1) 12-баптың 1-тармағының 41-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«41-1) уәкілетті заңды тұлға - салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы, уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;»;
2) 14-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталатын акцизделетін тауарлардың (жеңіл автомобильдерді қоспағанда) алдағы уақытта алынатыны туралы салық органдарын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен хабардар етуге;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақшаның мақсатында тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама беру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»;
3) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық қызметі органдары уәкілетті орган бекіткен кодтары бар уәкілетті орган мен салық органдарынан тұрады.»;
4) 23-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын квитанция негізінде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомаларын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беруді қамтамасыз етеді.»;
5) 56-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық төлеуші (салық агенті), егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу саясатын дербес әзірлейді және бекітеді.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша дербес әзірленген салықтық есепке алу саясатын бекітеді.;»;
6) 64-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер салық төлеуші уәкілетті орган олар үшін әртүрлі салықтық нысандар белгілеген салық төлеушілердің санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген салықтық нысандарды жасауға тиіс.»;
7) 66-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сатып алушылар бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары;»;
8) 75-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салықтық өтініштердің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.»;
9) 77-бапта:
1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық тіркелімдері арнаулы нысандар түрінде жүргізіледі. Уәкілетті орган белгілеген салық тіркелімдері нысандарын қоспағанда, салық тіркелімдерінің нысандарын және оларда салықтық есепке алу деректерін көрсету тәртібін салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлейді және салықтық есепке алу саясатында бекітеді.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жасалу нысандары мен қағидаларын уәкілетті орган белгілейтін, салық төлеуші (салық агенті) жасайтын салық тіркелімдерін қамтиды.»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган:»;
4-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер үшін уәкілетті орган:»;
10) 118-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша тіркелген активтерді алған кезде осы Кодекстің 119-бабының 12-тармағына сәйкес айқындалған құн, мұндай құн болмаған жағдайда уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындаған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.»;
11) 119-бапта:
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалған құнға азайтылады.»;
13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалған құнға азайтылады.»;
12) 133-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шарт жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның мақсатында оқытуға арналған шығыстар:
оқытуға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстарды;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жұмсалған шығыстарды;
оқитын адамға салық төлеуші айқындаған мөлшерде, бірақ уәкілетті орган белгілеген нормалардан аспайтын ақша сомасын төлеуге арналған шығыстарды қамтиды;»;
13) 156-баптың 1-тармағының 24) және 42) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«24) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе оны қайта даярлауға жiберген кезде жұмыс берушiнiң шығыстары:
басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдеу кезінде - жұмыс берушінің қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстары;
басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдемей:
қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгiлеген нормалар шегiнде қызметкердің тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiктi арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;
жұмыс берушiнің:
қызметкер Қазақстан Республикасының шегiнде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде - қызметкер оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;
қызметкер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде - қызметкер оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде қызметкерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы;»;
«42) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша осы Кодекстің 135-1 бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:
жеке тұлғаны оқытуға, оның біліктілігін арттыруға немесе оны қайта даярлауға нақты жұмсалған шығыстар;
уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде оқытылатын адамның тұруына нақты жұмсалған шығыстар;
қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына дейін баруға және оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;
дербес білім беру ұйымының:
оқытылатын адам Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде - қызметкер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;
оқытылатын адамның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде - қызметкер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомасы.
Егер шығыстар осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында айқындалған, осындай шығыстарды жүзеге асырған дербес білім беру ұйымының оқыту, біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау мақсатында алған өтеусіз көмек есебінен және соның шегінде жүзеге асырылған жағдайда, осы тармақшаның ережелері қолданылады.»;
14) 192-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудiң іс жүзінде орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн табыстары, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де табыстар.»;
15) 193-баптың 5-тармағының 3) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бiр мезгiлде мынадай:
дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтерінің құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлеу күнiне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер салық салынуға жатпайды.
Осы тармақшаның ережелері резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлғаға қатысу үлесiн құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн кіріс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтерді төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады.
Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
«7) егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың кірістерін қоспағанда, бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кезде, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін кірістер.
Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
16) 200-1-баптың 1-тармағының 4) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бір мезгілде мынадай:
дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлеу күнiне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер.
Осы тармақшаның ережелері:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төлеуге жататын кіріс;
заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады.
Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
«8) егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғалардың кірістерін қоспағанда, бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай өткізу күніне 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кезде, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер.
Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;»;
17) 216-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шотында шартты түрдегі банк салымы орналастырылған банк есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, салық агенті орналасқан жердегі салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша есепті тоқсан ішіндегі ақша қозғалысы туралы есепті ұсынуға міндетті. Есеп шартты түрдегі банк салымы орналастырылған шотта ақша қозғалысы болған тоқсандарға ұсынылады.
Есепке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және оны ұсыну салық есептілігі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.»;
18) 218-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық органы инкассолық өкіммен бір мезгілде табыс салығының сомасы резидент еместің шартты түрдегі банк салымында орналастырылған кезден бастап бюджетке аударылғанға дейін банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша банкке жібереді.
4. Банк сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік екі күн ішінде салық органына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысандағы банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтерді жіберуге міндетті.
Банк сыйақыларының есебіне жазылған сомалары туралы мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және оларды ұсыну салық есептілігі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.»;
19) 224-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер шет мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігі мынадай талаптардың бiрiне сай келген жағдайда:
1) мұндай мемлекетте немесе әкімшілік-аумақтық бірлікте табыс салығының мөлшерлемесі 10 пайыздан аз мөлшердi құраса;
2) мұндай мемлекетте немесе әкімшілік-аумақтық бірлікте қаржы ақпаратының құпиялылығы туралы заңдар немесе мүлiктiң, кірістің нақты иесі немесе заңды тұлғаның (компанияның) нақты иелерi, қатысушылары, құрылтайшылары, акционерлерi туралы құпияны сақтауға мүмкiндiк беретiн заңдар болса, ол жеңілдікті салық салынатын мемлекет деп танылады. Уәкiлеттi орган шет мемлекеттiң немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің құзыреттi органынан аталған халықаралық шартта алмасу көзделген мәлiметтердi беруден жазбаша бас тартуды алған немесе шет мемлекеттiң немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің құзыреттi органы мұндай мәлiметтердi уәкiлеттi орган тиiстi сауалды жiбергеннен кейiн екi жылдан астам уақыт iшiнде бермеген жағдайларды қоспағанда, осы тармақшаның ережелерi Қазақстан Республикасы құзыреттi органдар арасында ақпарат алмасу туралы ережелердi көздейтiн халықаралық шарт жасасқан мемлекеттерге немесе мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктеріне қатысты қолданылмайды.
Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесiн уәкілетті орган бекiтедi.»;
20) 256-баптың 2-тармағы 11) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) осы тармақшаның ережелерін ескере отырып, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру мен дамыту саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органының құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжатында көрсетілген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.»;
21) 263-баптың 1-2-тармағы үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда мыналар:»;
22) 270-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 256-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру мен дамыту саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органының құрылымдық бөлімшесі өзіне мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.»;
23) 276-18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер Қазақстан Республикасының басқа салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импорттаған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған жағдайда, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі, тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импортталған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған кезде қосылған құн салығын төлеуді оларды сатып алу-сатуға резидент емеспен шарттар (келісімшарттар) болған кезде тауарлардың меншік иесі жүзеге асырады.
Тауарларды сатып алу-сатуға арналған шарттар (келісімшарттар) болмаған кезде, мұндай тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеуді көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жүзеге асырады.
Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі осындай сауда өткізілетіні туралы Кеден одағына мүше мемлекеттерден саудаға қатысушылардың тізімін қоса алғанда, оны өткізу басталғанға дейін он жұмыс күні бұрын орналасқан жеріндегі салық органын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
24) 276-20-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде Кеден одағына мүше мемлекеттерге өткізілген тауарлар немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу жөнінде орындалған жұмыстар бойынша шот-фактуралардың тізілімін ұсынуға міндетті. Кеден одағына мүше мемлекеттерге өткізілген тауарлар немесе алыс-беріс шикізатын өңдеу жөнінде орындалған жұмыстар бойынша шот-фактура тізілімдерінің нысандарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштегі импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін салық органдарының тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.»;
25) 276-22-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтару тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
26) 282-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алыс-беріс шикізаты болып табылатын акцизделетін тауарларды беру кезінде көрсетілген тауарларды мердігерге (өңдеушіге) берген күн операция жасалған күн болып табылады.
Алыс-беріс шикізатынан акцизделетін тауарлар дайындаған кезде дайындалған акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген акцизделетін болып табылатын алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған және (немесе) тиеп-жөнелтілген күннен бастап екі жылдан аспауға тиіс.
Алыс-беріс шикізатын өңдеудің белгіленген мерзімінен асқан жағдайда осы Кодекстің 280-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес өңдеу өнімінің болжалды көлемі акциз салу объектісі болып табылады.
Алыс-беріс шикізатын өңдеуге әкелу (әкету) жүзеге асырылатын жағдайда Қазақстан Республикасының салық төлеушісі өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттеме, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде оның орындалуын ұсынады.»;
27) 292-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық органдарының тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштегі Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін тиісті белгіні қою жолымен растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;