21-тарау. Су объектілерін немесе олардың бөліктерін балық және аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалану
107-бап. Су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау үшiн пайдалану
1. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және аулау үшiн (оның iшiнде кәсiпшілiк балық аулау үшiн) маңызды мәнi бар су объектiлерiнде немесе олардың бөлiктерiнде балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалану және балық шаруашылығын жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес беріледі.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының осы Кодекске сәйкес су объектілерін немесе олардың бөліктерін пайдалануға алуға құқығы бар.
2. Балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау үшiн су объектiлерi немесе олардың бөліктері пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар:
1) уәкiлеттi органмен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша су объектiлерiнің немесе олардың бөліктерінің жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн балық жіберуді және балық шаруашылығы мелиорациясын және балық ресурстары мен басқа су жануарларының өсімін молайтуды жүргiзуге;
2) өздері пайдаланатын жерлерде су объектiлерiнің жағалауларын немесе олардың бөліктерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстауға мiндеттi.
3. Мемлекеттік табиғи қорықтар, балық питомниктері, тоған, көл және басқа да балық шаруашылықтары аумағында орналасқандарын, сондай-ақ ауызсумен жабдықтайтын су қоймаларын қоспағанда, су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін жеке тұлғалар белгiленген балық аулау қағидаларын сақтай отырып, әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшiн пайдалана алады.
108-бап. Су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін аңшылық шаруашылығын жүргізу үшiн пайдалану
1. Су объектiлерiн немесе олардың бөлiктерiн аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жергiлiктi өкiлдi органмен, уәкiлеттi органмен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша бередi.
2. Пайдалану режимi құстар мен су жануарлары жаппай мекендейтiн жерлерге әсер ететiн су қоймаларын, көлдердi және басқа да су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ су объектілерінің акваториясында орналасқан құрылыстарды пайдалану кезiнде сулы-батпақты алқаптардың қажетті гидрологиялық режимінің сақталуы және аңшылық шаруашылығын жүргiзу мүдделерi ескерiлуге тиiс.
3. Балық шаруашылығы мелиорациясын жүргiзу, жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлері мекендейтiн жерлерде аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалы өсiмдiктерді су объектiлерiнде немесе олардың бөліктерінде өсiру уәкiлеттi органмен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша жүзеге асырылады.
4. Жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлері мекендейтiн жерлерде, сондай-ақ фаунаның өсімін молайту және оны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жүзеге асырылатын учаскелерде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша жеке тұлғалардың болуына, әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшiлiк аң аулауға, жағалау белдеуiнде құрылыс салуға және су объектiлерiнің немесе олардың бөліктерінің жай-күйiн нашарлататын басқа да әрекеттерге және аңшылық шаруашылығын жүргiзуге шектеу қоюы мүмкін.
22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану. Өзендер мен каналдарда
су қоймалары мен тежеуіш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану
109-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.
110-бап. Су қоймаларын пайдалану
1. Су қоймалары жер үстіндегі ағын суды реттеу және су пайдаланушылардың суға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында жасалады.
2. Cу қоймаларын жобалау, салу және пайдалану қалыптасқан табиғи және шаруашылық кешендерге осындай араласудың барлық ықтимал терiс салдары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
3. Су қоймалары гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық санитарлық-шарттарды және экологиялық тұрақтылықтың, эпидемиологиялық және радиациялық қауiпсiздiктiң сақталуын, халықтың және экономика салалары мүдделерiнiң қанағаттандырылуын қамтамасыз ететiн шарттарды зерттеу талаптары сақталған жағдайда пайдалануға берiледi.
4. Су қоймаларын пайдалану тәртібі мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкiлеттi орган бекiткен ережелермен айқындалады.
5. Су қоймаларын, олардағы су құбыры және су өткізу немесе су тарту құрылыстарын пайдаланатын ұйымдар су қоймалары әсер ететiн аймақтардағы су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылардың мүдделерi ескерiле отырып белгiленген су қоймаларын толтыру және ағызу режимiн сақтауға мiндеттi.
6. Су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
7. Осы баптың ережелерi су қоймалары ретiнде пайдаланылатын көлдер мен басқа су айдындарында да қолданылады.
111-бап. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану
1. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен iске қосу олардың мақсатына, осы құрылыстарды жобалау кезiнде әзiрленген шарттар мен нормаларға сәйкес жүргiзiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Су пайдаланушылардың тежеуiш гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен жер үстіндегі ағын суды реттеуi кеме қатынасы және осы өзен бассейнiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау ескерiле отырып, уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және өзге де мүдделi органдармен келісім бойынша жүзеге асырылады.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылады (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын (бұдан әрі - декларация) әзірлеуді бөгетті пайдаланатын ұйым дербес не оның қаражаты есебінен бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған бөгде ұйым жүзеге асырады.
5. Декларация бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына уәкілетті орган аттестаттаған ұйымда өтініш беруші ұйымның қаражаты есебінен сараптамадан өткізілуге тиіс.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Декларацияның тіркеу шифрын беру үшін өтініш беруші уәкілетті органға сараптама қорытындысының көшірмесімен бірге өтініш пен декларацияның көшірмесін ұсынады.
Уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды қарап, декларацияны тiркеу туралы шешiм қабылдайды не уәждi бас тартуды бередi.
Уәкiлеттi орган тiркеген декларацияның көшірмесі уәкiлеттi органда сақталады.
7. Бөгеттер және бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркеген ұйымдар тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
8. Бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар өзгерген жағдайда декларация өзгертілуге жатады.
Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде оған қайта сараптама жүргізілуге және ол тіркелуге тиіс.
7-Бөлім. Су объектілерін қорғау және судың зиянды әсеріне қарсы күресу
23-тарау. Су қорғау қызметі
112-бап. Су объектiлерiн қорғау
1. Су объектiлерi:
1) зиянды қауiптi химиялық және уытты заттармен және олардың қоспаларымен табиғи және техногендiк ластанудан, жылу, бактериялық, радиациялық және басқа ластанудан;
2) қатты, ерiмейтiн заттармен, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де тектегi қалдықтармен қоқыстанудан;
3) сарқылудан қорғалуға тиiс.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Су объектiлерi:
1) табиғи жүйелердiң экологиялық тұрақтылығының бұзылуын;
2) халықтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiн;
3) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының азаюын;
4) сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауын;
5) су объектiлерiнiң табиғи молаю және тазару қабiлетiнiң төмендеуiн;
6) су объектiлерi гидрологиялық және гидрогеологиялық режимiнiң нашарлауын;
7) су объектiлерiнiң физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерiне терiс әсер ететiн басқа да қолайсыз құбылыстарды болғызбау мақсатымен қорғалуға тиiс.
3. Су объектiлерiн қорғау:
1) су объектiлерiн пайдаланудың кез келген түрiн жүзеге асыратын барлық су пайдаланушыларға осы объектiлердi қорғау жөнiнде ортақ талаптар қою;
2) шаруашылық қызметiнiң жекелеген түрлерiне арнайы талаптар қою;
3) жаңа техника мен экологиялық, эпидемиологиялық жағынан қауiпсiз технологиялар енгiзе отырып, су қорғау iс-шараларын жетiлдiру және қолдану;
4) су қорғау аймақтарын, су объектiлерiнiң қорғау белдеулерiн, ауыз сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеу;
5) су объектiлерiн пайдалану мен қорғауды бақылаудың мемлекеттік және басқа да нысандарын жүргiзу;
6) су объектiлерiн қорғау жөніндегі талаптардың орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
4. Орталық органдар және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес су объектiлерiн сақтау, олардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ аталған құбылыстардың зардаптарын жою жөнiнде тұрақты даму принципiмен үйлесiмдi шаралар қолданады.
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Қызметi су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптарды сақтауға және ұйымдастырушылық, технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитарлық-эпидемиологиялық iс-шараларды және су объектiлерiн ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететiн басқа да iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
113-бап. Су объектiлерiн ластанудан қорғау
1. Су объектiлерiнiң сапалық жай-күйiн нашарлататын және пайдаланылуын қиындататын заттардың немесе ластаушы нәрселердiң су объектiлерiне тасталуы немесе өзге де тәсiлмен түсуi су объектiлерiнiң ластануы деп танылады.
2. Су объектiлерiн, диффузиялық ластануды (жер бетi мен ауа арқылы ластану) қоса алғанда, ластанудың барлық түрiнен қорғау жүзеге асырылады.
3. Су объектiлерiн ластанудан қорғау мақсатында:
1) су объектiлерiнiң су жинау алаңында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдануға тыйым салынады. Су объектiлерiнiң су жинау алаңы мен санитарлық қорғау аймағында дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық iс-шаралар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жүргiзiледi;
2) радиоактивтi және уытты заттарды су объектiлерiне тастауға және көмуге;
3) тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиiмдi тазартуды қамтамасыз етпейтiн өнеркәсiп, тамақ объектiлерiнiң ағынды суларын су объектiлерiне ағызуға;
4) су объектiлерiнде радиоактивтi және уытты заттар бөлiнуi қоса жүретiн технологиялардың ядролық және өзге де түрлерi пайдаланылатын жарылыс жұмыстарын жүргiзуге;
5) су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн техника мен технологиялардың қолданылуына тыйым салынады.
114-бап. Су объектiлерiн қоқыстанудан қорғау
1. Су объектiсiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтардың, сондай-ақ салмақты бөлшектердiң түсуi, соның салдарынан оның гидрологиялық жай-күйi нашарлап, су пайдаланудың қиындауы су объектiлерiнiң қоқыстануы деп танылады.
2. Су объектiлерiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастауға және оларды көмуге тыйым салынады.
3. Су объектiлерiнiң су жинау алаңдарын, су объектiлерiнiң мұз қабатын, мұздықтарды қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және шайылу кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапасын нашарлатуға әкеп соғатын басқа да қалдықтармен қоқыстауға жол берiлмейдi.
115-бап. Су объектiлерiн сарқылудан қорғау
1. Ағындының рұқсат етiлетiн деңгейiнiң ең аз мөлшерiнiң, жер үстi су қорының азаюы немесе жер асты су қорының кемуi су объектiлерiнiң сарқылуы деп танылады.
2. Су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбау мақсатында су объектiлерiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар:
1) су объектiлерiнен лимиттен тыс қайтарымсыз су алуға жол бермеуге;
2) су қорғау аймақтары мен белдеулерi аумағында жер жыртуға, мал тоғыту мен санитарлық дауалауға, құрылыстар салуға және су объектiлерiнiң сарқылуына әкеп соғатын басқа да шаруашылық қызмет түрлерiн жүргiзуге жол бермеуге;
3) су қорғау iс-шараларын жүргiзуге мiндеттi.
3. Жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шаралары уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен алдын ала келісіледi.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 116-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
116-бап. Су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері мен мемлекеттік орман қоры құрамына кіретін су объектілерін қоспағанда, су объектілері санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн сақтау үшiн ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді; 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органмен, ал сел қаупі бар аудандарда - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіліп, бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде белгілейді.
Бұл ретте жобалау құжаттамасын әзірлеу он айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Жобалау құжаттамасын қарау, келісу және бекіту мерзімі оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына берген күннен бастап екі айдан аспауға тиіс. Су қорғау аймақтары мен белдеулерін, сондай-ақ оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу жобалау құжаттамасы бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жүзеге асырылуға тиіс.
Су объектісінің шекаралары табиғи немесе жасанды өзгертілген жағдайларда, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгіленген шекаралары осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалатын тәртіппен және мерзімдерде нақтылануға жатады.
2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын белгілеу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
117-бап. Суларды санитарлық қорғау аймақтары
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
1. Ауыз сумен жабдықтау, емдеу, курорттық және халықты сауықтырудың өзге мұқтаждары үшiн пайдаланылатын суларды қорғау мақсатында облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi.
2. Санитарлық қорғау аймақтары мен санитарлық қорғау белдеулерiн белгiлеу тәртібін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
118-бап. Су объектiлеріндегі төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймақтары
1. Шаруашылық қызмет немесе табиғи процестер нәтижесiнде халықтың денсаулығына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiне, қоршаған ортаның жай-күйiне қауiп төндiретiн өзгерістер болатын су объектiлерi төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймақтары деп жариялануы мүмкiн.
2. Cу объектiлеріндегі немесе өзен бассейндеріндегі және жер асты су көздеріндегі төтенше экологиялық жағдайды Қазақстан Республикасының Үкіметі жариялайды.
2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 119-бап өзгертілді
119-бап. Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі жер учаскелерін уақытша пайдалануға беру және су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет режиміне қойылатын талаптардың сақталуын бақылау
1. Су объектiлерiнiң су қорғау белдеулеріндегі жер учаскелерi шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптарды сақтау шартымен, Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға берiлуi мүмкiн.
1-1. Су қорғау аймақтарындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын жергілікті атқарушы органдар бассейндік басқармалармен келісу бойынша Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес шөп шабу және мал жаю үшін жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалануға беруі мүмкін.
2. Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган өздерiнiң құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
120-бап. Жер асты су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
1. Өндiрiстiк қызметi жер асты суларының жай-күйiне зиянды әсер етуi мүмкiн болатын жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының мониторингiн жүргiзуге және су ресурстарының ластануы мен сарқылуын және сулардың зиянды әсерiн болғызбау жөнiнде уақтылы шаралар қолдануға мiндеттi.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Ауызсумен жабдықтау үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн болатын жер асты суларының су жинау алаңдарында радиоактивтi және химиялық қалдықтар көмудi, үйiндiлердi, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жер асты суларының жай-күйiне әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға тыйым салынады.
3. Егер жер асты суларының жай-күйiне әсер етсе немесе әсер етуi мүмкiн болса, жерлердi ағынды сумен суаруға тыйым салынады.
4. Гидрогеологиялық ұңғымалар, соның iшiнде өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымалары, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен консервациялау құрылғыларымен жабдықталуға немесе жойылуға тиіс.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Егер жеке және заңды тұлғалар бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргiзу кезiнде суы бар жиектердi ашса, олар өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымаларын реттеушi құрылғылармен және бақылау құралдарымен жабдықтауға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісілген жобалау құжаттамасына сәйкес жер асты суларын қорғау жөніндегі басқа да шараларды қолдануға мiндеттi.
6. Жер асты суларының су алу құрылыстарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының санитарлық қорғау аймағы мен олардың мониторингiн ұйымдастыруға мiндеттi.
7. Мелиорацияланған жерлерде сорғыту жүйелерiн салу мен пайдалану кезiнде арнайы cy пайдалануға рұқсаты болған жағдайда жер асты суларын сыртқа шығаруға жол берiледi.
8. Жер асты суларын пайдалануға байланысты су тарту құрылыстарын орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру кезiнде олардың жер үстi су объектiлерi мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн болғызбайтын шаралар көзделуге тиiс.
9. Пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау және өндiру, жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану кезiнде жер қойнауын пайдаланушылар жер асты суларының ластануы мен сарқылуының алдын алу жөнінде шаралар қолдануға мiндеттi.
24-тарау. Шағын су объектілері және оларды қорғау ерекшеліктері
121-бап. Шағын су объектiлерi
1. Шағын су объектiлерiне көлемi мынадай табиғи су объектiлерi:
тұйық су объектiлерi бойынша - су бетiнiң алаңы он гектарға дейiнгi; өзендер бойынша - ұзындығы екi жүз километрге дейiнгi ағын сулар жатады.
2. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану, әдетте, ортақ су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
3. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын арнайы су пайдалану тәртібімен пайдалану уәкілетті орган осындай су пайдаланудың олардың жай-күйiне салдарларын зерттегеннен кейiн және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда мүмкiн болады.
122-бап. Шағын су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Шағын су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiнде ортақ су пайдалану режимiн және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруды, сондай-ақ олардың ластануының, қоқыстануы мен сарқылуының алдын алу және жою жөніндегі шараларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, ал сел қаупi бар өңірлерде - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгiлейдi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Шағын су объектiлерiнiң сарқылуын, ластануын және азып-тозуын болғызбау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес оларды қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жеке көздейдi.
3. Шаруашылық қызметi шағын су объектiлерiнiң жай-күйi мен режимiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органмен келісілген шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын қалпына келтiру және олардағы сулардың тазалығын сақтау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.
25-тарау. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою
123-бап. Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөніндегі мiндеттерi
Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар судың мынадай зиянды әсерлерiнiң: