2. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты сақтанушы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға арналған хабарламаны ұсынған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.
3. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдері жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты есебінен жүзеге асырылады, ол бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген сақтандыру тарифінің негізінде айқындалады.
4. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартына қойылатын талаптарда және сақтандырушының жасалатын зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен белгілейді.
2023.21.12. № 49-VIII ҚР Заңымен 23-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
23-2-бап. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруды ұйымдастыру
1. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 195-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде жұмыскердің зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін алуға құқығы болады.
2. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі жүгінген күннен бастап жүзеге асырылады.
Өтініштің және қажетті құжаттардың тіркелген күні немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға келісім алынған күн зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға жүгінген күн болып есептеледі.
3. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері ай сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын құрайды.
Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып жүзеге асырылады.
4. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі оны алушы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады.
5. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін ұйымдастыру және жүзеге асыру Мемлекеттік корпорация арқылы жүргізіледі.
6. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемін ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін Мемлекеттік корпорацияның көрсететін қызметтеріне ақы төлеу уәкілетті органның қаражаты есебінен жүргізіледі.
7. Зейнеткерлік алдындағы аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
24-бап. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн анықтауға куәландырудың тәртібі
1. Қызметкердiң (қызметкерлердiң) еңбекке қабiлеттiлiгiнен бір күннен артық айрылуына әкеп соқтыратын әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жазатайым оқиға туралы актiмен ресiмделедi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн айқындауға куәландыруды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi сақтанушының, сақтандырушының не қызметкердiң өтiнiшi бойынша немесе сот шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзедi. Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы және жазатайым оқиға туралы акт куәландыру үшін негiз болып табылады.
Қызметкердi жазатайым оқиға немесе кәсiптiк ауру салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн айқындауға куәландыру, сондай-ақ қосымша көмек пен күтiм түрлерiне мұқтаждықты айқындау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Кәсiптiк аурулар тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды
24-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):
талаптарын көрсетіп және өзінің талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жіберуге не жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып реттеу үшін өтінішті сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
25-бап. Дауларды шешу
Осы Заңды орындау бойынша қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру субъектiлерi арасында туындаған даулардың бәрi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
26-бап. 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
27-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi | |
Н. Назарбаев
Астана қ., 2005 жылғы ақпанның 7-сі.
№ 30-III ҚРЗ