3) аудандық өкiлдi және атқарушы органдарға кенттердің, ауылдық округтердiң, ауылдардың шекараларын белгiлеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
4) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде осы елдi мекендердің құрамдас бөлiктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді.
2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен 3-бөлім 14-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi)
14-1-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру
1. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеруді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қорытындылары бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдар бірлескен шешіммен әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі ұсыныстарды тиісті ономастика комиссияларының қарауына енгізеді.
4-бөлiм. ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ҚАРАУ
ҮШIН ҚАЖЕТТI ҚҰЖАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАР
ҚР Президентінің 19.12.95 ж. № 2691 Жарлығымен 15-бап өзгертілді; 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді
15-бап. Аймақтық деңгейде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн қажеттi құжаттар мен материалдардың тiзбегi
Аймақтық деңгейде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмi немесе облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың мәселенi өз мәнiсiнде шешетiн (бiрлескен) ұсынымы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң енгiзiлетiн ұсыныс жөніндегі тиiстi өтiнiшi және оның тиiмдi екендiгiнiң негiздемесi, өзгертiлетiн аумақтың көлемi, онда тұратын халықтың саны туралы мәлiметтер, негiзгi заңды тұлғалардың тiзбесi, олардың өндiрiстiк көрсеткiштерi, бұлардың әрқайсысында iстейтiн жұмысшылардың саны, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құрылымы мен штаттары туралы, қайта ұйымдастыруға байланысты олардың өзгеруi туралы мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн қажеттi барлық басқа мәлiметтерi бар ұсынымы;
3) жергiлiктi (облыстық, аудандық, қалалық) өкiлдi және атқарушы органдардың, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң қаралатын мәселе жөніндегі ұсыныстары;
4) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жаңа шекаралары, мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн маңызы бар өзге де жағырапиялық деректер көрсетiлген схемалық карта қажет. Картаға Үкіметінiң өкiлi, сондай-ақ аумақтық қабылдайтын және беретiн өкiлдi және атқарушы органдардың басшылары қол қояды, қойылған қолдар мөрмен қуәландырылады;
5) жүргiзiлетiн қайта құрулар мен аттарын өзгерту жөніндегі ғылыми сараптаманың актiсi және экономикалық есеп-қисап қажет.
16-бап. Аумақтар шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн қажеттi құжаттар мен материалдардың тiзбесi
1) мәселенi өз мәнiсiнде шешетiн өкiлдi және атқарушы органның бiрлескен қаулысы;
2) шешiлетiн мәселенiң мәнiсiне қатысты азаматтар конференцияларының хаттамалары;
3) енгiзiлетiн ұсыныс тиiмдiлiгiнiң негiздемесi, өзгертiлетiн аумақ, оның халқының саны туралы мәлiметтер, елдi мекендердiң өнеркәсiптiк және басқа да объектiлердiң тiзбесi, сондай-ақ мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн қажеттi барлық басқа мәлiметтерi бар түсiндiрме жазбаша хат;
4) елдi мекендердiң жаңа шекаралары және мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн маңызы бар өзге де жағырапиялық деректерi көрсетiлген схемалық карта. Картаға өзгертiлетiн аумақтың өкiлдi және атқарушы органдарының басшылары қол қояды;
5) жүргiзiлетiн қайта құрулар мен аттарын өзгерту жөніндегі ғылыми сараптаманың актiсi және экономикалық есеп-қисап.
Қазақстан Республикасының Президентi Н. НАЗАРБАЕВ | |