4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер - белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
349-бап. Басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру
1. Лауазымды адамның не көлік құралы меншік иесінің немесе иеленушісінің көлік құралдарын басқаруға құқығы немесе тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беруі, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, - бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет - белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет - белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет - белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
350-бап. Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру
1. Көлiк құралын, қатынас жолдарын, белгi беру немесе байланыс құралдарын не өзге де көлiк жабдығын қасақана қирату, зақымдау немесе өзге де тәсiлмен пайдалануға жарамсыз күйге келтiру, сол сияқты көлiк коммуникацияларын бұғаттау, егер бұл іс-әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге не ірі залал келтiруге не көлiк пен байланыстың қалыпты жұмыс істеуінің бұзылуына әкеп соқса, - үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер - үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер - алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
351-бап. Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу
1. Жолаушының, жаяу жүргіншінің немесе жол жүрісінің басқа да қатысушысының (көлік құралын басқаратын адамнан басқа) жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзуы, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, - үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет - төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет - үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
352-бап. Пойызды қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату
Пойызды тоқтату-кранымен не ауа тежегiш магистралін ажырату жолымен немесе өзге тәсілмен қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату, егер бұл адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, - екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
353-бап. Көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу
1. Жол, құрылыс және басқа да ұйымдарда басқару функцияларын орындайтын және жолдар мен жол құрылыстарын, олардың жабдықтарын пайдалануға, сондай-ақ жол жүрісін ұйымдастыруға жауапты адамдардың көлiкте қолданылатын тәртiпті сақтау және жол жүрісі қауiпсiздiгi қағидаларын бұзуы, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқса, - бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
354-бап. Магистральдық құбырларды салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
1. Магистральдық құбырларды салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсіздiк қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқса, - үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге не iрi залал келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
355-бап. Құбырларды қасақана зақымдау немесе қирату
1. Құбырларды, оның ішінде мұнай-газ құбырларын қасақана зақымдау немесе қирату - екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан;
2) бірнеше рет жасалған;
3) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет - бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1) қоршаған ортаны ластауға әкеп соққан;
2) ірі залал келтіруге әкеп соққан;
3) қылмыстық топ жасаған;
4) абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер - жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
356-бап. Құбырларды абайсызда зақымдау немесе қирату
1. Құбырларды, оның ішінде мұнай-газ құбырларын белгіленген пайдалану режимінен ауытқуға әкеп соққан не адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтірудің нақты қатерін төндірген, абайсызда жасалған зақымдау немесе қирату - үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Мынадай:
1) абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге;
2) қоршаған ортаны ластауға;
3) ірі залал келтіруге;
4) абайсызда адам өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет - екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
357-бап. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуi
1. Теңiзде немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған адамдарға кеме капитанының көмек көрсетпеуі, егер осы көмекті өзiнiң кемесiне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулi қауiп төндірмей көрсету мүмкіндігі болған болса, - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Теңiзде немесе су жолында соқтығысқан кемелердiң бiрiнiң капитанының басқа кеменi құтқару үшiн абайсызда кеменiң опат болуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тиiстi шаралар қолданбауы, егер бұл шараларды өз кемесiне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулi қауiп төндiрмей қолдану мүмкiндігі болған болса, - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
358-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені басқаруы, әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені осындай адамның басқаруына беру немесе осындай адамның басқаруына жол беру
1. Алкогольдік, есiрткiлік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені басқаруы не осындай кемені басқаруды алкогольдік, есiрткiлік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамға беру, сол сияқты алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның осындай кемені басқаруына лауазымды адамның немесе осы кеменің меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
359-бап. Басқаруға құқығы жоқ адамның әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына жол беру
1. Лауазымды адамның не әуе, теңіз немесе өзен кемесі меншік иесінің немесе иеленушісінің осындай кемені басқаруға құқығы жоқ адамның осы кемені басқаруына жол беруі, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, - бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
360-бап. Халықаралық ұшу қағидаларын бұзу
1. Рұқсатта көрсетiлген маршруттарды, қону орындарын, әуе қақпаларын, ұшу биiктiгiн сақтамау немесе халықаралық ұшу қағидаларын өзге де бұзу - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет - үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
15-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ МҮДДЕЛЕРIНЕ ҚАРСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
361-бап. Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану
1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, - мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған дәл сол іс-әрекет - мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет - мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан не қылмыстық топтың мүддесіне орай жасалған іс-әрекеттер - мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану
1. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерінің шегінен анық шығатын және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер жасауы - үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған дәл сол іс-әрекет - бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан не:
1) күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп;
2) қаруды немесе арнайы құралдарды қолданып;
3) өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған іс-әрекеттер - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, ал 3) тармақта көзделген жағдайларда мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
363-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алу
Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алуы және оның соған байланысты азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер жасауы - үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
364-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзі немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер бұл іс-әрекеттер мұндай ұйымға жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы жақтаушылыққа байланысты болса, - мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған дәл сол іс-әрекет - мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет - мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
1. Дара кәсіпкердің немесе ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, сол сияқты дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласу, егер бұл іс-әрекеттерді мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдаланып жасаса, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, - мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) лауазымды адам;
2) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер - мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам жасаған;
2) аса ірі мөлшерде жасалған;
3) қылмыстық топ жасаған не қылмыстық топтың мүддесіне орай жасалған іс-әрекеттер - мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.