7. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетін жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы хабардар етеді.
12-2-бап. Қайырымдылық ұйымдары мен діни бірлестіктерді терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудан оларды қорғау жөніндегі шаралар
1. Ерікті қайырмалдықтарға жүгінетін қайырымдылық ұйымдары, сондай-ақ діни бірлестіктер шаралар қабылдайды, оларға сәйкес өздерінің әрекеті терроризмді қаржыландыру мақсаттарында пайдаланылмайды, сондай-ақ олар:
1) үшінші тұлғалардың өтініші бойынша не өз бастамасы бойынша қаржы мониторингі субъектілері арқылы төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруға;
2) сұрау салу бойынша уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жүргізілген операциялар туралы қаржылық есептілікті және анықталған тәуекелдер туралы ақпаратты беруге;
3) ақшамен және (немесе) міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын өзге мүлікпен жүргізілген операциялар, сондай-ақ құрылтайшылар (қатысушылар) туралы ақпаратты кемінде бес жыл сақтауға міндетті.
2. Қайырымдылық ұйымында, сондай-ақ діни бірлестіктерде терроризмді қаржыландыру мақсатында өздерін пайдаланғаны туралы күдік болған жағдайда, олар тиісті ақпаратты уәкілетті органға жібереді.»;
14) 13-бапта:
1-1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Қаржы мониторингі субъектілері террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізімі, терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне ұйымның немесе тұлғаның енгізілгені туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей (осы Заңның 12-бабының 8-тармағында және 12-1-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде мынадай шараларды дереу қабылдауға:
осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның банктік шоттары бойынша, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға (банктік шоттарға қызмет көрсетуге байланысты операцияларды қоспағанда);
осындай ұйымдар мен жеке тұлғалардың банктік шотын пайдаланбай төлем немесе ақша аударымы бойынша нұсқауларды, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің нұсқауларын орындауды тоқтата тұруға;
бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды бұғаттауға;
сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша, сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтандыру сыйлықақысын немесе оның бөлігін және сақтандырушы брокерлік қызметтің қызметтерін көрсету туралы шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда сыйақыны қайтару бойынша операцияларды жүргізуден бас тартуға (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, туристі міндетті сақтандыруға байланысты операцияларды қоспағанда);
осындай ұйым немесе жеке тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент жасайтын не оның пайдасына жасалатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операцияларды жүргізуден бас тартуға (осындай тұлғаның банктік шотына ақшаны есепке жатқызуды, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын енгізуді, аударуды қоспағанда) міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілгенге дейін қаржы мониторингі субъектісімен жасалған шарттар бойынша мынадай операцияларға қатысты қолданылмайды:
1) банктік салым мерзімдерін ұзарту;
2) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаның банктік шотынан ақшаны банктік қарыз, лизинг шарттары немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді өтеу есебіне есептен шығару және аудару.
Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі және жеке шоттар бойынша номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді, сондай-ақ осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операцияларын қаржы мониторингі субъектілері сот шешімі, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімдері, мемлекеттік кіріс органының билік ету шектелген мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы қаулылары негізінде, сондай-ақ ұйым немесе жеке тұлға осы Заңда көзделген тәртіппен жоғарыда көрсетілген тізбеден алып тасталғаннан кейін жүзеге асыруы мүмкін.
2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру фактілерінің алдын алу мақсатында қаржы мониторингі субъектілері операция күдікті ретінде танылған кезде уәкілетті органға осындай операция туралы ол жүргізілгенге дейін дереу хабарлауға міндетті.
Қаржы мониторингі субъектілері ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған, жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар туралы хабарларды операция күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей уәкілетті органға береді.
Бұл ретте операциялар жасалған уақыт пен осындай операция күдікті деп танылған уақыт арасындағы айырмашылық қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес клиенттің операциясын зерделеу жиілігін айқындайтын уақыт аралығынан аспауға тиіс.
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілері туралы, сондай-ақ осы баптың 1-1-тармағында көзделген, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектісі тиісті шешім қабылдаған (әрекет жасаған) күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.»;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарды алып, оны алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде, егер қаржы мониторингінің субъектісі ұсынған күдікті операция туралы хабар уәкілетті орган жүргізген талдау нәтижелері бойынша негізді деп танылған болса, осы Заңның 12-бабының 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген операцияны қоспағанда, күдікті операцияның жүргізілуін үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.»;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган осы Заңның 12-бабының 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген күдікті операция туралы хабарды алған соң жиырма төрт сағат ішінде, операция жүргізу туралы не операция жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны қаржы мониторингі субъектілеріне электрондық тәсілмен жеткізеді.
Егер шешім қабылдау мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, одан кейінгі келесі жақын жұмыс күні шешім қабылдау мерзімі аяқталған күні болып есептеледі.»;
5 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті орган күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін ақпаратты дереу Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін береді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары уәкілетті орган күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде шешім қабылдауға және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының тиісті шешімін алған кезден бастап үш сағат ішінде оны қаржы мониторингі субъектісінің назарына жеткізеді.
5-1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарынан осы баптың 5-тармағына сәйкес берілген, аталған операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттілігі туралы шешім алынған жағдайда, уәкілетті орган осындай операцияның қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын немесе электрондық ақшамен жасалатын операцияларын күнтізбелік он бес күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығарады.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын немесе электрондық ақшамен жасалатын операцияларын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізіледі.
Уәкілетті орган банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының немесе электрондық ақшамен жасалатын операциялардың тоқтатыла тұруы туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және осы шешімді берген Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына хабарлайды.»;
15) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау, ақпарат беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қабылдау, қаржы мониторингіне жататын операцияларды жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу және қабылдау, оның ішінде даярлау және оқыту бағдарламаларын орындау бөлігінде сақтауын мемлекеттік бақылауды тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.»;
16) 16-бапта:
5) және 5-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы Заңның 13-бабының 3-тармағының бірінші бөлігіне және 5-тармағына сәйкес күдікті операцияны жүргізуді тоқтата тұрған кезде, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін ақпарат береді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етеді;
5-1) жеке және заңды тұлғалардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес ақпарат жібереді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары жіберілген ақпарат бойынша шешім қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді;»;
13) тармақша алып тасталсын;
13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері хабарламаларының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
13-2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
13-3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды жүргізу және кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;»;
мынадай мазмұндағы 13-5) тармақшамен толықтырылсын:
«13-5) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдардың және кәсіби бухгалтерлердің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады;»;
17) 17-баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылғаны немесе бұзылу белгілерінің бар екендігі туралы хабарламаны тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарымен бірлесіп, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды алмасу және оларды беру бойынша өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындауға;»;
18) 18-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу кезінде кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау есебінен ақпаратты ескеруге міндетті.»;
2-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) ұйымның немесе жеке тұлғаның жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілгені туралы ақпаратты алған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар қабылдауға;»;
19) 19-бап алып тасталсын;
20) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын.
«3-1-тарау. Халықаралық ынтымақтастық
19-1-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында іс-әрекеттердің алдын алу, анықтау, жолын кесу және оларды тергеп-тексеру, сондай-ақ көрсетілген кірістерді тәркілеу бөлігінде уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары және шет мемлекеттердің тиісті органдары арасындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының шет мемлекеттің тиісті органдарымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастығы сұрау салу және ақпарат алмасу арқылы өзара түсіністік қағидаттарында жүзеге асырылады.
19-2-бап. Уәкілетті органның шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен халықаралық ынтымақтастығы
1. Уәкілетті органның шет мемлекеттің құзыретті органымен халықаралық ынтымақтастығы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қатысы бар жеке тұлғаларды, ұйымдар мен бенефициарлық меншік иелерін, басқа да байланысты қылмыстарды, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды анықтау, сондай-ақ осындай тұлғалардың ақшасын және (немесе) өзге мүлкін іздестіру мақсатында жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті орган осы Заңға сәйкес алынған ақпаратқа талдау жүргізу кезінде, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан ақпарат, мәліметтер мен құжаттар сұратуға құқылы.
3. Осы Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес алынған Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының сұрау салуын орындау мақсатында уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарынан ақпарат, мәліметтер мен құжаттар сұратады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының өтініші негізінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарына ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды іздестіру және (немесе) тоқтата тұру туралы сұрау салу жібереді.
Уәкілетті органның ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтата тұру туралы сұрау салуын қанағаттандыру туралы шет мемлекеттің құзыретті органының жауабы алынған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органын және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын дереу хабардар етеді.
4. Уәкілетті орган сұрау салу бойынша алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тек сұрау салуда көрсетілген мақсаттарда ғана пайдалануға құқылы.
Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарынан сұратып алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды олардың алдын ала келісімінсіз, шет мемлекеттің құзыретті органдары белгілеген шарттар мен шектеулерді бұза отырып үшінші тарапқа беруге немесе пайдалануға құқылы емес.
5. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру шет мемлекеттің құзыретті органдарының сұрау салуы бойынша, олар сұрау салуда көрсетілмеген мақсаттарда пайдаланылмайтын не уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының алдын ала келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейтін жағдайда жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуларын орындаудың басымдығын белгілей алады.
Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы мүмкіндігінше қысқа мерзімдерде, бірақ сұрау салу алынғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады.
Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарына берілетін ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды пайдалануға қосымша шарттар мен шектеулер белгілеуге құқылы.
6. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда, егер:
1) ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қозғаса, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне нұқсан келтіретін болса;
2) ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу барысына әсер ететін болса;
3) шет мемлекеттің құзыретті органы берілетін ақпараттың, мәліметтер мен құжаттардың қорғалуын қамтамасыз ете алмайды деп пайымдауға негіздер болса, шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
Уәкілетті орган бас тарту негіздерін көрсете отырып, шет мемлекеттің құзыретті органын сұрау салуды қанағаттандырудан бас тарту туралы хабардар етеді.
7. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша келісімдер жасасуға құқылы.
19-3-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының халықаралық ынтымақтастығы
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің тиісті органдарымен халықаралық ынтымақтастығы мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беруге жатпайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды қоспағанда, осы баптың 2-тармағына сәйкес ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салу бойынша немесе дербес алу және жіберу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі субъектілерінің қызметін реттеу, бақылау және қадағалау бөлігінде тәжірибе және ақпарат алмасу;
3) шет мемлекеттердің тиісті органдарының Қазақстан Республикасының аумағында өз қаржы мониторингі субъектілерінің қызметін мониторингтеу бойынша іс-шаралар жүргізуіне жәрдем көрсету, сондай-ақ қатысу нысандарында жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің тиісті органдарымен халықаралық ынтымақтастығы мынадай:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын іске асыру;
2) қаржы мониторингі субъектілері (олардың қызметі, іскерлік беделі, басқару құрылымы, бенефициарлық меншік иелері);
3) қаржы мониторингі субъектілерінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау бағдарламалары, саясаты мен рәсімдері;
4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
5) клиенттерді тиісінше тексеру нәтижелері, банктік және өзге шоттар немесе іскерлік қатынастар және операциялар (мәмілелер) туралы ақпараттар алмасу арқылы жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары сұрау салу бойынша алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тек сұрау салуда көрсетілген мақсаттарда ғана пайдалануға құқылы.
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары шет мемлекеттің құзыретті органдарынан сұратып алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды олардың алдын ала келісімінсіз, шет мемлекеттің құзыретті органдары белгілеген шарттар мен шектеулерді бұза отырып үшінші тарапқа беруге немесе пайдалануға құқылы емес.