20) 37-баптың 2-тармағының 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары - уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады.»;
21) 38-бапта:
3-тармақтың 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары - уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады.»;
22) 39-баптың 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары;
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады.»;
23) 46-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ ұйымдардың, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарының басшылары, азаматтық қорғау құралымдарының командирлері, ұйымдардағы азаматтық қорғау жөніндегі сабақ топтарының жетекшілері, барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептер мен орта кәсіптік оқу орындарының оқытушылары, қауіпті өндірістік объектілердің басшылары уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде даярлықтан және қайта даярлаудан өтеді.»;
24) 50-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жедел штаб бастығы болып төтенше жағдайды жою басшысының орынбасары болып табылатын, уәкілетті органның немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы тағайындалады.»;
25) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары уәкілетті органнан, өрт қауіпсіздігі саласындағы оның ведомствосынан, аумақтық бөлімшелерінен, мемлекеттік мекемелерден және уәкілетті орган ведомствосының білім беру ұйымдарынан тұрады.»;
26) 63-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органы және қорғаныс, әуе, ішкі су және теміржол көлігі, мемлекеттік орман қоры объектілеріндегі өрттерді сөндіру үшін мемлекеттік өртке қарсы қызметті тарту тәртібі уәкілетті орган мен тиісті мемлекеттік органдар арасындағы келісімдермен регламенттеледі.»;
27) 68-бапта:
3-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі даярлық бағдарламасын өртке қарсы ерікті құралымның басшысы әзірлейді және оны уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы бекітеді.»;
4 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өртке уақтылы ден қою үшін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша өртке қарсы ерікті құралымның басшысы ерікті өрт сөндірушілерді жинау тәртібі мен оларды өрт шыққан жерге жеткізу тәсілін айқындайды.»;
«9. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізеді.»;
28) 71-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қауіпті өндірістік объектілерге осы Заңның 70-бабында белгіленген белгілері бар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларына сәйкес солай деп сәйкестендірілетін кәсіпорындар, өндірістік бөлімшелер және осы кәсіпорындардың басқа да объектілері жатады.»;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «лифтілер жатады.» деген сөздер «лифтілер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер жатады.»;
29) 72-бапта:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау үшін заңды тұлға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға:
1) өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызмет түрін көрсете отырып, электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
2) ұйымның мәлімделген жұмыс түрлеріне, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білуіне тексеруден өткен мамандардың біліктілік құрамы, материалдық-техникалық база туралы электрондық құжат нысанында мәліметтерді ұсынады.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау туралы құжаттарды қарауды, олар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда тіркелген күннен бастап есептелетін он бес жұмыс күні ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi орган қарау қорытындылары бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі - аттестат) беру немесе аттестатты беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.»;
7-тармақтың төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғалған, бүлінген аттестаттар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған ұйым (бұдан әрі - аттестатталған ұйым) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініш (аттестаттың жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аттестаттың телнұсқасын беруді жүргізеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Аттестатталған ұйымдар туралы немесе аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы ақпаратты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында орналастырады және (немесе) ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган берілген және өз қолданысын тоқтатқан аттестаттардың тізілімін жүргізеді.»;
30) 74-бапта:
1-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды, оның ішінде шетелде шығарылғандарын қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты және олардың қолданылу саласы туралы қысқаша ақпаратпен электрондық құжат нысанындағы өтінішті және қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін береді.
Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға:»;
2, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар, қауіпті техникалық құрылғылар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде оларды қолдануға рұқсат береді.»;
«4. Пайдалану процесінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде, оларды қолдануға берілген рұқсатты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қайтарып алады.
5. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға берілген, қайтарып алынған рұқсаттарды есепке алуды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар, қауіпті техникалық құрылғылар туралы ақпарат өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
31) 75-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«75-бап. Жарылғыш заттар мен олардың негiзiнде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға, жарылыс жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беру
1. Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды, оның ішінде шетелде шығарылғандарын ұдайы қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға тәжірибелік партияны қабылдау сынақтары актісін және аттестатталған ұйымның сараптама қорытындысының электрондық көшірмелерін қоса бере отырып электрондық құжат нысанындағы өтінішті береді.
2. Сынақтар жүргiзу жөнiндегi комиссияның құрамына өтініш берушінің, аттестатталған ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның өкiлдерi енгізілуге тиiс.
3. Жарылғыш заттар мен олардың негiзiнде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсатты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi орган мыналарды:
1) жарылғыш заттар мен олардың негiзiнде жасалған бұйымдардың оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, оның iшiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне бақылау сынақтарын;
2) өндiрiстiк жағдайларда қабылдау сынақтарын қамтитын сынақтар кешенiн жүргiзгеннен кейiн бередi.
4. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі береді. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
32) 76-баптың 6, 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Декларацияға тіркеу шифрын беру үшін өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға электрондық құжаттар нысанында өтініш пен декларацияны сараптама қорытындысының сканерленген көшірмесімен бірге береді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарап шығып, декларацияны тіркеу туралы шешім қабылдайды не уәжді бас тартуды ұсынады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тіркеген декларация өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда электрондық құжат нысанында сақталады.
7. Қауiптi өндірістік объектiнi өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тіркеген декларациясыз пайдалануға тыйым салынады.
8. Тіркелген декларациялардың тізбесі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
33) 77-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланатын ұйым басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қойған, есептен шығарған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу журналында және қауіпті техникалық құрылғының паспортында тиісті жазба жасалады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібін жергілікті атқарушы орган айқындайды.»;
34) 79-бапта:
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын жеткілікті түрде білмейтінін анықтаған кезде олардың талабы бойынша қайта даярлануға жатады.»;
8 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен үш жылда бір рет емтихан тапсырады.
Өзге де заңды тұлғалардың басшылары және тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының немесе оның орынбасарының төрағалық етуімен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің комиссиясына үш жылда бір рет емтихан тапсырады.»;
«12. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қолын қойған, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі куәлiк беріледi.»;
35) 81-баптың 1-тармағының екінші бөлігі және 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұйым оқу дабылдарын және аварияларға қарсы жаттығулар өткізу туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жазбаша хабар береді.
2. Оқу дабылы мен аварияға қарсы жаттығуды ұйым басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтың бөлімшесінің және кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының өкілдерімен бірлесіп өткізеді.»;
36) 82-бапта:
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қауіпті өндірістік факторлардың туындағаны және болған оқыс оқиға туралы жұмыскерлерге, төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға дереу хабар береді;
2) бір тәулiк iшiнде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне хабар береді;»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) болған авария туралы объектіге қызмет көрсететін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға, ал қауіпті өндірістік факторлар туындаған кезде - төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа және жұмыскерлерге дереу хабар береді;»;
37) 83-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қауіпті өндірістік объектідегі аварияны, авария салдарынан болған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі өкілінің төрағалық етуімен комиссия жүргізеді.»;
38) 87-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым аварияларды тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша ұсынылған iс-шаралардың орындалу мерзiмдерi туралы жазбаша ақпаратты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне береді.
3. Егер авария техникалық құрылғылардың конструкциялық ақауларынан болған болса, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым оны дайындаушыға рекламация, ал өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне оның көшiрмесiн жiбередi.»;
39) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«89-бап. Мемлекеттiк резерв жүйесi
Мемлекеттiк резерв жүйесiн мемлекеттік резерв саласындағы уәкiлеттi орган, мемлекеттік резерв саласындағы құрылымдық бөлімше және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары құрайды.»;
40) 92-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік резерв саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды беруге тапсырыс берушi ретінде әрекет етеді.»;
41) 93-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар өздерінің бейіні өзгерген, қайта ұйымдастырылған, жекешелендірілген не таратылған жағдайларда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік резерв саласындағыуәкілетті орган мен тиісті орталық атқарушы органдарды хабардар етеді.»;
42) 94-баптың 3, 7 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар қабылдау үшін пайдалану мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.»;
«7. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртiбiмен шығарған кезде мемлекеттік резерв саласындағы уәкiлеттi орган алушымен шарт (келiсiмшарт) жасасады.»;
«10. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мемлекеттiк резерв тауарларын сатып алуы мемлекеттік резерв саласындағы уәкiлеттi органда немесе мемлекеттік резерв саласындағы оның құрылымдық бөлімшесінде жүргiзiледi.»;
43) 96-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган және агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкілетті орган тауарларға бағалар мониторингiн жүргiзедi және бағалардың нарыққа реттеушiлiк ықпал етуі орынды болатын деңгейге жеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметiне сауда қызметiнiң субъектiлерi - шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды, олардың көлемiн, сауда үстемеақысының бағасын және мөлшерiн көрсете отырып, нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажеттiгi туралы ұсыныс енгiзедi.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган сауда қызметі субъектілерімен шарттар жасасу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды жүзеге асырады. Нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығарудан алынған ақша бюджет кірісіне аударылады.»;
44) 99-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«99-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу
Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.»;
45) 100-баптың 1, 3, 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қорғау органдары уәкілетті органда, оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері, құтқарушылар, сондай-ақ өзге де жұмыскерлер қатарынан алынған қызметкерлерден жасақталады.»;
«3. Уәкілетті органда, оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәртебеге ие болады және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.»;
«7. Уәкілетті органда, оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері әскери және арнаулы атақтарға сәйкес айырым белгілері бар белгіленген үлгідегі нысанды киім мен арнайы киім-кешек киеді.
8. Азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізген кезде, оқу-жаттығуларда, жауынгерлік және жедел кезекшіліктерде, оқу орталықтарындағы сабақтарда, жауынгерлік техника сабақтарында, арнайы міндеттерді орындаған кезде арнаулы киім киіп жүреді.»;
46) 101-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті органда, оның ведомствосында, сондай-ақ ведомствосына ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелерінде және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері, азаматтық қорғау органдарының және ведомствосына ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың өзге де қызметкерлері нысанды киіммен және арнайы киім-кешекпен тегін қамтамасыз етіледі.»;
47) 102-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық қорғау органдарына және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға қызметке (жұмысқа) тұратын азаматтар міндетті түрде медициналық куәландырудан, дене шынықтыру даярлығы деңгейін тексеруден, кәсіби қасиетін тестілеуден, психологиялық тестілеуден өтеді, солардың нәтижелері бойынша олардың қызметке (жұмысқа) жарамдылығы айқындалады.».