22-тарау. Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ұлттық мерекелеріне, басқа да оқиғаларға байланысты іс-шаралар
213. Тәуелсіздік күнін (16 желтоқсан) мерекелеуге байланысты Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпустың құрметіне Үкімет атынан қабылдау (фуршет) және ұлттық мерекеге байланысты басқа да іс-шаралар өткізеді.
214. Дипломатиялық қатынастар орнатылған шет мемлекеттердің ұлттық мерекелеріне байланысты осы мемлекеттердің басшыларына Президенттің атынан құттықтау хаттар жолданады.
215. Дипломатиялық қатынастар орнатылған шет мемлекеттердің мемлекет, үкімет және сыртқы саясат ведомствосы басшыларының қызметке кірісуіне орай - тиісінше Президент, Премьер-Министр және Сыртқы істер министрі қол қоятын құттықтау хаттары жолданады.
216. Құттықтау хаттарын жіберу, сондай-ақ шарттар жасасудың жылдығына, екіжақты қатынастарға қатысты мерейтой күндері мен жылдар толуына орай да жолдануы мүмкін.
217. Құттықтау хаттары тиісті елдердегі Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы жолданады.
218. Құттықтау хаттарының жобаларын Сыртқы істер министрлігі әзірлейді және белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Ұлттық мереке болып табылмайтын мейрамдарға (Жаңа жыл, діни мейрамдар) байланысты құттықтаулар бастама түрінде жіберіледі.
219. Шет мемлекеттің басшысы, үкімет басшысы, парламент басшысы қайтыс болған жағдайда - тиісінше Президент, Премьер-Министр, Парламент палаталарының төрағалары, Сыртқы істер министрі, әдетте, шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігіне келіп, көңіл айту кітабына қол қояды.
220. Азалы іс-шараларға қатысу үшін шет мемлекеттерге:
мемлекет басшысының қайтыс болуына байланысты - Президент немесе Президенттің өкілі, Президент Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының басқа да ресми адамдары;
үкімет басшысының қайтыс болуына байланысты - Премьер-Министр немесе оның өкілі, Премьер-Министр Кеңесімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының басқа да ресми адамдары;
парламент басшысының қайтыс болуына байланысты - Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының бірінің төрағасы, Қазақстан Республикасының басқа да ресми адамдары барады.
221. Делегация құрамына Қазақстан Республикасының тиісті елдегі елшісі қосылады.
Сыртқы істер министрлігі көңіл айту хаттарының (жеделхаттарының) жобаларын әзірлейді, оларға Қазақстан Республикасының тиісті басшысы қол қояды.
ҚР Президентінің 2014.04.05. № 814 Жарлығымен (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2015.18.06. № 40 Жарлығымен; 2017.05.05. № 471 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.22.07. № 76 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.09.10. № 184 Жарлығымен (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2021.18.01. № 495 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2021.05.04. № 545 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2021.02.07. № 615 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2022.14.06. № 927 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 12 қазандағы
№ 201 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік протоколына
1-ҚОСЫМША
Мемлекетішілік іс-шараларды өткізу кезіндегі
Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының
ПРОТОКОЛДЫҚ ҮЛКЕНДІГІ
1. Президент
2. Премьер-Министр
3. Парламент Сенатының Төрағасы
4. Парламент Мәжілісінің Төрағасы
5. Мемлекеттік кеңесші
6. Президент Әкімшілігінің Басшысы
6-1. Тұңғыш Президент - Елбасы Кеңсесінің Басшысы
7. Конституциялық Кеңестің Төрағасы
8. Жоғарғы Сот Төрағасы
8-1. Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
9. Ұлттық Банк Төрағасы
10. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы
11. Премьер-Министрдің орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
12. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма Төрағасы
13. ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
14-1. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары
14-2. Тұңғыш Президент - Елбасының Кеңсесі Басшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
14-3. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
15. Президент Кеңсесінің бастығы
16. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
17. Бас прокурор
18. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
19. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы
20. Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары
21. Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары
22. Президенттің Іс басқарушысы
22-1. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі
23. Президенттің көмекшілері
23-1. Тұңғыш Президент - Елбасының көмекшілері
24. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
24-1. Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы
25. Президенттің кеңесшілері
25-1. ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25-2. ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25-3. Тұңғыш Президент - Елбасының кеңесшілері
26. Президенттің Протокол қызметінің бастығы
27. Президенттің Баспасөз хатшысы
28. Президентке бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары (мемлекеттік органдардың мемлекеттік тілдегі атауларының әліпбилік ретімен)
29. Сыртқы істер министрі
30. Қорғаныс министрі
31. Ішкі істер министрі
32. ҚР Президентінің 2017.05.05. № 471 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
33. Министрлер (министрліктердің мемлекеттік тілдегі атауларының әліпбилік ретімен).
34. ҚР Президентінің 2019.18.09. № 163 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
35. ҚР Президентінің 2014.04.05. № 814 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
36. Астананың, Алматы қаласының және облыстардың әкімдері (облыстардың мемлекеттік тілдегі атауларының әліпбилік ретімен)
37. Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы
38. Парламент Сенаты және Мәжілісі комитеттерінің төрағалары (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
39. Парламент депутаттары (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
40. Төтенше және өкілетті елшілер (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
41. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
42. Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
42-1. Тұңғыш Президент - Елбасының Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
42-2. Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
43. Конституциялық Кеңестің мүшелері (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
44. Жоғарғы Соттың судьялары (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
45. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бас муфтиі және Астана мен Алматы архиепископы
46. ҚР Президентінің 2017.05.05. № 471 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
47. Ұлттық компаниялардың басшылары
48. Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасарлары
49. ҚР Президентінің 2021.18.01. № 495 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
50. Министрлердің орынбасарлары, вице-министрлер және мемлекеттік органдар төрағаларының орынбасарлары, Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері
51. Парламент палаталары аппараттарының басшылары
52. Өзге де мемлекеттік саяси қызметшілер
52-1. Орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары
53. Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
54. Қазақстандық саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің басшылары
55. Іскер топтардың көрнекті өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
Зайыбы (жұбайы) өз жұбайының (зайыбының) үлкендігін иеленеді
ҚР Президентінің 2014.04.05. № 814 Жарлығымен (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2015.18.06. № 40 Жарлығымен; 2017.05.05. № 471 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.22.07. № 76 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.09.10. № 184 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2021.18.01. № 495 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2021.05.04. № 545 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2021.02.07. № 615 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2022.14.06. № 927 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 2-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 12 қазандағы
№ 201 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік протоколына
2-ҚОСЫМША
Халықаралық іс-шараларды өткізу кезіндегі Қазақстан
Республикасы лауазымды адамдарының
ПРОТОКОЛДЫҚ ҮЛКЕНДІГІ
1. Президент
2. Премьер-Министр
3. Парламент Сенатының Төрағасы
4. Парламент Мәжілісінің Төрағасы
5. Мемлекеттік кеңесші
6. Президент Әкімшілігінің Басшысы
6-1. Тұңғыш Президент - Елбасы Кеңсесінің Басшысы
7. Сыртқы істер министрі
8. Конституциялық Кеңестің Төрағасы
9. Жоғарғы Сот Төрағасы
9-1. Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
10. Ұлттық Банк Төрағасы
11. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы
12. Премьер-Министрдің орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
13. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма Төрағасы
14. Президент Әкімшілігі Басшысының халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары
15. ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
16-1. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкiлi
16-2. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары
16-3. Тұңғыш Президент - Елбасы Кеңсесі Басшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
16-4. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
17. Президент Кеңсесінің бастығы
18. Төтенше және өкілетті елшілер (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
19. Лауазымды адам - тиісті үкіметаралық комиссияның тең төрағасы (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
20. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
21. Бас прокурор
22. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
23. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы
24. Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары
25. Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары
26. Президенттің Іс басқарушысы
27. Президенттің көмекшілері
27-1. Тұңғыш Президент - Елбасының көмекшілері
28. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
28-1. Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы
29. Президенттің кеңесшілері
29-1. ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
29-2. ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
29-3. Тұңғыш Президент - Елбасының кеңесшілері
30. Президенттің Протокол қызметінің бастығы
31. Президенттің Баспасөз хатшысы
32. Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі
33. Президентке бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары (мемлекеттік органдардың мемлекеттік тілдегі атауларының әліпбилік ретімен)
34. Қорғаныс министрі
35. Ішкі істер министрі
36. ҚР Президентінің 2017.05.05. № 471 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
37. Министрлер (министрліктердің мемлекеттік тілдегі атауларының әліпбилік ретімен)
38. Сыртқы істер министрінің орынбасарлары
39. ҚР Президентінің 2019.18.09. № 163 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
40. ҚР Президентінің 2014.04.05. № 814 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41. Астананың, Алматы қаласының және облыстардың әкімдері (облыстардың мемлекеттік тілдегі атауларының әліпбилік ретімен)
42. Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы
43. Парламент Сенаты және Мәжілісі комитеттерінің төрағалары (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
44. Парламент депутаттары (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
45. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
46. Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
46-1. Тұңғыш Президент - Елбасының Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
46-2. Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)
47. Конституциялық Кеңестің мүшелері (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
48. Жоғарғы Соттың судьялары (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)
49. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бас муфтиі және Астана мен Алматы архиепископы
50. ҚР Президентінің 2017.05.05. № 471 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
51. Ұлттық компаниялардың басшылары
52. Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасарлары
53. ҚР Президентінің 2021.18.01. № 495 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
54. Министрлердің орынбасарлары, вице-министрлер және мемлекеттік органдар төрағаларының орынбасарлары, Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері
55. Парламент палаталары аппараттарының басшылары
56. Өзге де мемлекеттік саяси қызметшілер
56-1. Орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары
57. Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
58. Қазақстандық саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің басшылары
59. Іскер топтардың көрнекті өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен) Зайыбы (жұбайы) өз жұбайының (зайыбының) үлкендігін иеленеді
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 12 қазандағы
№ 201 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған
кейбір актілерінің тізбесi
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 16 шілдедегі № 173 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 49, 556-құжат; 2004 ж., № 17, 212-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 11 қаңтардағы № 2019 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 13 қарашадағы № 720 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы.
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 24 қыркүйектегі № 951 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 339-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 қарашадағы № 271 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы № 1252 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 49, 556-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі № 1348 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат).
6. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 16 шілдедегі № 173 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 қаңтардағы № 1694 Жарлығы.
7. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 131 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы.