Эмитент бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қатарынан ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілін таңдауды дербес жүзеге асырады.
Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі эмитенттің аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.
2. Эмитент пен ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі арасында жасалған ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың тәртібі мен мән-жайлары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) эмитенттің ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде белгіленген, ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындауын бақылайды;
2) қаржыландыру объектілерінің ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес келуін бақылайды;
3) ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар қабылдайды;
4) ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен сатып алынған мүлікке, ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен қаржыландыру жөніндегі мәмілені жүзеге асыру бөлігінде эмитенттің қаржылық есептілігіне, сондай-ақ көрсетілген қаражат активтеріне инвестицияланған заңды тұлғаларға мониторингті жүзеге асырады;
5) исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде, егер бұл оларды шығару талаптарында көзделген болса, ислам арнайы қаржы компаниясының мүдделерін білдіреді;
6) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларына сәйкес ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға өзінің іс-әрекеттері туралы және осындай іс-әрекеттердің нәтижелері туралы хабарлайды.
4. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі:
1) ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін мән-жайларды анықтауға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларды аталған мән-жайлар туралы күнтізбелік үш күн ішінде хабардар етуге;
2) уәкілетті органға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен сатып алынған мүліктің жай-күйі туралы хабарлауға;
3) уәкілетті органды және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларды өкіл ретіндегі өз өкілеттіктерін тоқтатқаны туралы эмитентпен жасалған шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабардар етуге;
4) уәкілетті органға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға олардың сұратулары бойынша ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі ретінде өз қызметіне қатысты ақпарат пен құжаттар беруге;
5) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламауға міндетті.
5. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген функциялар мен міндеттерді орындау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
6-тарау. Туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының айналымы
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
33-бап. Туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау шарттары
1. Биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметін жүзеге асыруға сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның лицензиясы бар брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттармен тауар биржасындағы туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған брокерге және (немесе) дилерге тауар биржасында, нысанасы туынды қаржы құралдары болып табылатын, базалық активі тауар болып табылатын мәмілелерді қоспағанда, тауарлармен мәмілелер жасасуға (жасауға) тыйым салынады.
Тауар биржасында орталық контрагенттің қатысуынсыз мәміле жасалған жағдайда брокер және (немесе) дилер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген, тапсырма шартының нормалары қолданылатын брокерлік қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде тек қана клиенттің есебінен және тапсырмасы бойынша әрекет етеді.
3. Клиринг ұйымы, орталық депозитарий немесе қор биржасы орталық контрагент бола алады.
Қор биржасының уәкілетті органмен келісілген ішкі құжаттарында осы қор биржасының сауда жүйесінде мәмілелер жасасқан кезде орталық агенттің функцияларын өзге де ұйымдардың орындау мүмкіндігі көзделуі мүмкін.
4. Орталық контрагент қатыса отырып, туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары орталық контрагент болып табылатын клиринг ұйымының, орталық депозитарийдің, қор биржасының уәкілетті органмен келісілген ішкі құжаттарында белгіленеді.
5. Номиналды ұстаушылар туынды бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеуді және олар бойынша құқықтарды растауды осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау шарттары мен тәртiбi қор биржасының iшкi құжаттарында белгiленедi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
34-бап. Эмитенттердiң - Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активi болып табылатын депозитарийлiк қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Базалық активі аталған ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару және орналастыру арқылы Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының бағалы қағаздарын қайталама рынокта сатуды жоспарлаушы тұлға шығарылым туралы уәкілетті органды оның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активi болып табылатын депозитарийлiк қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымы орналастыру аяқталған күннен бастап бiр ай ішінде уәкiлеттi органға оның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген тәртiппен орналастырудың қорытындылары туралы есеп бередi.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Депозитарийлiк қолхаттар шығару ережесінде орталық депозитарийге және уәкілетті органға оның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес депозитарийлiк қолхаттарды ұстаушылар туралы ақпарат беру тәртібі болуға тиiс.
35-бап. Қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарын шығару
Қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарын шығарудың, орналастырудың, айналысқа салудың және өтеудiң, қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарын орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есеп берудiң талаптары мен тәртібі, сондай-ақ қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарының эмитент сақтауға тиiс талаптары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
7-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 36-бап өзгертілді; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара)
36-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу
1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тіркелуге жатады.
Номиналды ұстауға берілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда, номиналды ұстаушылар болып табылмайтын жеке және (немесе) заңды тұлғалар тараптары болып табылатын ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәміле бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркеледі.
Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәміле уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеледі.
Жасалуы нәтижесінде эмиссиялық бағалы қағаздар номиналды ұстауға (номиналды ұстаудан) ауыстырылатын эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәміле бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркеледі.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Тіркеуші (номиналды ұстаушы) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері жөнінде талап ету құқықтарын беруді тіркеуді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркеуді тіркеуші мәмілеге қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге қарсы бұйрықтары негізінде (біржақты мәмілені тіркеу жағдайында - мәмілеге қатысушының бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттар негізінде, қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қайта құрылымдауды және (немесе) қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелерді тіркеу жағдайында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген құжаттар негізінде) жүзеге асырады.
Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркеу:
1) бұйрық берген адамның өкілеттіктерін және бұйрық нысанының белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді;
2) бұйрықтың тіркелуін;
3) бұйрықта көрсетілген әрекеттерді жасау мүмкіндігін тексеруді;
4) бұйрықты орындаудан бас тартуға негіздер болмаған кезде онда көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыруды;
5) клиентке оның бұйрығының орындалғаны туралы есепті жіберуді қамтиды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бұйрықты орындаудан бас тартуға негіздер болған кезде тіркеуші клиентті бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
Егер осы мәмілені тіркеу үшін табыс етілген құжаттар осы Заңның және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің және (немесе) тіркеушінің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келмесе, тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерін жүргізу жүйесінде тіркеуден бас тартуға міндетті.
4. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу депоненттердің немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуге арналған тиісті бұйрықтарының не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Депонент бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрықты орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде депонент клиентінің бұйрығы негізінде ресімдейді.
Бір номиналды ұстаушының клиенттері арасында мәміле жасасу кезінде бағалы қағаздарға меншік құқықтарының ауысуын тіркеуді номиналды ұстаушы жүзеге асырады және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетіледі.
Әртүрлі номиналды ұстаушылардың клиенттері арасында мәміле жасасу кезінде бағалы қағаздарға меншік құқықтарының ауысуын тіркеу номиналды ұстаушылардың есепке алу жүйесінде кейіннен көрсетіле отырып, олардың жеке шоттары бойынша орталық депозитарийде жүзеге асырылады.
5. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу тәртібі орталық депозитарийдің және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында белгіленеді.
6. Бағалы қағаздар бойынша құқықтардың өзгертілуін немесе тоқтатылуын тіркеуді тіркеуші (номиналды ұстаушы) сот шешімі бойынша жүзеге асырады және орталық депозитарий Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті деректемелер қамтылған атқарушылық парақтың негізінде көрсетеді.
7. Орталық депозитарий, тіркеуші, номиналды ұстаушы осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген негіздер болмаған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттары (қосалқы шоттары) бойынша жазбаларды дербес енгізуге құқылы емес.
8. Тіркеуші (номиналды ұстаушы) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерін жүргізу жүйесінде (номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде) ашылған жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздар санын өзіндік есепке алу деректерін орталық депозитарийдің деректерімен салыстырып тексеруді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
9. Тіркеушінің (номиналды ұстаушының) жеке шоттар бойынша жазбалар енгізуіне негіз болып табылатын құжаттар (тіркелген тұлғаны сәйкестендіру құжаттарын қоспағанда) бес жыл бойы сақталуға тиіс.
10. Шетелдік бағалы қағаздарға немесе осы Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарға қатысты есепке алу ерекшеліктері және құқықтарды растау уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша, сондай-ақ, егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса, олардың біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізуі кезінде банктердің бағалы қағаздары бойынша құқықтарды тіркеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
37-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеу
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеудi тiркеушi (нақтылы ұстаушы) кепiл берушiнiң және кепiл ұстаушының кепiлге берiлетiн эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтары көрсетiле отырып жасалған сол мәмiленi тiркеу үшiн қажеттi барлық мәлiметтер бар бұйрығы негiзiнде жүзеге асырады.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеу құқықтары кепiлге берiлген, кепiл ұстаушының пайдасына кепiл берушiнiң шотындағы бағалы қағаздарға ауыртпалық салу және кепiл ұстаушыға оның пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салу туралы жазба жасалатын жеке шот ашу (бұл болмаған жағдайда) арқылы жүзеге асырылады. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң тоқтатылуына байланысты эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды кепiлге беру тоқтатылған жағдайда бағалы қағаздардан ауыртпалықты алып тастауды тipкeушi (нақтылы ұстаушы) мәмiлеге қатысушылардың қарсы бұйрықтары негiзiнде жүзеге асырады.
3. Кепiл берушi эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда мәмiленi тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, кепiлге берiлген затты өндiрiп алу арқылы кепiлдiң тоқтатылғанын растайтын құжаттар негізiнде жүзеге асырылады.
4. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кепiл құқықтарын тiркеудiң ерекшелiктерi ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногындағы осы бағалы қағаздармен мәмiле жасауға байланысты орталық депозитарийдiң және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.
2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен 37-1-баппен толықтырылды
37-1-бап. Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылатын болса, банктерді қайта ұйымдастыру кезінде кепіл затын ауыстыру және акциялар бойынша құқықтар кепілін тіркеу
1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде біріктірілетін банктің олар бойынша құқықтары кепіл заты болып табылатын акцияларына акционердің (кепіл беруші болып табылатын) меншік құқығы оған біріктіру жүзеге асырылатын банктің осы акцияларды сатып алуы негізі бойынша тоқтатылады.
2. Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылатын болса, біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылатын банктердің (кепіл беруші болып табылатын) акционерлеріне акцияларды орналастырған кезде, қайта ұйымдастырылатын банктердің акциялары бойынша құқықтар орналастырылатын акциялар бойынша құқықтарға ауыстырылады және қайта ұйымдастырылатын банктердің акциялары бойынша құқықтардың кепілі оларды қамтамасыз ету болып табылатын қайта ұйымдастырылатын банктердің (кепіл берушілер болып табылатын) акционерлерінің тиісті міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуде орналастырылатын акциялар бойынша құқықтарға кепіл құқығы қолданылады.
3. Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылатын болса, қайта ұйымдастырылатын банктердің акцияларымен және қайта ұйымдастыру процесінде орналастырылатын акциялармен әрекеттер кепіл ұстаушының келісімінсіз жасалады.
4. Егер қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылатына болса, банктер біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың акциялары бойынша құқықтар кепілін тіркеудің ерекшеліктері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара)
38-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде және (немесе) номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру жолымен жүзеге асырылады.
Үзінді көшірмені берудің талаптары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің және тіркеушінің ішкі құжаттарында белгіленеді.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Номиналды ұстаушы номиналды ұстау жүйесіндегі жеке шоттан үзіндіде көрсеткен бағалы қағаздардың саны, түрлері туралы мәліметтер номиналды ұстаушының орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жеке шоты (номиналды ұстаушы клиентінің қосалқы шоты) бойынша мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қамтылған мәліметтер басымдыққа ие болады.
Тіркелген тұлғаларға жеке шоттардың бірыңғай жүйесінен ақпарат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тіркеушінің лицензиясы уақытша тоқтатыла тұрған не одан айырған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
39-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеу туралы бұйрық
1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеу туралы бұйрық (бұдан әрi осы бапта - бұйрық) жазбаша нысанда жасалып, бағалы қағазды ұстаушы немесе оның өкiлi қол қоюға және орындау үшiн тiркеушiге немесе нақтылы ұстаушыға берiлуге тиiс.
2. Бұйрық Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою туралы заңдарына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электронды түрде жасалуы және берiлуi мүмкiн.
3. Бұйрықтың мазмұны, сондай-aқ оны тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) тiркеу талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен және тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) iшкi құжаттарымен белгiленедi.
4. 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара)
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе нақтылы ұстаушымен жасалған шарт талаптарында бұйрықты орындаудың өзгеше мерзiмi көзделмесе, тiркеушi (нақтылы ұстаушы) қарсы бұйрық алған кезде күнтiзбелiк үш күннен аспайтын мерзiмде бұйрықтың орындалуын жүзеге асырады.
40-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесіндегі немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттар бойынша жазба жасауды немесе эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай шешiм қабылдауға уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
8-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 41-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия
1. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны мынадай (осы баптың 2-тармағында белгіленгендерді қоспағанда):
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы акция қалдықтарын қоспағанда, акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздарының қалдықтары мен қозғалысы туралы;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгендерден басқа, эмиссиялық бағалы қағаздардың болу-болмауы және олардың иелері туралы ақпарат құрайды.
2. Мынадай:
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы акциялардың қалдықтары туралы;
2) осы Заңның 19-тарауына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ашуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы;
3) қор биржасының ережелеріне сәйкес оған берілуге тиіс эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы;
4) осы бағалы қағаздар бойынша төлемдерді жүзеге асыру мақсатында ашуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы ақпарат бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрамайды.