19-4-бап. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіру, тыйым салу, тәркілеу және қайтару саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіру, тыйым салу, тәркілеу және қайтару мақсатында шет мемлекеттердің тиісті органдарымен ақпарат алмасуды қоса алғанда, жедел-іздестіру қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, сот талқылауын және сот актісін орындауды жүргізу кезінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының өз өкілеттіктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген шектерде шет мемлекеттердің тиісті органдарымен халықаралық ынтымақтастығы мынадай:
1) ақпарат кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіру, тыйым салу, тәркілеу және қайтару мақсатында Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының иелігіндегі немесе оларға қолжетімді ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрату және алу;
2) ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіру, тыйым салу, тәркілеу және қайтару, қылмыстық кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды анықтау, жолын кесу және тергеп-тексеру, сондай-ақ осы іс-әрекеттерге қатысы бар жеке немесе заңды тұлғаларды анықтау мәселелері бойынша жәрдем көрсету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің тиісті органының атынан және сұрау салуы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру және ақпарат алу үшін тергеу әрекеттерін жүргізу;
4) ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіру, тыйым салу, тәркілеу және қайтару мақсатында бірлескен халықаралық тергеп-тексеру жүргізу үшін тергеу топтарын, сондай-ақ ведомствоаралық жұмыс топтарын құру нысандарында жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты қылмыстық істер бойынша жедел-іздестіру қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, сот талқылауын және сот актісін орындауды, оның ішінде ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіруді, тыйым салуды, тәркілеуді және қайтаруды жүргізу кезіндегі өзара құқықтық көмек Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Ақшаны және (немесе) өзге мүлікті тәркілеу Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот актісі негізінде жүзеге асырылады.
5. Ақшаны және (немесе) өзге мүлікті тәркілеу туралы сұрау салу келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары өз құзыреті шеңберінде:
1) қылмыстық кірістерді, қылмыс құралдарын;
2) қылмыстық кірістерге аударылған немесе өзгертілген ақшаны және (немесе) өзге мүлікті;
3) егер кірістер аралас кірістердің құны мөлшерінде осындай ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен толық немесе ішінара араласса, заңды көздерден алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті;
4) қылмыстық кірістер аударылған немесе өзгертілген кірістерден, ақшадан және (немесе) өзге мүліктен немесе дәл осылайша аралас кірістердің құны мөлшерінде және кірістердің өзі сияқты дәрежеде қылмыстық кірістер араласатын қаражаттан немесе өзге мүліктен алынған пайданы немесе өзге пайданы;
5) террористік әрекетті қаржыландыруға пайдаланылған немесе арналған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіруді, оған тыйым салуды қамтамасыз ету үшін барлық ықтимал шараларды қабылдайды.
6. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары сұрау салуды жіберген шет мемлекеттердің құзыретті органдарын ақшаны және (немесе) өзге мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету шараларының күшін жою мүмкіндігі туралы алдын ала хабардар етеді.
7. Осы баптың 5-тармағында айқындалған, Қазақстан Республикасының аумағындағы ақшаны және (немесе) өзге мүлікті тәркілеу туралы сот актісін орындау туралы сұрау салуды алған Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары тәркілеуді Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.
8. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары уәкілетті органнан шет мемлекеттің құзыретті органының ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтата тұру туралы сұрау салуды қанағаттандырғаны туралы хабарламаны алған жағдайда, процестік әрекеттер жүргізу туралы сұрау салуды үш жұмыс күні ішінде жібереді.
9. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органынан, уәкілетті органнан шетелдегі ақшаны және (немесе) өзге мүлікті тәркілеуді жүзеге асыру туралы сұрау салуды алғаннан кейін шет мемлекеттің тиісті органдарына ақшаны және (немесе) өзге мүлікті тәркілеуді жүзеге асыру туралы сұрау салуды жібереді.
10. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі шетелдік соттарға Қазақстан Республикасынан шығарылған ақшаға және (немесе) өзге мүлікке құқықтық мәртебе немесе меншік құқығын белгілеу туралы азаматтық талап қоюларды беру бойынша жұмыс жүргізеді.
11. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы заңды күшіне енген сот шешімінің немесе Қазақстан Республикасынан шығарылған ақша есебінен шет мемлекеттің аумағында сатып алынған ақшаға және (немесе) өзге мүлікке меншік құқықтарын шет мемлекеттің сот актісі бойынша Қазақстан Республикасына белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өтінішхаты негізінде белгіленген тәртіппен ақшаны және (немесе) өзге мүлікті қайтару туралы сұрау салу жібереді және мүлікті қайтару мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға жауапты лауазымды адамдарды айқындайды.
12. Мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне кез келген валютада ақша түрінде қайтарылады.
13. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, егер Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттің тиісті мемлекеттік органдары өзгеше уағдаласпаса, ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіру, тыйым салу, тәркілеу және қайтару барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жеке кәсіпкерлік субъектілері шеккен шығыстарды шегере алады.
14. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттар жасаса алады және әрбір нақты жағдайда тәркілеу нәтижесінде алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті не тәркіленген мүлікті өткізуден түскен ақшаны бөлу туралы уағдаласа алады.».
17. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 23, 103-құжат):
45-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған әуе кемесін қоспағанда, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлға әуе кемесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы болып табылмаған;».
18. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар):
1) 14-бап мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) республикалық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізеді;»;
2) 18-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізеді;»;
3) 22-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Республикалық немесе коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорға енгізілген мүлік Тәркіленген мүлік қорын құрайды.».
19. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17, 135-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат):
10-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Ерікті қайырмалдықтарға жүгінетін діни бірлестіктер Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.».
20-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
20. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 24-І, 119-құжат):
9-1-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі алтыншы абзацындағы «заңды тұлғаға беруін қоспағанда, оның микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.» деген сөздер «заңды тұлғаға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«қаражатты микроқаржы ұйымдарында шартты түрде орналастыру арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жөніндегі мәміле шеңберінде жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша - жеке кәсіпкерлікті дамыту арнайы қорына беруін қоспағанда, оның микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.».
21. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-І, 119-құжат):
68-баптың 1-тармағының 6-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған көлік құралын қоспағанда, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлғаның көлік құралдарын тіркеу органына өтініш жасауы;».
22. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-І, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат):
1) 5-баптың 7) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2) 6-баптың 1-тармағында:
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, ішкі істер органдарының объектілерін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-3-бабында көрсетілген күзетілетін объектілер (бұдан әрі - күзетілетін объектілер) мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;»;
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
«28-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерінің, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары объектілерінің паспорттарын, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің паспорттарын қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу паспорттарын келісуге, есепке алуды жүргізуге, сақтауға және (немесе) жоюға;»;
3) 11-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, ішкі істер органдарының объектілерін, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;»;
25) тармақша отыз бірінші абзацындағы «үлгілерін әзірлейді және бекітеді;» деген сөздер «үлгілерін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы отыз екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;».
23. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; № 24-І, 118-құжат):
1-баптың 12-тармағының екінші абзацындағы «11-1) және 11-2) тармақшалары» деген сөздер «18) және 20) тармақшалары» деген сөздермен ауыстырылсын.
24. «Қайырымдылық туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-І, 139-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):
8-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ерікті қайырмалдықтарға жүгінетін қайырымдылық ұйымы Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.».
25. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-ІІ, 171-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 106-құжат):
6-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілсе;».
26-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
26. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 8-І, 64-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат):
23-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы жетінші абзацындағы «операцияларын жүзеге асыруға;» деген сөздер «операцияларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағында көзделген ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізу мақсатында банктік шотын ашуды және жүргізуді жүзеге асыруға;».
27. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат):
1) 5-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шетелдік төлем жүйесіне қатысуды жүзеге асыруға негіз болған шартта (шарттарда), төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қоспағанда, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша бенефициар мен жөнелтуші туралы мәліметтер мен ақпаратты алу тәртібі көзделуге тиіс.»;
2) 27-баптың 11-тармағының бірінші бөлігі «тізбесіне» деген сөзден кейін «және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне, сондай-ақ террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізіміне» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 44-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Электрондық ақша иелері және оларға тиесілі сомалар туралы, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдаланып жасалған операциялар туралы мәліметтерді тұлғаларға электрондық ақшаның эмитенті не электрондық ақша жүйесінің операторы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабында көзделген негіздер бойынша және шектерде береді.»;
4) 59-баптың 3-тармағындағы «5 және 6-тармақтарында» деген сөздер «5-тармағында және 6-тармағының бірінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
28. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 16, 52-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 15-16, 67-құжат):
9-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтер мен ақпаратты ұсыну кәсіптік құпияны жария ету болып табылмайды.».
2-бап.
Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4, 20 және 26-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 13 мамыр
№ 325-VІ