1. Ислам арнайы қаржы компаниясын ислам арнайы қаржы компаниясына мүлікті және (немесе) бөлінген активтерді беретін оригинатор құрады.
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, оригинаторға қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын қоспағанда, ислам арнайы қаржы компаниясын құруға және оның қызметіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.
2. Ислам арнайы қаржы компаниясының жарғылық капиталы тек қана ақшадан құралады.
3. Ислам бағалы қағаздарын бастапқы орналастыру кезіндегі олардың номиналды құны бір шығарылым шеңберіндегі барлық ислам бағалы қағаздары үшін бірдей болып табылады және ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде айқындалады.
4. Ислам арнайы қаржы компаниясының атауында «ислам арнайы қаржы компаниясы» деген сөздер жазылуға тиіс.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының атауында «Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы» деген сөздер болуға тиіс.
5. Ислам бағалы қағаздарының бұған дейінгі шығарылымын өтеу аяқталғанға дейін ислам бағалы қағаздарын одан әрі шығаруға тыйым салынады.
6. Ислам арнайы қаржы компаниясы жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізуге міндетті.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7. Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату ислам арнайы қаржы компаниясы шығарған ислам бағалы қағаздары шығарылымын өтеудің қорытындылары туралы есеп бекітілгеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1. Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.
8. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9. Ислам арнайы қаржы компаниясы ислам бағалы қағаздары бойынша тиісті резервтік қорлар құруды қоса алғанда, бөлінген активтер бойынша түсімдерді өзі шығарған ислам бағалы қағаздары бойынша міндеттемелерін орындауға ғана пайдаланады.
10. Бөлінген активтер ислам арнайы қаржы компаниясының меншікті қаражатынан бөлек есепке алынады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 10-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1. Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының басқа меншікті қаражатынан және кез келген өзге тұлғаға тиесілі, не мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару бойынша кез келген өзге мәмілеге жататын кез келген өзге активтерден бөлек есепке алынады.
11. Осы Заңға сәйкес ислам арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісі мемлекеттік тіркелген күннен бастап ислам арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздарының осы шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерге қатысты өндіріп алу ислам арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтерден басқа, өзге де активтер есебінен міндеттемелерін орындағаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін.
2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен 11-1-тармақпен толықтырылды; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 11-1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған активтер исламдық жалдау сертификаттары бойынша қамтамасыз ету болып табылмайды.
12. Ислам арнайы қаржы компаниясы бухгалтерлік есепті жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен меншікті қаражаты мен бөлінген активтер бойынша қаржылық есептілікті бөлек табыс етеді.
13. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. 1, 3, 4-1, 7-1, 9, 10-1 және 11-1-тармақтарды қоспағанда, осы баптың талаптары мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының қызметіне қолданылмайды.
32-7-бап. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің функциялары мен міндеттері
1. Акцияларды қоспағанда, ислам бағалы қағаздарын шығару және олардың айналымы кезінде ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың эмитент және үшінші тұлғалар алдындағы мүдделерін білдіруді жүзеге асырады.
Эмитент бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қатарынан ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілін таңдауды дербес жүзеге асырады.
Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі эмитенттің аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.
2. Эмитент пен ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі арасында жасалған ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың тәртібі мен мән-жайлары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) эмитенттің ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде белгіленген, ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындауын бақылайды;
2) қаржыландыру объектілерінің ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес келуін бақылайды;
3) ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар қабылдайды;
4) ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен сатып алынған мүлікке, ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен қаржыландыру жөніндегі мәмілені жүзеге асыру бөлігінде эмитенттің қаржылық есептілігіне, сондай-ақ көрсетілген қаражат активтеріне инвестицияланған заңды тұлғаларға мониторингті жүзеге асырады;
5) исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде, егер бұл оларды шығару талаптарында көзделген болса, ислам арнайы қаржы компаниясының мүдделерін білдіреді;
6) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларына сәйкес ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға өзінің іс-әрекеттері туралы және осындай іс-әрекеттердің нәтижелері туралы хабарлайды.
4. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі:
1) ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін мән-жайларды анықтауға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларды аталған мән-жайлар туралы күнтізбелік үш күн ішінде хабардар етуге;
2) уәкілетті органға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен сатып алынған мүліктің жай-күйі туралы хабарлауға;
3) уәкілетті органды және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларды өкіл ретіндегі өз өкілеттіктерін тоқтатқаны туралы эмитентпен жасалған шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабардар етуге;
4) уәкілетті органға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға олардың сұратулары бойынша ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі ретінде өз қызметіне қатысты ақпарат пен құжаттар беруге;
5) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламауға міндетті.
5. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген функциялар мен міндеттерді орындау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Осы бап мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару кезінде қолданылмайды.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
6-тарау. Туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының айналымы
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
33-бап. Туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау шарттары
1. Биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметін жүзеге асыруға сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның лицензиясы бар брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттармен тауар биржасындағы туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған брокерге және (немесе) дилерге тауар биржасында, нысанасы туынды қаржы құралдары болып табылатын, базалық активі тауар болып табылатын мәмілелерді қоспағанда, тауарлармен мәмілелер жасасуға (жасауға) тыйым салынады.
Тауар биржасында орталық контрагенттің қатысуынсыз мәміле жасалған жағдайда брокер және (немесе) дилер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген, тапсырма шартының нормалары қолданылатын брокерлік қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде тек қана клиенттің есебінен және тапсырмасы бойынша әрекет етеді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Клиринг ұйымы, орталық депозитарий немесе қор биржасы орталық контрагент бола алады.
Қор биржасының ішкі құжаттарында осы қор биржасының сауда жүйесінде мәмілелер жасасқан кезде орталық агенттің функцияларын өзге де ұйымдардың орындау мүмкіндігі көзделуі мүмкін.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Орталық контрагент қатыса отырып, туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары орталық контрагент болып табылатын клиринг ұйымының, орталық депозитарийдің, қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
5. Номиналды ұстаушылар туынды бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеуді және олар бойынша құқықтарды растауды осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау шарттары мен тәртiбi қор биржасының iшкi құжаттарында белгiленедi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
34-бап. Эмитенттердiң - Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активi болып табылатын депозитарийлiк қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Базалық активі аталған ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару және орналастыру арқылы Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының бағалы қағаздарын қайталама рынокта сатуды жоспарлаушы тұлға шығарылым туралы уәкілетті органды оның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активi болып табылатын депозитарийлiк қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымы орналастыру аяқталған күннен бастап бiр ай ішінде уәкiлеттi органға оның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген тәртiппен орналастырудың қорытындылары туралы есеп бередi.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Депозитарийлiк қолхаттар шығару ережесінде орталық депозитарийге және уәкілетті органға оның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес депозитарийлiк қолхаттарды ұстаушылар туралы ақпарат беру тәртібі болуға тиiс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35-бап. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару
Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту тәртібі, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидалары, сондай-ақ қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті сақтауға тиісті талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
7-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 36-бап өзгертілді; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 36-бап жаңа редакцияда
36-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу
1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқығын басқаға беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне және орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркелуге жатады.
2. Бір номиналды ұстаушының клиенттері арасында мәміле жасалған кезде бағалы қағаздармен мәмілелерді және операцияларды тіркеуді номиналды ұстаушы жүзеге асырады және ол орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетіледі.
Әртүрлі номиналды ұстаушылардың клиенттері арасында мәміле жасалған кезде бағалы қағаздармен мәмілелерді және операцияларды тіркеу олардың орталық депозитарийдегі жеке шоттары бойынша, кейіннен номиналды ұстаушыларды есепке алу жүйесінде көрсетіле отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақта айқындалған тәртіппен номиналды ұстау жүйесінде тіркелген мәміле орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетілген кезден бастап жасалды деп есептеледі.
3. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалатын эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібі орталық депозитарийдің қағидалар жинағында және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
4. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу:
1) бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге бұйрық берген адамның өкілеттіктерін және осы бұйрық нысанының белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді;
2) бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрықтың тіркелуін;
3) бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрықта көрсетілген әрекеттерді жасау мүмкіндігін тексеруді;
4) бұйрықты орындаудан бас тартуға негіздер болмаған кезде бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрықта көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыруды;
5) клиентке бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрығының орындалғаны туралы есепті жіберуді қамтиды.
5. Бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрықты орындаудан бас тартуға негіздер болған кезде орталық депозитарий бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге бұйрық берген адамды бас тарту негіздері туралы хабардар етуге міндетті.
Егер осы мәмілені тіркеу үшін ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің және (немесе) орталық депозитарийдің қағидалар жинағының талаптарына сәйкес келмесе, орталық депозитарий эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілені орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеуден бас тартуға міндетті.
6. Номиналды ұстауға берілген эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу депоненттердің немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған тиісті бұйрықтары не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Депонент бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрықты орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде депонент клиентінің бұйрығы негізінде ресімдейді.
7. Соттың шешімі бойынша бағалы қағаздар бойынша құқықтардың өзгеруін немесе тоқтатылуын тіркеуді орталық депозитарий (номиналды ұстаушы), заңды күшіне енген, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 226-бабына сәйкес ресімделген сот шешімі негізінде жүзеге асырады.
8. Бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрықты орындауды орталық депозитарий (номиналды ұстаушы), егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында бұйрықты орындаудың өзге мерзімі көзделмесе, күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімде қарсы бұйрық алған кезде жүзеге асырады.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер болмаған кезде орталық депозитарий, номиналды ұстаушы тіркелген тұлғалардың жеке шоттары (қосалқы шоттары) бойынша өз бетінше жазбалар енгізуге құқылы емес.
10. Жеке шоттар (қосалқы шоттар) бойынша жазбалар енгізу үшін негіз болып табылатын құжаттар (тіркелген тұлғаны сәйкестендіретін құжаттарды қоспағанда) бес жыл бойы сақтауға жатады.
11. Шетелдік бағалы қағаздарға немесе осы Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарға қатысты құқықтарды есепке алу мен растау ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
12. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша, сондай-ақ банктер қосылу нысанындағы қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың бағалы қағаздары бойынша құқықтарды тіркеу ерекшеліктері, егер қайта ұйымдастырылатын банктердің бірі өзіне қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілін тіркеу
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілін тіркеу тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілін тіркеуді орталық депозитарий (номиналды ұстаушы) кепіл беруші және кепіл ұстаушының бұйрықтары негізінде жүзеге асырады.
Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы эмиссиялық бағалы қағаздардың ауыртпалығына байланысты операцияларға қатысты кепіл беруші мен кепіл ұстаушының бұйрықтарын беруге жол беріледі.
Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы эмиссиялық бағалы қағаздардың ауыртпалығына байланысты операцияларға қатысты кепіл беруші мен кепіл ұстаушының бұйрықтарын орындау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалады.
3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-2, 61-4, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияларды жүзеге асыру кезінде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілін тіркеу кепілге берілетін эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар көрсетіле отырып, ауыртпалық алынбастан, кепіл ұстаушының осы мәмілені тіркеу үшін қажет барлық мәліметтер қамтылған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
4. Депонент пен оның клиенті арасында есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде депонентке кепілге берілген және маржиналдық мәміле бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздар кепілін және осы бағалы қағаздарға меншік құқығының ауысуын тіркеу кепіл ұстаушының бұйрығы және маржиналдық мәмілелерді жасау шарттары қамтылған брокерлік қызметтерді көрсету туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.
5. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан депонентті айырған немесе депонент лицензияны өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, орталық депозитарий ауыртпалық салынған депоненттің клиентіне тиесілі бағалы қағаздарды орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген тәртіппен ауыртпалықты алмастан, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде осы клиенттің шотына аударуды жүзеге асырады.
2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен 37-1-баппен толықтырылды; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 37-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37-1-бап. Банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде кепіл затын ауыстыру және акциялар бойынша құқықтар кепілін тіркеу
1. Банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде біріктірілетін банктің олар бойынша құқықтары кепіл заты болып табылатын акцияларына (кепіл беруші болып табылатын) акционердің меншік құқығы өзімен біріктіру жүзеге асырылатын банктің осы акцияларды сатып алуы негізі бойынша тоқтатылады.
2. Біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылатын банктердің (кепіл беруші болып табылатын) акционерлеріне акциялар орналастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын банктердің акциялары бойынша құқықтар орналастырылатын акциялар бойынша құқықтарға ауыстырылады және кепіл құқығы қайта ұйымдастырылатын банктердің акциялары бойынша құқықтар кепілі оларды қамтамасыз ету болып табылатын қайта ұйымдастырылатын банктердің (кепіл берушілер болып табылатын) акционерлерінің тиісті міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін орналастырылатын акциялар бойынша құқықтарға қолданылады.
3. Қайта ұйымдастырылатын банктердің акцияларымен және қайта ұйымдастыру процесінде орналастырылатын акциялармен әрекеттер кепіл ұстаушының келісімінсіз жасалады.
4. Банктер біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың акциялары бойынша құқықтар кепілін тіркеудің ерекшеліктері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара)
38-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру арқылы жүзеге асырылады.
Үзінді көшірмені берудің талаптары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Номиналды ұстаушы номиналды ұстау жүйесіндегі жеке шоттан үзіндіде көрсеткен бағалы қағаздардың саны, түрлері туралы мәліметтер номиналды ұстаушының орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жеке шоты (номиналды ұстаушы клиентінің қосалқы шоты) бойынша мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қамтылған мәліметтер басымдыққа ие болады.
Тіркелген тұлғаларға жеке шоттардың бірыңғай жүйесінен ақпарат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тіркеушінің лицензиясы уақытша тоқтатыла тұрған не одан айырған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
39-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттар бойынша жазба жасауды немесе эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай шешiм қабылдауға уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.