4) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
«24-1-бап. «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мансаптық жоспарлау
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мансаптық жоспар құрылады.
А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мансаптық жоспарлау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»;
5) 29-баптың 4-тармағында:
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің немесе кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуға жол беріледі.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аталған адамдардың мемлекеттік органның, аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, оның ведомствосының ішінде одан кейінгі ауысуларына жол берілмейді.»;
6) 34-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында және олардың филиалдарында, сондай-ақ өңірлік қайта даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі орталықтарда жүзеге асырылады.»;
7) 38-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметтік қажеттілікке байланысты мемлекеттік қызметшіге атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатпай, осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, басқа мемлекеттік лауазымның міндеттері уақытша жүктелуі мүмкін.»;
8) 39-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдардың алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шетелдегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін.»;
12-тармақтың 9) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 53-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен есептеледі.»
10) 56-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Басқару құрылымының өзгеруі, лауазымдар атауларының өзгертілуі, мемлекеттік орган штатының, нақты саны қысқартылмай және (немесе) еңбек жағдайлары елеулі өзгермей, қысқартылуы мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз болып табылмайды.
Көрсетілген жағдайларда мемлекеттік әкімшілік қызметші Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бұрынғы лауазымына тең дәрежелі, бұрын атқарған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес келетін лауазымға жаңа штаттық кесте бойынша тағайындалады.
Тең дәрежелі лауазым жоқ болған жағдайда, мемлекеттік қызметшінің келісімімен оған мемлекеттік органның штаттық бірлігінде көзделген төмен тұрған мемлекеттік лауазым ұсынылуы мүмкін.».
13-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
13. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 173-құжат):
4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан тұрады.
Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Соттың Төрағасын, Бас Прокурорды, Әділет министрін, Мемлекеттік қызмет істері министрін, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісінше тұрақты комитеттерінің төрағаларын лауазымы бойынша Кеңес мүшелері етіп тағайындайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Кеңес құрамына басқа да адамдарды, оның ішінде ғалым заңгерлерді, адвокаттарды, шетелдік сарапшыларды, Судьялар одағының өкілдерін де тағайындауы мүмкін.».
2-бап. Осы Заң, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1, 2, 5, 6, 7, 10, 11, 12 және 13-тармақтарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12-тармағының 3) және 9) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы сәуірдің 6-ы.
№ 484-V