18) Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ережесін әзірлейді және бекітеді әрі оның құрамына ұсыныстар енгізеді;»;
3) 27-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Телерадио хабарларын тарату желілері, меншік нысанына қарамастан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде пайдаланылады. Телерадио хабарларын тарату желілерін көрсетілген мақсаттарда пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
4) 42-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдау саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша уәкілетті орган цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға толық көшу мерзiмдерiн цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға толық көшкенге дейiн кемiнде алты ай бұрын айқындайды. Цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға толық көшу мерзiмдерi туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдау саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жарияланады.».
131. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнаулы киім үлгісінің түрлері мен сипатын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. Арнаулы киім үлгісімен қызметкерлерді қамтамасыз ету нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
Қызметкерлердің арнаулы киім үлгісін киіп жүру тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.»;
2) 73-бапта:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметкерлер қызметті өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін нормалар бойынша арнаулы нысандағы киіммен және басқа да заттық мүлікпен қамтамасыз етіледі.
Қызметкерлерге (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) алынбай қалған заттай мүліктердің орнына арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен ақшалай өтемақы төленеді.
4. Жекелеген санаттағы қызметкерлер қызметті өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.
Жекелеген қызметкерлер санатын азық-түлікпен қамтамасыз ету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шығындарды өтеу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша жүргiзiледi. Шығындарды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
3) 77-баптың 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары қызмет өткеру ерекшелiктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша мемлекет есебiнен арнаулы нысандағы киiммен және басқа да заттай мүлiкпен қамтамасыз етiледi.
2. Казармалық жағдайдағы арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары қызметтi өткеру ерекшелiктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi.
3. Арнаулы (әскери) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстар курсанттарына пошталық жөнелтiмдерi үшiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын мөлшерде қаржылай өтемақы төленедi.
4. Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары:
1) стационарлық емделуге барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, әуе, су және автомобиль көлiктерiнде;
2) осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11) - 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы мемлекеттiк органдардағы қызметтен шығарылған, сондай-ақ демалысқа барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, су және автомобиль көлiктерiнде жүруге жұмсалған шығындарын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша өтетуге құқығы бар.
Арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының шығындарын өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына олар демалысқа кеткенде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша азық-түлiк сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төленедi.»;
4) 78-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметкерлердiң онымен үнемi бiрге тұратын отбасы мүшелерiне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) қызметкер орын ауыстырған кезде, сондай-ақ қызметтен шығарылған кезiнде, осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11) - 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша Қазақстан Республикасы аумағында жүрген көлiкпен жүргені үшін шығындары өтеледi.
Қызметкердің орнын ауыстырған кезде, сондай-ақ қызметкерді қызметтен босатқан кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікпен жүргені үшін шығындарды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
5) 84-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мүлікті беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Арнаулы мемлекеттік органдарды мүлікпен жабдықтау нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Арнаулы мемлекеттік органдарды мүлікпен жабдықтау нормаларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бектіеді.».
132. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат, № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша мемлекет есебінен заттай және басқа да мүлік түрлерімен қамтамасыз етілуге.»;
2) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтарды әскери қызметке даярлауды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітетін, Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.»;
3) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.»;
4) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.»;
5) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.»;
6) 16-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді және медициналық куәландыруды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен бекітілетін, Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларында және Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.»;
7) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Әскери мiндеттілердi әскери жиындарға шақыру
Әскери мiндеттiлер:
орталық атқарушы органдар жүргізетін жұмылдыру дайындығы жөніндегі республикалық іс-шаралар шеңберінде - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бұйрығының негізiнде әскери жиындарға шақырылады;»;
8) 44-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Әскери қызметшілер мемлекет есебінен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша және уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі:»;
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Әскери қызметшілер бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының бірінші басшылары белгілейтін нормалар бойынша мынадай жағдайларда:»;
9) 46-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұшу жұмыстарында, корабльдік қызметте болатын, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет атқаратын, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілейтін тізбе бойынша жергілікті жерлерде қызмет өткеретін әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, демалыс ұзақтығы 40 тәулік болып белгіленеді.»;
10) 48-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне, әскери оқу орындарының бірінші және екінші курстар курсанттарына тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайтын мөлшерде пошта жөнелтімдеріне арналған өтемақы да төленеді.».
133. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 5-баптың 4), 5), 7) және 9) тармақшалары алып тасталсын;
2) 6-баптың 4), 5), 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларын және магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«7) мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
8) жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
3) 7-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган:».
134. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат):
21-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «атқарушылық іс жүргізу органдарына» және «атқарушылық іс жүргізу органының» деген сөздер тиісінше «әділет органдарына» және «әділет органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.
135. «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 6-құжат; № 9, 51-құжат):
1) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салым шарты білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік шарт негізінде қатысушы банк пен салымшы арасында қарапайым жазбаша нысанда жасалады.»;
2) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысу үшін қатысушы банк білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен ынтымақтастық туралы үлгілік келісім негізінде оператормен ынтымақтастық туралы келісім жасасады.».
136. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат):
1) 6-баптың 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалары алып тасталсын;
2) 8-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 9-бапта:
3) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«7) оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды электрондық нысанға көшіру мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекітеді;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
4) 10-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
5) 13-баптың 1-тармағында:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшін орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін стандарттарды әзірлейді және бекітеді.
Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітіледі.»;
үшінші бөлік алып тасталсын.
137. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат):
1) 6-бапта:
2) және 6-2) тармақшалар алып тасталсын;
2) 7-бапта:
9-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9-2) баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 9-6) тармақшамен толықтырылсын:
«9-6) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;»;
3) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық атқарушы орган белгілейді.»;
4) 21-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.»;
5) 28-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң салық органы орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен агенттің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.»;
6) 34-баптың 9-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы белгілеген тәртіппен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы Орталықпен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;».
138. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 14, 73-құжат):
1) 9-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өзінің мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығын растайтын, тізбесін уәкілетті орган бекітетін құжаттарды ұсынуға;»;
2) 10-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
3)11-бап мынадай мазұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлерін бекітеді;».
139. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 20, 113-құжат):
1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
139-тармағының үшінші және төртінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«2. Бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдармен және (немесе) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдармен келісу бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейді және бекітеді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарлы кезеңге арналған жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірлейді.».
140. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 1-баптың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) қала құраушы заңды тұлға - өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын заңды тұлға;»;
2) 12-бапта:
5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілік емтиханын өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
3) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкімшінің негізгі сыйақысының ең төмен мөлшері мен оны төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
4) 18-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Камералдық бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.»;
5) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы бапта көрсетілген хабарламаларды жіберудің тәртібін, нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаның орындалуы туралы есептің тәртібін, мерзімдері мен нысандарын уәкілетті орган белгілейді.»;
6) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Әкімшілердің ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну және қабылдау тәртібі
Ағымдағы және уәкілетті орган сұрататын оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты әкімші уәкілетті органға уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.»;
7) 48-баптың 2-тармағындағы «алқасына», «атқарушылық iс жүргiзу органына» деген сөздер тиіснше тиісінше «палатасына», «әділет органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 53-баптың 2-тармағындағы «алқасына», «атқарушылық iс жүргiзу органына» деген сөздер тиісінше «палатасына», «әділет органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 61-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстар сот шешімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың өтінішхаты негізінде оның есебінен өтеледі.»;
10) 68-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «тоқтатыла тұрады» деген сөздер «тоқтатылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 86-баптың 2) тармақшасындағы «алқасына» және «аумақтық атқарушылық іс жүргізу органына» деген сөздер тиісінше «палатасына» және «аумақтық әділет органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 99-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Борышкердің (банкроттың) мүлкiн (активтерiн) сату бойынша электрондық аукционды өткiзу тәртiбiн және оны ұйымдастырушыны уәкілетті орган айқындайды.»;
13) 119-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тізбесін жүргізу өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.».
141. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат):
1) 1-бапта:
17), 18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«17) азаматтық қорғау органдары - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствосы, аумақтық бөлімшелері және оның ведомствосына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер;
18) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған, азаматтық қорғау саласындағы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың қызметі;
19) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін және Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) және 32-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«19-1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі - ведомство) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы органның ведомствосы;»;
«32-1) қауіпті техникалық құрылғылар:
қауіпті өнеркәсіптік объектілерде пайдаланылатын, қадағалауын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер;
бақылауын жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер;»;