3. Күдіктілер мен айыпталушылардың және өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда, қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы тиісінше Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына, Қорғаныс министріне, Бас прокурорына, аумағында қамауда ұстау орны орналасқан ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауіпсіздік органдарының бастықтарына дереу хабарлай отырып, осы баптың 2-тармағында көзделген шараларды дербес енгізе алады.
4. Күзетте ұстау орындарындағы ерекше жағдай режимін оны енгізген орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам жояды.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен Заң 3-1-тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Адамдарды қабылдау-бөлу орындарында ұстау
46-1-бап. Қабылдау-бөлу орындарына жеткізілген адамдарды қабылдау және тіркеу
1. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдау ішкі істер органдары қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
2. Егер қабылдауға бөлінген мерзім ішінде жеке басы анықталмаса, ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін тәртіппен іс-шаралар кешенін жүргізеді.
Адамның тұрғылықты жерін және (немесе) жеке басын анықтау мүмкін болмаған кезде ішкі істер органдары сотқа мұндай адамға қатысты жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолдану туралы қаулыны ол ұсталған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде жібереді.
Сот санкциясы алынғаннан кейін қаулы белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қолхат ала отырып дереу хабарланады. Сот жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолдану туралы қаулыны санкциялаудан бас тартқан жағдайда, мұндай адам қабылдау-бөлу орнынан дереу босатылады.
3. Жанында балалары бар, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамды ұстаған кезде сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның тұрып жатқан жерін анықтау жөніндегі шараларды қолданады.
4. Шетелдіктерді қабылдау-бөлу орындарына орналастырған кезде ұстауды жүзеге асырған мемлекеттік орган бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ішкі істер министрлігіне дереу хабарлайды.
5. Қабылдау-бөлу орнына жеткізілген және орналастырылған әр адам жеке тексеріледі, медициналық куәландырудан, санитариялық өңдеуден өткізіледі, дактилоскопияланады және суретке түсіріледі.
6. Жеке тексеру, медициналық куәландыру, санитариялық өңдеу, дактилоскопиялау, суретке түсіру тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын заттар тізбесі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларында айқындалады.
46-2-бап. Қабылдау-бөлу орындарына орналастырылған адамдарды тексеру
1. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам жеке басын анықтау мақсатында тексеріледі.
2. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамнан жауап алу ол қабылдау-бөлу орнында болған тәулік ішінде жүргізіледі. Жауап алудың нәтижелері жауап алынушының және жауап алуды жүргізген қызметкердің қолы қойылатын хаттамамен ресімделеді.
46-3-бап. Қабылдау-бөлу орнында ұстау мерзімдері, одан босату тәртібі мен негіздері
1. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам қабылдау-бөлу орнына ішкі істер органының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолдану туралы сот санкциялаған қаулысы негізінде отыз тәулікке дейінгі мерзімге орналастырылады.
2. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам қабылдау-бөлу орнынан осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен бұрын, мынадай:
1) жеке басы анықталған;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға қатыстылығы анықталған;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) адамның кәмелетке толмағандығы анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жіберілген;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) реадмиссия тәртібімен берілген жағдайларда босатылады.
3. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам қабылдау-бөлу орнынан босатылған кезде қабылдау-бөлу орнының бастығы немесе оның орынбасары қаулы шығарады, онда жеке басын анықтау бойынша тексеру нәтижелері баяндалады. Босатылған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурор, сот және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы жазбаша түрде хабардар етіледі.
Қабылдау-бөлу орнынан босатылған, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға одан сақтауға алып қойылған, сақталуы заңсыз болып табылатын нәрселер мен заттарды қоспағанда, құжаттары, ақшасы және заттары қолхат ала отырып қайтарылады.
4. Қабылдау-бөлу орнынан босатылған кезде белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарға одан әрі орналасатын жеріне жету уақытына қабылдау-бөлу орнында ұстау үшін көзделген тамақтану нормалары бойынша құрғақ азық-түлік және босатылғаны туралы анықтама беріледі.
46-4-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұстау режимі
1. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және олардың өз бетінше кету мүмкіндігін болғызбайтын режим белгіленеді. Қабылдау-бөлу орнында ұстау, үй-жайды жабдықтау шарттары, күн тәртібі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларында айқындалады.
2. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар күзетте ұсталатындар және уақытша ұстау изоляторындағылар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.
Егер ұсталғандармен бірге балалар болса, олар сот шешімі бойынша бөлек камераға бірге орналастырылып, Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес тамақпен қамтамасыз етілуі мүмкін.
3. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған ер адамдар әйел адамдардан бөлек ұсталады.
4. Қабылдау-бөлу орнында ұсталушы адамдарға «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дене күші және арнайы құралдар қолданылуы мүмкін.
46-5-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың құқықтары мен міндеттері
1. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың:
1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, қабылдау-бөлу орнында ұсталу режимі, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;
2) қабылдау-бөлу орнында болу кезеңінде жеке басының қауіпсіздігіне;
3) ішкі тәртіп қағидаларында бекітілетін нормалар бойынша оларға материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық қызмет көрсетілуіне;
4) түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға;
5) күніне кемінде екі сағат күнделікті серуенге;
6) ішкі тәртіп қағидаларының және қабылдау-бөлу орнында ұсталушы басқа да адамдардың құқықтарының сақталуы шартымен діни жоралар жасауға;
7) қабылдау-бөлу орнының әкімшілігіне, прокуратура органдарына, сотқа өздерін ұстаудың заңдылығы мен негізділігі, сондай-ақ өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша жүгінуге құқығы бар.
2. Қабылдау-бөлу орындарына орналастырылған адамдар ішкі тәртіп қағидаларын орындауға міндетті.
3. Белгіленген ішкі тәртіп қағидаларын бұзған адамдарға теріс қылығының сипатына немесе ауырлығына байланысты мынадай ықпал ету шаралары:
1) ескерту;
2) қабылдау-бөлу орнының үй-жайларын жинау бойынша кезектен тыс наряд қолданылады.
Ықпал ету шараларын қолдану туралы шешімді қабылдау-бөлу орнының бастығы қабылдайды және дәлелді қаулымен ресімделеді.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен Заң 3-2-тараумен толықтырылды; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 3-2-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 3-2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-2-тарау. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұстау
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 46-6-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-6-бап. Арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына жеткізілген әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау және тіркеу
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына түскен кезде:
1) судьяның өзі қол қойған және соттың мөрімен бекемделген қамауға алу туралы қаулысының;
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ішкі істер органының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы сот санкциялаған қаулысының;
2) арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында сақтауға тыйым салынған, алып қойылған заттарымен жеке жете тексеру хаттамасының;
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) әкімшілік қамауға алынған адамның, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттарының болуы тексеріледі.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген адамдарды тіркеу, жеке жете тексеруді, медициналық куәландыруды, дактилоскопиялауды, фотоға түсіруді жүргізу, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелерінің ресми өкілдерінің өздері өкілдік ететін мемлекеттің азаматы болып табылатын шетелдікке келу тәртібі, сондай-ақ алып қойылуға жататын заттар тізбесі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін Арнаулы қабылдау орнындағы ішкі тәртіптеме қағидаларында айқындалады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына орналастырылғаны немесе олардың тиісті медициналық ұйымдарға жіберілгені туралы арнаулы қабылдау орнының, уақытша ұстау изоляторының әкімшілігі бір тәулік ішінде олардың жақын туыстарына - тұрғылықты жері бойынша, ал шетелдікті орналастырған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы шет мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге өкілдігіне де хабарлайды.
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың сотқа, прокуратура органдарына немесе басқа да мемлекеттік органдарға жазған өтініштері қаралмайды және олар берілген уақытынан бастап жиырма төрт сағат ішінде мекенжайы бойынша жіберіледі.
5. Арнаулы қабылдау орны болмаған немесе онда орындар болмаған не арнаулы қабылдау орнының шалғайлығынан немесе тиісті қатынас жолдарының болмауынан оған жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда әкімшілік қамауға алынған адамдарды уақытша ұстау изоляторында ұстауға жол беріледі.
Уақытша ұстау изоляторында әкімшілік қамауға алынған адамдар және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдар бөлек ұсталады.
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 46-7-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-7-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды ұстау режимі
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар есіктерінде берік тиектері және қарау тесіктері болуға тиісті камераларда ұсталады, терезелер металл торлармен жабдықталады. Әр камерада арнаулы қабылдау орнындағы, уақытша ұстау изоляторындағы Ішкі тәртіп қағидалары ілінеді.
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз ететін және онда ұсталушы адамдардың мекеменің шегінен тыс жерлерге өз бетінше кету мүмкіндігін болғызбайтын режим белгіленеді.
Әкімшілік қамауға алынған адамдарға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дене күші және арнаулы құралдар қолданылуы мүмкін.
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тамақпен күзетпен ұсталатындар және уақытша ұстау изоляторында отырғандар үшін белгіленген нормалар бойынша қамтамасыз етіледі. Тамақ өнімдерін күн сайын ведомость бойынша кезекші береді.
4. Арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына орналастырылған ерлер әйелдерден бөлек орналастырылады.
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Туберкулездің жұқпалы түрімен, венерологиялық және басқа да инфекциялық аурулармен ауыратындар әкімшілік қамауға алынған басқа адамдардан, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан оқшауландырылады.
6. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахталарда ұсталады.
Әскери қызметшілердің гаупвахтада әкімшілік қамауды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 46-8-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-8-бап. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:
1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында ұстау режимі, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;
2) арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында болу кезеңінде жеке басының қауіпсіздігіне;
3) арнаулы қабылдау орнындағы Ішкі тәртіп қағидаларында бекітілетін нормалар бойынша материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық көрсетілетін қызметтер алуға;
4) хаттар, сауқаттар, бандерольдер мен сәлемдемелер алуға;
5) түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға;
6) күніне кемінде екі сағат күн сайын серуендеуге;
7) арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында Ішкі тәртіп қағидаларын және басқа да адамдардың құқықтарын сақтаған жағдайда - діни жораларды орындауға;
8) арнаулы қабылдау орнының, уақытша ұстау изоляторының әкімшілігіне, прокуратура органдарына, сотқа өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша өтініш жасауға құқығы бар.
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына орналастырылған әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арнаулы қабылдау орнындағы, уақытша ұстау изоляторындағы Ішкі тәртіп қағидаларын орындауға міндетті.
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 46-9-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-9-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орнынан, уақытша ұстау изоляторынан босату
1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар арнаулы қабылдау орнынан, уақытша ұстау изоляторынан судьяның қаулысымен белгіленген әкімшілік қамауға алу мерзімін өтегеннен кейін босатылады.
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар шығарып жіберу туралы сот үкімін, шешімін, қаулысын орындау үшін не жүріп-тұру бостандығын алдын ала шектеу мерзімі өткеннен кейін арнаулы қабылдау орнынан босатылады.
2. Босатылған адамдарға сақталуы заңсыз болып табылатын заттардан басқа, олардан сақтауға алып қойылған құжаттары, ақшасы мен заттары қолхат алына отырып қайтарылады.
2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар атыс қаруын немесе суық қаруды, жарылғыш, қатты әсер ететін немесе улы заттарды және есірткі заттарын заңсыз сақтаған кезде шешім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданады.
4. Босатылған адамға оның арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында болғаны туралы анықтама беріледі.
2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен Заң 3-3-тараумен толықтырылды
3-3-тарау. Ұлттық алдын алу тетігі
46-10-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
1. Ұлттық алдын алу тетiгi ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.
2. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары өз қызметі шеңберінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер мен үй-жайларда, сондай-ақ осы қатысушылардың болуы (бұдан әрі - алдын ала болу) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарда болады.
3. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық байқаушы комиссиялардың және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып табылады.
4. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметін үйлестіреді, ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.
5. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
46-11-бап. Үйлестіру кеңесі
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады.
Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл құратын комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан сайлайды.
2. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл:
Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;
ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын іріктеу тәртібін;
алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларынан топтар құру тәртібін;
алдын ала болу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;
алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау тәртібін бекітеді.
3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің Азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимыл жасайды.
46-12-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар
1. Мынадай:
1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;
2) қылмыс жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған;
3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері;
5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
46-13-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы:
1) алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдардың саны, осындай мекемелер мен ұйымдардың саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;
2) алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;
3) алдын ала болуды құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;
4) алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз, жеке өзі немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының пiкiрi бойынша тиiстi ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесулер өткiзуге;
5) алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарды кедергісіз таңдауға және оларда болуға;
6) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарламалар мен шағымдарды қабылдауға құқылы.
2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заңды қызметін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болып табылады.
46-14-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері
1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары өз өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.
3. Алдын ала болу жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының турашылдығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде, ол алдын ала болуға қатысудан бас тартуға міндетті.
4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарламалар мен шағымдарды Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті.
Қабылданған хабарламалар мен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қарауына беріледі.
Қабылданған және берілген хабарламалар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала болу нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.
5. Осы Заңның ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
46-15-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату
Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктері:
1) осы Заңның ережелері бұзылған;
2) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініш берілген;
3) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;