Мемлекеттік орман қорының «өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi» санатында шаруашылық қызмет Қазақстан Республикасының орман және су заңнамаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
93-бап. Мемлекеттік орман қорының жекелеген санаттағы ормандарында және таудағы ормандарда ағаш кесу ерекшелiктерi
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мемлекеттік орман қорының «егiс-топырақ қорғау ормандары» санатының толысқан және қураған сүрекдiңдерiнде; мемлекеттік орман қорының «өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi» санатының жапырақты сүрекдіңдерінде жүргізіледі.
Мемлекеттік орман қорының басқа санаттарындағы сүрекдiңдерде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге тыйым салынады.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттiк орман қорының осы Кодекстiң 44-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында санамаланған санаттағы ормандарында басқа мақсатта ағаш кесу, сондай-ақ құндылығы төмен және қорғаныштық, су сақтау және басқа да экологиялық функцияларын жоғалта бастаған екпелердi реконструкциялауға байланысты ағаш кесу осы Кодекске сәйкес айқындалған тәртіппен жүргiзiледi.
Мемлекеттік орман қорының «халықаралық және республикалық жалпы маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулеріндегі қорғаныштық екпелерi»; «халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулерi» санаттарында, сондай-ақ мемлекеттік табиғи резерваттардың орнықты даму аймақтары аумағындағы сүрекдiңдерде аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге және олардың жүргiзiлу ережелерiне сәйкес өзге де мақсаттарда ағаш кесуге жол берiледi.
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік өңірлік табиғи қорықтар ормандарында, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи парктердің және мемлекеттік қорық аймақтарының қорық режимi аймақтарында, мемлекеттік өңірлік табиғи резерваттардың, мемлекеттік табиғи қаумалдардың қорық орталығы аймақтарында, мемлекеттік орман табиғат ескерткiштерiнде және орманның гендiк резерваттарында орман қорғау iс-шараларын жүзеге асыру үшiн қажеттi санитарлық және өзге мақсаттарда ағаш кесуге ғана жол берiледi.
Аталған мақсаттарда ағаш кесу осы Кодекске сәйкес айқындалған тәртіппен жүргiзiледi.
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі таудағы ормандарда осы ормандардың қорғаныштық, эрозияға қарсы және су реттеушiлiк маңызы ескерiле отырып, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәсiлдерi қолданылады.
94-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртібімен сүрек дайындау есептi кеспеағаш шегiнде жүзеге асырылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi орман орналастыру материалдары бойынша, орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудiң, іріктеп санитариялық мақсатта ағаш кесудiң, құндылығы төмен және қорғаныш функциясы жоғала бастаған екпелердiң құрылымын қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесудiң белгiленген нормаларын негiзге ала отырып анықталады және осы Кодекске сәйкес айқындалған тәртіппен бекітіледі.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде өзге мақсаттарда ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу жөніндегі, құрылыс объектілеріне арнап орман алаңдарын тазарту, орман соқпақтарын тарту және басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын орындау жөніндегі жұмыстар көлемiмен анықталады және осы Кодекске сәйкес айқындалған тәртіппен бекітіледі.
95-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі кеспеағаш қоры
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі кеспеағаш қоры басты мақсатта пайдалану үшiн сүрек дайындауға арналған толысқан босалқы сүрекдіңдерден құралады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі кеспеағаш қорының мөлшерi қылқан жапырақты, қатты жапырақты және жұмсақ жапырақты тұқымдар бойынша деректер бөлiп көрсетiле отырып, мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша жыл сайын бөлек белгiленедi және осы Кодекске сәйкес айқындалған тәртіппен бекітіледі.
96-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау толысқан және қураған сүрекдiңдерде жүзеге асырылады, олар сөл алудың белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге арналады.
Толысқан және қураған сүрекдiңдер жеткiлiксiз болған кезде, сөл алу мерзiмiнiң аяқталуына қарай кесу жасына жететiн толысуға таяу сүрекдiңдерден сөл алуға жол берiледi.
Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекітілген жоспарларынсыз аталған сүрекдiңдердi сөл алу үшiн беруге және осы сүрекдiңдерден сөл алуға тыйым салынады.
2. Екпелердiң санитарлық жай-күйi күрт нашарлаған немесе өрттен зақымданған жағдайда ғана олар сөл алудан мерзiмiнен бұрын босатылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау қағидаларын, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймақты уәкілетті орган бекiтедi.
97-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде қосалқы сүрек ресурстарын дайындау
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде өнеркәсiптiк өңдеу және тұрғын халықтың қажетін қанағаттандыру үшін қосалқы сүрек ресурстарын дайындау орманға зиян келтiрiлмей жүзеге асырылуға тиіс.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу жұмыстарын жүргiзу тәртібімен кесiлген ағаштардан ғана қабық және бұтақ дайындауға болады.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде қураған және құлаған ағаштардан қабық дайындау мемлекеттік орман қорының бүкiл аумағында жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сыпыртқыларды, сыпырғыларды және басқа да сол сияқты заттарды өру, сондай-ақ әзiрлеу үшiн бұтақтарды ағаш кесу ережелерiмен айқындалған тәртiппен өсiп тұрған ағаштардан дайындауға жол берiледi.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 98-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 98-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 98-бап өзгертілді
98-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жанама орман пайдалануды жүзеге асыру шарттары
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жабайы жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрiлiк өсiмдiктер және техникалық шикiзат дайындау мен жинау, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру орманға зиян келтiрiлмей, уәкілетті орган бекiткен Қазақстан Республикасында жанама орман пайдалану қағидаларында айқындалған тәртiппен жүзеге асырылуға тиіс.
99-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.27.02. № 65-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік орман қорының шөп шабуға және мал жаюға болатын учаскелерiн орман орналастыру жобаларына немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларына сәйкес мемлекеттік орман иеленушiлер белгiлейдi.
Шөп шабуға және мал жаюға болатын мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалануға Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасына сәйкес Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарда аталған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың артықшылықты құқығы бар.
Орман және табиғат қорғау мекемелері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына жайылымдар мен шабындықтар алып жатқан алаңдар мен олардан бос алаңдарды, олардың орналасқан жерін көрсете отырып, мемлекеттік орман қорының шөп шабу және мал жаю мүмкін болатын учаскелері туралы, сондай-ақ оларды пайдалану шарттары туралы мәліметтерді ағымдағы жылғы 1 қарашадан кешіктірмей ұсынуға міндетті.
2. Мемлекеттік орман қорына кiретiн жайылымдарда бақташысыз мал жаюға шалғай, жолы қиын және халық аз қоныстанған аудандарда ерекше жағдайларда жол берiледi. Мұндай аудандардың тiзбесiн облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың жергілікті өкiлдi орган бекiтедi.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сексеуіл ормандарынан басқа, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ешкi жаюға арнайы бөлiнiп қоршалған учаскелерде ғана жол берiледi.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi.
100-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетiне пайдалану
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн пайдалану орманға зиян келтiрiлмей жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік орман қорының аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн берiлген учаскелерiнде орман пайдалану және орман шаруашылығы iс-шаралары жабайы жануарлардың мекен етуiне қолайлы орта сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.
3. Ормандардағы жабайы жануарлар саны экожүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз ететiн шекте реттеледi.
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерi аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға осы Кодексте белгiленген тәртiппен ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты негiзiнде берiледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, оның iшiнде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшiн пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.
101-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарына пайдалану
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшін мемлекеттiк орман иеленушiлер мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға - ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде бередi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
102-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи- мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға - ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде берiледi.
2. Орман пайдаланушылар өздерiне берiлген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ортасы мен табиғи ландшафтар қорғалған, ормандардағы өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық ережелер сақталған жағдайда абаттандыру және халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі iс-шараларды жүргiзеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 102-1-баппен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
102-1-бап. Мемлекеттік орман қорының учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану
1. Мемлекеттік орман қорының учаскелері ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзімді орман пайдалануға шарт талаптарымен беріледі.
2. Арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қорының тек ормансыз жерлерге жататын учаскелері бөлінеді.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 102-2-баппен толықтырылды
102-2-бап. Орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде объектілер салу уәкілетті органмен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтажы; балық шаруашылығын жүргізу; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткеннен соң орман пайдаланушының шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға артықшылықты құқығы бар.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтажы; балық шаруашылығын жүргізу; жанама орман пайдалану үшін орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде құрылыс объектілерін пайдалану құқығының ауысу мәселелері ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында айқындалады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтажы; балық шаруашылығын жүргізу; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, орман пайдаланушы құрылыс объектілерін уәкілетті органның жазбаша хабарламасына сәйкес басқа тұлғаға беру не шартта өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы учаскені қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізуге міндетті.
5. Жер учаскелеріндегі құрылыс объектілерін бөлшектеуді және сыртқа шығаруды орман пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз тәсілмен жүзеге асыруға тиіс.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 102-3-баппен толықтырылды
102-3-бап. Мемлекеттік орман қоры аумағында құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар
1. Мемлекеттік орман қорында ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу үшін негіз болып табылады.
