3. Актуарийлер бірлестігі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында актуарлық зерттеулер, оның ішінде актуарлық бағалауды және мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалатын сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтеріне сараптама жүргізу;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде жасалған аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша талдау жүргізу және өмір сүру көрсеткіштерін жаңартып отыру;
3) актуарийлерді оқытудың міндетті ең төмен бағдарламасы бойынша оқытуды және емтихандарды өткізу;
4) ішкі құжаттарды әзірлеу;
5) өз қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;
6) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;
7) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасының және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
4. Актуарийлер бірлестігінің жұмыскерлері мен мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
5. Ықпал ету шараларын, оларды қолдану тәртібі мен негіздерін, актуарийлер бірлестігі мүшелерінің кәсіби әдеп кодексі мен кәсіби практика стандарттарын, мүшелікке қойылатын біліктілік талаптары мен өзге де талаптарды бұзуы туралы істерді қарау тәртібін әзірлеу және бекіту актуарийлер бірлестігі басқармасының жоғары органының құзыретіне жатады.
ҚР 11.06.03 ж. № 436-11 Заңымен (бұр. ред. қара); ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi
1. Сақтандыру қызметi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсiпкерлiк қызметтiң негiзгi түрi болып табылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметiнен басқа қызметтiң мынадай түрлерiн:
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) осы Заңда белгіленген шектеулерді ескере отырып, инвестициялық қызметтi;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде, сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерге қатысты инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті;
2) тиiстi жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегiнде өзiнiң сақтанушыларына қарыз берудi «өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын (сақтандыру ұйымы үшін);
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатуды;
4) ақпарат берiлiмдерiнiң кез келген түрлерiнде сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi жөнiнде арнаулы әдебиет сатуды;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) өз мұқтаждары үшiн сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келiп түскен (сақтандыру ұйымы үшiн) мүлiктi сатуды немесе жалға берудi;
6) сақтандыру қызметiне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетудi;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктiлiгiн арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргiзудi;
8) сақтандыру агентi ретiнде сақтандыру делдалы болуды;
9) осы Заңның 52-бабының 1-тармағында аталған қызметтi;
10) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) сақтандыру ұйымдары арасындағы не сақтандыру ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге де заңды тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жүзеге асырылатын ассистансты;
12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кәсiпкерлiк қызмет ретiнде осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген мәмiлелердi жүзеге асыруы мен операцияларды жүргiзуiне тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне жатпайтын кәсіпкерлік қызмет ретінде мәмілелерді жүзеге асыруына және операцияларды жүргізуіне тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру қызметінен басқа, сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.
«Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру қызметінен басқа, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз сақтанушыларына тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ өзгертілді
3-1. Сақтандыру ұйымы өзінде ірі қатысушы-жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі болмаған кезде «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы, оның түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Сақтандыру ұйымдары бейрезиденттердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін осы Заңда көзделген мақсаттар үшін жинауға құқылы.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым құруға құқылы. Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның құрылу тәртібі мен қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында реттеледі.
Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы осы Заңда және Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарында көзделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылмайды.
5. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 2006.05.07. № 164-III Заңымен; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 11-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-1-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 11-1-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 11-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандыруды белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру қағидалары және ішкі қағидалары болғанда ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы.
1-1. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сақтандыру омбудсманы өкілдер кеңесінің құрамына кіруге міндетті.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі қағидалары:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
2) ішкі аудит қызметінің және тұрақты жұмыс істейтін басқа да органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын ашып көрсететін тәуекелдерді басқару жүйесін;
4) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамдары мен қызметкерлері ұйымның атынан және ұйымның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін;
6) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың), жәбірленушілердің (пайда алушылардың) және олардың өкілдерінің жазбаша және ауызша өтініштерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары мәселелері бойынша келіп түсетін өтініштер мен құжаттарды тіркеу тәртібін;
7) сақтандыру жағдайларының мәселелері жөніндегі өтініштер мен құжаттар бойынша оларды қарау және сақтанушыларға (сақтандырылушыларға), жәбірленушілерге (пайда алушыларға) және олардың өкілдеріне жауап беру тәртібі мен мерзімдерін;
8) сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімдерін көрсете отырып, сақтандыру төлемі туралы шешімді қабылдау немесе одан бас тартудың дәлелді негіздемесін ұсыну рәсімін;
9) сақтандыру тәуекелдерін (оның ішінде сақтандыруға қабылданатын мүлікті) және сақтандыру жағдайы бойынша залалдың мөлшерін бағалау тәртібін;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) андеррайтердің, аджастердің және сюрвейердің өкілеттіктерін;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) қайта сақтандыруға (қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырған жағдайда) сақтандыру тәуекелдерін қабылдаған кезде бағалау тәртібіне қойылатын талаптарды;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) сақтандыру агентінің комиссиялық сыйақысының мөлшерін айқындау тәртібін;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) қайта сақтандыру (қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырған жағдайда) жөнінде шешімдер қабылдау бойынша құжаттар мен рәсімдердің өту тәртібін айқындауға тиіс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қағидалары мен ішкі қағидаларын - директорлар кеңесі, ал Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының осы қағидаларын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы бекітеді.
Сақтандыру ұйымы сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу мүмкіндігі көзделетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қағидаларын сақтандырушының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Ерікті сақтандыру шарттарын тиісті келісім негізінде сақтандыру ұйымының әріптестері болып табылатын басқа ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып электрондық нысанда жасасқан жағдайда, сақтандыру ұйымы сақтандыру қағидаларын олардың интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қағидалары мен ішкі қағидаларын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде - директорлар кеңесі, ал Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының осы қағидаларын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы бекітеді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға жарамды лицензиясы бар актуарий болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) оның акционерінің және (немесе) оның басшы қызметкерінің үлестес тұлғасы болмауға тиіс.
Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий, тәуелсіз актуарий ретінде тартылатын жағдайларды қоспағанда, өз қызметін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында қоса атқаруға құқылы емес.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің осы Заңда белгіленген қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тартады.
Осы тармақтың талаптары аудиторлық ұйым міндетті аудит жүргізген кезде тәуелсіз актуарийді тартқан жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Тәуелсіз актуарий мынадай талаптарға сай келуге:
1) тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жұмыскері болмауға;
2) актуарлық қызметте кемінде үш жыл және тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметін жүзеге асыратын сақтандыру саласында кемінде екі жыл тәжірибесі болуға және актуарийлер бірлестігінің мүшесі болуға;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, оның акционерлерінің және (немесе) басшы қызметкерлерінің үлестес тұлғасы және штаттағы актуарийдің туысы болмауға;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайда, уәкілетті органның актуарлық қызметке арналған жарамды лицензиясы болуға немесе тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийлердің халықаралық қауымдастығының мүшесі болуға тиіс.
7-тармақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. Тәуелсіз актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
8. Сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
12-бап. Өмірді сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асырудың ерекшелiктерi
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Исламдық сақтандыру ұйымын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын ескере отырып, өзiнiң сақтанушыларына сатып алу сомасы шегiнде қарыз беруге құқылы.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын ескере отырып, сатып алу сомасы шегiнде қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.
2. Сақтандыру ұйымы аннуитеттік сақтандыру шартының қолданысы кезеңінде актуарийдiң қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен тұрақты сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн ұлғайтуға құқылы.
3. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру ұйымы сақтанушы инвестицияларға қатысқан, сондай-ақ сақтандырушының пайдасы жағдайында сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруды көздейтін осы Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетілген сақтандыру сыныптары шеңберінде сақтандыру түрлерін әзірлеуге құқылы.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартын жасасу тәртібі мен ерекшеліктері, сондай-ақ сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымы сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымының бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде дербес басқаруға және (немесе) оларды сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беруге құқылы.
Сақтандыру ұйымының сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттарын жасасуды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары меншікті қаражаты мен сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтер бойынша бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілік пен алғашқы статистикалық деректерді бөлек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық Банкке ұсынады.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарты бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушыдан алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оны (оларды) инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтер бойынша инвестициялық тәуекелдерді сақтанушы көтереді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерге сақтандыру ұйымының, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша тыйым салуды немесе өндіріп алуды қолдануға санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда да жол берілмейді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-2. Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтердің құнын айқындау уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шарттарда, әдістеме бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)