«12-1) кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын бекітеді;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) кәсiби ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдар есептiлiгінің тiзбесiн, нысандарын және оларды ұсыну мерзiмдiлiгiн әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесін және нысандарын әзірлейді;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында және кәсiби ұйымдар мен сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
5) 21-бапта:
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кәсiби ұйым мынадай рұқсат беру талаптарына сай келуге тиiс:»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Сертификаттау жөнiндегi ұйым:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын сақтауға;
2) уәкiлеттi органға белгiленген тәртiппен өз қызметi туралы есептiлiктi ұсынуға;
3) бұзушылықтар мен кемшіліктерді толық жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынуға міндетті.»;
6) 22-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сертификаттау жөнiндегi ұйым мынадай рұқсат беру талаптарына сай келуге тиiс:».
62. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өнiмнiң экспорты мен импортын лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлiмдеушiлер) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен осы Заңның 8-бабының қолданыс аясына жатпайтын өнiммен, зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерiмен сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясын:
1) оларды Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң уәкiлеттi органы немесе өзге де мемлекеттiк органы аталған өнiм мен зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн екендiгi туралы хабардар еткен;
2) олардың аталған өнiм мен зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн деп пайымдауына негiз болған жағдайларда алуға мiндеттi.».
63. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) химиялық өнімді есепке алудың тәртібін бекіту;»;
2) 8-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) химиялық өнімнің жекелеген түрлерін есепке алудың тәртібін бекітуді;»;
3) 14-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын.
64. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат):
1) 8-баптың 6-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуеттi өнiм берушi Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берiлген тиiстi лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн табыс етеді.»;
2) 16-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі алып тасталсын.
65. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
8-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген білім беру ұйымдарының тізілімін жүргізеді;
8-3) білім беру ұйымын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалардың тізілімінен алып тастайды;»;
2) 40-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан бір немесе бірнеше білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, заңды тұлғаны құрмай мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады.
Білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.
Білім беру ұйымдарының қызметі тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі қағидаларымен және солардың негізінде әзірленген жарғылармен реттеледі.
Заңды тұлға құрмай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлердің қызметі тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі қағидаларымен реттеледі.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) білім беру қызметінің хабарлама жасау тәртібі көзделген кіші түрлері үшін - хабарлама берілген кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымы алып тасталған кезден бастап тоқтатылады.»;
3) 57-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«57-бап. Білім беру қызметін лицензиялау
1. Заңды тұлғалардың (бұдан әрі - лицензиат) білім беру қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышына сәйкес біліктіліктер бойынша жүргізіледі.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышына сәйкес мамандықтары бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте, лицензияға қосымшаларда мамандық немесе біліктілік бойынша шифр, атауы, оқу мерзімі көрсетіледі.
3. Лицензиар лицензияны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган құрады.
4. Білім беру қызметіне лицензияның қолданысы лицензиаттың (заңды мекенжайына сәйкес) тіркелген орны бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің шектерімен шектеледі.
5. Лицензиардың білім беру қызметімен айналысуға құқық беретін лицензияның қолданысын Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар.
6. Білім беру ұйымы оның түрін өзгерту жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған білім беру ұйымының білім беру қызметінің тиісті түрін және (немесе) кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, оның қолда бар лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы қайта ресімдеуге жатады.
Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензиар қайта ұйымдастыруды жүргізгенге дейін қайта ұйымдастырылатын білім беру ұйымының біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді. Қайта ұйымдастыру жүргізілгеннен кейін лицензиат лицензияны қайта ресімдеуге өтініш береді, ал лицензиар өзі бұрын жүргізген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру негізінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін лицензиат Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нысан бойынша өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелерін;
2) өзінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер мен құжаттарды береді.
Лицензиар осы тармақта көзделген негіз бойынша бастама жасалған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны:
1) осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісті түрде ресімделмеген;
2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қайта ресімдеуден бас тартады.
Лицензия және оған қосымшалар тиісті құжаттармен өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қайта ресімделеді.
Лицензия қайта ресімделгенге дейін лицензиат қызметті қайта ресімдеуге жататын лицензияның негізінде жүзеге асырады.»;
4) мынадай мазмұндағы 57-1-баппен толықтырылсын:
«57-1-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
1. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
5) 59-бапта:
1 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң бiлiм алуға құқықты қамтамасыз етуіне және бiлiм берудің оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлердің өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны бiлiм саласындағы уәкiлеттi орган, жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.»;
«8. Бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм туралы және рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақтауын бақылау тексерулер нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2, 8-3 және 8-4-тармақтармен толықтырылсын:
«8-1. Лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиаттың білім туралы құжатты бере отырып, білім берудің оқу жылын аяқтауға құқығы бар.
8-2. Лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат:
1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
2) лицензиямен және (немесе) оған қосымшалармен әрекеттер жасауға (тоқтатуға, қайта ресімдеуге, жаңа лицензиялар және (немесе) тоқтатыла тұрған лицензияға қосымшалар алуға) құқылы емес.
8-3. Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатыла тұрған кезде білім беру ұйымдары:
3) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
4) бұзушылықтарды жойғанға және білім беру саласындағы уәкілетті орган қызметті қайта бастағанға дейін қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
8-4. Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерілуге жатады.
Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін білім беру саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұруға құқығы бар.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсететін субъектілер тексеру және (немесе) мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде, білім беру саласындағы уәкілетті орган мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымын алып тастайды.».
66. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
26-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, оның қолданысын тоқтату, тоқтата тұру, одан айыру»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өтініш берушінің аккредиттеу аттестатын алу кезінде жалған ақпарат бергені анықталған жағдайда аккредиттеу жөніндегі органның өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сот аккредиттеу аттестатынан айырады.».
67. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар):
1) 1-баптың 1-1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) биржалық брокер (бұдан әрi - брокер) - «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган беретiн лицензия негiзiнде тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын, акционерлiк қоғамның немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға;
2) биржалық дилер (бұдан әрі - дилер) - «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебінен, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;»;
2) 3-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекітеді;»;
3) 4-баптың 3-5) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3-5) тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін әзірлейді;»;
«10) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;»;
4) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау
Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
5) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауар биржасындағы брокерлік және дилерлік қызмет «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.».
68. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 1-2, 3-құжат; 2013 ж., № 13, 64-құжат):
1) 13-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Біліктілік комиссиялары қызметінің қағидаларын және олардың құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
2) 14-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аттестаттау комиссиялары қызметінің қағидаларын және олардың құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Сот сарапшысын аттестаттауды, оның ішінде кезектен тыс аттестаттауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
3) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензияны берудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленеді.»;
4) 16-баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың, қайта бастаудың, тоқтатудың және одан айырудың тәртібі, негіздері мен шарттары Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына лицензияның қолданысы:
1) ол мемлекеттік қызметте болған;
2) ол Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін тұрақты немесе босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған;
3) сот сараптамасы органдарында сарапшы лауазымында жұмыс істеген;
4) мерзімді әскери қызметті өткерген кезеңде тоқтатыла тұрады.
3. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына лицензияның қолданысын тоқтатуды:
адам соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған;
адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
адам қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
соттың адамға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына лицензиядан айыру:
1) адам сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел не бірнеше рет бұзған;
2) адамды аттестаттау нәтижелерімен расталған кәсіптік даярлығының жеткіліксіз деңгейі салдарынан оның сот сарапшысы міндеттерін атқаруы мүмкін болмаған;
3) адам аттестаттаудан өтуден жалтарған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қуынымы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Көрсетілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жанындағы сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия сот-сараптама қызметiмен айналысуға лицензиядан айыру туралы қуыным арызды дайындау жөніндегі ұсыныспен лицензиялаушы органның басшысына жүгiнедi.
Сот-сараптама қызметiмен айналысуға лицензиядан айыру оның қолданысын тоқтатуға әкеп соғады.».
69. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат):
1) 142-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу үшін қажетті құжаттардың тізбесі уәкілетті орган бекітетін біліктілік емтихандары туралы ережеде белгіленеді. Жеке сот орындаушысының лицензиясын берудің мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.»;
2) 144-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтату уәкілетті органның қуынымы бойынша мынадай жағдайларда:»;
4) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы уәкілетті органның шешімі бойынша:».
70. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 16-бап мынадай мазмұндағы 61-1) тармақшамен толықтырылсын:
«61-1) ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін бекітеді;»;
2) 18-бапта:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) мұнай және газ саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;»;
3) 62-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасына міндетті құқықтық, экологиялық, экономикалық сараптамалар жасалуға тиіс.»;
4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
4) 63-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«63-бап. Жұмыс бағдарламасы
1. Жұмыс бағдарламасы келісімшарттың міндетті бөлігі (қосымшасы) болып табылады, белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау құжаттарының негізінде жасалады.