6. Тергеушi анықтау органдарының кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерiн орындауын күтпей-ақ, кез келген сәтте өз қаулысымен iсті өзінің іс жүргiзуіне қабылдауға және оны тергеп-тексеруге кiрiсуге құқылы.
2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен 7-бөлік өзгертілді (2018 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Заңда прокурордың келісімін, соттың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеушi сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде барлық шешiмдi өзі дербес қабылдайды және олардың заңды және уақтылы орындалуы үшiн толық жауапты болады. Тергеушiнiң қызметiне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа алып келеді.
Қылмыстық іс бойынша тергеуші өз өкілеттіктері шегінде шығарған қаулы, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы тапсырмалар мен нұсқаулар барлық ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 8-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Тергеуші тергеп-тексерілетін іс бойынша прокурордың процестік шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда, ол жоғары тұрған прокурорға бұл жөнінде шағым жасауға құқылы.
Прокурордың процестік шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған прокурорға шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
9. Тергеушiнің өзі тергеп-тексеретін iстер бойынша анықтау органдарының тергеп-тексерілiп жатқан iске қатысты жедел есепке алу істерімен және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен танысуға, оларды осы Кодексте белгіленген тәртіппен осы іске қосып тігу үшін талап етіп алдыруға, анықтау органдарына орындау үшiн мiндеттi, iздестiру, тергеу және жасырын тергеу әрекеттерiн жүргiзу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу әрекеттерiн жүргiзуге жәрдемдесудi талап етуге құқығы бар.
61-бап. Анықтау органы
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай анықтау органдарына:
1) заңда белгiленген құзыретiне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажеттi қылмыстық-процестік және iздестiру іс-шараларын қолдану;
2) алдын ала тергеу жүргiзілетін iстер бойынша осы Кодекстiң 196-бабында көзделген тәртiппен қылмыстық-процестік және iздестiру іс-шараларын орындау;
3) алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша осы Кодекстiң 191-бабында көзделген тәртiппен анықтау;
4) осы Кодекстiң 190-бабында белгіленген сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүзеге асыру;
5) қылмыстық теріс қылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді хаттамалық нысанда жүзеге асыру;
6) осы Кодекстің 189-бабының үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген жағдайларда алдын ала тергеу ісін жүргізу жүктеледі.
2. Мыналар анықтау органдары болып табылады:
1) iшкi iстер органдары;
2) ұлттық қауiпсiздiк органдары;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-1) тармақпен толықтырылды
3-1) экономикалық тергеу қызметі;
4) 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткеріп жүрген әскери қызметшiлер, әскери жиындардан өту кезiнде запаста тұрған азаматтар, әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персонал адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша - әскери полиция органдары;
арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары;
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша да - Қарулы Күштердің әскери полиция органдары;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы заңнаманы бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша - шекаралық қызмет органдары;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткеріп жүрген, өздерiне бағынысты әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери жиындардан өту кезiнде запаста тұрған азаматтар жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша, әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персонал адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша - әскери полиция органы болмаған жағдайда, әскери бөлiмдердiң, құрамалардың командирлерi, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;
8) өздерiнiң қызметкерлерi болу елдерінде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша - Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң басшылары;
9) күзетілетін іс-шаралар өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға тікелей қарсы бағытталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;
10) 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) өртке байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары.
3. Көлiк қатынасы болмаған кезеңде - анықтау органының барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша сотқа дейiнгі iс жүргiзу және кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерін орындау жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi алысқа жүзу сапарындағы теңiз кемелерiнiң капитандарына, геологиялық-барлау партияларының, осы баптың екiншi бөлiгiнде тізбеленген анықтау органдарынан алыстағы басқа мемлекеттiк ұйымдар мен олардың бөлiмшелерiнiң басшыларына да жүктеледi.
62-бап. Анықтау органының бастығы
1. Осы Кодекстiң 191-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша сотқа дейiнгі тергеп-тексеру барысында анықтау органы бастығының өкiлеттiктеріне өз құзыретi шегiнде Бас анықтау органы басқармасының (департаментінiң), анықтау органы басқармасының, бөлімінің бастығы және олардың орынбасарлары ие болады.
2. Анықтау органының бастығы қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерiн және оларды жасаған адамдарды анықтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажеттi жедел-iздестiру, қылмыстық-процестік, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді ұйымдастырады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жедел-іздестіру іс-шараларының, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұсынады.
3. Анықтау органының бастығы алдын ала тергеу органдарының тергеулігіне жататын қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша:
1) кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерiн жүргiзудi қамтамасыз етедi;
2) прокурордың, тергеу бөлімі бастығының, тергеушiнiң тапсырмаларын, оның iшiнде жекелеген тергеу ісін және өзге де әрекеттер жүргiзу және жәбiрленушiлердi, куәларды, қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын басқа да адамдарды қорғау шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) сот тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады.
Анықтау органының бастығы прокурордың процестік шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда, ол жоғары тұрған прокурорға бұл жөнінде шағым жасауға құқылы.
4. Сотқа дейiнгі тергеп-тексерілуін анықтау органдары жүзеге асыратын қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтау органының бастығы анықтаушылардың әрекеттерiнiң уақтылығын және заңдылығын бақылайды және:
1) олардың iс жүргiзуiндегi iстердi тексеруге;
2) жекелеген тергеу және өзге де процестік әрекеттерді жүргiзу, күдіктінің іс-әрекетін саралау, iстердi, материалдарды бiр анықтаушыдан екiншiсiне беру туралы нұсқау беруге;
3) анықтауды бiрнеше анықтаушыға тапсыруға;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға және бұл ретте iстi өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдап не жекелеген процестік әрекеттерді орындай отырып, анықтауды жеке өзі жүргізуге;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) анықтаушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарауға;
2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) прокурорға тергеу судьясының қаулысына өтінішхат келтіру туралы өтініш жасауға құқылы.
2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бөлік өзгертілді; 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қараңыз) (бұр.ред.қара)
5. Анықтау органының бастығы мүлікке тыйым салуды қолдану, халықаралық іздестіру жариялау, күзетпен ұсталмайтын күдіктіні, айыпталушыны стационарлық сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға жіберу, күдіктіге, айыпталушыға қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдау, күзетпен ұстау мерзімін ұзарту; күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту немесе оның күшін жою; тінту жүргізу; күдіктіні, айыпталушыны лауазымынан шеттету; жақындауға тыйым салу; күдіктіні, айыпталушыны этаппен апару; күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жариялау жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулыларды келіседі; қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы келіседі; қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген адамдарды ұстап алу туралы хаттаманы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыны бекітеді; сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді; прокурорға қылмыстық теріс қылықтар туралы хаттамалық нысандағы және бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі қылмыстық істерді жібереді; бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыларды келіседі және оларды прокурорға жібереді; қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда анықтау органының бастығы прокурорды процестік келісім жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлардың анықталғаны туралы хабардар етеді.
Осы Кодексте көзделген негіздер болған кезде анықтау органының бастығы бұйрықтық іс жүргізуді қолданады.
6. Анықтау органы бастығының іс бойынша нұсқаулары анықтаушының осы Кодекстiң 63-бабында белгiленген дербестiгiн, оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқаулар жазбаша нысанда берiледi және олардың орындалуы мiндеттi, бiрақ бұл жөнiнде прокурорға шағым жасалуы мүмкiн. Осы Кодекстің 63-бабының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, анықтаушының прокурорға анықтау органы бастығының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым жасауы олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
63-бап. Анықтаушы
1. Анықтаушы - iс бойынша өз құзыретiнiң шегiнде сотқа дейiнгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адам.
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Анықтаушы өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдап алуға және осы Кодексте айқындалған нысандарда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға, заңда тергеу және басқа да процестік әрекеттерді анықтау органы бастығының бекiтуi не келісуі көзделген не прокурордың келісімі, соттың, тергеу судьясының санкциясы немесе соттың шешiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды жүргiзу туралы шешiмді дербес қабылдауға құқылы.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша сотқа дейiнгі тергеп-тексеру кезiнде анықтаушы осы Кодекстің 190, 191, 192-1 және 192-2-баптарында көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, алдын ала тергеу жүргiзу үшiн осы Кодексте көзделген қағидаларды басшылыққа алады.
4. Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргiзiлетін iстер бойынша анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерiн жүргiзуге уәкілетті, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуге мiндеттi.
5. Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті. Үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында анықтаушы күдіктінің немесе олардың әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкін анықтауға шаралар қолдануға міндетті.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қараңыз) (бұр.ред.қара)
6. Анықтау органы бастығының нұсқаулары анықтаушы үшiн мiндеттi. Анықтау органы бастығының қылмыстық iстер жөнiндегi нұсқауларына прокурорға шағым жасалуы мүмкiн. Нұсқауларға шағым жасалуы, күдіктінің іс-әрекетін саралау және күдік көлемi, қылмыстық істі айыптау хаттамасымен, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге прокурорға жіберу немесе қылмыстық iстi тоқтату туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
9-тарау. ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН НЕМЕСЕ ӨЗДЕРІ ӨКІЛДІК ЕТЕТІН ҚҰҚЫҚТАР МЕН МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАП ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
64-бап. Күдікті
1. Мыналар:
2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) өзіне қатысты күдікті ретінде тану туралы прокурормен келісілген қаулы шығарылған;
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) прокурор адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келісуден бас тартқан кезге дейін осы Кодекстің 202-бабының 1-2-бөлігінде көзделген тәртіппен күдікті ретінде жауап алынған;
2) осы Кодекстің 131-бабының тәртібімен ұстап алынған;
2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өзіне қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы прокурор не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурормен келісілген қаулы шығарған;
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) қылмыстық теріс қылық немесе осы Кодекстің 191-бабының екінші - 11-1-бөліктерінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген күдіктің болуына байланысты жауап алынған адам күдікті болып табылады.
2. Қылмыстық қудалау органы ұстап алу кезінде, күдіктінің қатысуымен кез келген тергеу әрекеттерін жүргізуді бастамас бұрын дереу күдіктіге оның осы Кодексте көзделген құқықтарын түсіндіруге міндетті, ол туралы ұстап алу хаттамасында, күдіктіден жауап алу хаттамасында және адамды күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларда белгі жасалады.
3. Күдікті ұстап алынған жағдайда ұстап алу туралы хаттама жасалған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрiлмей, оның өзi таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен алғашқы жауап алуға дейiн оңаша және құпия кездесу құқығы қамтамасыз етiле отырып, одан жауап алынуға тиiс. Ұстап алынған күдікті өзiнiң тұрғылықты жерiне немесе жұмыс орнына өзiнiң ұсталғандығы және ұсталып отырған жерi туралы телефон арқылы немесе өзге де тәсiлмен дереу хабарлауға құқылы.
Ұстап алу туралы хабар сотқа дейінгі тергеп-тексеруге кедергі келтіруі мүмкін деп пайымдауға негіздер болған кезде, ұстап алуды жүзеге асырған қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы ұстап алынған адамның кәмелетке толған отбасы мүшелерін, жақын туыстарын өзі хабардар ете алады. Мұндай хабарлау кейінге қалдырылмай жасалуға тиіс.
Осындай хабарлау фактісі туралы ұстап алу хаттамасында белгі жасалады, онда ұстап алынғаны туралы хабарлаудың уақыты мен тәсілі көрсетіледі.
4. Күдікті қылмыстық қудалау органына келуден жалтарған жағдайда, одан күдіктің мәні бойынша ол күштеп әкелінгеннен кейін дереу, ал қалған жағдайларда - қорғаушымен оңаша кездесу құқығын сақтай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталардан кешіктірілмей жауап алынуға тиіс.
5. Күдіктіден оған қарсы қолда бар күдікке қатысты, сол сияқты іс бойынша маңызы бар, оған белгілі өзге де мән-жайлар және дәлелдемелер жөнінде жауап алынуға тиіс.
6. Егер күдікті бірінші жауап алу басталғанға дейін өзінің айғақтар беруден бас тарту құқығын пайдаланбаса, оған өзінің айғақтары қылмыстық процесте, оның ішінде кейіннен ол осы айғақтардан бас тартқан кезде де дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы ескертілуге тиіс.
7. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы күдікті негізсіз деп тапса, осы Кодексте белгіленген тәртіппен оған қатысты қолданылған процестік мәжбүрлеу шараларының күшін жоюға дереу шаралар қолдануға міндетті.
8. Адамның күдікті жағдайында болуы ол айыпталушы мәртебесін алған немесе оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.
9. Күдікті:
1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға;
2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;
3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға;
5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге;
6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беруге;
7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алуға;
8) айғақ беруден бас тартуға;
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алуға;
10) дәлелдемелерді ұсынуға;
11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;
13) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
2016.30.12. № 39-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) өзіне қатысты сотқа дейінгі пробацияны жүргізу үшін пробация қызметіне жүгінуге;
14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысуға;
15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға;
16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасуға;
2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге;
17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге;
18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіруге;
19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға;
20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға;
21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіруге;
22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіруге;
23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға;
24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беруге құқылы.
10. Күдіктiнiң қорғаушысының немесе заңды өкiлiнiң болуы күдiктiнiң қандай да бір құқығын жоюға немесе шектеуге негiз бола алмайды.
65-бап. Айыпталушы
1. Өзiне қатысты:
2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қараңыз) (бұр.ред.қара)
1) прокурор айыптау актісін жасаған;
2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қараңыз) (бұр.ред.қара)
2) прокурор бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын бекіткен және қылмыстық істі қылмыстық заңның тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылдаған;
2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы Кодекстің 617-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен процестік келісім жасасу арқылы аяқталған адам айыпталушы болып танылады.
4) 2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Өзіне қатысты сот талқылауы тағайындалған, ал жекеше айыптау істері бойынша өзіне қатысты шағымды сот өзінің іс жүргізуіне қабылдаған айыпталушы сотталушы деп аталады.
3. Өзіне қатысты айыптау үкiмi шығарылған сотталушы сотталған адам деп аталады.
4. Өзіне қатысты ақтау үкiмi шығарылған айыпталушы ақталған адам деп аталады.
5. Айыпталушы осы Кодекстің 64-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген құқықтарды пайдалануға, сондай-ақ:
1) өзінің не үшін айыпталып отырғанын білуге;
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қараңыз) (бұр.ред.қара)
2) прокурор жасаған айыптау актісінің, прокурор бекіткен қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманың, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, айыптау хаттамасының көшірмелерін алуға;
3) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіндікке ие болуға;