Сәулет-жоспарлау тапсырмасы белгіленген құрылыс объектісін жобалауға тапсырма жасау үшін негіз болып табылады.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер немесе мемлекеттік табиғи резерваттар жерінде Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік ұлттық табиғи паркпен немесе мемлекеттік табиғи резерватпен жасаған ұзақ мерзімді пайдалану шарты сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен жобалауға тапсырма алу үшін негіз болып табылады.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде объектілер құрылысының сапасына бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
4. Салынған объектілерді пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
103-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман биоқауымдастықтарының гендiк қорын пайдалану
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман биоқауымдастықтарының гендiк қоры мемлекеттік меншiк объектілеріне жатады және республикалық меншiкте болады, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң гендiк резерваттарын, артықшылығы бар екпелер мен ағаштарды, басқа да селекциялық-гендiк объектiлердi қамтитын шектеулi орман пайдалану режиміндегі жеке аймақтар түрiнде аумағы жағынан бөлiнедi.
Аталған аймақтарды уәкiлеттi органның және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Орман флорасы мен фаунасының гендiк қорының өсiп-өну материалын басқа мемлекеттермен алмасу мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Орман флорасы мен фаунасы гендік қорының репродуктивтік материалдарына қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.
8-бөлім. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық тетігі
17-тарау. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың,
ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық
принциптері мен әдістері. Мемлекеттік орман қорын пайдалану төлемақысы
104-бап. Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi
Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi:
1) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөніндегі iс-шараларды жоспарлау;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзудi бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекiткен нормалар мен нормативтерге сәйкес қаржыландыру;
3) орман ресурстарын және ормандардың пайдалы қасиеттерiн ақылы түрде пайдалану;
4) ерекше қорғалатын орман аумақтарын ақылы түрде пайдалану;
5) Қазақстан Республикасының аумағында орманды өңiрлердi ұлғайтуды ынталандыру;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік орман иеленушiлердiң және орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру болып табылады.
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен тақырыб редакцияда жазылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
105-бап. Мемлекеттік орман қорынан орман пайдаланғаны үшін төлемақы
1. Мемлекеттік орман қорын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы орман пайдаланудың Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жекелеген түрлерi үшiн алынады.
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы ормандардың пайдалы қасиеттерi, орман ресурстарының сапасы, жалпы пайдаланылатын жолдардан кеспе ағаштар аймағының қашықтығы, жер бедері және ағаш кесу түрлері ескерiле отырып белгiленедi.
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары, оны есептеу және оның сомаларын төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.
Бұл ретте, төлем ставкалары орман пайдалану түрлеріне және олардың өзгеше ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді, олар ауданы бойынша - гектармен (га), көлемі бойынша - тығыздық текше метрімен (м3) немесе қаланған текше метрмен (қал. м3), саны бойынша - түйірлеп, салмағы бойынша - килограммен (кг), центнермен (ц), тоннамен (т) жас (табиғи өсу) күйімен өлшенеді.
106-бап. Қазақстан Республикасы аумағының орманды өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру
Қазақстан Республикасы аумағының орманды өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру:
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, босалқы жерлерден, ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз өзге де жер санаттарынан орман қорына жер беру;
2) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, орман өсiрудi ынталандыру және арнайы мақсаттағы плантациялар, агроорман-мелиорациялық және өзге де қорғаныштық екпелер жасау;
3) республика экономикасының сүрек ресурстарына мұқтажын қамтамасыз ету мақсатында өнiмi жоғары плантациялық екпелер отырғызуға ынталандыру;
4) селекциялық-гендiк негiздегi тұқым қуалау сапасы жақсартылған орман тұқымдарын және отырғызылатын материалдарды өндiру мен қолдануды ынталандыру;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) орман шаруашылығына инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және жекеше орман өсіруді дамытуды мемлекеттік қолдау;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге, жекеше орман питомниктерін құру мен дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу жолымен жүзеге асырылады.
107-бап. Мемлекеттік орман иеленушiлер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру
1. Мемлекеттік орман иеленушiлер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру мемлекеттік орман қорына, сондай-ақ үшiншi адамдардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне зиян келуi салдарынан шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi басталған кезде олардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауға бағытталған.
2. Мемлекеттік орман иеленушiлер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру олардың ерiк бiлдiруiмен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік орман иеленушiлер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандырудың түрлерi, талаптары және тәртібі сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттармен айқындалады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 108-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
108-бап. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18-тарау. Орман шаруашылығын қаржыландыру
109-бап. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру көздерi
Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру:
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)