Қазақстан Республикасының
Заңы
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартты ратификациялау туралы
2014 жылғы 10 қазанда Минскіде жасалған Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шарт мынадай ескертпелермен ратификациялансын:
1. Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң Шарт күшіне енгенге дейін оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығына қайшы келмейтін бөлігінде уақытша қолдана беретін болады.
2. Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 29 наурызда Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасында экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шарт Қазақстан Республикасына қатысты өз қолданысын тоқтатты деп есептейді.
Жоғарыда айтылғанның негізінде Қазақстан Республикасы өзін Шарттың 3-бабының 2-тармағымен, осы тармақты Шартқа 2-қосымшаның 4-тармағына қолдану бөлігінде, байланысты деп есептемейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы желтоқсанның 24-і.
№ 266-V