1. Прокурор:
1) ол әдейі банкроттық белгiлерiн анықтағанда;
2) кредитор - Қазақстан Республикасының, мемлекеттік органдардың мүдделерінде борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе құқықтық қатынастардың мәнінен туындамаса, прокурордың өтінішi сотқа осы Заңда кредитордың өтiнiшiне қатысты көзделген талаптар сақтала отырып берiледi.
48-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қозғау
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес келетiн, оңалту рәсiмiн қолдану немесе борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал осы Заңның 53-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
Іс қозғау туралы ұйғарым мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және өзге де органдардың, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының осы Заңның 50-бабының 1-тармағында көзделген шектеулерді қолдану жөніндегі міндетін қамтуға тиіс.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Сот, егер өтініш оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы сот шешімі немесе оңалту рәсімін тоқтату туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап екі жыл өткенге дейін берілген жағдайда, оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті қайтарады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Іс қозғау туралы сот ұйғарымының көшiрмелерін сот борышкерге, өтiнiш берушiге, уәкiлеттi органға, мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға және өзге де органдарға, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына, борышкер тұрған жердегі жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және аумақтық әдiлет органына жібереді.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті орган, егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, сот банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уақытша басқарушыны тағайындайды.
4. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 49-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
49-бап. Уақытша әкімшінің және уақытша басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысы
1. Борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша уақытша басқарушы банкроттық туралы істі сотта қарау кезеңінде борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасайды, ол төменде санамаланған тұжырымдардың бірін қамтиды:
1) борышкер қаржылық орнықтылықтың I сыныбына жатады, банкрот деп тану туралы өтініш негізсіз болып табылады;
2) борышкер қаржылық орнықтылықтың II сыныбына жатады, борышкерді банкрот деп тану үшін негіздер жоқ, бірақ оңалту рәсімін қолдану үшін негіздер бар;
3) борышкер қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жатады, оны банкрот деп тану үшін негіздер бар.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды, егер:
1) борышкерде өтініш берушіден бөлек, басқа кредиторлар болмаған жағдайда жасалмайды.
Осы тармақшаның ережелері салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор немесе «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес атқарушылық құжат қайтарылған кредитор өтініш беруші болып табылатын жағдайларға қолданылмайды;
2) борышкер уақытша басқарушыға есепке алу құжаттамасына қол жеткізуге рұқсат бермеген жағдайда жасалмайды.
3. Уақытша басқарушы сот банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, ал егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылған жағдайда, өзі тағайындалған күннен бастап:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда - борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасаудың орынсыздығы туралы;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда - борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасаудың мүмкін еместігі туралы акт жасайды.
4. Оңалту туралы істі сотта қарау кезеңінде борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша уақытша әкімші борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасайды, ол төменде санамаланған тұжырымдардың бірін қамтиды:
1) борышкер қаржылық орнықтылықтың I сыныбына жатады, оңалту рәсімін қолдану туралы өтініш негізсіз болып табылады;
2) борышкер қаржылық орнықтылықтың II сыныбына жатады, оңалту рәсімін қолдану үшін негіздер бар;
3) борышкер қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жатады, оны банкрот деп тану үшін негіздер бар.
5. Борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны уақытша әкімші және уақытша басқарушы осы Заңның 49-1-бабының ережелерін ескере отырып жасайды.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 49-1-баппен толықтырылды
49-1-бап. Қаржылық орнықтылық сыныптарын айқындау
1. Борышкердің қаржылық орнықтылық сыныбын айқындау оның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін сипаттайтын коэффициенттерді есептеу арқылы жүзеге асырылады.
2. Қаржылық орнықтылық сыныбының шекараларына сәйкес борышкер мына сыныптардың біріне жатады: І сынып - қаржылық жағынан орнықты; ІІ сынып - банкроттық қатерімен ұштасқан, бірақ қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру мүмкіндігі бар; ІІІ сынып - қаржылық жағынан орнықсыз.
3. Коэффициенттерді есептеу және қаржылық орнықтылық сыныптарының шекараларын айқындау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
50-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс қозғаудың салдарлары
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап:
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) борышкер - дара кәсіпкерге, заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне, құрылтайшысына (қатысушысына), барлық органдарына мүлiктi кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс пайдалануға және өткiзуге тыйым салынады;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) моральдық зиянның орнын толтыру туралы талаптарды есепке алмағанда, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауаптылықта болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, борышкердің мүлкіне қатысты бұрын қабылданған соттардың шешімдерін, төреліктің шешімдерін, мемлекеттік кіріс органдарының, сондай-ақ борышкер меншiк иелерiнiң (құрылтайшыларының, қатысушыларының), олар уәкілеттік берген органдардың немесе органдарының шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) борышкер берешегінің барлық түрі бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) есепке жазу тоқтатыла тұрады;
3) үшінші тұлғалардың кепілдіктер мен кепілгерліктерді орындау бойынша талаптарын қоспағанда, кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген талаптары осы Заңда көзделген оңалту немесе банкроттық рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы, сондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші болған жағдайларда, кепіл тұрғысында өндiрiп алуға қойылуы мүмкiн;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органы мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыратын өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның талаптары, оның iшiнде даусыз (акцептісiз) тәртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша борышкердiң банктік шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейдi;
5) борышкердiң акцияларын, жарғылық капиталындағы үлестерiн иелiктен шығаруға тыйым салынады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сот Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында, оның ішінде соттың интернет-ресурсында да оңалту туралы iс бойынша iс жүргізуді қозғау туралы хабарландыруды қазақ және орыс тiлдерiнде бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жариялауға мiндеттi.
Хабарландыруды жариялау оңалту рәсімін қолдану туралы өтiнiш берген борышкердің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
51-бап. Кредиторлар талаптарын қамтамасыз ету
Сот кредитордың, прокурордың не iске қатысушы өзге тұлғаның өтiнiшi бойынша кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету жөнінде мынадай шараларды қолдануға:
1) борышкерге тиесiлi мүлiкке (мүліктің бiр бөлiгiне), оның iшiнде ақшаға тыйым салуға;
2) борышкерге оның мүлкiнiң азаюына әкеп соқтыруы не кредиторлардың мүдделерiне өзгеше түрде нұқсан келтiруi мүмкiн іс-әрекеттер жасауға тыйым салуға;
3) өндiрiп алу даусыз (акцептісiз) тәртiппен жүргiзiлетiн атқару құжаттары немесе өзге де құжаттар бойынша өндiрiп алуды тоқтата тұруға;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) банкроттық туралы істі қарау кезеңінде борышкердің мүлкін сақтауға бағытталған өзге де әрекеттерді қолдануға құқылы.
52-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы істi сот талқылауына дайындау
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Оңалту немесе банкроттық туралы iсті сот талқылауына дайындау кезiнде Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу заңнамасында көзделген іс-әрекеттерден басқа сот iстiң сот отырысында қаралатын уақыты мен орны туралы уәкілетті органға, борышкерге, кредиторларға, прокурорға және iске қатысатын өзге де адамдарға хабарлайды.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Оңалту немесе банкроттық туралы iсті сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымның көшірмелері уәкілетті органға, борышкерге, кредиторларға, прокурорға және іске қатысатын өзге де адамдарға жіберіледі.
53-бап. Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру және қайта бастау
1. Сот борышкердің банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу шеңберінде оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішін алып, банкроттық туралы іске бастамашылық жасаған кредитордың келісімімен, өтініш келіп түскеннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Соттың банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымының көшірмелерін сот борышкерге, өтініш берушіге, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына және борышкердiң орналасқан жерi бойынша аумақтық әділет органына жiбередi.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Бұрын тоқтатыла тұрған банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді сот осы Заңның 82-бабының 2 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсiмiн қолданудан бас тартылған немесе ол тоқтатылған кезде қайта бастайды.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
54-бап. Сот талқылауы
1. Алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн оңалту немесе банкроттық туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл жөнінде сот ұйғарым шығарады.
Оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғалған күнінен бастап екі айдан аспайтын мерзiмде сот отырысында қаралуға тиiс.
2. Борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш берген кредитор сот отырысына келмеген жағдайда, сот өтінішті қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады.
Борышкер сот отырысына келмеген жағдайда, сот оны мәжбүрлеп келтіру туралы ұйғарым шығарады.
55-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша сот актілері
1. Сот оңалту немесе банкроттық туралы iстi сот отырысында қарап, мынадай сот актiлерiнiң бiрiн:
1) борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм;
2) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм;
4) оңалту рәсімін қолдану туралы шешім;
5) оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы шешім;
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылды
5-1) борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып оны тарату туралы шешiмнің күшін жою туралы ұйғарым;
5-2) банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім;
5-3) банкроттық рәсімін тоқтатудан, оңалту рәсімін қолданудан және оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы шешім;
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым;
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) бітімгершілік келісімін бекіту және банкроттық рәсімін тоқтату туралы ұйғарым қабылдауы мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген сот шешiмдерi мен ұйғарымы осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес болуға тиiс.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
56-бап. Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм
1. Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешімді сот уақытша басқарушының осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысын немесе осы Заңның 49-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген актіні ескере отырып, қабылдайды.
2. Соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімінде:
1) банкроттық рәсімін қозғай отырып, борышкерді тарату;
2) борышкерді басқару құқығының уақытша басқарушыға өтуі;
3) шешім шығарылғанға дейін сотқа жүгінген кредиторлардың мәлімделген талаптарының сомасы;
4) банкроттың лауазымды адамдарының уақытша басқарушыға соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде - құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он жұмыс күні ішінде - есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, жиырма жұмыс күні ішінде банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруі;
5) банкрот мүлкіне салынған барлық шектеулер мен ауыртпалықтарды (банкрот шоттарына қойылған инкассолық өкімдерді, мүлікке тыйым салуларды және басқаларды) оларды тағайындаған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан, әкімшінің өтініші негізінде алу туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс.
3. Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыруды уақытша басқарушы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға борышкерді банкрот деп таныған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
Уәкілетті орган хабарландыруды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыруға міндетті.
Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда:
1) борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм шығарған соттың атауы;
2) банкроттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі және орналасқан жерi;
3) банкротты мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
57-бап. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 58-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
58-бап. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешімді сот уақытша басқарушының осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысын немесе осы Заңның 49-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген актіні ескере отырып қабылдайды.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сот уақытша басқарушының осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысын ескере отырып, борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда, борышкер өтініш берушіден Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
3. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi кредиторларды Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделген тәртiппен борышкерге өз талаптарын қою құқығынан айырмайды.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 59-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
59-бап. Оңалту туралы іс бойынша шешім
1. Оңалту рәсімін қолдану туралы шешімді сот уақытша әкімшінің осы Заңның 49-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысын ескере отырып қабылдайды.
Уақытша әкімші осы Заңның 49-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасаған жағдайда, сот кредиторлар жиналысы келіскен кезде оңалту рәсімін қолдану туралы шешім шығарады.
2. Соттың борышкерге оңалту рәсімін қолдану туралы шешімінде:
1) оңалту рәсімін қолдану;
2) уақытша әкімшінің өкілеттігін тоқтату;
3) борышкерді оңалту жоспары бекітілгенге дейін осы Заңның 69-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған тұлғаның басқаруы;
4) борышкердің кредиторлар жиналысымен келісілген борышкерді оңалту жоспарын оңалту рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде ұсынуы;
5) оңалту рәсімін қолданудың осы Заңда көзделген салдарының басталуы туралы нұсқау қамтылуға тиіс.
3. Сот:
1) уақытша әкімші осы Заңның 49-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасаған;
2) уақытша әкімші осы Заңның 49-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасаған кезде кредиторлар жиналысы оңалту рәсімін қолдануға келіспеген жағдайларда, оңалту рәсімін қолданудан бас тартады.
Соттың оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы шешімінде кредитордың оңалту рәсімін қолдану туралы өтініш беру салдарынан келтірілген залалдардың орнын толтыруды борышкерден талап ету құқығына нұсқау қамтылуға тиіс.
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 59-1-баппен толықтырылды
59-1-бап. Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімін оңалту жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылу қорытындысы бойынша борышкер қаржылық орнықтылықтың І сыныбына жатқызылатын, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы банкроттықты басқарушының қорытындысын ескере отырып, осы Заңның 95-1-бабында көзделген шарттарда және тәртiппен сот қабылдайды.
2. Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімінде:
1) банкроттық рәсімін тоқтату және борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімін орындау және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату;
2) банкроттықты басқарушының өкілеттіктерін тоқтату;
3) оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту;
4) осы Заңда көзделген оңалту рәсiмiн қолдану салдарларының басталуы;
5) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) банкроттықты басқарушының кредиторлар жиналысы осы Заңның 69-бабында көзделген тәртіппен борышкерді басқару жөніндегі өкілеттікті жүктеген органға немесе тұлғаға құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды беру туралы нұсқау қамтылуға тиiс.
3. Сот:
оңалту жоспарын бекіту туралы кредиторлар жиналысының келісімі болмаған;
егер борышкер сот талқылауы барысында төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігін дәлелдемеген жағдайларда банкроттық рәсiмiн тоқтатудан, оңалту рәсiмiн қолданудан және оңалту жоспарын бекітуден бас тартады.
60-бап. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 61-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
61-бап. Әкiмшiлiк шығыстарды бөлу
1. Борышкерді банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылданған кезде әкімшілік шығыстар борышкердің мүлкіне жатқызылады және осы мүлік есебінен кезектен тыс орны толтырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген әкімшілік шығыстарды сотқа жүгінген өтініш беруші сот:
1) оңалту немесе банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым;
2) оңалту рәсімін қолданудан немесе борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарған жағдайларда төлейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, сотқа екі және одан көп кредитор жүгінген кезде әкімшілік шығыстар осындай кредиторлар арасында олардың талаптарына пропорционал бөлiнедi.
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 62-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
62-бап. Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi, шешiмдi (ұйғарымды) қайта қарау
1. Осы Заңның 55-бабында көрсетілген сот актілерінің заңды күшіне енуі және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша оларды қайта қарау, сондай-ақ оларға шағым жасау (наразылық білдіру) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
5-тарау. ОҢАЛТУ РӘСIМI
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 63-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
63-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану
Оңалту рәсiмi борышкерлерге қатысты сот тәртiбiмен қолданылады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 64-бап өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 64-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
64-бап. Оңалту рәсiмiн жүргізу мерзiмi
Оңалту рәсiмiн жүргiзу мерзiмiн сот оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарған кезде белгiлейдi және мұндай ұйғарым заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, сот оңалтуды басқарушының өтінішхаты бойынша кредиторлар жиналысының келiсімімен бұл мерзiмдi бір рет, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
Табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер, сондай-ақ қала құраушы заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдар үшін сот оңалтуды басқарушының өтінішхаты бойынша кредиторлар жиналысының келiсімімен оңалту рәсімін жүргізу мерзімін бір рет, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
Оңалту рәсімін жүргізу мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты оңалтуды басқарушы оңалту рәсімін жүргізу мерзімі өткенге дейін жиырма жұмыс күні бұрын береді.
Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімді сақтамау соттың оңалту рәсімін жүргізу мерзімін ұзартудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
65-бап. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)