32-бап. Тауарларға қойылатын талаптар
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қауіпсіздік талаптарына сай келетін және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы мен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келетін тиісті сападағы тауарлар Қазақстан Республикасының ішкі нарығында айналымға жатады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тауарлардың сапасы туралы мәліметтер мынадай ақпаратпен расталады:
1) дайындаушының тауар белгісі;
2) тауардың шыққан елі;
3) тауардың құрамы туралы;
4) азық-түлік тауарлары үшін - тамақ құндылығы;
5) дайындалған күні;
6) сақтау және жарамдылық мерзімі туралы;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) стандарттау жөніндегі құжаттың көрсетілуі;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес өзге де мәліметтер.
Тауардың сапасына қойылатын жоғарыда аталған талаптар туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде жапсырмаларда, затбелгілерде, қосымша парақтарда болуға тиіс.
Тауарлардың сақталуы және тасымалы олардың сапасының сақталуы және тұтыну үшін қауіпсіздік талаптарының сақталуы, оның ішінде арнайы жабдықталған үй-жайларда сақтаудың көзделген шарттарға, осы мақсаттар үшін арнайы арналған көлік құралдарында тасымалдау шарттарына қойылатын талаптардың сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда жүзеге асырылуға және белгіленген жағдайларда мұндай талаптардың сақталуы тиісті құжаттардағы жазбалармен расталуға тиіс.
3. Мыналарды:
1) айналыстан алынған тауарларды;
2) арнайы рұқсат алынбастан, айналыс қабілеті шектелетін тауарларды;
3) белгіленген тәртіппен таңбалауға жататын акциздік таңбалары немесе есепке алу-бақылау таңбалары жоқ акцизделетін тауарларды;
4) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберіндегі сатып алуды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдардың келісуі бойынша уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгiлерiне жататын тауарларды;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды
4-2) аталған тауарларды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдарының нысанды киім-кешегінің заттарына жататын тауарларды;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды
4-3) қолданылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау құралдарын;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды
4-4) сексеуіл сүрегінен жасалған өнімді, Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілердің оны өткізуін қоспағанда, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сексеуіл екпелерін кесуге тыйым салу қолданылатын кезеңде;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында сатуға тыйым салынған өзге де тауарларды сатуды жүзеге асыруға тыйым салынады.
32-1-бап. Сауда қызметі субъектілерінің құқықтары
1. Сауда қызметі субъектілері осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметін жүзеге асыруға құқылы.
2. Сауда қызметі субъектісі:
1) сауданың мамандандырылуын (әмбебап сауда және (немесе) мамандандырылған сауда);
2) сатылатын тауарлардың ассортиментін;
3) жұмыс режимін;
4) осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатылатын тауарлар бағаларын өз бетінше айқындайды.
3. Сауда қызметі субъектісі өзінің мүдделері қозғалатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауы үшін ұсынуға құқылы.
7-тарау. Қорытынды ережелер
33-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 33-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 33-1-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-1-бап. Тауарлардың сауда желілеріне және ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуді бақылау
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен монополияға қарсы орган тауарлардың сауда желілеріне және ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуді бақылауды жүзеге асырады.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 33-2-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-2-бап жаңа редакцияда
33-2-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау сауда объектілеріне бару жолымен жүзеге асырылады және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын бақылауға бағытталады.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлерін асыру анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықты жою туралы нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша шығарылады.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер арқылы бақылау субъектісін алдын ала хабардар етпей жүзеге асырылады.
34-бап. Дауларды шешу
Сауда қызметiн мемлекеттік реттеу процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
35-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының