4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртібін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
2) 16-баптың 3), 6), 8), 10), 12), 15), 16), 17), 18), 20), 21), 24), 25), 26), 27), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44), 45), 46), 47), 48), 49), 51), 52), 53), 54), 55), 56), 57), 59), 60) және 61) тармақшалары алып тасталсын;
3) 17-бапта:
6), 14), 20) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында, ол бекіткен қағидаларға сәйкес, минералдық шикiзатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тiзбесiн айқындау бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;»;
«14) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін әзірлеу және бекіту;»;
«20) модельдік келісімшарттардың жобаларын әзірлеу және бекіту;»;
«22) келісімшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 27-1), 27-2), 27-3), 27-4) және 27-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«27-1) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;
27-2) Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ережені бекіту;
27-3) Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту;
27-4) Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту;
27-5) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерін ұсыну тәртібін бекіту;»;
4) 18-бапта:
6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағу тәртібін бекіту және оған рұқсат беру;
7) жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау тәртібін әзірлеу және бекіту;
8) мұнай өндірудің және айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізу тәртібін әзірлеу және айқындау;
9) жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
10) жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
11) теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
12) теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
13) еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану тәртібін әзірлеу және бекіту;
14) мұнай операцияларын жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, көмірсутек шикізатын өндірудің, өткізудің және тұтынудың ұлттық балансын, оның ішінде ұлттық отын-энергетикалық балансты әзірлеу және бекіту;»;
5) 19-бапта:
3), 5), 6), 9) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді әзірлеу және бекіту;»;
«5) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды әзірлеу және бекіту;
6) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
«9) жер қойнауына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
«12) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті ұсыну нысанын әзірлеу және бекіту;»;
15), 16), 17), 18), 21), 22), 23) және 25) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«15) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
16) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтымды есептеуінің бірыңғай әдістемесін әзірлеу және бекіту;
17) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын үндестіру тәртібін әзірлеу және бекіту;
18) тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге арналған рұқсатты беру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
«21) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтымды есептеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
22) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамтым жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну нысандары мен тәртібін мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту;
23) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртібін мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту;»;
«25) осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау критерийлерін қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу тәртібін бекіту, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау критерийлерін қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидаларын бекіту;»;
6) 20-бапта:
6) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді;»;
«12) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар әзірлеуді жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 32-1, 32-2), 32-3), 32-4), 32-5), 32-6), 32-7), 32-8) және 32-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-1) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге геологиялық ақпаратты әкету қағидаларын бекітеді;
32-2) тарихи шығындар мен геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртібін бекітеді;
32-3) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу тәртібін бекітеді;
32-4) техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін бекітеді;
32-5) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру тәртібін бекітеді;
32-6) пайдалы қазбалар кен орындары мен көрініс-белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін бекітеді;
32-7) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстың есебінен шығару тәртібін әзірлейді және бекітеді;
32-8) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға беру тәртібін бекітеді;
32-9) жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залал мөлшерін айқындау тәртібін бекітеді;»;
7) 25-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың тәртібін белгілейді және мемлекеттік кадастрын жүргізеді;»;
8) 26-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган құзыретті органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына экономикалық сараптаманы жүзеге асыру кағидаларын белгілейді.
4. Құқықтық реттеу саласындағы уәкілетті орган құзыретті органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асыру кағидаларын белгілейді.»;
9) 27-бапта:
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;»;
мынадай мазмұндағы 13-2) және 19-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-2) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат береді;»;
«19-1) қалалар мен елді мекендердің аумақтарына құрылыс салу қағидаларын, жас екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;»;
10) 35-баптың 5, 6, 8 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық мақсаттағы жерасты суларын тәулігіне елу текше метрден екі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен өндіру құқығын беру су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.
6. Жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес өндірістік-техникалық жерасты суларын тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде қаттарға айдау үшін оларды барлау немесе өндіру не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіру құқығын беру индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсат беруі арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың ережелері жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асыратын,
тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге қолданылмайды.»;
«8. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізуге жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісімшарт (шарт) жасасу арқылы ол белгілеген тәртіппен жүргізіледі.»;
«10. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темiржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезiнде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша жергiлiктi атқарушы органның жазбаша рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.»;
11) 44-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырудың ерекшеліктерін, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібінің ерекшеліктерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
12) 61-баптың 2-тармағының бірінші абзацы және 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшартты (шартты) қоспағанда, келісімшарттың талаптары құзыретті орган бекітетін жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттардың ережелері ескеріліп айқындалуға тиіс және мынадай талаптарды:»;
«9. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарт (шарт) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жасалады.»;
13) 76-баптың 17), 18), 19), 20), 21-1), 22) және 32) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«17) жыл сайын сатып алуды жүргізу жоспарланып отырған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей құзыретті органға ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алдағы жылға сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынуға;
18) жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей құзыретті органға ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алдағы кезеңдерге сатып алудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын ұсынуға;
19) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамтым бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ұсынуға;
20) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған жұмыскерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;»;
«21-1) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;
22) құзыретті орган бекіткен тәртіппен Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамаларының талаптарына сәйкес аудиторлық есеппен расталған есептілікті ұсынуға;»;
«32) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бес жұмыс күні ішінде құзыретті органға ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат беруге;»;
14) 77-баптың 2, 3 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін құзыретті орган айқындайды.
3. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі міндетті түрде пайдаланылып немесе жер қойнауын пайдаланушының құзыретті орган бекіткен тәртіппен, Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналастырылған, жұмысы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үндестірілген электрондық сатып алудың өзге де жүйелері пайдаланылып, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен жүргізіледі.»;
«6. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өткізілген конкурс нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың құзыретті орган белгілеген тәртібі бұзыла отырып сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі шығыстар құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауы ретінде есепке алатын шығыстардан алып тасталады.»;
15) 84-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көмірсутектер кен орындарын игеруді жүргізу пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жоба өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісілген болса;»;
16) 85-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен әдiстеме бойынша есептелген нормативтер мен көлемдер шегiнде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарын сақтаған жағдайда, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану және өнеркәсiптік қауiпсiздiк жөнiндегi уәкiлеттi органдармен келiсiлген мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жол берiледi.
Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органы белгілейді.»;
17) 91-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Мұнайдың және мұнай өнімдерінің төгілуін жоюға арналған арнайы жабдық өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда есепке қойылуға тиіс.»;
18) 92-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұңғымаларды салу және оларды пайдалануға беру жөніндегі барлық операциялар ұңғымаларды салу жобасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Ұңғымаларды салу жобалары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.»;
19) 93-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мұндай тұлғаның меншігіндегі не пайдалануындағы теңіз құрылыстарына инспекциялар жүргізу үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін, мұндай мемлекеттік органдардың өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы инспекцияларды жүргізуге өкілетті болған жағдайда тасымалдауды өзінің есебінен ұйымдастыруға міндетті. Теңіз құрылыстарында мемлекеттік органдар өкілдерінің инспекцияларын жүргізу мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады және ол теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қалыпты қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс.»;
20) 95-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Теңізде барлау мен өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының теңіз құрылысында не отыз минутта қолжетімді жер шектерде теңізді тазалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті мөлшердегі тиісті жабдықтары, материалдары мен заттары болуға міндетті. Материалдарға, заттарға, олардың санына және қолжетімділікке нормативтер мен қойылатын талаптарды мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
21) 98-баптың 1 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының мұнай және газ саласындағы уәкілетті органының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша, қоршаған ортаны қорғау және сақтау шартымен, теңізде мұнай операцияларын, ғылыми зерттеулер жүргізуге және басқа да мақсаттарға арналған жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды жасауға, іске қосуға және пайдалануға рұқсат беруге және оны реттеуге құқығы бар.»;
«5. Жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектілерді жасау, іске қосу және пайдалану мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүргізіледі.»;
22) 100-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теңіздегі ғылыми зерттеулер құзыретті органға зерттеудің басталғаны туралы хабарлана отырып қана жүргізілуі мүмкін. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидаларын мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
23) 101-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Келісімшарттық аумақта өндірілген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеуді жер қойнауын пайдаланушы мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүргізеді.»;
24) 111-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер қойнауын пайдалану объектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдармен келісуден өткен және құзыретті орган бекітетін Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау қағидалары негізінде жобалау мен жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қаржыландыратын жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жою немесе консервациялау жобасына сәйкес жойылады немесе консервацияланады.»;
25) 113-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Пайдалы қазбалар қабаттары жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның рұқсатымен пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыс салудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жол беріледі.»;
26) 114-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының мұнай және газ саласындағы уәкілетті органы бекітеді.»;
27) 115-баптың 3 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік және өнеркәсіптік санитария жөніндегі қағидалар мен нормалардың сақталуына мемлекеттік бақылауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
«8. Жер қойнауын пайдаланушыларға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес шарттық негізде кәсіби авариялық-құтқару қызметтері қызмет көрсетеді.»;
28) 119-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер қойнауын пайдаланушылар бастапқы есепке алу материалдарына негізделген жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітетін арнаулы нысандар бойынша ұсынады.»;