158-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «2,5 еселенген» деген сөздер «1,25 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын.
6-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., №13-I, 13-II, 83-құжат; №21, 122-құжат; 2015 ж., №16, 79-құжат; №21-III, 137-құжат; №22-I, 140-құжат; №22-III, 149-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №8-II, 67-құжат; №12, 87-құжат; №23, 118-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №8, 16-құжат; №9, 21-құжат; №14, 50-құжат; №16, 56-құжат):
1) мазмұнындағы 223-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«223-бап. Коммерциялық не банктiк құпияны, деңгейлес мониторинг барысында алынған салықтық құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу, жария ету немесе пайдалану»;
2) 223-бапта:
тақырып «банктiк құпияны» деген сөздерден кейін «, деңгейлес мониторинг барысында алынған салықтық құпияны» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы «банктiк құпияны» деген сөздерден кейін «, деңгейлес мониторинг барысында алынған салықтық құпияны» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы «банктiк құпияны» деген сөздерден кейін «, деңгейлес мониторинг барысында алынған салықтық құпияны» деген сөздермен толықтырылсын.
7. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №18-I, 18-II, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., №1, 2-құжат; №2, 6-құжат; №7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №9, 46-құжат; №10, 50-құжат; №11, 52-құжат; №14, 71-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №19-I, 101-құжат; №19-II, 102, 103, 105-құжаттар; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-I, 124, 125-құжаттар; №21-II, 130-құжат; №21-III, 137-құжат; №22-I, 140, 141, 143-құжаттар; №22-II, 144, 145, 148-құжаттар; №22-III, 149-құжат; №22-V, 152, 156, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №22-VII, 161-құжат; №23-I, 166, 169-құжаттар; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №2, 9-құжат; №6, 45-құжат; №7-I, 49, 50-құжаттар; №7-II, 53, 57-құжаттар; №8-I, 62, 65-құжаттар; №8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №23, 118-құжат; №24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; №12, 34-құжат; №14, 49, 50, 54-құжаттар; №15, 55-құжат; №16, 56-құжат):
1) мазмұнындағы 266, 272, 273 және 285-1-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«266-бап. Қазақстан Республикасының заңдарында төлемдер жүргізу бойынша белгіленген шектеулерді бұзу»;
«272-бап. Салықтық есептілікті, сондай-ақ бақыланатын шетелдік компанияның пайдасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбау
7-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
273-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды ұсынбау, ұсынудан бас тарту»;
«285-1-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы»;
7-тармақтың 2) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 169-бапта:
тоғызыншы бөлік алып тасталсын;
он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Осы баптың жетінші, сегізінші, оныншы, он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
биоотын тиісті көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 246-баптың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша анық емес аудиторлық қорытынды жасауы -
аудиторлық ұйымға салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт сомасының екі жүз пайызы, бірақ бес жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
аудиторлық ұйымға салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт сомасының екі жүз елу пайызы, бірақ алты жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 266-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«266-бап. Қазақстан Республикасының заңдарында төлемдер жүргiзу бойынша белгiленген шектеулердi бұзу
Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәміле бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның пайдасына бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға қолма-қол тәртіппен төлемді жүзеге асыруы -
төлемдi жүзеге асырған тұлғаларға төлем сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 272-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«272-бап. Салықтық есептілікті, сондай-ақ бақыланатын шетелдік компанияның пайдасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбау»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салықтық тіркелімдерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде ұсынбаудан көрінген, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге бес жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
төртінші бөлік алып тасталсын;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына бақыланылатын шетелдік компанияның «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салуға жататын қаржылық пайдасының немесе қаржылық пайдасының бір бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбауы -
жеке тұлғаларға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 273-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«273-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды ұсынбау, ұсынудан бас тарту»;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«4. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті ұсынбауы, анық немесе толық ұсынбауы, ұсынудан бас тартуы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7) 278-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салықтық кезең үшiн iс жүзiнде есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының салықтық кезең iшiнде есептелген аванстық төлемдердің сомасынан жиырма пайыздан астам мөлшерде асып кетуі, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
ic жүзiндегi салықтың асып кету сомасының жиырма пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
ескертпелердің 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін асып кетуді айқындау кезінде:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 742-бабының 3-тармағына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығына жүргізілген түзетуге байланысты түзілген асып кету;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 297-бабына сәйкес айқындалатын, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген корпоративтік табыс салығы есепке алынбайды.»;
8) 281-бапта:
281-бабының бірінші және 2-1-бөліктері 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы Заңның 3-бабының редакциясында қолданылады
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған декларацияны тапсырмау не уақтылы тапсырмау, сол сияқты мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсынбау не уақтылы ұсынбау -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылсын:
«2-1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған декларацияларда, мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерде мұнай өнімдерінің көлемін, темекі бұйымдарының санын анық көрсетпеу, сондай-ақ мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
бесінші бөлікте:
7-тармақтың 8) тармақшасының он үшінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша алып тасталсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері, темекі бұйымдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
алтыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері, темекі бұйымдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
9) 282-бапта:
282-бабының бірінші және 2-1-бөліктері 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы Заңның 3-бабының редакциясында қолданылады
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне арналған декларацияны тапсырмау не уақтылы тапсырмау -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылсын:
«2-1. Этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне арналған декларацияда этил спиртiнің және (немесе) алкоголь өнiмiнің көлемін анық көрсетпеу, сондай-ақ этил спиртiнің және (немесе) алкоголь өнiмiнің дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7-тармақтың 9) тармақшасының он екінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
үшінші бөліктің 6) тармақшасындағы «өткізу;» деген сөз «өткізу түрінде жасалған бұзушылық -» деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақшасы алып тасталсын;
сегізінші және тоғызыншы бөліктер алып тасталсын;
10) 285-бапта:
бірінші бөлікте:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) ол туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған әрекет етпейтін салық төлеушіге, салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шотты ашу түрінде жасалған орындамауы -»;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) құқықтың (талап етудің) коллекторлық агенттіктерге өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдарына тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ұсынбау;»;
11) 285-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«285-1-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Коллекторлық агенттіктердің құқықтың (талап етудің) коллекторлық агенттікке өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлға әкеп соғады.»;
7-тармақтың 12) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 473-баптың бірінші абзацы «жария етуі» деген сөздерден кейін «, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 684-баптың бірінші бөлігінде:
«282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 13) тармақшасының үшінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«283-1» деген цифрлар «283-1 (бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 720-баптың бірінші бөлігінде:
«281 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде)» деген сөздер «281 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2 және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2, бесінші, оныншы және он екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 14) тармақшасының үшінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«284» деген цифрлар «283-1 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 284» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 728-баптың бірінші бөлігіндегі «282 (бiрiншi, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөлiктерiнде)» деген сөздер «282 (бiрiншi, екінші, бесінші, оныншы және он екінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 16) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
16) 735-баптың бірінші бөлігіндегі «, бесінші және тоғызыншы» деген сөздер «және бесінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 804-баптың бірінші бөлігінде:
29) тармақшадағы «282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерi)» деген сөздер «282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, он бірінші және он үшінші бөлiктерi)» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) тармақшада:
«282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерi)» деген сөздер «282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, он бірінші және он үшінші бөлiктерi)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 17) тармақшасының бесінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«283-1» деген цифрлар «283-1 (бесінші және алтыншы бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №6, 45-құжат; №7-II, 55-құжат; №8-I, 62, 65-құжаттар; №8-II, 72-құжат; №12, 87-құжат; №23, 118-құжат; №24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., №9, 21-құжат; №14, 50, 51-құжаттар):
1) мазмұнындағы 124-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«124-бап. Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу»;
2) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу
1. Жеке кәсiпкерлiктi заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген тұрған жерi бойынша мемлекеттік кіріс органында дара кәсiпкер ретiнде есепке қоюды білдіреді.
2. Дара кәсіпкер ретінде мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге мынадай шарттардың бiрiне сай келетiн жеке тұлғалар жатады:
1) жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланады;
2) жеке кәсiпкерлiктен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық кірісі болады.
Осы баптың 3-тармағында аталған тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, санамаланған дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызметіне тыйым салынады.
3. Жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мынадай кірістерді алған кезде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы:
1) төлем көзінен салық салуға жататын кірістер;
2) мүліктік кіріс;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден түсетін кірістер;
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан кірістер алатын үй жұмыскерлерінің кірістері;
5) салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістері;
6) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістері;
7) еңбекші көшіп келушіге рұқсат негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алуға жататын) резидент-еңбекші көшіп келушілердің кірістері;
8) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпқой медиаторларды қоспағанда, медиаторлардың салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алған кірістері;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін, салық салуға жататын, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтер ұсынуына байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген кірістер.
Осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тұлға салық агенті болып танылады.»;
3) 36-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде мемлекеттік тіркелу үшін жеке тұлға (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) тікелей мемлекеттік кіріс органына немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарлама ұсынады.»;
4) 38-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады.» деген сөздер «танылған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) мәжбүрлі тәртіппен қызметті тоқтатуды көздейтін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлі тәртіппен тоқтатылады.»;
5) 44-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
6) 100-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу және бұзу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
7) 116-баптың 3-тармағының 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бағаларды белгілеуге;
8) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуге;»;
8) 124-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«124-бап. Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу
Мемлекет Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді.»;
9) 144-баптың 3-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) салық төлеушiнiң өтiнiштерi, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәлiметтер мен мәселелер;»;
10) 147-баптың 6-тармағының екінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
147-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы Заңның 4-бабының редакциясында қолданылады
«4) мыналар:
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;
тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болуы және тауарлар атауының, санының (көлемінің) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
7) тармақшадағы «сәйкестігі мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексерудi қоспағанда, осы орган әрбiр тексерiлетiн субъектiге (объектіге) тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.» деген сөздер «сәйкес келуі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: