12. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
12-баптың 3-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға (жылыс татуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты тәркіленген мүлік сомаларын, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған, Қазақстан Республикасына қайтарылуға жататын және қайтарылған сомаларды;».
13. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 68-құжат; № 24, 124-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексі (бұдан әрі - Әдеп кодексі) - кәсіби бухгалтерлердің, бухгалтерлік және кәсіби ұйымдардың кәсіптік қызметін жүзеге асыруы кезіндегі мінез-құлқының әдеп қағидаларының жинағы;»;
2) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары және Әдеп кодексі
1. Қаржылық есептілікті жасауды ұйымдар халықаралық стандарттар мен шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа сәйкес жүзеге асырады.
2. Халықаралық стандарттар мен шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартты Қазақстан Республикасында оларды ресми аударуға және (немесе) жариялауға Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары қорының жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ және орыс тілдерінде жариялауы мүмкін.
Кәсіби бухгалтерлер, бухгалтерлік және кәсіби ұйымдар өз қызметін Әдеп кодексіне сәйкес жүзеге асырады. Әдеп кодексін Қазақстан Республикасында оны ресми аударуға және (немесе) жариялауға Халықаралық бухгалтерлер федерациясының жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ және орыс тілдерінде жариялауы мүмкін.»;
3) 21-бапта:
5-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтауға;».
14. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):
16-баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органнан, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің басқа да мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлімдеушілерден) экспорттық бақылау саласына қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
3. Экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) берген құжаттар мен ақпарат тек экспорттық бақылау мақсатында ғана пайдаланылады.
Экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлімдеушілерден) алынған құжаттар мен ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган тек қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қарсы іс-қимыл мақсатында ғана пайдаланады.
4. Мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құжаттар мен ақпарат, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге) қатысты, экспорттық бақылау саласындағы құпия ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының қызметтік емес мақсаттарда жария етуіне, пайдалануына болмайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды мемлекеттік органдарға және үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
5. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының талап етуі бойынша аталған органдардың осы Заңда көзделген міндеттер мен функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты беруге міндетті.».
15. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 42-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат):
31-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған жылжымайтын мүлікті қоспағанда, егер өтініш беруші жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілсе;».
16. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржы мониторингі субъектілерінің, уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық қатынастарын, сондай-ақ терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға және жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты нысаналы қаржылық санкцияларды іске асыру тетіктерін айқындайды.»;
2) 1-бапта:
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою - қаржы мониторингі субъектілері мен мемлекеттік органдар ақшаның және (немесе) өзге мүліктің берілуін, қайта өзгертілуін, иеліктен шығарылуын немесе орын ауыстыруын тоқтата тұру бойынша қабылдайтын шаралар;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз маман - заң қызметтерін дербес өзі, сондай-ақ серіктес немесе заң көмегін көрсететін кәсіпкерлік субъектісімен еңбек шарты негізінде жұмыскер ретінде көрсететін жеке тұлға;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) қаржы мониторингіне жататын операциялар - қаржы мониторингі субъектісі клиентінің осы Заңға сәйкес оларға қатысты қаржы мониторингі белгіленген ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялары;»;
мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
«11-2) нысаналы қаржылық санкциялар - осы Заңға және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырдың алдын алуға және оны болғызбауға және жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға жататын қарарларына сәйкес қаржы мониторингі субъектілері мен мемлекеттік органдар қабылдайтын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар;»;
13) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) уәкілетті орган - осы Заңға сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік орган;»;
«15) шет мемлекеттің құзыретті органы - шет мемлекеттің өз заңнамасына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және пайдалануды жүзеге асыратын органы;»;
3) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу»;
4) 3-баптың 1-тармағында:
7) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) адвокаттар, заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар мынадай қызметтерге:»;
18) тармақшадағы «қоры жатады.» деген сөздер «қоры;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі - АХҚО) аумағында Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарына сәйкес АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары жатады.»;
5) 4-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция:
1) егер операция сомасы 3 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
бәс тігу, ойын мекемелеріндегі құмар ойындар мен лотерея өткізу нәтижелері бойынша қолма-қол ақша нысанында ұтысты алу, оның ішінде электрондық нысанда алу;
ломбардтардың ақшамен, бағалы қағаздармен, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен және өзге де құндылықтармен (бағалы металдардан жасалған ұлттық валюта монеталарынан басқа) операцияларды қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасауы;
2) егер операция сомасы 5 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 5 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
анонимді иеленушіге ашылған шоттарға (салымдарға) шетелге ақшаны аудару, анонимді иеленушіге ашылған шоттан (салымнан) шетелден қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда ақшаның түсуі;
бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды қолма-қол ақша нысанында сатып алу-сату;
оффшорлық аймақта тиісінше тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тіркелген банкте шоты бар жеке немесе заңды тұлға жүзеге асыратын, ақшаны клиенттің банктік шотына есепке жатқызу немесе аудару не клиенттің көрсетілген санаттағы тұлғалармен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы операциялары;
3) егер операция сомасы 7 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 7 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса, ал осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
өтеусіз негізде басқа тұлғаның пайдасына қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда клиент жүзеге асыратын төлемдер мен ақша аударымдары;
ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, акциялармен және пайлық инвестициялық қорлардың пайларымен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы мәмілелер;
4) егер операция сомасы 10 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 10 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
айырбастау пункттері арқылы қолма-қол ақша нысанында шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау;
осы тармақшаның бесінші және алтыншы абзацтарында көзделген қолма-қол ақша нысанындағы жағдайларды қоспағанда, ақшаны клиенттің банктік шотынан алу немесе банктік шотына есепке жатқызу, сол сияқты клиенттен қолма-қол ақшаны қабылдау не клиентке беру;
мемлекеттік тіркеу кезінен бастап үш айдан аз уақыт өткен заңды тұлғалар қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасайтын операциялар;
сақтандыру төлемін жүзеге асыру немесе сақтандыру сыйлықақысын қолма-қол ақша нысанында алу;
қолма-қол ақша нысанында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, аудару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;
қызмет көрсету, оның ішінде сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беру жөніндегі сейфтік операцияларды қоспағанда, мердігерлік, тасымалдау, көлік экспедициясы, сақтау, комиссиялар, мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қолма-қол ақша нысанындағы мәмілелер;
чек немесе вексель бойынша қолма-қол нысанында ақша алу;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер мен Ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, қолма-қол валютаны, талап етушіге арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;
5) егер операция сомасы 45 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 45 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
қаржы лизингінің шарты бойынша мүлікті қолма-қол ақша нысанында алу немесе беру;
ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, облигациялармен және мемлекеттік бағалы қағаздармен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы мәмілелер;
мәдени құндылықтарды қолма-қол ақша нысанында сатып алу (сату), мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;
6) егер операция сомасы 50 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 50 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің облигациялық қарыздары шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламалары бойынша қарыз алған клиент қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасайтын болса;
7) егер шетел валютасындағы операция сомасы баламасында 100 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша ақшаны қолма-қол ақшасыз нысанда клиенттің банктік шотынан немесе банктік шотына аударуға және трансшекаралық төлемге жататын болса;
8) егер операция сомасы 200 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 200 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса, ал осы операция өзінің сипаты бойынша жасау нәтижесі осындай мүлікке меншік құқығының ауысуы болып табылатын жылжымайтын мүлікпен мәмілеге қатысты болса, қаржы мониторингіне жатады.
Егер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция шетел валютасымен жүзеге асырылса, оның теңгеге балама сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, осындай операция жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Күдікті операциялар, олардың жүзеге асырылу нысанына және олар жасалған не жасалынатын немесе жасалуы мүмкін сомасына қарамастан, қаржы мониторингіне жатады.
Қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын іске асыру бағдарламаларына сәйкес немесе осы баптың 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша операцияларды зерделеу нәтижесінде қаржы мониторингі субъектісінде клиенттің операциялары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер бар болса, операциялар күдікті деп танылады.»;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «тізбе уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады» деген сөздер «оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында» деген сөздер «өзінің интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 5-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «жүзеге асырылған;» деген сөздер «жүзеге асырылған жағдайларда клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруді жүзеге асырады.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
3-1-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
«клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент - жеке тұлға бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды бөлшек саудада сатып алу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент - жеке тұлға айырбастау пункттері арқылы құйма түрінде аффинирленген алтынды сатып алу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 500 000 теңгеден аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент - жеке тұлға сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 100 000 теңгеден не 100 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бағалы қағаздарын сатып алу мақсаттары үшін жеке тұлғаларға бағалы қағаздардың орталық депозитарий жүйесінде шот ашу кезінде, егер осындай бағалы қағаздармен жасалатын операция сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттен (оның өкілінен) клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру, бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін қажетті немесе жеткілікті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуын, сондай-ақ салықтық резиденттілігі, қызметінің түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді ұсынуын талап етуге құқылы.»;
7-тармақтың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қызмет түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер алу;»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржы мониторингі субъектілеріне іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнатуға, егер:
1) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлға болып табылса;
2) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі өздеріне қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес халықаралық санкциялар қолданылатын белгіленген тұлға немесе ұйым болып табылса;
3) клиент сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйақысы және (немесе) сақтандыру төлемдері банктік шоттар арқылы жүзеге асырылатын электрондық нысандағы сақтандыру шарттарын жасасуын қоспағанда, осы баптың 7-тармағына және ішкі бақылау қағидаларына сәйкес тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдануды талап ететін тәуекел деңгейі берілген тұлға болып табылса, тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
«10. Қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шеңберінде Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар тұлғаларға қатысты:
1) клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын жүргізу;
2) қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастарды қайта қарау немесе қажеттілігіне қарай бұзу бойынша қосымша шаралар қолдануға міндетті.
Осы баптың 6 және 8-тармағында көзделген, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қаржы мониторингі субъектілері Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар тұлғамен іскерлік қатынастар орнатқан жағдайда қолданбайды.
11. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерімен іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда клиенттерді тиісінше тексеруге қойылатын талаптарды АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.»;
7) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Клиентпен іскерлік қатынастар орнатқан жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиентті тиісінше тексеруі
Қаржы мониторингі субъектілері, осы Заңның 5-бабының 3-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды клиенттермен іскерлік қатынастар орнатқанға дейін қабылдайды.»;
8) 7-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер мен ақша аударымдарын, сондай-ақ осы Заңның 5-бабы 3-1-тармағының 1) тармақшасының екінші, үшінші және алтыншы абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің нұсқаулары бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын шетелдік қаржы ұйымының пайдасына жүзеге асыру кезінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мыналарды:»;
9) 10-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: