Нұр-Сұлтан қаласында Шектеу және карантин шаралары туралы
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жыл 22 ақпандағы № 5 Қаулысы
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жыл 16 наурыздағы № 6 Қаулысымен күші жойылды
Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С. Бейсенова, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу мен таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі «Шектеу, карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 42 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 43 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 47 қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 52 қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 54 қаулысы, «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 Қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4 қаулысы, «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6 қаулысы, «Білім беру ұйымдарындағы шекаралық іс-шараларды алып тастау туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 8 қаулысы, «Қазақстан Республикасында covid-19 коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың паспорттарын/сертификаттарын/анықтамаларын тану туралы «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 9 қаулысы, «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 10 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 11 қаулысы негізінде, Нұр-Сұлтан қаласының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі қойылатын талаптарды қатаң сақтауы тиіс:
1.1. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформалар арқылы (мысалы, EGOV mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажет;
1.2. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауы тиіс.
2. Кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі-COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында мынадай қаулылармен бекітілген объектілердің жұмыс алгоритмдері талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін:
- «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысы;
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі «Шектеу, карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 42 қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 43 қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 47 қаулысы;
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 52 қаулысы;
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 54 қаулысы;
- «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4 қаулысы;
- «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысы;
-«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6 қаулысы,
- «Білім беру ұйымдарындағы шекаралық іс-шараларды алып тастау туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 8 қаулысы,
- Қазақстан Республикасында covid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациялаудың паспорттарын/сертификаттарын/анықтамаларын тану туралы «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 9 қаулысы,
- «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 10 қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 11 қаулысы.
3. Кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысымен, «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысымен, «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің критерийлерімен, «Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына» байланысты объектілердің жұмыс режимін орнату.
4. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілеріне:
4.1. келесі кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыруды жалғастыруды:
1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
2) спа-орталықтары;
3) моншалар, сауналар, бассейндер;
4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
5) боулинг клубтары;
6) кинотеатрлар;
7) театрлар мен филармониялар;
8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, банкет залдары;
9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
12) бильярд клубтары;
13) концерт залдары;
14) караоке;
15) көрмелер;
16) океанариум;
17) марафондар;
18) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
19) аэропорты;
20) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
21) балалардың ойын-сауық орталықтары (жабық);
22) цирктер;
23) отельдер, қонақ үйлер;
24) халыққа қызмет көрсету орталықтары;
25) темір жол және автовокзалдар;
26) базарлар (жабық), сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері;
27) сауда желілері (сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын азық-түлік, сауда алаңы, 1000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес сауда алаңы);
28) балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
29) букмекерлік конторалар;
30) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
31) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдер), 18 және одан жоғары жастағы білім алушылардың келушілері үшін;
32) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
33) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);
34) діни объектілер;
35) ойын клубтары (казино);
36) түнгі клубтар;
37) банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері.
5. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына:
5.1. Қала тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация жүргізу бойынша бақылауды күшейту.
6. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына, Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасына:
6.1. халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін;
6.2. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;
6.3. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.
7. Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
8. «Нұр-Сұлтан қаласында Шектеу және карантин шаралары туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 қаулысы, «Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шаралары туралы» 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 3 қаулысы, «Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шаралары туралы» 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 4 қаулысы күші жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері | С. Бейсенова |