2. Құзыреттi сот, егер:
1) аралық соттың шешiмi өзiне қарсы қабылданған тарап құзыреттi сотқа:
аралық келісімiнiң жарамсыз болып табылатындығының;
аралық соттың шешiмi аралық келісімде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша қабылданғанының немесе аралық келісімнiң шегiнен шығатын мәселелер жөніндегі қаулылардан тұратындығының, сондай-ақ даудың аралық соттың ведомстволық қарауына жатпайтындығының дәлелдемелерiн табыс еткен жағдайларда атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Егер аралық соттың аралық келісімде қамтылатын мәселелер жөніндегі қаулылары мұндай келісімде қамтылмайтындардан бөлiнiп шығарылуы мүмкiн болса, онда аралық соттың аралық келісімде қамтылатын мәселелер жөніндегі қаулылардан тұратын шешiмiнiң сол бөлiгiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тартылмайтынының;
аралық соттың құрамы немесе аралық сотта iс қарау Қазақстан Республикасының аралық сотта iс қарау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегенiнiң;
аралық соттың шешiмi өзiне қарсы қабылданған тарап аралық судьяның сайлануы (тағайындалуы) туралы немесе аралық сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiстi түрде хабардар етiлмегендiгiнiң не аралық сотқа басқа да себептермен өз түсiндiрмелерiн бере алмағандығының;
тараптардың бiрiнiң аралық келісім жасасу кезiнде әрекетке толық қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi екендiгiнiң;
құзыреттi соттың немесе аралық соттың сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша заңды күшiне енген шешiмiнiң, не талапкердiң талап қоюдан бас тартуына байланысты iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы құзыреттi соттың немесе аралық соттың ұйғарымы болғандығының;
аралық соттың шешiм шығаруы сот үкімімен белгiленген, қылмыс жасау салдарынан мүмкiн болғандығының дәлелдемелерiн табыс еткен жағдайларда, атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады;
2) құзыреттi сот:
дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аралық сотта iс қараудың нысанасы болуы мүмкiн еместiгiн;
аралық соттың шешiмi осы баптың 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында белгiленген талаптарға және Қазақстан Республикасының жариялылық тәртібіне қайшы келетiнiн анықтаса, атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
3. Құзыреттi сот атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда тараптар ұйғарымға Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында белгіленген тәртiппен шағым жасауға құқылы.
Қазақстан Республикасының Президентi
Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2004 жылғы желтоқсанның 28-і
№ 22-III ҚРЗ