2. Автомобиль жолдарын жобалау және оларды реконструкциялау мен салуға арналған жобаларды әзiрлеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау, карьерлердi, жол бойындағы белдеулердi, еңiстердi, орларды, бүлiнген жерлердi көп жылдық шөп егiп және ағаштар мен бұталар отырғызып өңдеу жөніндегі шаралар көзделуi керек. Су көздерi пайдаланылатын жерлердегi жобалық-сметалық құжаттамада санитариялық аймақ, уақытша автотұрақтар, эстакадалар және мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарын жинауға арналған қорғаныш құрылысын салу көзделуге тиiс.
3. Автомобиль жолдары бойындағы қорғаныш екпелерді олардың иелері немесе пайдаланушылары тиісті түрде күтіп ұстауға тиіс.
4. Қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтамағаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
5-тарау. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 6-тараумен толықтырылды
6-тарау. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор
29-бап. Ұлттық оператордың құқықтық жағдайы
1. Ұлттық оператордың қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ өзінің ішкі құжаттарымен реттеледі.
2. Ұлттық оператордың мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жобаларды іске асыру мақсатында Ұлттық оператор Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін тартуға және пайдалануға құқылы.
30-бап. Ұлттық оператордың өкілеттіктері
Ұлттық оператордың өкілеттіктеріне:
1) мемлекеттік тапсырма негізінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін дамыту жөніндегі бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;
2) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп-ұстауды ұйымдастыру;
3) мемлекеттік тапсырманы орындауды ұйымдастыру шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салудың, реконструкциялаудың, жөндеудің және күтіп-ұстаудың барысы мен сапасын бақылау;
4) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және оларды жол органына енгізу;
5) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы жинау;
6) ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) қызметін ұйымдастыру;
7) автомобиль жолының элементтерін бүлдіретін көлік құралдарын не ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өтуге арнайы рұқсаты жоқ ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарын қадағалап отыру және есепке алу;
8) ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) көлік құралдарының іркіліссіз және қауіпсіз жүріп өтуіне кедергі келтіретін ақауларды жою;
9) ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланушыларға ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өтудің құны мен олардың ұзындығы туралы, ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланудың тәртібі, жүріп өту ақысының мөлшерлемелері, төлеу тәртібі мен тәсілдері, жүріп өтуге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер мен басқа да шарттар туралы ақпарат беру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылды
9-1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi көлiк құралдарына (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп өту үшін арнайы рұқсат беруді келісу;
9-2) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың және басқа да инженерлік тораптар мен коммуникациялардың кесіп өтуіне рұқсат беру;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жатады.
Қазақстан Республикасының