- ақысыз негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген адамдар үшiн бес жылдық ең төменгi жалақы сомасы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
9. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге қатысуға байланысты қаза болуға, мертiгуге не денсаулықтың өзгедей зақымдануына орай келтiрiлген залалдың орнын толтыру Қазақстан Республикасы Үкіметі белгiлеген тәртiппен жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
7 бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн бақылау және қадағалау
2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Ведомстволық бақылау
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың басшылары заңдылықтың сақталуына, осы қызметтің ұйымдастырылуына, тактикасына, әдістері мен құралдарына, сондай-ақ астыртын жүргізілуі мен құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларға бақылауды қамтамасыз етедi.
Жоғары тұрған ведомстволық органдар өздерiне бағынысты органдардың жедел-iздестiру қызметiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-1 Заңымен; 2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді
25-бап. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалау
1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезіндегі заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалауды жүзеге асыру кезiнде прокурор:
1) құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерден басқа, жедел есепке алу істерін, жедел-іздестіру қызметінің барысы туралы материалдарды, құжаттарды және басқа да қажетті мәліметтерді алады;
2) арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын, оның ішінде байланыс желісінде жүзеге асырудың заңдылығын тексеруді жүргізеді;
3) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде заңды, адам мен азамат құқықтарын бұзушылық анықталған жағдайда өз қаулысымен жедел-iздестiру шараларын тоқтатады;
4) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдар мен арыздарды қарайды;
5) Конституцияға, заңдар мен Республика Президентінің актілеріне қайшы келетiн, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар шығаратын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге наразылық келтiредi;
6) жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу кезінде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге, тәртіптік іс жүргізуге бастамашылық жасайды;
7) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезiнде анықталған тәртiп бұзушылық фактілері бойынша прокурорлық қадағалаудың басқа да актілерін шығарады;
8) заңсыз ұсталған адамдарды өзiнiң дәлелдi қаулысымен босатады не адамдарды ұстау туралы заңсыз қаулылардың күшiн жояды;
9) қажет болған жағдайда жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өздерiне бағынышты органдарда заң бұзушылықты жою мақсатында тексеру жүргiзудi талап етедi;
10) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген жағдайларда жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге санкция бередi.
3. Бас Прокурор өз құзыретi шегiнде, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi, жедел-iздестiру қызметi туралы Қазақстан Республикасы заңдары нормаларының қолданылу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.
4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар тарапынан заңдылықтың бұзылуын анықтау мақсатында прокурор арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, прокуратура органдарының мамандары мен өзге де мамандарды тартуға құқылы.
Қазақстан Республикасының