3. Шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне сақтандырылған тұлғаның заң көмегін көрсету кезінде жол берген кәсіптік қателіктері салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады.
Осы тараудың мақсаттары үшін кәсіптік қателіктер деп мыналар:
1) процестік мерзімдерді өткізіп алу;
2) құжаттарды дұрыс рәсімдемеу;
3) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін тұлғаға өзіне зиян келтіруге алып келген, жасалатын заңдық әрекеттердің салдары туралы хабарламау;
4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі;
5) сақтандырылған тұлғаның заң көмегін көрсету процесінде өзіне мәлім болған мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария етуі түсініледі.
Заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартында сақтандырылған тұлғаның осындай көмек көрсетуі нәтижесінде шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне зиян келтіруге алып келген өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) айқындалуы мүмкін.
4. Егер шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға келтірілген зиян сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) кәсіптік міндеттерді абайсыз бұзуының салдары болып табылса, сақтандыру жағдайы басталған болып есептеледі.
5. Заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарымен айқындалады және республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында қызметін жүзеге асыратын заң консультанттары үшін - заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты жасалған күнге тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір мың еселенген, өзге заң консультанттары үшін - кемінде бес жүз еселенген мөлшерін құрауға тиіс.
Заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың тәртібі мен өзге де талаптары заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 77-1-баптармен толықтырылды
77-1-бап. Заң консультантының көмекшілері
1. Заң консультанттарының көмекшілері болуы мүмкін.
2. Заң консультантының көмекшілері еңбек шарты негізінде жұмыс істей алады.
Заң консультанттарының көмекшілері заң консультантының нұсқауы бойынша және жауапкершілігімен оның тапсырмаларын орындауға құқылы.
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 77-2-баптармен толықтырылды
77-2-бап. Заң консультантының құпиясы
1. Заң консультантына жүгіну фактісі, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғамен және басқа да адамдармен ауызша және жазбаша келіссөздердің мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүддесінде қабылданатын әрекеттердің сипаты мен нәтижелері туралы мәліметтер заң консультантының құпиясын құрайды.
2. Заң консультанттары, олардың көмекшілері, заң консультанттары палаталарының және олардың органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ заң консультантының мәртебесінен айырылған адам заң көмегін көрсетуге байланысты және (немесе) өзінің кәсіптік қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған қандай да бір мәліметтерді жария етуге, сондай-ақ өз мүддесінде немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде пайдалануға құқылы емес.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, заң консультантының құпиясына жататын мәліметтерді көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның келісуінсіз жария еткені үшін осы баптың 2-тармағында аталған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтер мен ақпарат ұсыну заң консультантының құпиясын жария ету болып табылмайды.
5. Кәсіптік құпияны сақтау міндеті уақытпен шектелмейді.
6. Заң консультанттары, олардың көмекшілері, заң консультанттары палаталарының және олардың органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ заң консультанты мәртебесінен айырылған адам кәсіптік құпияны сақтау, оның ішінде оны санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау үшін қажетті шаралар қабылдауға міндетті.
6-тарау. ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
78-бап. Заң консультанттары палатасы
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде екі жүз заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым заң консультанттары палатасы болып танылады.
2. Заң консультанттары палатасының қызметі «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ заң консультанттары палатасының жарғысымен, қағидаларымен және стандарттарымен реттеледі.
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 78-1-баппен толықтырылды
78-1-бап. Республикалық заң консультанттары алқасы
1. Республикалық заң консультанттары алқасы - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінің атынан өкілдік ететін заң консультанттары палаталарының ерікті мүшелігіне негізделген, қызметі мен өкілеттіктері осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында, алқа жарғысында айқындалатын және өзінің мүшелері болып табылатын заң консультанттары палаталарына қатысты және олардың мүдделерінде жүзеге асырылатын коммерциялық емес ұйым.
Республикалық заң консультанттары алқасын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінің атынан өкілдік ететін заң консультанттары палаталары өкілдерінің құрылтай съезі құрады.
2. Мыналар:
1) жоғары басқару органы - заң консультанттары палаталары өкілдерінің съезі;
2) тұрақты негізде жұмыс істейтін атқарушы басқару органы - төраға басқаратын басқарма;
3) қаржылық-шаруашылық қызметті ішкі бақылау органы - ревизиялық комиссия (ревизор) Республикалық заң консультанттары алқасының басқару органдары болып табылады.
3. Республикалық заң консультанттары алқасы:
1) заң консультанттары палаталарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда заң консультанттары палаталарының мүдделерін білдіреді;
3) заң көмегі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және әдістемелік материалдар әзірлейді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады.
4. Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады. Бұл ретте дәл сол бір адам алқа төрағасының лауазымын қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды.
5. Республикалық заң консультанттары алқасы төрағасының өкілеттіктері алқаның жарғысында айқындалады.
6-тармақтың қолданысы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңының 2-бабаның редакциясында қолданылады
6. Республикалық заң консультанттары алқасының съезі Республикалық заң консультанттары алқасының жалпы мұқтаждықтарына заң консультанттарының палаталары аударатын ай сайынғы жарналардың мөлшері мен жүзеге асырылу тәртібін айқындайды, бұл ретте жарналардың мөлшері әрбір заң консультанты үшін есептелуге және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде бір айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс.
Заң консультанты «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабына сәйкес заң консультанттары палатасына мүшелік жарна төлеуден босатылған жағдайда, ол үшін Республикалық заң консультанттары алқасына жарнаның мөлшері есептелмейді. Заң консультанты «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабына сәйкес белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде жарна төлеген кезде, ол үшін Республикалық заң консультанттары алқасына ай сайынғы жарнаның мөлшері белгіленген жарнаның елу пайызы мөлшерінде есептеледі.
7. Республикалық заң консультанттары алқасының басқармасы барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпаратты қамтитын, Республикалық заң консультанттары алқасының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы жылдық есепті жасайды және оны Республикалық заң консультанттары алқасының интернет-ресурсында орналастырады.
8. Республикалық заң консультанттары алқасының ревизиялық комиссиясы (ревизоры) Республикалық заң консультанттары алқасының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы жылдық есепті тексеруді жүргізеді және оның нәтижелерін Республикалық заң консультанттары алқасының интернет-ресурсында орналастырады.
79-бап. Заң консультанттары палатасының жарғысы
Заң консультанттары палатасының жарғысы палатаның уәкілетті орган бекітетін үлгілік жарғысы негізінде әзірленеді.
80-бап. Заң консультанттары палатасының функциялары
Заң консультанттары палатасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) кәсіптік мінез-құлық қағидалары мен Кәсіптік әдеп кодексін белгілейді;
2) палата мүшелігіне қабылдау қағидалары мен шарттарын белгілейді;
3) уәкілетті органмен келісу бойынша заң көмегін көрсету стандарттарын, заң көмегі сапасының өлшемшарттарын белгілейді және палата мүшелерінің оларды орындауын қамтамасыз етеді;
4) палата мүшелері беретін деректер негізінде, құпиялылық туралы талаптарды сақтай отырып, палата мүшелері көрсететін заң кызметтерінің алдыңғы кезең үшін қалыптастырылатын орташа құны туралы жиынтық-талдамалық ақпарат соңғы орналастырылған күннен бастап осы ақпараттың жылына кемінде бір рет өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді;
5) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін белгілейді;
6) палатаның бекітілген стандарттарына сәйкес өз мүшелерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
7) заң консультанттары палатасының мүшелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
8) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда өз мүшелерінің мүдделерін білдіреді;
9) заң консультанттары палатасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) заң консультанттарының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;
10) осы Заңның, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнама сының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талап тарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасының мүшелерін жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарайды;
11) орта білімнен кейінгі, жоғары заң білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
12) практиканы қорытады және заң көмегін одан әрі жетілдіру мен дамыту жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлейді;
13) заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізеді;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) заң консультанттары үшін олардың қызметінің ерекшеліктері мен өзіндік ерекшелігін ескере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды
13-2) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпаратты бере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан заң консультанттарының қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізеді, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, заң консультанттары палатасының жарғысында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
81-бап. Заң консультанттары палатасының құқықтары мен міндеттері
Заң консультанттары палатасының құқықтары мен міндеттері «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Заң консультанттары палатасы тоқсан сайын уәкілетті органға заң консультанттары палатасына мүшелерді енгізу, мүшелікті тоқтата тұру және мүшеліктен шығару туралы ақпарат беруге міндетті.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 82-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
82-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелік
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету түрінде заң көмегін жүзеге асыратын адамдар үшін заң консультанттары палатасына мүшелік міндетті болып табылады.
83-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелікті алу және тоқтату шарттары мен тәртібі
1. Осы Заңның 75-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, сондай-ақ аттестаттаудан өткен жеке тұлға заң консультанттары палатасының мүшесі бола алады.
Заң консультанттары палатасы палата мүшелеріне қойылатын қосымша талаптарды көздеуі мүмкін.
Аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін кешенді тестілеу түрінде жүргізіледі.
Заң консультанттары палатасына кіру үшін аттестаттау жүргізу тәртібі мен шарттарын заң консультанттары палатасы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және заң консультанттары палатасы белгілеген кешенді тестілеудің шекті балын жинаған үміткер аттестаттаудан өткен болып есептеледі.
Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған не заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адам заң консультанты бола алмайды.
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;
2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар;
3) Қазақстан Республикасының заң мамандығы бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар;
4) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясы бар адамдар;
5) теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады.
2. Үміткер заң консультанттары палатасына кіру үшін:
1) жоғары заң білімі туралы құжатты;
2) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының жоқтығы туралы анықтаманы;
3) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар екенін растайтын құжаттарды;
4) аттестаттау нәтижелерін ұсынады.
Заң консультанты бір мезгілде осы Заңның талаптарына сәйкес келетін бір ғана заң консультанттары палатасының мүшесі бола алады.
3. Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы адамның осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешімді мұндай адамнан өтініш пен қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
3-тармақтың екінші бөлігінің бірінші сөйлемі 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2020 ж. 1 қаңтарға дейін осы сөйлем осы Заңның 98-бабының редакциясында қолданылды
Өзіне қатысты осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешім қабылданған адам заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылданған болып есептеледі және осындай адам туралы мәліметтер мұндай адам заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізіледі. Осындай адамға ол туралы мәліметтер заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде заң консультанттары палатасына толық мүшелігін растайтын құжат беріледі.
4. Адамды заң консультанттары палатасының мүшелігіне қабылдаудан бас тартуға мыналар:
1) адамның осы баптың талаптарына сәйкес келмеуі;
2) адамды Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен шығару, егер шығарылған күннен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, негіз болып табылады.
Заң консультанттары палатасының заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту туралы шешіміне уәкілетті органға шағым жасалуы мүмкін.
Дау реттелмеген кезде, уәкілетті органның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
5. Заң консультанттары палатасына мүшелікті заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы:
1) заң консультанттары палатасына мүшеліктен шығу туралы заң консультантының өтініші негізінде;
2) жарғыда көзделген негіздер бойынша тоқтатады.
6. Адамның заң консультанттары палатасына мүшелігі көрсетілген палатаға оған қатысты шағым түскен жағдайда, егер заң консультанттары палатасының мүшесіне қатысты тексеру жүргізілсе немесе тәртіптік ықпал ету шарасын қолдану туралы іс қаралып жатса - тексеру аяқталғанға дейін, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда тәртіптік комиссия бұзушылық және тәртіптік жазалау шарасын қолдану туралы істі қарап біткенге дейін тоқтатылмайды.
7. Заң консультанттары палатасы мүшесінің қайтыс болғанын растайтын ақпарат заң консультанттары палатасына келіп түскен жағдайда, заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне заң консультанттары палатасына мүшелікті тоқтату туралы жазба енгізіледі.
8. Өзіне қатысты заң консультанттары палатасына мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылданған адам өз клиенттерін заң консультанттары палатасына өз мүшелігінің тоқтатылу фактісі туралы хабардар етуге міндетті.
9. Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы заң консультантының заң консультанттары палатасына мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей, заң консультанттары палатасы осындай шешімді заң консультанттары палатасының интернет-ресурсында орналастыруға, сондай-ақ осындай шешімнің көшірмесін:
1) өзіне қатысты заң консультанттары палатасында мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылданған адамға;
2) егер адамды заң консультанттары палатасына мүшеліктен шығару оның Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғанына байланысты болса, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген барлық өзін-өзі реттейтін ұйымдарға;
3) уәкілетті органға жіберуге міндетті.
84-бап. Заң консультанттары палатасының басқару органдары
Мыналар:
1) заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы;
2) алқалы басқару органы;
3) атқарушы басқару органы;
4) бақылау органы (ревизиялық комиссия) заң консультанттары палатасының басқару органдары болып табылады.
Заң консультанттары палатасында «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мамандандырылған органдар құрылуы мүмкін.
85-бап. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы
1. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы заң консультанттары палатасының жоғары басқару органы болып табылады.
2. Заң консультанттары палатасы мүшелері жалпы жиналысының құзыреті және оның қызмет ету тәртібі «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады.
Заң консультанттары палатасының жарғысында заң консультанттары палатасы мүшелері жалпы жиналысының өзге өкілеттіктері де көзделуі мүмкін.
86-бап. Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы мен атқарушы басқару органы
Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы мен атқарушы басқару органының құзыреті, құрылу және қызмет ету тәртібі «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, және заң консультанттары палатасының жарғысында айқындалады.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 86-1-баппен толықтырылды
86-1-бап. Заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу
1. Заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
2. Заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
3. Заң консультанты көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібі уәкілетті орган бекітетін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу қағидаларында белгіленеді.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне, іссапар, көлік шығыстарына ақы төлеу және оның құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты басқа да шығыстарын өтеу соттардың ұйғарымдары бойынша жүргізіледі.
87-бап. Заң консультанттары палатасының ревизиялық комиссиясы
1. Заң консультанттары палатасының ревизиялық комиссиясы заң консультанттары палатасының қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын заң консультанттары палатасының органы болып табылады.
2. Ревизиялық комиссия заң консультанттары палатасының мүшелері қатарынан құрылуы мүмкін. Заң консультанттары палатасының алқалы және атқарушы басқару органдарының мүшелері ревизиялық комиссияның құрамына кіре алмайды.
Ревизиялық комиссияның құзыреті және қызмет ету тәртібі «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заң консультанттары палатасының жарғысында айқындалады.
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 88-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
88-бап. Заң консультанттары палатасының жарналары
Заң консультанттары палатасында жыл сайынғы мүшелік жарналар белгіленеді.
Жыл сайынғы мүшелік жарналардың мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген мөлшерінен кем болмауға және жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Жүктілігі және босануы бойынша не бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде заң консультанттары және еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам кәсіптік қызметті жүзеге асырмаған заң консультанттары мүшелік жарна төлеуден босатылады.
Кәсіптік қызметін ауылдық елді мекендерде жүзеге асыратын не бір жылдан аз кәсіптік қызмет өтілі бар заң консультанттары мүшелік жарналарды белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде төлейді.