2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тəуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын əзірлейді жəне бекітеді;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу бойынша тəуелсіз сарапшылар қызметтерін көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
17) жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18) тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін әзірлейді және бекітеді;
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттануы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырады, оның іске асырылуына мониторинг және нәтижелеріне бағалау жүргізеді;
20) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін сақтауына мониторингті жүзеге асырады;
21) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүргізетін, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелеріне денсаулық сақтау субъектілері шағымданған кезде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
22) бірыңғай медициналық ақпараттық call-орталықтың қызметін ұйымдастыру қағидаларын және оның қызметінің регламентін әзірлейді және бекітеді;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
22-1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу тəртібін əзірлейді жəне бекітеді;
23) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
9-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) өз құзыреті шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілерді және есепке алу құжаттамасы мен есептік құжаттаманың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
3) кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтау сараптамасының қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асырады;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-1) - 5-4) тармақшалармен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, оның қолданылу шарттарын жəне осы шараның қолданылу мерзімін айқындайды (қажет болған кезде).
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесіне Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
5-2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру тəртібін əзірлейді жəне бекітеді;
5-3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулерді жүргізу тəртібін əзірлейді жəне бекітеді;
5-4) мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз етеді;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құрады және олардың жұмыс істеуін, оларға Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
9) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды;
11) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған ықтимал қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды;
12) қалдықтардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша (уыттылық дәрежесі бойынша) олардың қауіптілік сыныбын айқындайды;
13) медициналық қалдықтар бойынша ақпарат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
15) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асырады;
16) халықты гигиеналық оқытуды ұйымдастырады;
17) тағамнан улану, инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар кезінде өз құзыреті шегінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
18) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектісінің, қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларға сəйкес теңіз кемесін санитариялық бақылаудан босату туралы не теңіз кемесінің санитариялық бақылаудан өтуі туралы куəлік береді;
19) инфекциялық және паразиттік ауруларға, инфекциялық ауруларды қоздырғыштардың микробқа қарсы препараттарға төзімділігіне, халыққа профилактикалық екпелер жүргізуге эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;
21) аурулардан таза немесе аурулардың таралу деңгейі төмен аумақтарды (оның бір бөлігін) айқындайды;
22) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттерді құрады;
23) эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
24) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
24-1) техникалық регламенттердің талаптарына жəне (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық жəне гигиеналық талаптарына сəйкес келмейтін өнімді (тауарды) алып қоюды жəне кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
25) халықтың декреттелген тобының адамдарын гигиеналық оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын, тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды;
27) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртiппен осы Кодекстің 24-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзеді;
28) Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды;
29) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдердің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
30) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
31) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына радиациялық бақылауды жүзеге асырады;
32) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тағамдық өнімді мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
33) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын, өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тағамдық өнімнің жекелеген түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
34) йод тапшылығы ауруларының профилактикасы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
35) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өнімнің сынамаларын іріктеп алады;
36) микронутриенттік жеткіліксіздікке байланысты инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде йод тапшылығы және темір тапшылығы ауруларының профилактикасы саласындағы қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
37) медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату тәртібін реттеуді жүзеге асырады;
38) медициналық қалдықтардың айналысына бақылауды жүзеге асырады;
39) инфекциялық емес ауруларды эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
40) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға, жерасты жұмыстарына еңбек шартын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобына жататын адамды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 40-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
40-1) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 40-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
40-2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияны беруді жүзеге асырады;
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 40-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
40-3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 40-4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
40-4) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта бастау, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
40-5) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
41) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
10-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган:
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы құқықтық актілерді және есепке алу құжаттамасы мен есептік құжаттаманың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;
5) осы Кодекстің 230-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген фармацевтикалық қызмет түрлерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
7) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізуді, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алуды жүзеге асырады, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
8) Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуді (әкетуді) келіседі;
9) тиісті фармацевтикалық практикалардың стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
10) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен, осы Кодекстің 24-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
11) фармацевтикалық өнімге сертификат (СРР) береді;
12) дәрілік затқа, медициналық бұйымға интервенциялық клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат береді;
13) дәрілік заттың, медициналық бұйымның тіркеу куәлігінің қолданысын тоқтата тұру арқылы дәрілік затты, медициналық бұйымды медициналық қолдануды тоқтата тұру, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясын (партиясын) медициналық қолдануға тыйым салу туралы және айналыстан алып қою немесе медициналық қолдануды тоқтата тұру туралы шешімдер қабылдайды;
14) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасының сараптау және бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеуді жүргізеді;
15) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
16) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салада тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру жүргізудің жартыжылдық графиктерін әзірлейді және бекітеді;
17) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында инспекциялауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18) фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асырады;
19) Қазақстан Республикасының фармацевтикалық инспекторатын қалыптастыру, фармацевтикалық инспекторларының тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
20) нарықтан, оның ішінде медициналық ұйымдарда тәуекелге бағдарланған тәсіл ескеріле отырып, сапасы бақылануға жататын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
21) тауарларды таңбалау тәртібін және таңбалауға жататын тауарлардың айналымына бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындауға қатысады;
22) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
11-бап. Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
3) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
4) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
6) денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің құрылымын, олардың қызметі туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің үлгілік штаттары мен штаттық нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшесін бір мезгілде хабардар ете отырып, әскерлердің, бөлімшелер мен ведомстволық ұйымдардың аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді белгілейді (оның күшін жояды);
10) уәкілетті органмен келісу бойынша әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
11) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, мемлекеттік авиацияда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
12) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердегі (ұйымдардағы) тиісті контингентке медициналық қарап-тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімділігін белгілейді;
13) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
1) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы:
1) ведомстволық бағынысты ұйымдарда медициналық көмек көрсету, оның ішінде медициналық оңалту қағидаларын;
2) ведомстволық бағынысты ұйымдардың медицина мамандарын шетелде оқуға, біліктілігін арттыруға жіберу қағидаларын;
3) білім беру іс-шараларын жүргізу, шетелдік консультанттарды тарту қағидаларын;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді.
12-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары:
1) ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды;
2) денсаулық сақтау мен медициналық білім берудің жергілікті бюджеттерін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді;
3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін немесе жеңілдікті жол жүруді ұсыну туралы шешім қабылдайды;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа медициналық көмек көрсетудің жүріп-тұру сипатындағы жағдайда көлікпен қамтамасыз ету немесе медициналық көмек көрсету үшін ауылдық жерге шығу кезінде көліктік шығыстарды өтеу бойынша шаралар қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы шешім қабылдайды;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) денсаулық сақтау ұйымдарын, оның ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдарды дамыту мен олардың жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды бекітеді;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі халық санына шаққандағы есеппен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды;
8) донорларға қосымша көтермелеуді ұсыну туралы шешім қабылдайды;
9) халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын өңірді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің уәкілетті орган бекіткен ең төмен нормативінен артық қосымша кадрмен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы шешім қабылдайды;