12. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына өздерін көрсетілген ұйымдарда ұстауға және оқытуға кедергі болатын аурулары бар кәмелетке толмағандарды орналастыруға болмайды. Мұндай аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
13. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарын құру, олардың қызметін ұйымдастыру тәртібі және оларда кәмелетке толмағандарды ұстаудың шарттары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекіткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады.
14. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Кәмелетке толмағандарды арнаулы мекемелер мен ұйымдардан шығару (босату) негіздері
1. Кәмелетке толмағандар арнаулы білім беру ұйымдарынан мынадай жағдайда:
1) сот айқындаған мерзім аяқталғанда;
2) кәмелеттік жасқа толуына байланысты мерзімінен бұрын;
3) мерзімінен бұрын, егер сот мекеме әкімшілігінің не кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссия ұсынысының негізінде кәмелетке толмағанға осы шараны одан әрі қолданудың қажеті жоқ деген қорытындыға келсе;
4) кәмелетке толмаған ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымына жіберілгенде;
5) осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда шығарылады.
2. Кәмелетке толмағандар ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарынан мынадай жағдайда:
1) сот айқындаған мерзім аяқталғанда;
2) кәмелетке толуына байланысты мерзімінен бұрын;
3) мерзімінен бұрын, егер сот мекеме әкімшілігінің немесе кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссия ұсынысының негізінде кәмелетке толмаған осы шараны өзін түзеуге одан әрі қолдануды қажет етпейді деген қорытындыға келсе;
4) осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда шығарылады.
3. Кәмелетке толмағандар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарынан мынадай жағдайда:
1) ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері анықталғанда;
2) арнаулы білім беру ұйымдарына, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарына орналастырылғанда;
3) балалар үйіне (интернатқа) орналастырылғанда;
4) сот үкімі заңды күшіне енгенде;
5) осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда босатылады.
15-бап. Денсаулық сақтау органдары
Денсаулық сақтау органдары өз құзыретi шегiнде:
1) кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе заңды өкiлдерiнiң арасында санитарлық-гигиеналық білімдi таратуды, сондай-ақ салауатты өмiр салтын насихаттауды;
2) кәмелетке толмағандар арасындағы маскүнемдiк, нашақорлық пен уытқұмарлық және осыған байланысты олардың мiнез-құлқындағы ауытқушылықтардың профилактикасы жөніндегі iс-шараларды әзiрлеп, iске асыруды;
3) ата-аналарының немесе заңды өкiлдерiнiң қамқорлығынсыз қалған үш жасқа дейiнгi адасқан, тастанды және басқа да балалардың тәулiк бойы қабылдануын және бағып-күтiлуiн;
4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесiнiң мемлекеттік органдары мен мекемелерiне, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне консультациялық көмек көрсетудi;
5) алкогольдiк, есiрткiлiк және уытқұмарлық мас болу күйіндегі кәмелетке толмағандарды тәулiк бойы қабылдауды және оларға медициналық көмек көрсетудi;
6) мiнез-құлқында ауытқушылықтары бар кәмелетке толмағандарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мамандандырылған диагностикалық және емдеу-қалпына келтiру көмегiн көрсетудi;
2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) кәмелетке толмаған адамға оның жеке басы туралы деректерді нақтылау және оны оңалту жөніндегі шаралар туралы ұсыныстарды дайындау мақсатында оған әлеуметтік-психологиялық зерттеп-қарау жүргізуді;
6-2) қылмыстық қудалау органына және сотқа кәмелетке толмаған адамға жүргізілген әлеуметтік-психологиялық зерттеп-қарау туралы есепті (баяндаманы) ұсынуды және кәмелетке толмаған адамды әлеуметтік-психологиялық қолдау картасын жасауды;
7) белгiленген тәртiппен арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жiберiлетiн кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайы туралы қорытындылар әзiрлеудi;
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) алкогольдік ішімдіктерді, есiрткi құралдарын, психотроптық және адамның психикасына және дене мүшесiнiң функциялары мен мiнез-құлқына терiс әсерiн тигiзетiн өзге де күштi әсер ететiн заттарды құмарлықпен салынып пайдаланатын кәмелетке толмағандарды анықтауды, есепке алуды, тексеруден өткiзудi және медициналық әлеуметтiк оңалтуды;
9) жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың көздерiн анықтауды, осындай аурулармен ауыратын кәмелетке толмағандарды тексеруден өткiзудi және емдеудi;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларға кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықтың, уытқұмарлықтың және маскүнемдiктiң таралуы, сондай-ақ осы бапта аталған функцияларды жүзеге асыратын денсаулық сақтау мекемелерiнiң орналасқан жерi, олардың қызметтерiнiң мүмкiндiктерi мен нәтижелерi туралы хабарлауды;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды
11) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруды ұйымдастырады.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды үйлестiретiн мемлекеттік орган
Халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды үйлестiретiн мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандардың еңбек шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
17-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасына қатысушы өзге де мемлекеттік органдар
1. Мәдениет, ақпарат, дене шынықтыру, спорт және туризм органдары өз құзыретi шегiнде:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) қызметтерi кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары, қадағалаусыз және панасыз қалуы профилактикасының шараларын жүзеге асыруға байланысты балалар мен жастардың қоғамдық бірлестiктерiне, әлеуметтiк мекемелерге, қорларға және өзге де мекемелер мен ұйымдарға жәрдемдеседi;
3) кәмелетке толмағандардың демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруға қатысады;
4) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-құлқын және салауатты өмiр салтын насихаттау мен қалыптастыру жөніндегі қызметтi жүзеге асырады.
2. Қамқоршылық және қорғаншылық органдары өз құзыретi шегiнде 19-баптың 1-тармағында аталған кәмелетке толмағандармен, егер олар жетiм болса немесе ата-аналарының және басқа заңды өкiлдерiнiң қамқорлығынсыз қалса, жеке профилактикасы шараларын жүргiзуге қатысады.
3-тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөніндегі қызметті ұйымдастыру
19-бап. Жеке профилактикасы шаралары
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жеке профилактикасы шаралары:
1) қадағалаусыз және панасыз қалған;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) арнаулы бiлім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында ұсталатын кәмелетке толмағандарға және олардың түлектеріне, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын;
3) адамның психикикасына дене мүшесi функциялары мен мiнез-құлқына керi әсерiн тигiзетiн алкогольдік ішімдіктерді, есiрткi құралдарын, психотроптық және өзге де күштi әсер ететiн заттарды шамадан тыс пайдаланатын;
4) дәлелсiз себептермен жалпы білім беретiн оқу орындарына бармайтын;
2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) өздеріне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған;
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, сондай-ақ әкімшілік жауаптылықтан немесе тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданыла отырып, тағайындалған әкімшілік жазаны орындаудан босатылған;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде, оның ішінде рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде босатылған;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына байланысты немесе психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуының кешеуiлдеуi салдарынан қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi бар іс-әрекеттер жасаған;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) күзетпен қамауға алуға байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдап алынған, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған немесе күдiктi болған;
9) жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған;
10) жазасын өтеу кейiнге қалдырылған немесе үкiмнiң орындалуы кейiнге қалдырылған;
11) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнен босатылған;
12) ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн сотталған және сот тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жазадан босатқан;
13) шартты түрде, қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына, бас бостандығынан айыруға байланысты емес өзге де жазалау шараларына сотталған кәмелетке толмағандарға қатысты жүргiзiледi.
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Егер кәмелетке толмағандардың ата-аналары, басқа да заңды өкiлдерi оларды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз мiндеттерiн орындамаса, олардың мiнез-құлқына терiс әсер етсе, оларға қатысты, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты да жеке профилактикасы шаралары жүргiзiледi.
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары
1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары олардың тарапынан жаңа құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, сондай-ақ оларды жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою мақсатында кәмелетке толмағандардың құқықтық санасына және мінез-құлқына мақсатты түрде жүйелі әсер ету үшін қолданылады.
2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары:
1) профилактикалық әңгімелесу;
2) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс;
3) профилактикалық есепке алу және бақылау;
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу;
5) тәрбиелік ықпал ету шаралары;
6) қорғау нұсқамасы;
7) әкімшілік жаза қолдану;
8) сот үкімі бойынша қабылданатын шаралар болып табылады.
3. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары осы шаралар қолданылатын кәмелетке толмағандардың жеке ерекшеліктері және олар жасаған құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейі ескеріле отырып айқындалады.
4. Мүдделі адамдар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын қолдану туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
5. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
6. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын есепке алу орталық атқарушы органдар белгілеген тәртіппен олардың құзыреті шегінде жүзеге асырылады.
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 19-2-баппен толықтырылды
19-2-бап. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негіздер
1. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын қолдануға мына мән-жайлардың бірі:
1) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе өтініштері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
2) құқық бұзушылық жасау не жасауға әрекет ету фактісін ішкі істер органы қызметкерінің тікелей анықтауы;
3) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін өзі басқару органдарынан түскен материалдар негіз болып табылады.
2. Құқық бұзушылық жасау туралы немесе оны жасау қатері туралы өтініштер мен хабарламаларды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 19-3-баппен толықтырылды
19-3-бап. Профилактикалық әңгімелесу
1. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері құқыққа қарсы мінез-құлықтың себептері мен жағдайларын анықтау, құқық бұзушылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарларын түсіндіру және заңға мойынсынушылық мінез-құлықтың қажеттігіне сендіру болып табылады.
2. Профилактикалық әңгімелесуді құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану құзыретіне жататын кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің мемелекеттік органы мен мекемесінің өкілі құқық бұзушылық жасаған немесе оған қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негіз бар адаммен өткізеді.
3. Профилактикалық әңгімелесу кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі мемлекеттік органдарының қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ тұратын жері, оқуы, жұмыс орны бойынша не тікелей құқық бұзушылық анықталған жерде өткізіледі және оның ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс.
4. Профилактикалық әңгімелесу өткізілетін кәмелетке толмаған адамға құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтату қажеттілігі туралы ескертіледі.
5. Кәмелетке толмаған адаммен профилактикалық әңгімелесу оның ата-анасының, педагогтарының немесе басқа да заңды өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 19-4-баппен толықтырылды
19-4-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс
1. Құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар анықталған жағдайда кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің мемлекеттік органдары тиісті ұйымның басшысына немесе лауазымды адамына оларды жою туралы ұсыныс жібереді.
2. Тиісті ұйымның басшысы немесе лауазымды адамы ұсынысты алған күннен бастап бір ай мерзім ішінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің мемлекеттік органдарына ұсынысты қарау нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы жазбаша түрде ақпарат беруге міндетті.
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 19-5-баппен толықтырылды; 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 19-5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 19-5-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-5-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау
1. Профилактикалық есепке алу кәмелетке толмағандардың, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-анасының, заңды өкілдерінің мінез-құлқына профилактикалық бақылауды жүзеге асыру мақсатында ақпаратты жинау және тіркеу үшін жүргізіледі.
2. Профилактикалық есепке:
1) өздеріне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған;
2) өздеріне қатысты бос уақытын шектеу және мінез-құлыққа ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған;
3) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар, қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына байланысты қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын іс-әрекеттер жасаған;
4) өздеріне қатысты қамаққа алумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдап алынған, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп айыпталған немесе күдік келтірілген;
5) жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған;
6) шартты түрде сотталған, қоғамдық жұмыстарға тартылуға сотталған, түзету жұмыстарына, бас бостандығынан айырумен байланысты емес өзге де жаза түрлеріне сотталған;
7) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнен босатылған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарының түлектері қойылады.
3. Профилактикалық есепке кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-анасы, заңды өкілдері қойылады.
4. Профилактикалық есепке алуды ішкі істер органдары жүргізеді.
5. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандардың, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-анасының, заңды өкілдерінің мінез-құлқын жүйелі түрде байқауды қамтиды.
6. Мүдделі тұлғалар профилактикалық есепке қоюға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
7. Ішкі істер органдары кәмелетке толмаған адамды, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ оның мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмаған адамның ата-анасын, заңды өкілін профилактикалық есепке қою туралы шешім шығарылған күні не соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде профилактикалық есепке қойылғаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
8. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепке алу қолданылатын мерзім ішінде жүзеге асырылады. Профилактикалық бақылау қолданылатын мерзім өткеннен кейін адам профилактикалық есептен шығарылып, бұл жөнінде жазбаша нысанда хабардар етіледі.
9. Профилактикалық есепке алуда қамтылатын мәліметтер тек қана кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі міндеттерді шешу шегінде пайдаланылуы мүмкін.
10. Профилактикалық есепке алуды жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
20-бап. Жеке профилактикасы шараларын жүргiзудiң негiздерi
Егер осы Заңның 19-бабында көзделген мән-жайлар мынадай құжаттарда:
1) соттың үкімінде, ұйғарымында немесе қаулысында;
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, прокурордың, тергеушінің, анықтау органының қаулысында;
3) шағымдарды, өтiнiштердi немесе басқа да хабарларды тексерудiң нәтижелерi бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесi органының немесе мекемесiнiң басшысы бекiткен қорытындыда;
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) кәмелетке толмағанның не оның ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасын жүзеге асыратын органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың құзыретiне қатысты мәселелер бойынша оларға көмек көрсету туралы өтiнiштерiнде ресми көрсетiлген болса, олар кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты жеке профилактикасы шараларын жүргiзудiң негiздерi болып табылады.
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Жеке профилактикасы шаралары жүргiзу мерзiмдерi
Кәмелетке толмағандарға олардың ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты жеке профилактикасы шаралары кәмелетке толмағандарға әлеуметтiк және өзге де көмек көрсету үшiн қажеттi мерзiмде немесе кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекет жасауына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жойғанға дейiн немесе олар он сегiз жасқа толғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да мән-жайлар туындағанға дейiн жүргізiледi.
2009.10.07. № 176-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Өздерiне қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдардың құқықтары
1. Өздерiне қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын кәмелетке толмағандар, олардың ата-аналары немесе заңды өкiлдерi, сондай-ақ өзге де адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде кепiлдiк берiлген құқықтармен және бостандықтармен қамтамасыз етiледi.
2. Арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарында және Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарында ұсталушы кәмелетке толмағандардың осы баптың 1-тармағында аталған құқықтармен қатар, белгiленген тәртiппен:
1) өздерінің арнаулы мекемелер мен ұйымдарға орналастырылғандары туралы ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне хабарлауға;
2) кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесi органдары мен мекемелерiнiң қызметкерлерi қабылдаған шешiмдерге аталған жүйенiң жоғары тұрған органдарына, сондай-ақ прокуратура органдарына, сотқа шағымдануға;