Жолаушыларға арналған ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілуге тиіс. Бейнеақпаратты қолдануға рұқсат етіледі.
14-тарау. АВИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 105-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
105-бап. Авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар, әуе кемелерін пайдаланушылар Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес азаматтық авиацияны оның қызметіне заңсыз араласу актілерінен қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға мiндеттi.
Жерде және әуеде азаматтық авиация қауіпсіздігіне қатер төндіретін акт немесе актіні жасауға әрекеттену, атап айтқанда:
әуе кемесін заңсыз басып алу;
пайдаланудағы әуе кемесін бұзу;
әуе кемесінің бортында немесе әуеайлақтарда адамдарды кепілге алу;
әуе кемесінің бортына, әуежайға (әуеайлаққа) немесе аэронавигациялық құрал немесе қызмет орналасқан жерге күшпен кіру;
әуе кемесінің бортына немесе әуежайға қылмыстық мақсаттарға арналған қаруды, қауіпті құрылғыларды немесе материалды орналастыру;
пайдаланудағы әуе кемесін өлімге ұшырату, елеулі жарақаттау немесе мүлікке немесе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіру мақсатында пайдалану;
ұшып келе жатқан немесе жердегі әуе кемесінің қауіпсіздігіне, жолаушылардың, экипаж мүшелерінің, жердегі персоналдың немесе әуежайдағы жұртшылықтың немесе азаматтық авиацияның құралдары немесе қызметі орналасқан жердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жалған ақпаратты хабарлау азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актісі болып табылады.
1-1. Әуежайлар мен авиакомпаниялар пайдаланушыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қару мен оның оқ-дәрілерін сатып алуға, сақтауға және пайдалануға құқығы бар.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Азаматтық авиация ұйымы авиациялық қауіпсіздік бағдарламаларын әзірлейді және қабылдайды, оларда Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес әзірленген, заңсыз араласу актілерін болғызбау және оларға қарсы іс-қимыл жасау шаралары мен рәсімдері көзделеді.
2. Азаматтық авиацияны оның қызметiне заңсыз араласу актілерінен қорғау:
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) әуежайдың бақыланатын аймағына, оның ішінде әуежайдың кіру шектелген күзетілетін аймақтарына және әуе кемесінің бортына бөгде адамдар мен көлiк құралдарының кiруiн болғызбау.
Жете тексеру пунктінен әуе кемесіне дейінгі коммерциялық авиацияның ұшатын жолаушыларына арналған аймақтар, сондай-ақ перрон, жете тексеруден өткен багаж бен жүктер бар әуе кемелеріне қызмет көрсету аймақтарын қоса алғанда, багаж өңдеу аймақтары, жүк қоймалары, пошта жөнелтілімдерін өңдеу орталықтары, әуежайдың бақыланатын аймағында орналасқан бортта тамақтандыру мен ұшақтарды тазалау қызметтерінің үй-жайлары кіру шектелген күзетілетін аймақ болып табылады;
2) бөгде адамдардың әуе кемелерiне кiрiп кету мүмкiндiгiн болғызбайтындай тұрақтардағы әуе кемелерiн күзету;
3) әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қаруларды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш, радиоактивтi, уландырғыш, тез тұтанғыш және басқа да қауiптi заттар мен құралдарды заңсыз алып жүру мүмкiндiгiн болғызбау;
4) қару-жарақ пен оқ-дәрiлердi тасымалдау кезiнде олардың әуе кемелерiнің жолаушылардан оқшауланған бөлiктерiнде оқтары алынған күйде багажбен тасымалдануын қамтамасыз ететiн айрықша сақтық шараларын енгізу;
5) ерекше жағдайларда әуе кемелерiн арнайы қарап тексеру;
6) ұшу кезiнде экипаждың қауiпсiз жұмысын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ әуе кемесiн заңға қайшы пайдалануға жол бермейтiн техникалық құрылғылармен әуе кемелерiн жабдықтау;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) әуе кемесінің бортына, әуежайға немесе аэронавигациялық құрал және басқа да объектілер орналасқан жерге заңсыз кіруді болғызбау;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) аэровокзалдар мен іргелес аумақтардың жалпы рұқсат етілген аймақтарында қауіпсіздіктің қажетті шараларымен;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мен мемлекеттік органдар авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өз құзыреті шегінде арнайы әзiрлеген авиация қызметiне заңсыз араласуға қарсы іс-әрекет жасау шаралары, сондай-ақ авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ететiн басқа да шаралар арқылы қамтамасыз етiледi.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Егер әуе кемесі заңсыз араласу актісіне ұшыраса, әуе кемесінің командирі, егер әуе кемесінің бортындағы жағдай өзгені талап етпесе, Авиациялық қауiпсiздiк қағидаларына сәйкес, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым айқындаған қолайлы әуеайлаққа аса қысқа мерзімде қону әрекетін жүзеге асырады.
3. Әуе кемелерін пайдаланушылар әуе кемесінің бортында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер бойынша азаматтық әуе кемелерінің экипаждарына арналған нұсқаулықтың болуын қамтамасыз етеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Ұшып келуі, ұшып кетуі кезінде және тұрақта тұрған уақытында әуе кемесінің бортына бөгде адамның заңсыз кіруіне тыйым салынады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін заңдардың, қағидалар мен рәсімдердің сақталуына бақылауды және қадағалауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олармен бірлесіп жүзеге асырады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым басшысының Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу актілерінен қорғау саласындағы лауазымдық өкілеттіктер берілетін орынбасары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша тағайындалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті тағайындалатын адамды келісуден бас тартудың анықталған себебін түсіндірмеуге құқылы.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жыл сайын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарын сақтау тұрғысында азаматтық авиация ұйымдарында тексерулер, сынақтар мен шолулар жүргізуге бағытталған іс-шаралар кешені түсінілетін авиациялық қауіпсіздікті тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны қабылдайды.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген авиациялық қауіпсіздік шараларының сапасына бақылауды және қадағалауды жүргізу:
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар мен азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты рейстер орындайтын шет мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды жылына бір реттен жиі емес кезеңділікпен ішінара тексерулер және жоспардан тыс тексерулер;
2) ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін қызметтік эксперименттер;
3) әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздік бойынша ішкі тексерулері;
4) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруін ұйымдастыруды сертификаттау;
5) авиациялық қауіпсіздік шараларының сапасын бақылауды жүзеге асыратын мамандарды іріктеуді жүргізу;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) кемшіліктерді анықтауды және оларды жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтитын авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйіне талдау жүргізу;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) авиациялық қауіпсіздік жүйесіне сынақтар жүргізу;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
8) авиациялық қауіпсіздік жай-күйіне шолулар жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
6. Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды тексерулер олардың адамдарды, әуежайдың бақыланатын аймағында орналасқан әуе кемелерін, азаматтық авиация обьектілерін, радионавигациялық құралдарды, жабдықтарды заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ету қабілетін анықтау үшін жүргізіледі.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Ішінара тексерулер қатерлерді бағалау және әуежай арқылы немесе азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар жүзеге асырған тасымалдар көлемі, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік саласында бұрын анықталған бұзушылықтар ескеріле отырып жүргізіледі.
8. Қызметтік эксперимент жүргізу жөніндегі талаптар:
1) қызметтік эксперимент азаматтық авиация ұйымдарының үздіксіз қызметін бұзатын заңсыз араласу актісін айнытпай көрсетуге және әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету сапасын тексеруге тиіс;
2) қызметтік эксперимент жүргізу адамдардың өміріне және әуе кемелерінің, авиациялық техниканың және әуежайдың бақыланатын аймағындағы басқа да обьектілердің қауіпсіздігіне қатер төндірмеуге тиіс;
3) қызметтік эксперимент әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға, өзге де заңды және жеке тұлғаларға материалдық залал келтірмеуге тиіс және азаматтық авиация ұйымдарының үздіксіз қызметіне әсер етпеуге тиіс;
4) қызметтік эксперимент ұлттық қауіпсіздік органдары өкілдерінің, эксперимент жетекшісінің және әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының тұрақты бақылауымен жүзеге асырылуға тиіс;
5) экспериментке қатысушылардың күш қолдануын және ұстаудан және авиациялық қауіпсіздік қызметі өкілдерінің не қызметтік экспериментке қатысатын мемлекеттік органдардың талаптарын орындаудан жалтарудың өзге де тәсілдерін қолдануын болғызбауға тиіс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Әуежайлардың, әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) және азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушылары ішкі аудиттерді, тексерулерді, зерттеп-қарауларды, сенімділікті тексеруді қамтитын авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сапасын бақылау жөніндегі ішкі шараларды жүзеге асырады. Шараларды іске асыруды Авиациялық қауіпсіздіктің сақталуы сапасына бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес әзірленген авиациялық қауіпсіздік бойынша сапаны ішкі бақылау бағдарламасы негізінде сапаны бақылаудың ішкі аудиторы (маманы) жүзеге асырады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Авиациялық қауіпсіздік жүйесіне сынақты және авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйіне шолуларды Авиациялық қауіпсіздіктің сақталуы сапасына бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүргізеді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 106-бап өзгертілді
106-бап. Авиациялық қауіпсіздік қызметтері
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әуежайдың және тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілердің өз құрылымында тиісті қажетті техникалық құралдармен және кадр құрамымен жасақталған, азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін авиациялық қауіпсіздік қызметі болуға тиіс.
