«Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды бөлу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
10) 44-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары мемлекеттiк қаржылық бақылау органының актiсiне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен бақылау актiсiне қол қойылғаннан кейiн үш айдан кешіктірілмей, осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады.»;
11) 45-бапта:
4-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шығыстардың бағыттары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесе отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды, облыстық бюджеттен, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган айқындайды.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптарының әдістемесі негізінде есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Үшжылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілеу үшін жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тәртібі мен кезеңділігін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
12) 46-баптың 4, 5, 6, 7, 8, 12-1 және 16-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомаларын көрсете отырып өтінімдерді ұсынады.
5. Жергілікті бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығыстар берілетін нысаналы даму трансферттерінің көлемі ескеріле отырып, жергілікті бюджеттерде айқындалады.
Жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыру үшін нысаналы даму трансферттері төмен тұрған бюджеттерге әр объект бойынша жеке бөлінбей, бір сомамен бөлінеді.
Жергілікті бюджеттік инвестициялар арасында нысаналы даму трансферттерін бөлуді жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға көзделетін қаржыландыру көлемін ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
6. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері алдыңғы қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы келісімдерде айқындалған жергілікті бюджеттік инвестициялардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізілген кезде бөлінеді. Мұндай нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда, кезекті қаржы жылында нысаналы даму трансферті берілмейді.
7. Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгілік жобада көзделмеген қосымша құрамдауыштарды енгізуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялардың сметалық құнының ұлғаюымен байланысты шығыстар тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған кезде стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызды мәні бар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негiздемеде немесе үлгiлiк жобада көзделмеген қосымша құрамдауыштарды енгiзуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялардың сметалық құнының ұлғаюы бойынша, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен асатын шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
8. Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
«12-1. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының әкімшісі Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153 және 154-баптарының талаптарына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттама ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органмен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасаспайды.»;
«16. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеу, нысаналы трансферттерді аудару, қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау және беру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
13) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссияларының жұмыс органдары болып табылады.»;
14) 60-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру және бюджет жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ бюджет саясатын қалыптастыруды жүзеге асырады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.»;
15) 61-бапта:
1-1-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші абзацы алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
16) 62-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша мемлекеттік орган бекiтедi.»;
17) 64-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.
2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Үкіметіне, бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға бюджетті жоспарлау немесе нақтылау процесінен тыс кезде бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды»;
18) 65-1-баптың бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының, республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды.»;
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.»;
19) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар
1. Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде:
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.
2. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде:
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
3. Осы бапта көрсетілген құжаттардың нәтижелеріне бағалау жүргізілген жағдайда, бағалау нәтижелері қоса беріледі.»;
20) 67-бапта:
6-тармақтың 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының болжамы;»;
«6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар сұрататын басқа да қажетті ақпарат кіреді.»;
10 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады.»;
«13. Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
21) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жетекшілік ететін саладағы (аядағы) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкестігі, нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың және оларға қол жеткізу дәрежелерінің дұрыстығы тұрғысынан;
2) бюджеттік бағдарламалардың жобаларын нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің стратегиялық жоспар көрсеткіштерімен өзара байланысының болуы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізушілік дәрежесі тұрғысынан қарайды;
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қараудың нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырады және оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;
2) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық бағыттардың міндеттерімен, стратегиялық мақсаттарымен өзара байланысы тұрғысынан қарайды;
3) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген материалдарды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары және стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындыларын ескере отырып қалыптастырылады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттерін және бюджеттік кредиттер ұсынуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бюджеттік өтінімдер бойынша қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының қарауына стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындыларды енгізеді.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды. Тиісті бюджет комиссиясы осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес:
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
6. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес:
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.»;
22) 69-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заттай нормаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және бекітеді.
Заттай нормаларды әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
23) 70-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін тиісті саланың (аяның) орталық мемлекеттік органы әзірлейді және бекітеді.»;
24) 71-баптың 1 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
«6. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға ұсынады.»;
25) 74-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.»;
26) 75-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.»;
27) 79-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қабылданады.
Жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысы мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін күнтізбелік он төрт күн ішінде қабылданады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулыларының жобаларын тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.»;
28) 80-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Төтенше мемлекеттік бюджетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітіледі.»;
29) 81-баптың 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Президенті төтенше жағдайды немесе соғыс жағдайын енгізген кезде тиісті мемлекеттік органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға төтенше жағдайдың немесе соғыс жағдайының қолданылуы кезеңінде жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерді енгізеді.
3. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган төтенше жағдайдың немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемдерін жасайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
4. Республикалық бюджет комиссиясы осы баптың 3-тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың тізбелері мен көлемдерін мақұлдағаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасын жасайды. Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасына:
1) осы Кодексте белгіленген құрылым бойынша жасалатын төтенше мемлекеттік бюджет;
2) төтенше мемлекеттік бюджеттің құрамына енгізілген және төтенше немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған қажеттілікті ескере отырып түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің көрсеткіштері қоса беріледі.»;
30) 82-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бюджеттің атқарылу рәсімдерін және оларға кассалық қызмет көрсетуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
31) 85-баптың 9-1, 9-2 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1. Бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде, облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана арасында тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.
Бюджеттің атқарылуы барысында облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен және тиісті жергілікті өкілді органдармен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.
9-2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қаражатты тікелей және түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштерін сақтау шартымен, ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) жергілікті бюджетте көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында нысаналы даму трансферттерi бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаға шығыстардың он пайызынан аспайтын көлемде жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен және тиісті жергілікті өкілді органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.
10. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау және жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.»;
32) 88-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.»;