсынудың белгіленген мерзімнен алты ай өткен соң ұсынбаған;
2) жазбаша түсіндірме ұсыну үшін осы Кодекстің 558-бабының 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнің соңғы күніне салық төлеушіде ашылған банк шоттары болмаған жағдайда, мұндай салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған;
3) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған;
4) соттың заңды күшіне енген үкімінің не қаулысының негізінде қосылған құн салығын төлеушi жалған кәсіпорын деп танылған;
5) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайларда салық төлеушiні хабардар етпестен жүргізіледі.»;
38) 574-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салық органы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіні салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объект орналасқан жер бойынша жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне тіркеу карточкасын бере отырып, қояды.
Тiркеу карточкасы - салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң салық органдарында тіркелгенін куәландыратын, жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебіне қойған кезде салық органы беретін қатаң есептілік бланкiсi.
Тіркеу карточкасын салық органы салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып береді.
Тіркеу карточкасының нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
39) 576-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару туралы шешімді уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер тiркелген жердегі салық органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.»;
40) 581-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру арқылы осындай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде, осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалатын, бұл жайында уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша мұндай тану тоқтатылған есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей уәкiлеттi органды хабардар етуге;»;
41) 622-баптың 3-тармағындағы «атқарушылық iс жүргiзу органдары жүргізеді» деген сөздер «әділет органдары жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 646-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасының, тауар чегінің, фискалдық есепті алу актісінің, қолма-қол ақша есебi кiтабы мен тауар чектерi кiтабының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.»;
43) 650-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық органының пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес бақылау-кассалық машинаның техникалық ақауы болған жағдайда салық төлеушi ақау пайда болған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-кассалық машина есепке қойылған салық органына:
1) бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасының нөмірін, берілген күнін және ақау болған күннің басындағы есептегіштің жиынтық көрсеткіштерін көрсете отырып, салықтық өтінішті;
2) жөндеу жүргізу мерзімдері мен ақау себептерін негіздеп көрсете отырып, техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысын береді.
Салық органы салықтық өтінішті қабылдаған күні ақауды жою үшін бақылау-кассалық машина пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Бақылау-кассалық машина пломбасының бүтіндігін бұзуға салық органының рұқсатын салық органының пломба орнатуға жауапты лауазымды адамы оны беру туралы шешім қабылдаған күні уәкілетті орган белгілеген нысанда береді.
Салық органы осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген құжаттар мәліметтерін бермеген немесе толық құрамда бермеген жағдайларда пломбаның бүтіндігін бұзуға салық органының рұқсатын беруден бас тартады.
Техникалық ақау жойылғаннан кейін пломба орнату үшін бақылау-кассалық машинаны салық органына табыс ету мерзімі техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысында көрсетілген жөндеу жүргізу мерзімінен кем болмауға, бірақ пломбаның бүтіндігін бұзуға салық органының рұқсаты берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.»;
44) 653-баптың 1-1, 2 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан (аумағына) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) акцизделетін тауарларды әкелу (әкету) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады.
2. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есепке алу-бақылау таңбаларымен, темекі бұйымдары - акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.».
«6. Осы бапқа сәйкес:
1) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
2) акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
3) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекітеді;
4) акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»;
45) 656-бапта:
1-тармақтың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша салық қызметі органдарының бақылауды тағайындау туралы шешiмi (бұдан әрі - шешім) уәкiлеттi мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі осы баптың мақсатында - уәкілетті мемлекеттік органдар) қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады, онда мынадай деректемелер қамтылады:»;
7-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде, салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап қояды.
Салық қызметi органының уәкiлеттi мемлекеттiк органға бақылау актiсiнде көрсетiлген соңғысының бұзушылықтарды жою қажеттiгi туралы қағаз жеткізгіште жiберген хабарламасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы талап (бұдан әрi - талап) деп танылады. Талап нысанын уәкілетті орган белгiлейдi.».
11. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
8-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті»;
2) 6-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді шығарады;»;
3), 4), 5), 8), 10), 11), 12-1), 13), 14), 15), 16), 17), 19), 20), 21), 22), 24), 25), 26) және 27-2) тармақшалар алып тасталсын;
3) 7-баптың 1-тармағында:
29-3) тармақша алып тасталсын;
73) тармақшадағы «бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 74), 75), 76), 77), 78), 79), 80), 81), 82), 83), 84), 85), 86), 87), 88), 89), 90), 91), 92), 93), 94), 95), 96), 97), 98), 99), 100), 101), 102) және 103) тармақшалармен толықтырылсын:
«74) медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
75) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;
76) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу тәртібін айқындау;
77) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
78) клиникалық базалар тізбесін бекіту;
79) денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысанын бекіту;
80) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту;
81) денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін айқындау;
82) иондандырушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану тәртібін айқындау;
83) азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібін бекіту;
84) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту;
85) анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен шарттарын бекіту;
86) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту;
87) денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау;
88) донорларға қан мен оның компоненттерінің донациясы үшін ақы төлеу тәртібін айқындау;
89) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту;
90) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізудің, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібін бекіту;
91) медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту;
92) әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету тәртібін бекіту;
93) консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін бекіту;
94) стационарлық көмек көрсету тәртібін бекіту;
95) стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін бекіту;
96) жедел медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту;
97) санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну тәртібін бекіту;
98) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тәртібін бекіту;
99) паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету тәртібін бекіту;
100) зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін бекіту;
101) патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу тәртібін бекіту;
102) медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін бекіту;
103) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету тәртібін, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекітіп беру тәртібін бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;
4) 8-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:»;
2), 4), және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;»;
«4) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот- наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің басшыларын лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;»;
«7) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот- наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердегі ұйымдар мен бөлімшелердің құрылымын, олардың қызметі туралы ережені, үлгілік штаттарды және штат нормативтерін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекітеді.»;
5) 9-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1), 18-3), 18-4), 18-5) және 18-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;»;
«18-3) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектілерінің тізілімін жүргізеді;
18-4) профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізеді (инфекциялық және паразиттік аурулар табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда);
18-5) фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
18-6) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізеді;»;
6) 14-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тәуелсіз сарапшылар тарту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
7) 21-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың енуі мен таралуын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.».
7-тармақтың 1), 5) және 20) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте халықтың пайдалануы мен қолдануына арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, онда өндіруге, қолдануға және өткізуге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін тәртіппен тыйым салуға;»;
«5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін тәртіппен және инфекциялық аурулар тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді белгілеуге;»;
«20) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейтін жағдайларды қоспағанда, йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салуға құқығы бар.»;
8) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
9) 34-бапта:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) уәкілетті орган белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі кіреді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдауды және оның шығындарын өтеуді тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.»;
10) 35-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.»;
11) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Медициналық-әлеуметтік көмек
1. Медициналық-әлеуметтік көмек - тізбесін уәкілетті орган айқындайтын әлеуметтік мәні бар аурулармен науқастанған азаматтарға бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек.
2. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
12) 45-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің түрлерін, көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
13) 46-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
14) 47-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Стационарлық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
15) 48-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
16) 49-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
17) 50-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
18) 52-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
19) 53-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
20) 55-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің түрлерін уәкілетті орган белгілейді.»;
21) 56-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қайтыс болған адамның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің талап етуі бойынша патологиялық-анатомиялық ашып қарауды тәуелсіз сарапшы (сарапшылар) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізуі мүмкін.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
22) 58-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
23) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
24) 63-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
25) 63-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
26) 67-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру және олардың сапасын бақылау, сондай-ақ тұрақтылығына сынақтар жүргізу және сақталу мерзімі мен қайта бақылау мерзімін белгілеу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.»;
27) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«68-бап. Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау
Дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауды дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауға тиісті лицензиясы бар, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырады. Дайындалған дәрілік препараттар уәкілетті орган бекіткен тәртіппен дәріханаішілік бақылануға жатады.»;