3) мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адамның қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберілген кезде растау құжаттары мен материалдар ретінде коллекторлық қызмет құпиясын қамтитын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы коллекторлық қызмет құпиясын ашу болып табылмайды.
Коллекторлық қызметтің құпиясы банк омбудсманына оның қарауында жатқан, жеке тұлғалардың ол бойынша міндеттемелер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 3 және 4-тармақтарында немесе «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғаға берілген банктік қарыз шартынан немесе микрокредит беру ту- ралы шарттан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі жүгінулері бойынша ашылуы мүмкін.
6. Осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарының негізінде Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтерге қол жеткізген коллекторлық агенттіктер, сондай-ақ өзге де тұлғалар көрсетілген мәлiметтердi жария еткенi немесе заңсыз пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
12-бап. Коллекторлық агенттіктің жұмыскерлеріне қойылатын талаптар
1. Атқарушы органның (алқалы және (немесе) жеке-дара) бірінші басшысы және мүшелері, байқаушы кеңестің (бар болған жағдайда) бірінші басшысы және мүшелері, бас бухгалтер коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскерлері болып танылады.
2. Мынадай:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие емес;
2) жоғары білімі жоқ;
3) жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларында, құқық және бухгалтерлік есепке алу саласында, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес айқындалған төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен кредиттік бюролар қызметінде жұмыс тәжірибесі жоқ (тиісті жұмыс өтілі жұмысқа қабылданған күні кемінде бір жыл болуға тиіс);
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) бұдан бұрын, уәкілетті орган коллекторлық агенттікті осы Заңның 9-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін үш жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болып табылған;
6) өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы жұмыскерінің лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
7) бұдан бұрын, уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оны консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген- ге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлғасы, ірі қатысушысының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің - заңды тұлғасының басшысы болып табылған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері бола алмайды.
Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оны консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру тура- лы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;
8) бұдан бұрын, қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) - заңды тұлғасының - эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) - жеке тұлғасы, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері бола алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән- жайлар туындаған кезден бастап бес жыл ішінде қолданылады;
9) психологиялық-неврологиялық, туберкулездік, наркологиялық диспансерлерде есепте тұрған;
10) егер босатылған күнінен бері үш жыл өтпесе, мемлекеттік қызметтен немесе арнаулы және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатылған;
11) бұрын өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексерулер нысанында бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияларды орындаған не өзінің құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты болған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері бола алмайды. Көрсетілген талап адам мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде қолданылады;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) осы Заңның 5-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін коллекторлық агенттіктен босатылған;
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
13) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері бола алмайды.
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасайтын коллекторлық агенттіктің басшы қызметкерінің, жұмыскерінің бір мезгілде басқа коллекторлық агенттікпен еңбек және өзге де қатынастарда болуына тыйым салынады.
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы баптың 2-тармағының 1), 3), 5), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін, сондай- ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі жоқ коллекторлық агенттік жұмыскерлері борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасасуға жіберілмейді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімінің бар-жоғына қойылатын талаптар коллекторлық агенттіктің борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғалармен телефонмен сөйлесулер арқылы өзара іс-қимыл жасайтын жұмыскерлеріне қатысты қолданылмайды.
13-бап. Құжаттарды сақтау
Коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.
3-тарау. КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІКТІҢ, БОРЫШКЕРДІҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОНЫҢ ӨКІЛІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
14-бап. Коллекторлық агенттіктің құқықтары
Коллекторлық агенттік:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) коллекторлық қызметті кредитормен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде және осы Заңның, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асыруға;
2) берешекке байланысты ақпаратты жинауды жүзеге асыруға, оның ішінде берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттар бойынша кредитордан құжаттар (түпнұсқалары мен көшірмелерін), түсіндірмелер мен ақпарат алуға;
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, өзі бойынша құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттік кредитордан алған кепiлге салынған мүлiкке сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға;
4) егер кредитор берешекті өндіріп алу туралы шарттың талаптарын бұзған, борышкер мен оның берешегі туралы құжаттардың (түпнұсқалары мен көшірмелерін), ақпараттың берілуін қамтамасыз етпеген, анық емес деректер ұсынған жағдайларда, берешекті өндіріп алу туралы шартты орындаудан бас тартуға;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) кредитор «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасында жəне «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген талаптарды сақтаған жағдайда жеке тұлғаның банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарты бойынша кредитормен талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасуға;
6) тиісті өкілеттіктері болған кезде сотта және атқарушылық іс жүргізуде кредитордың өкілі ретінде әрекет етуге;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) борышкермен жасалған банктік қарыз шартында (микрокредит беру туралы шартта) осындай талап болған кезде борышкердің тұрған жері жəне (немесе) байланыс деректері туралы ақпаратты үшінші тұлғалардан сұратуға;
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде сервистік компания ретінде әрекет етуге құқылы.
Коллекторлық агенттік сенімгерлік басқару шарты шеңберінде:
тараптардың келісімі бойынша өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлға берген өкілеттіктер шеңберінде банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге құқылы. Банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қарыз алушы үшін жақсартылған жағдайларда, оларды біржақты тәртіппен өзгертуге жол беріледі;
өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта, оның ішінде берешекті өндіріп алу және (немесе) кепіл затына өндіріп алуды қолдану процесінде, білдіруге;
борышкерден өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүддесі үшін берешекті өтеу есебіне қолма-қол емес нысандағы ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, кейіннен осындай ақшаны және (немесе) осындай мүлікті оның пайдасына бере отырып, қабылдауға;
бағалаушылардың, аудиторлардың, заңгерлердің және өзге де консультанттардың көрсетілетін қызметтерін пайдалануға құқылы.
Сервистік компания ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттікке сыйақыны, сондай-ақ сенімгерлік басқарумен байланысты шығыстарды банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарға (талаптарға) ие болған тұлға сенімгерлік басқару шартының талаптарына сәйкес төлейді (өтейді);
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, берешекті өндіріп алу туралы шартта және (немесе) құқықты (талапты) басқаға беру шартында және (немесе) сенімгерлік басқару шартында белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
15-бап. Коллекторлық агенттіктің мiндеттерi
1. Коллекторлық агенттік:
1) екі жұмыс күні ішінде өзінің борышкермен үлестес екендігі, осындай үлестестіктің негіздері туралы, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің шарттық міндеттемелерді орындауына ықпал ететін немесе ықпал ете алатын және (немесе) коллекторлық агенттіктің жеке мүддесі мен кредитордың заңды мүдделері арасында қайшылықтың туындауына не кредитордың заңды мүдделеріне, оның ішінде борышкердің кредитор алдындағы өз міндеттемелерін орындамауына коллекторлық агенттіктің тікелей немесе жанама түрде мүдделі болуы салдарынан қысым жасалуына алып келуі мүмкін өзге де мән-жайлар туралы ақпаратты кредитордың назарына жеткізуге;
2) тұрған жерi не атауы өзгерген жағдайларда, осындай өзгерiстер болған күннен бастап күнтiзбелiк үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге және өзінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi ақпарат орналастыруға;
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланыс жасауға арналған телефон нөмірлері өзгерген жағдайларда, осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органды хабардар етуге;
3) коллекторлық қызмет құпиясын сақтауға;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) кредитор банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға берген кезде коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеуі мəселелері жөніндегі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сəйкес борышкер - жеке тұлғаның берешегін реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға;
4) айына бір реттен асырмай, борышкердің және (немесе) оның өкілінің жүгінуі бойынша, жүгіну алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, алынған құқықтар (талап етулер) бойынша негізгі борыштың, сыйақының, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының қалдығы туралы мәліметтерді жазбаша нысанда өтеусіз беруге;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттік сатып алған банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешек толық өтелгеннен кейін ұсынылған борышкердің немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өтеусіз негізде берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы жазбаша нысанда бір рет беруге;
5) кредитордан, борышкерден және үшінші тұлғалардан алынатын құжаттар мен ақпараттың сақталуын, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес борышкердің және (немесе) оның өкілінің және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалардың дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге;
6) өзінің интернет-ресурсына ие болуға;
7) кредитор банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талап етулерді) басқаға берген кезде борышкерден мұндай шартта көзделмеген өзге комиссиялар мен төлемдердің алынуына жол бермеуге;
8) кредитор банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талап етулерді) басқаға бер- ген кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитор мен борышкердің банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына, сондай-ақ бастапқы кредитор мен борышкер арасында жасасылған осындай шартқа қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтауға;
9) қызметті автоматтандыру және берешекті есепке алу, сондай- ақ борышкермен өзара іс-қимыл жасасу процесін коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) тұрған жеріндегі үй- жайларында аудио- немесе бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеу үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға ие болуға;
10) мемлекеттік кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасуға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде және тәртіппен, сондай-ақ нысанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілік ұсынуға;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) талап ету құқығын басқаға беру шарттары бойынша мәліметтерді өзінің тұрған жеріндегі мемлекеттік кіріс органдарына салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрмей ұсынуға;
12) уәкілетті орган анықтаған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда
13) коллекторлық агенттіктің құрылтайшылары (қатысушылары), басшы қызметкерлері, борышкерлермен жəне (немесе) олардың өкілдерімен жəне (немесе) кредитормен банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелерге байланысты үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайтын жұмыскерлері туралы, сондай-ақ филиалдары жəне (немесе) өкілдіктері туралы мəліметтер өзгерген жағдайларда уəкілетті органды осындай өзгерістер болған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге;
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді
14) борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасасу процесін аудио- немесе аудиотіркеуі бар бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге және аудио- және (немесе) бейнежазба материалдарын борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасасқан күннен бастап алты ай бойы сақтауға;
15) уәкілетті органға оның сұрау салуы негізінде, оның ішінде борышкерлер мен кредиторлардың келіп түскен шағымдары бойынша мәліметтер, құжаттар мен аудио- және (немесе) бейнежазба (бар болған жағдайда) материалдарын беруге;
16) борышкермен жеке кездесулер арқылы өзара іс-қимыл жасасу кезінде борышкердің тұрғылықты жері бойынша не тұрған жері, не тіркелген жері бойынша, не борышкердің тұрғылықты жері не тұрған жері немесе тіркелген жері болып табылатын елді мекені жайласқан облыстардың әкімшілік орталықтарында филиалдың немесе өкілдіктің болуын қамтамасыз етуге;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
16-1) борышкер - жеке тұлғаның жəне (немесе) оның өкілінің талап етуі бойынша оларды (оны) осы Заңның 16-бабында көзделген құқықтарымен жəне міндеттерімен таныстыруға;
17) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының бірінші абзацында және 4-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацында көрсетілген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасу кезінде көрсетілген баптың талаптарын бұзған жұмыскердің өкілеттіктерін тоқтату бойынша, оның ішінде уәкілетті орган көрсетілген жұмыскерді шеттету туралы талап қойған жағдайда да шаралар қабылдауға, сондай-ақ босатылған жұмыскер туралы ақпаратты босату күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға беруге;
18) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтер ұсынуға;
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды
18-1) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитор мен борышкердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтауға;
19) осы Заңның 5-бабында көзделген коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын және осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Коллекторлық агенттіктер коллекторлық қызметке мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мақсатында өзінің қызметі туралы уәкілетті орган сұратқан ақпарат пен мәліметтерді береді.
Коллекторлық агенттіктің ақпаратты бермеуі, уақтылы бермеуі немесе Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпаратты беруі, анық емес ақпаратты беруі, есептілікті ұсыну мерзімін бұзуы, анық емес, сол сияқты толық емес есептілікті не көрінеу анық емес мәліметтерді ұсынуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
16-бап. Борышкердің және (немесе) оның өкілінің құқықтары мен міндеттері
1. Борышкер және (немесе) оның өкілі:
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) кредитордан, коллекторлық агенттікпен сенімгерлік басқару шартын жасасқан тұлғадан, берешек бойынша борышкерге талап қою құқығы бар коллекторлық агенттіктен коллекторлық агенттік, оның орналасқан жері, коллекторлық агенттікте борышкердің дербес деректерінің болуы, берешектің мөлшері мен құрылымы туралы мәліметтер алуға;
2) коллекторлық агенттіктің талаптарына толығымен, сондай- ақ оның бір бөлігіне, оның ішінде сотта дау айтуға;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) берешекті осы Заңның 6 жəне 6-1-баптарында көзделген тəртіппен реттеуге;
4) өзінің берешегі туралы ақпарат алу үшін коллекторлық агенттікпен осы Заңның 5-бабында көзделген кез келген тәсілмен өзара іс-қимыл жасасуға;
5) коллекторлық агенттіктің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасап, уәкілетті органға жүгінуге;
6) берешегі толық өтелген кезде кредитор алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама алу үшін мемлекеттік кредит бюросына және (немесе) кредиторға жүгінуге;
7) коллекторлық агенттіктің жұмыскерлерімен өзара іс- қимыл жасасу процесін аудио- және (немесе) бейнетехника құралдарының көмегімен өзі дербес тіркеуге;