Авиациялық жұмыстарды және тұрақты емес әуемен тасымалдауды орындайтын пайдаланушының өз құрылымында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты адамы болуға тиіс.
1-1. Әуежайлар мен авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметтері қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қару мен оның оқ-дәрілерін қолдануға, сақтауға және алып жүруге құқығы бар.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Әуежайдың, тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның бірінші басшысына тікелей бағынатын және оның Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша тағайындалатын орынбасары (аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысын қоспағанда) болып табылатын, авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес тиісті оқудан өткен және жұмысқа жіберілетін Қазақстан Республикасының азаматы тиісінше әуежайдың, тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы бола алады.
Қазақстан Республикасының Президентін және күзетілетін өзге де адамдарды тасымалдауды жүзеге асыратын авиакомпанияның авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісіле отырып тағайындалады.
Пайдаланушының бірінші басшысына тікелей бағынатын, ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімі бойынша тағайындалатын Қазақстан Республикасының азаматы ғана тұрақты емес әуемен тасымалдауды және авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты адамы бола алады.
3. Авиациялық қауіпсіздік үшін дербес жауаптылық:
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) әуежайды пайдаланушы болып табылатын ұйымның бірінші басшысына және оның орынбасарына - әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның бірінші басшысына және оның орынбасарына - авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына;
3) тұрақты емес әуемен тасымалдауды және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындайтын әуе кемелерін пайдаланушының бірінші басшысына және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты адамына;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға жататын әуе кемесінің иесіне;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші органның бірінші басшысына және оның авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына жүктеледі.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің жұмысы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарымен олардың құзіретіне сәйкес өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Авиациялық қауіпсіздік қызметіне жұмысқа алу кезінде заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылданбайды.
107-бап. Қарап тексеру
1. Әуе кемесінің жолаушылары мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесі, борттағы қосалқы заттар мен тағам, экипаж мүшелері, жолаушылар, багаж, қол жүгі, оның ішінде жолаушылардың өздерінде болатын заттар, сондай-ақ жүктер мен почта жөнелтілімдері міндетті түрде ұшу алдында қарап тексеруге жатады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жолаушыларды, багажды, қол жүгін, оның ішінде жолаушылардың өздерінде болатын заттарды, экипаж мүшелерін, азаматтық авиацияның авиация персоналы қатарындағы адамдарды, әуе кемесі бортындағы қосалқы заттар мен тағамды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін және әуежайдың бақыланатын аймағына келетін барлық адамдарды ұшар алдында жете тексеруді авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес бағдарламалар бойынша тиісті оқудан өткен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда жұмысқа рұқсат алған авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру инспекторлары жүргізеді.
Әуе кемелерін пайдаланушылар өздерінің әуе кемелеріне ұшу алдында қарап тексеру жүргізілу үшін жауапты болады.
Ұшу кезінде қарап тексеруді әуе кемесінің командирі тағайындаған экипаж мүшесі жүргізеді.
Әуежайларда әуе кемесін арнайы қарап тексеруді әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы экипаж мүшелерін (инженерлік-техникалық құрамды) және мемлекеттік органдарды олардың құзыретіне сәйкес тарта отырып жүзеге асырады.
3. Авиациялық қауіпсіздік қызметі жоқ сыныпталмайтын әуеайлақта, уақытша әуеайлақта, қону алаңында ұшу алдындағы қарап тексеруді жүргізу әуе кемесінің экипажына жүктеледі.
4. Қол жүгін, багажды қарап тексерудің және жолаушыларды жеке қарап тексерудің алдында жолаушыға оның қолында болуы мүмкін, қауіпті заттар мен нәрселер тізбесінде белгіленген қауіпті заттар мен нәрселерді, сондай-ақ жолаушыларға азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға тыйым салынған есірткінің барлық түрлерін көрсетуге ұсыныс жасалады.
Қарап тексеру кезінде жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттарды тасымалдау құжаттарымен салыстырып тексеру жүргізіледі.
Қол жүгін, багажын және өздерін жеке қарап тексеруден жалтарған жолаушылар тасымалдауға жіберілмейді.
Қарап тексеруді ұйымдастыру үшін әуежайлардың басшылары мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары жауаптылықта болады.
5. Әуе кемесіне жүк тиелгеннен кейін оның барлық сыртқы есіктері жабылған кезден бастап жүкті түсіру үшін осы есіктердің кез келгені ашылған кезге дейін жолаушының келісіміне қарамастан, қарап тексеру жүргізілуі мүмкін.
6. Қарап тексеру кезінде техникалық құралдар қолданылады, оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар ретінде жолаушыларды ішінара жеке қарап тексеру және олардың қол жүгі мен багажын қолмен қарап тексеру жүргізілуі мүмкін.
Жолаушыларды жеке қарап тексеру және олардың қол жүгі мен багажын қолмен қарап тексеру Авиациялық қауіпсіздік қағидаларына сәйкес әуе кемесімен тасымалдауға тыйым салынған заттар мен нәрселерді табу үшін қажет болатын шектерде жүзеге асырылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдарын не нәрселерін табу мақсатында жеке қарап тексеруді Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде санамалап көрсетілген лауазымды адамдар жүргізеді.
Жолаушылардың және экипаж мүшелерінің өздерінде болатын, азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға тыйым салынған барлық заттар мен нәрселерді табу мақсатында жеке қарап тексеруді әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің мамандары жүргізеді.
Жеке қарап тексеруді тексерілетін жолаушымен бір жыныстағы адам ғана әуежайларда санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың талаптарына сай келетін арнайы бөлінген үй-жайларда жүргізеді.
Бір үй-жайда бір уақытта бірнеше жолаушыны жеке қарап тексеруге тыйым салынады.
Жеке қарап тексерудің нәтижелері қарап тексеру жүргізу туралы шешім қабылдаған адам, қарап тексеру жүргізген адам және жолаушы қол қоятын актімен ресімделеді.
7. Егер жолаушының қол жүгін, багажын және өзін жеке қарап тексерген кезде азаматтық әуе кемелерімен алып жүруге тыйым салынған заттар мен нәрселер табылмаса, әуежайдың және авиакомпанияның лауазымды адамдары, сондай-ақ қарап тексеруді жүргізген басқа да адамдар жолаушыны билет алынған рейспен немесе кезекті рейспен жөнелтуді қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Жолаушы қарап тексеруге байланысты жөнелтудің кешіктірілуі себебінен ұшудан немесе ұшуды жалғастырудан бас тартқан жағдайда, авиакомпания оның талап етуі бойынша билеттің құнын немесе оның пайдаланылмаған бөлігін Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларында көзделген тәртіппен өтеуге тиіс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекіткен арнайы тізбе бойынша лауазымды адамдарды қоспағанда, әуе кемесімен тасымалданатын әрбір адам мен оның багажына қатысты жете тексеру жүргізіледі.
9. Әуежайдың бақыланатын аймағында қарап тексеру жүргізудің тәртібі мен шарттары Авиациялық қауіпсіздік қағидаларында айқындалады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес белгіленген қауіп-қатер деңгейіне байланысты жолаушылар және аэровокзалдарға келетін адамдар, олардың алып жүретін заттары, оның ішінде қол жүгі мен багажы Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес жете тексеруге жатады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 108-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
108-бап. Экипаж мүшесінің куәлігі
Авиация персоналы адамдарының өз қызметтік міндеттерін орындауы кезінде экипаж мүшесінің куәлігін көрсетуі оларға әуежайларда бірінші кезекте қарап тексеруден өту құқығын береді. Экипаж мүшесінің куәлігі әуежайдың бақыланатын аймағына рұқсаттама болып табылады.
Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
15-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
109-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
110-бап. Өтпелi ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған авиакомпаниялар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бір жыл iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерістер енгізуге мiндеттi.
2. Авиакомпаниялар осы баптың 1-тармағының талаптарын орындамаған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап үш айдан кешiктiрмей азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификатын қайтарып алады.
111-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 16-бабының 3-тармағының екінші-алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнінен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат);