1) 1-бап мынадай мазмұндағы 9-2) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-2) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының әлеуетті қатысушысы - жобаны іске асыруға мүдделі заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;
9-3) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы - арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;»;
2) 9-бапта:
1-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар;»;
3) 10-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
4) 11-бапта:
2-тармақтағы «2 және 3-тармақтарында» деген сөздер «2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
5) 32-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асыру талабы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай қызмет түрлерi үшін міндетті талап болып табылмайды:
1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, ендіру және өндіру, бағдарламалық қамтылымды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, ендіру және өндіру;
2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдық пайдаланыла отырып, ақпаратты электрондық нысанда сақтау және өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтардың көрсетілетін қызметтері);
3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау мен ендіру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.».
31. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., №16, 127-құжат; 2012 ж., №5, 41-құжат; №8, 64-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №21-22, 114-құжат; №23-24, 116-құжат; 2014 ж., №11, 64-құжат; №16, 90-құжат; №21, 118-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №19-II, 102-құжат; №20-IV, 113-құжат; №22-I, 143-құжат; №22-V, 154, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №7-I, 49-құжат; №23, 118-құжат; №24, 131-құжат; 2017 ж., №16, 56-құжат):
8-баптың 7-1) тармақшасы және 8-1-баптың 2-1) тармақшасы алып тасталсын.
32. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №2, 8-құжат; №11, 80-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №15, 82-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №8-II, 72-құжат; №24, 124-құжат):
1) 15-баптың 14-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ережелері иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын көздейтін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие болатын өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндіріп алған (өндірген) шикі және (немесе) тауарлық газды иелiктен шығару жағдайларына қолданылмайды.»;
2) 20-баптың 9-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ережелері иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын көздейтін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие болатын өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндіріп алған (өндірген) тауарлық газды өткiзу жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.».
33. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №20, 120-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №9, 21-құжат):
14-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасындағы «көшірмесін береді.»деген сөздер «көшірмесін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) микроқаржы ұйымын есептік тіркеуден өткізгені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты береді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Есептік тіркеуден өту үшін микроқаржы ұйымы мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төлейді.».
34. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., №2, 12-құжат; 2014 ж., №16, 90-құжат; 2016 ж., №24, 131-құжат; 2017 ж., №16, 56-құжат):
29-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын ішкі істер органдары монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекітеді.».
35. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., №10-11, 55-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №1, 1-құжат; №6, 28-құжат; №8, 49-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №6, 27-құжат; №8, 45-құжат; №10, 50-құжат; №15, 78-құжат; №20-IV, 113-құжат; №22-II, 145-құжат; №22-VI, 159-құжат; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №7-І, 49-құжат; №8-І, 65-құжат; 2017 ж., №12, 36-құжат):
1) 1-баптың 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«26) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек - осы Заңда белгіленген мерзімдерде есептелген, ұсталған (есепке жазылған) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;»;
2) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны және аудармағаны үшiн жауаптылық
35-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы 2017 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
1. Іс жүзінде төленген және жұмыскер кіріс алған жағдайда, агент уақтылы ұстап қалмаған (есепке жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе агент оларды уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) есепке жазылған өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлердің пайдасына аударуға тиіс.
35-тармақтың 2) тармақшасының төртінші - жиырмасыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы агентке берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.
Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
3. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы:
өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агенттің;
өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салықтық берешекті және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұл бойынша берешекті аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.
Агент мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін түсетін қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны Мемлекеттік корпорацияға аудару арқылы сөзсіз орындауға тиіс.
Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
4. Мемлекеттік кіріс органының агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
5. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы мұндай берешектің сомаларын:
өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агенттің;
өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің банктік шоттарынан мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.
Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті агенттердің банктік шоттарынан өндіріп алу мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шотта (шоттарда) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда банк клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді.
Агенттің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада қойған инкассолық өкімдер негізінде агенттің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.
6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары агенттердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні осы сомаларды Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.
7. Мемлекеттік кіріс органдары агенттің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар агенттердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.».
36. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №10, 49-құжат; №15, 78-құжат; №22-I, 143-құжат; №22-V, 152-құжат; 2016 ж., №8-II, 67-құжат; 2017 ж., №12, 36-құжат; №14, 53-құжат):
38-1-баптың бірінші абзацындағы «2020» деген цифрлар «2022» деген цифрлармен ауыстырылсын.
37-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
37. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №15, 78-құжат; №19-ІІ, 106-құжат; №22-II, 145-құжат; №23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., №12, 36-құжат):
1-баптың 19-тармағында:
1) тармақшаның он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«26) мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек - осы Заңда белгіленген мерзімдерде есептелген, ұсталған (есепке жазылған) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны және аудармағаны үшiн жауаптылық
1. Іс жүзінде төленген және жұмыскер кіріс алған жағдайда, агент уақтылы ұстап қалмаған (есепке жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе агент оларды уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) есепке жазылған өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздерінің пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлердің пайдасына аударуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы агентке берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.
Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
3. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы:
өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агенттің;
өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салықтық берешекті және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұл бойынша берешекті аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.
Агент мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін түсетін қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны Мемлекеттік корпорацияға аудару арқылы сөзсіз орындауға тиіс.
Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
4. Мемлекеттік кіріс органының агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
5. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы мұндай берешектің сомаларын:
өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агенттің;
өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің банктік шоттарынан мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.
Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті агенттердің банктік шоттарынан өндіріп алу мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шотта (шоттарда) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда банк клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді.
Агенттің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада қойған инкассолық өкімдер негізінде агенттің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.
6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары агенттердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні осы сомаларды Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.
7. Мемлекеттік кіріс органдары агенттің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар агенттердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.».
38. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №22-I, 142-құжат; 2016 ж., №7-I, 49-құжат; №23, 119-құжат; 2017 ж., №13, 45-құжат):
1) 1-баптың 10) тармақшасындағы «медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға» деген сөздер «тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «2018» деген цифрлар «2020» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) 14-баптың 3-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
4) 17-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац «мемлекеттік корпорация» деген сөздерден кейін «мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша алып тасталсын;
5) 26-бапта:
2-тармақта:
екінші абзац алып тасталсын;
үшінші абзацтағы «2019» деген цифрлар «2020» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «2),» деген цифр алып тасталсын;
6) 28-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыскерлердің, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың қорға төлеуге жататын жарналары:»;
екінші абзацтағы «2019» деген цифрлар «2020» деген цифрлармен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «2020» деген цифрлар «2021» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы «, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналары 2017 жылғы 1 шілдеден» деген сөздер «жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «2018» деген цифрлар «2020» деген цифрлармен ауыстырылсын;»
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар;»;
7) 29-бапта:
3-тармақтың бесінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:».
«4. Қорға аударымдар және (немесе) жарналар мынадай төлемдер мен кірістерден ұсталмайды:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабының 2-тармағында көрсетілген кірістер;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 10), 12), және 13) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістер;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 654-бабының 10) тармақшасында көрсетілген кірістер;
4) гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу және жеке тұлғаларға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);
5) жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған не жұмыс беруші заңды тұлға таратылған, жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлердегі өтемақы төлемдері.»;
8) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Төлеушінің аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы аудармағаны үшін жауаптылығы
38-тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1. Аударымдардың және (немесе) жарналардың уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады және төлеуші оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін (қорға төлеу күнін қоса алғанда) есепке жазылған өсімпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиіс.
38-тармақтың 8) тармақшасының төртінші - жиырма бірінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы төлеушіге берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.
Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.