7-2) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
8) автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарға жұмсалатын шығындарды қаржыландырудың ғылыми негізделген нормативтерін әзірлеу;
8-1) 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді
10) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру;
11) жол саласында инвестициялық және әлеуметтік саясатты іске асыру;
12) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13) жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде Ұлттық операторды қаржыландыру;
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 14-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-1) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды
14-2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстары мен қызметтер көрсетуін қаржыландыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
15) жобалау саласында қабылданған нормалар мен ұлттық стандарттардың, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде талап етілетін сапаның сақталуын қамтамасыз ету;
2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беру жөнiндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүрiп өту үшiн мөлшерлемелердің мөлшерiн әзiрлеу;
17) - 20) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 21) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
21) автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтiп ұстау мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ 22) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
22) автокөлiк жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеудi және күтiп ұстауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жол қызметiн басқару;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды
24) автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды; 2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25) автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын бекіту;
2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
26) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес, жалға алушы ретінде жалдау шарттарын, сондай-ақ сервистік агент ретінде сервистік агенттің қызмет көрсетуі шартын, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдарына немесе олардың учаскелерiне қатысты өзге де шарттарды жасасу;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27) тармақша өзгертілді
27) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін дамытуды үйлестіру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37) және 38) тармақшалармен толықтырылды
28) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
29) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;
30) автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтерін әзірлеу және бекіту;
32) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарымен жүріп өту үшін алымдарды төлеу тәртібі мен олардың мөлшерлемелерін әзірлеу және бекіту;
33) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртiбi мен шарттарын әзірлеу және бекiту;
34) 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 36) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды
36-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 36-2) тармақшамен толықтырылды
36-2) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидаларын әзірлеу және бекіту;
37) Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 38) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
38) астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 38-1) тармақшамен толықтырылды
38-1) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтер көрсету құнын айқындау, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару әдістемесін әзірлеу және бекіту;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 39) тармақшамен толықтырылды
39) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу, диагностикалау және паспорттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес автожол саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 40) тармақшамен толықтырылды
40) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын және ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 41) тармақшамен толықтырылды
41) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 42) тармақшамен толықтырылды
42) жол дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 43) тармақшамен толықтырылды
43) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жатады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) өкiлдi органдардың автомобиль жолдары және жол қызметi саласындағы құзыретiне:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) атқарушы органдары басшыларының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн дамыту және күтiп ұстау мәселелерi жөніндегі есептерiн тыңдау;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара)
1-1. Автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдардың қарауына:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;
3) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекендер көшелерін басқару;
4) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстары мен қызметтер көрсетуін қаржыландыру;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
6-1) 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту;
6-3) 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-4) 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-5) - 6-7) 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 6-8) тармақшамен толықтырылды
6-8) елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 6-9) тармақшамен толықтырылды
6-9) кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жалғасатын жолдарды салуды келісу;
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 6-10) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
6-10) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде орналастыруды келісу;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-11) тармақшамен толықтырылды
6-11) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін ұйымдастыру және дамыту;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарауына сондай-ақ:
1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ақылы көшелерін (учаскелерін) пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың көшелерін (учаскелерін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;
3) ақылы жүріп өтудің енгізілуіне қарай республикалық маңызы бар қаланың, астананың ақылы көшелерімен жүріп өту үшін ақы және мөлшерлемелер алу қағидаларын әзірлеу және бекіту жатады.
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді
2. Автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы аудандық (қалалық) атқарушы органдарының қарауына:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2) тармақша өзгертілді; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелердің мөлшерін әзірлеу;
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ҚР Заңдарымен 3) тармақша өзгертілді
3) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін, елдi мекендердiң көшелерiн басқару;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ҚР Заңымен 4 ) тармақша жаңа редакцияда
4) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
14-бап. Автомобиль жолдарын дамыту iсiн жоспарлау
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Автомобиль жолдарын дамыту ісін жоспарлауды мемлекеттік органдар, шаруашылық және жеке меншік автомобиль жолдарын басқарушылар бекітілген республикалық және өңірлік бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырады. Елді мекендердің көше-жол желісін дамыту ісін жоспарлауды тиісті жергілікті атқарушы органдар көлік құралдарының тұрақтары мен орынтұрақтарын ұйымдастыру үшін міндетті түрде жер бөле отырып, жүзеге асырады.
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жол саласындағы ғылыми зерттеулерді мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Автомобиль жолдарын жобалауды және салуды тиiстi қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар конкурстық негiзде жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Жаңа автомобиль жолдарын салу немесе бұрыннан барын реконструкциялау және күрделі жөндеу үшін әзірленген техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатын құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жатады. Ортақ пайдаланылатын бұрыннан бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама бойынша автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен ведомстволық сараптама жүргізіледі.
15-бап. Жол қызметiн жүзеге асыру кезіндегі жұмыстың сапасы
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау автомобиль жолдарының жоғары көлiктiк-пайдалану көрсеткiштерiне (жылдамдық, тегiстiк, ұзақ мерзiмдiлiк, автокөлiк жүрiсiнiң жоғары қауiпсiздiк жағдайларына) жету мақсатында, белгіленген талаптар мен нормаларға сәйкес, пайдалануға рұқсат етілген материалдарды, аспаптарды, жабдықтар және өлшеу құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді; 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жол қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып орындауға міндетті.
Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде авторлық қадағалауды - жобалау құжаттамасын әзірлеуші, өндірістік қадағалауды - жұмыстарды орындаушы және автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуді техникалық қадағалауды - тапсырыс беруші өз бетінше не ұйымдар мен тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарту арқылы жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын ағымдағы және орташа жөндеу жөніндегі жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалау жөніндегі қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
16-бап. Жол қызметiн лицензиялау
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Жол қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың жол қызметiн лицензиясыз не лицензия шарттарын бұза отырып жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
17-бап. Жол қызметiн қаржыландыру
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қаржыландыру жол жүрiсi қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау және автокөлiк тасымалдарын қамтамасыз ету талаптары негiзге алына отырып, оларды жөндеу мен күтiп ұстауды қамтамасыз ететiн бекітілген нормалар бойынша жүзеге асырылады және бюджет заңдарымен белгiленедi.
2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын не концессия шарттарын орындауға байланысты шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Шаруашылық автомобиль жолдарын дамыту, жөндеу және күтiп ұстау осы жолдар қарауына жататын ұйымдар мен жеке адамдардың қаражаттары есебiнен қамтамасыз етiледi.
4. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Жол органының және оның қызметкерлерiнiң құқықтары