2. Мiндеттi түрде сақталуға жататын құжаттардың тiзбесiн және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсiби қатысушыларының, сақтандыру агенттерiнiң оларды сақтау тәртібі мен мерзiмiн уәкiлеттi орган мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың уәкiлеттi органымен келiсе отырып белгiлейдi.
78-бап. Уәкiлеттi органның шешiмiне шағым жасау
1. Мүдделi тұлға уәкiлеттi органның шешiмiне ол күшiне енген күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен шағым жасай алады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті органның қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және (немесе) санкцияларды қолдану туралы шешіміне, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) әрекеттеріне соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін шағым жасау шағым жасалып отырған шешімді немесе әрекеттерді (әрекетсіздікті) орындауды тоқтата тұрмайды.
Уәкілетті органның шешімі негізінде жасалған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) тарапы болып табылатын мәміле соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың осы мәміле бойынша алғанның барлығын қайтаруына жол берілмейді.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 14-тараумен толықтырылды
14-тарау. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 79-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
79-бап. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның құрылу тәртібі мен негізгі функциялары
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап және 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ұйым) дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Ұлттық Банкке тиесілі, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Екінші бөліктің қолданысы 2023 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңның 2-бабының 7-тармағының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
Ұйым осы Заңның және міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарының негізінде міндетті және ерікті сақтандыру түрлері, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру, бірлескен қайта сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
Ұйым дерекқорды дамыту жоспарын әзірлейді, уәкілетті органмен келіседі және оны бекітеді.
Ұйым сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.
1-1. - 1-3. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2017 ж. 1 шілдеге дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-4. Ұйымның директорлар кеңесінің құзыретіне Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында айқындалған мәселелерден басқа мынадай мәселелер жатады:
1) осы Заңның 80-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есептерін алушылардың ұйымға төлеуіне жататын жарналар мөлшерлемесін бекіту;
2) дерекқорды дамытудың алдағы күнтізбелік жылға арналған жоспарын бекіту.
2. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша дерекқорды енгізу тәртібі:
1) 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) дерекқорды басқару жүйесін пайдалануға беру;
3) дерекқорды қалыптастыру жөніндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру;
4) олармен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеу кезеңдерінен тұрады.
Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі ережелердің мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісі олардың дерекқорды құруға және қорғауға қатысуы жөнінде ақпарат берушілер ретіндегі қызметіне қатысты бөлігінде осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің орындауы үшін міндетті.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Ұйым өз қызметінде:
1) ақпараттық жүйелерді, дерекқорды қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін онда техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;
2) дерекқорды және ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын орналастыру үшін көрсетілген ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтылымды қолдануға;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) ұйым өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда, ұйымның бағдарламалық-техникалық қамтылымына үш жылда бір реттен сиретпей аудит жүргізуге;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дерекқор субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға осы Заңның 80-бабының 2-тармағында санамаланған ақпаратқа «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес нақты уақыт режимінде тәулік бойы қолжетімділік беруге;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, өзінің интернет-ресурсында сақтандыру сыныптары бойынша статистикалық ақпаратты сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашып көрсетпей жариялауды қамтамасыз етуге;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламаны дереу жіберуді қамтамасыз етуге;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) осы Заңның 80-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылардың дерекқорға қолжетімділігін олардың жаңа сақтандыру шарттарын жасаспауы мақсатында осындай қолжетімділікті шектеу туралы уәкілетті органның хабарламасында көрсетілген мерзімге шектеуге;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) сақтандыру шарттары бойынша ақпараттың, оның ішінде сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар) және сақтандыру төлемдері туралы ақпараттың электрондық нысанда сақталуын қамтамасыз етуге;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) осы сақтанушымен жасалған электрондық нысандағы сақтандыру шарттары бойынша ақпаратты қарау үшін ұйымның интернет-ресурсына тұрақты түрде қолжетімділік беруге;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) ұйым орналасқан елді мекеннің шекарасынан тыс жерде болатын, бірыңғай сақтандыру дерекқорының субъектілері туралы ақпараттың көшірмелерін сақтау үшін резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат ұсыну және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Ұйымның негізгі функциялары:
1) осы Заңның 81-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген ақпаратты жинау;
2) мазмұнына қойылатын талаптар осы Заңда және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру;
3) сақтандыру статистикасын, оның ішінде сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында актуарлық зерттеулер жүргізу үшін қажетті статистиканы қалыптастыру;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы Заңда белгіленген тәртіппен сақтандыру нарығы жөніндегі деректерді статистикалық есепке алу, талдау және қорыту үшін ақпараттық-талдамалық жүйені құру мен жүргізу және оларды ақпараттандыру объектілерінде, оның ішінде ұйымның интернет-ресурсында орналастыру, сондай-ақ осы Заңның 80-бабының 4-тармағында аталған тұлғаларға ұсыну;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) осы Заңның 80-бабының 4-тармағында аталған тұлғаларға талдамалық және өзге де ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну мақсатында мемлекеттік дерекқормен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
Талдамалық және өзге де ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін ұйым осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлық-ақыларын автоматты түрде есептеу;
6) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру шарттары бойынша электрондық дерекқорды олар бойынша әрбір сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) бойынша электрондық нысанда ақпаратты, оның ішінде сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар) және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты сақтау үшін жүргізу;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) өзінің интернет-ресурсында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесін орналастыру;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
8) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және (немесе) ұйымның жарғысында көзделген өзге де функциялар болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңда көзделген талаптарды іске асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпаратты, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпаратты алуға құқылы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелері мен дерекқорына «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес қолжетімділік алуға құқылы.
Ұйым қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыруы барысында алынған, қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 80-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
80-бап. Дерекқор
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ұйым дерекқордың құрылымын осы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып айқындайды.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру есебі мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебі - қосарланған сақтандыру, сақтандыру төлемдері, төленген сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру сомасының мөлшерлері және сақтанушының, сақтандырылушының немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де мәліметтер туралы мәліметті қамтитын сақтандыру есебі;
2) қолжетімділігі стандартты сақтандыру есебі - сақтандыру жағдайлары, сақтандыру объектісі, сақтандыру агенттері, сақтандыру құпиясына немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға жатпайтын өзге де мәліметтер туралы ақпаратты қамтитын сақтандыру есебі;
3) жиынтық сақтандыру есебі - сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашпайтын, сан түрінде, оның ішінде жасалған сақтандыру шарттары, сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру төлемдерінің көлемі, сақтандыру жағдайларының саны және сақтандырудың өзге де параметрлері бөлігінде деректердің жиынтық көлемін қамтитын сақтандыру есебі.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мыналар:
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарт негізінде, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;
2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;
3) уәкілетті орган;
4) ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге де тұлғалар дерекқорды қалыптастыру үшін ақпарат берушілер болып табылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мыналар:
1) уәкілетті орган;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) Ұлттық Банк;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес дерекқор субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі арқылы уәкілетті мемлекеттік органдарға көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарына қатысты ақпарат беру мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) ұйыммен сақтандыру есептерін алу туралы жасалған шарттар негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) ұйыммен жасалған сақтандыру есептерін алу туралы шарт негізінде, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) ұйыммен жасалған сақтандыру есептерін алу туралы шарттар негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;
4) дерекқор субъектілері (сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы);
5) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар;
7) сақтандыру омбудсманы;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 830-бабы 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-4) тармақшаларында аталған тұлғалар;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) ұйыммен жасалған ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың және дерекқор субъектісі келісімінің негізінде банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
10) уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында жасалған ақпарат алмасу туралы келісім негізінде шетелдік ұйымдар;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
11) дерекқор субъектісінің келісімі болған кезде өзге де тұлғалар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.
Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жиынтық сақтандыру есебін беруді қоспағанда, осы тармақта аталмаған өзге тұлғаларға ақпарат беруге жол берілмейді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жиынтық сақтандыру есебін беруді қоспағанда, осы баптың 4-тармағында аталған сақтандыру есебін алушыларға дерекқордан сақтандыру есептерін беру сақтандыру есептерінің қолжетімділік деңгейлеріне және түріне қарай жүзеге асырылады:
1) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 1-1) тармақшаларында аталған сақтандыру есебін алушылар барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы;
2) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 2-1) тармақшаларында аталған сақтандыру есебін алушылар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы;
3) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес осы алушымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша дерекқор субъектісі туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін, ал қалған субъектілер бойынша тек дерекқор субъектісінің келісімі болған кезде алуға құқылы;
4) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне енгізілген кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) шеңберінде барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы;
5) тармақша 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3-2) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы;
6) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар өзі туралы ғана қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есебін алуға құқылы;
7) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 924-бабының талаптарын орындау мақсатында пайда алушы туралы қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебін алуға құқылы;
8) пайда алушы өзінің жәбірленуші құқықтарын іске асыру мақсатында сақтанушы (сақтандырылушы) туралы қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебін алуға құқылы;
9) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ақпаратты қамтитын сақтандыру есептерін алуға құқылы;
10) сақтандыру омбудсманы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен мәселелерді реттеу кезінде дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
11) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар ұйыммен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ дербес деректерді қоса алғанда, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратты әрбір алатын кезде дерекқор субъектісінің келісімі болған жағдайда дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
12) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар қолжетімділігі стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
13) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар дерекқор субъектісінің жазбаша келісімі болған кезде қолжетімділігі стандартты және шектеулі сақтандыру есептерін алуға құқылы.