34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) материалдық құндылықтар - мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкiлеттi органның алдына қойылған мiндеттердi қамтамасыз ету үшін қажетті, белгілі бір номенклатура мен сақтау көлеміндегі тауарлар;»;
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган - атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
51) және 52) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«51) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына арналған аттестат - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғаның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;
52) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындауға заңды тұлғаның құқықтылығын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ресми тануы;»;
мынадай мазмұндағы 52-1) және 52-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«52-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
«52-2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ведомствосы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылау, қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның ведомствосы;»;
2) 4-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері;»;
3) 5-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.»;
3-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесін ұдайы әзірлікте ұстап тұруды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі қамтамасыз етеді.»;
5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«аумақтық деңгейде - жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің халқын құлақтандыру үшін - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі не төмен тұрған әкім, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесін техникалық тексеру және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар өткізу кезінде - уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысы;»;
4) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшелерінде құрылады.»;
5) 7-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Республикалық деңгейде уәкілетті органның шешімімен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құрылады.»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы органдардың басшылары - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялардың төрағалары, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар төрағаларының орынбасарлары болып табылады.»;
6) 11-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, өнеркәсіптік қауіпсіздік және мемлекеттік материалдық резерв салаларында оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;»;
5), 7), 8), 10), 13), 14), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 27), 28), 29), 30), 35), 36), 37), 47), 49), 50), 51), 53), 54), 55), 56), 57), 60), 61), 66), 67) және 68) тармақшалар алып тасталсын;
7) 12-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз етеді;»;
8), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін және Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;»;
14) және 15) тармақшалар алып тасталсын;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;»;
17), 18) және 23) тармақшалар алып тасталсын;
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекітеді;»;
39) тармақша алып тасталсын;
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«45) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша броньнан шығару тәртібімен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қолдану үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдайды;»;
46), 47), 49) және 51) тармақшалар алып тасталсын;
52) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
«52) Қазақстан Республикасының Үкіметіне төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу, жою үшін мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінің құрамындағы қолда бар материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа да ресурстар запастарын пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражатты пайдалану туралы ұсыныстар енгізеді;»;
53) және 55) тармақшалар алып тасталсын;
58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«58) азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері үшін арнайы нысанды киім үлгілерін белгілейді;»;
59), 60), 61), 62) және 65) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 70-1), 70-2), 70-3), 70-4), 70-5), 70-6), 70-7), 70-8), 70-9), 70-10), 70-11), 70-12), 70-13), 70-14), 70-15), 70-16), 70-17), 70-18), 70-19), 70-20), 70-21), 70-22), 70-23), 70-24), 70-25), 70-26) және 70-27) тармақшалармен толықтырылсын:
«70-1) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекітеді;
70-2) азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру қағидаларын және бейбіт уақытта және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекітеді;
70-3) азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларын бекітеді;
70-4) су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;
70-5) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
70-6) азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекітеді;
70-7) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
70-8) азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
70-9) азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру, эвакуациялық іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекітеді;
70-10) бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидаларын бекітеді;
70-11) еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақылар төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын бекітеді;
70-12) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидаларын бекітеді;
70-13) халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекітеді;
70-14) төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын бекітеді;
70-15) авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекітеді;
70-16) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
70-17) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
70-18) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өртке қарсы бекеттер құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекітеді;
70-19) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекітеді;
70-20) Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметінің өкілеттіктерін бекітеді;
70-21) сүңгуірлік жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;
70-22) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің саны нормативтерін бекітеді;
70-23) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.
70-24) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша кезекшілік атқару кезінде, сондай-ақ авариялық-құүтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезеңінде кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстауға бөлінетін қаражаттар есебінен шығыстардың ақысын төлей отырып, құтқарушыларды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
70-25) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
70-26) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органымен келісу бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киім-кешегінің тиесілілігі нормаларын бекітеді;
70-27) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның білім беру ұйымдарының курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекітеді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган ведомствосының жалауы мен рәмізі болады. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің жауынгерлік жалаулары болады.
Уәкілетті орган ведомствосының жалауы мен рәмізінің, азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің жауынгерлік жалауының сипатын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
8) мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-баптармен толықтырылсын:
«12-1-бап. Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) мемлекеттік резерв саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдері жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау кезіндегі шығыстардың көлемі, құрылымы жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды қоюға тапсырыстарды орналастырады;
5) мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру, сақтау және пайдалану бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6) мемлекеттік резерв жүйесін басқаруды жүзеге асырады, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, орнын ауыстыру, жаңарту және нысаналы пайдалану кезінде осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді;
7) мемлекеттік резерв жүйесінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастырады;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;
9) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде сақталатын материалдық құндылықтарды түгендеуді жүзеге асырады, түгендеуді жүргізуге тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын тартады;
10) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен жүргізілетін операцияларға қатысушылармен жасасылған шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
11) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекітеді;
12) жаңарту тәртібінде мемлекеттік резерв жүйесінің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдайды;
13) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
14) мемлекеттік резерв номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
15) Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін әзірлейді;
16) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібінің бұзылуына кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына түгендеу материалдарын жібереді;
17) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды жүргізеді;
18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-2-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік актілері мен стандарттарының жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі;
4) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
5) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, аварияларды тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргізеді;
7) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат береді;
8) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;
9) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
10) мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, омырауға тағатын белгісінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирінің үлгілерін белгілейді;
11) мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;
12) қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға жобалық құжаттаманы келіседі;
13) қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдардың, кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызмет көрсету қағидаларын бекітеді;
14) өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін, сондай-ақ атом энергиясын пайдалануға, магистральдық құбырлар мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызмет түрлері үшін, оларға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
15) қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидаларын бекітеді;
16) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекітеді;
17) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
18) қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекітеді;
19) қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекітеді;
20) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, омырауға тағатын белгісінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирінің үлгілерін белгілейді;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
9) 13-баптың 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұйымдастырушылық көмек көрсетеді;
9) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру және броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;»;
10) 14-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті органды, ал әскери басқарудың жергілікті органдары арқылы - уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін тиісті дәрежедегі жауынгерлік әзірлікті енгізу туралы, сондай-ақ жұмылдыруды жариялау туралы құлақтандырады;»;
11) 15-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюды жүзеге асырады, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, олардың алдын алуды және оларды жоюды қамтамасыз етеді.»;
3-тармақтың 20) тармақшасындағы «жүзеге асыру жатады.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
«21) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
22) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асыру жатады.»;
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бюджет қаражаты болған кезде уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес, уәкілетті органға оның ведомствосының аумақтық бөлімшелері мен оның ведомствосына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің ғимараттары мен құрылыстарын материалдық-техникалық жарақтандыруға, салуға, реконструкциялауға және жөндеуге жәрдем көрсетуге құқылы.»;
12) 16-бапта:
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың және олардың мемлекеттік инспекторларының сұрау салуы бойынша өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы, оның ішінде өздері өндіретін өнімдердің өрт қауіптілігі туралы, сондай-ақ өз аумақтарында болған өрттер, авариялар, оқыс оқиғалар және олардың салдары туралы мәліметтер мен құжаттарды беруге;»;
3-тармақтың 9), 12), 19) және 20) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«9) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға, төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа және жұмыскерлерге авариялар туралы және қауіпті өндірістік факторлардың туындауы туралы дереу хабар беруге;»;
«12) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жарақаттану және оқыс оқиғалар туралы ақпарат беруге;»;
«19) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қауіпті заттардың тасымалданатыны туралы бұларды жүзеге асырғанға дейінгі кемінде күнтізбелік үш күн бұрын жазбаша хабарлауға;
20) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қауіпті өндірістік объектілерді есепке қоюды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;»;
13) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қоғамдық бірлестіктер зардап шеккендерге шұғыл гуманитарлық және өзге де көмек көрсету жөніндегі өз қызметін уәкілетті органмен немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен үйлестіреді, олардың іс-қимылдары төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөніндегі тиісті іс-қимылдар жоспарларында көрініс табуға тиіс.»;
14) 19-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің азаматтық қорғанысының тиісті бастықтарының орынбасарлары болып табылады.»;
8-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті орган мен оның ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне;»;
3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті органда, оның ведомствосында, сондай-ақ ведомствосына ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелерде және мемлекеттік мекемелерде штат санының лимиті шегіндегі лауазымдардың бір бөлігі әскери қызметшілерден, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан ауыстырылған (іссапарға жіберілген) әскери қызметшілерден жасақталады.»;
15) 20-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілiктi атқарушы органдары уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, жыл сайын азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жөнiнде ұсыныстар дайындайды және бекiту үшiн уәкілетті органға жiбередi.»;
16) 24-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті органның, оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының жеке құрамы мен жүгін төтенше жағдайлар аймақтарына жеткізу бойынша көлік-жолаушылар ұшуын;»;
17) 25-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың басшылары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құруға құқылы.»;
18) 33-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу кезеңiнде, авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын ұстауға бөлiнген қаражат есебiнен шығыстары төлене отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгiлеген нормалар бойынша тамақ өнiмдерiмен қамтамасыз етiлуге және тұруға құқығы бар.»;
19) 36-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасын сақтау мақсатында жүзеге асырады.»;