4) 8-баптың 6), 7), 9) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7) дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«9) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«12) автожанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
5) 9-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын келіседі;»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган:»;
6) 12-баптың 1-тармағының 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге өтінім жіберуге;»;
«5) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіпке сәйкес инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есептілік ұсынуға;»;
7) 14-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында маңызды әлеуметтік мәні бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасына елеулі ықпал ететін мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік реттеу белгіленуі мүмкін.
2. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуге шекті бағалар белгілейді.»;
8) 18-баптың 8-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1. Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларына, соның ішінде баға белгілеу тәртібін қамтитын қағидаларына сәйкес, мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыруға міндетті.»;
9) 19-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мұнай өнімдерін көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткізу кезінде, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнің экспорты кезінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.»;
10) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге өтінім жіберуге тиіс.»;
11) 23-баптың 4-тармағының 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын.
124. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат):
1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) сарапшылық кеңес - арнайы экономикалық аймақты құрудың немесе таратудың орындылығы мәселесін қарау үшін уәкілетті орган құратын ведомствоаралық консультациялық-кеңесші орган;»;
2) 4-баптың 7), 8), 8-1) және 8-2) тармақшалары алып тасталсын;
3) 5-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарттарды бекіту;»;
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) сарапшылық кеңес туралы ережені бекіту;
8-2) арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдаланудың (жалға алудың) үлгілік шартын бекіту;
8-3) арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартын бекіту;»;
11) тармақша алып тасталсын;
4) 6-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) арнайы экономикалық аймақтың қызметіне қатысу үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту;
4-2) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторинг деректерін талдау;»;
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «есебін жүргізу жатады.» деген сөздер «есебін жүргізу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторинг деректерін талдау жатады.»;
5) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнайы экономикалық аймақты құруға мүдделі орталық немесе жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес ресімделген арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ұсына отырып, арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсынысты уәкілетті органға енгізеді.»;
6) 14-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ұсынылған құжаттардың уәкілетті орган бекіткен құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді;»;
7) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.».
125. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17, 135-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 115-құжат):
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) республикадағы діни ахуалды зерделеуді және талдауды жүргізеді;»;
«10-1) дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi;»;
3) 6-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
126. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 8-баптың 1), 4), 6), 9), 10), 11), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшалары алып тасталсын;
2) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган):
1) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді қоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
3) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда, одан тыс жерлерде ғарыш объектілерін ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібін әзірлейді;
5) ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру тәртібін бекітеді;
6) ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындайды;
7) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы лицензиялауды жүзеге асырады;
8) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
9) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
10) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асырады;
11) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн бекітеді;
12) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
13) ғарыш объектілерінің тіркелімін жүргізеді;
14) ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекітеді;
15) Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережені бекітеді;
16) өз құзыреті шегінде ғарыш қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
17) ғарыш қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
18) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар әзірлеуді ұйымдастырады;
19) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну тәртібін бекітеді;
20) Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртiбiн айқындайды;
21) дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация жүйесi ұлттық операторының спутниктiк навигациялық қызметтердi ұйымдастыру және ұсыну тәртiбiн айқындайды;
22) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын айқындау үшін заңды тұлғалардың, сондай-ақ олардың міндеттері мен функцияларының тізбесін ұсынады;
23) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңiстiгiнде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерiн құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекітеді;
24) пайдаланудан шығарылған ғарыш объектілері мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртібін айқындайды;
25) ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібін белгілейді;
26) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде өз құзыреті шегінде іздестіру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ аварияларды тергеп-тексеруге қатысады;
27) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 25-баптағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
127. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 5-баптың 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 15) және 16) тармақшалары алып тасталсын;
2) 6-баптың 6), 7), 8), 11), 12), 13), 14), 18) және 20) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
7) тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және оларды айқындау тәртібін бекітеді;
8) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға берудің тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
«11) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
12) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;
13) тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың тәртібін әзірлейді және бекітеді;
14) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
«18) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
«20) газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 7-бапта;
2-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды әзірлейді және бекітеді;»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын келіседі;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6-2) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекітеді;
4) 15-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың бағасын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы айқындайды және ол:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газды өндіруге жұмсалған шығыстарды;
2) ұлттық операторға шикі газды өткізетін жерге дейін оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;
3) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.
4. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы айқындайды және ол:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газды өндіруге жұмсалған шығыстарды;
2) шикі газдан тауарлық газды өндіруге жұмсалатын шығыстарды;
3) ұлттық операторға тауарлық газды өткізетін жерге дейін оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;
4) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.»;
5) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ілеспе газ уәкілетті орган айқындаған көлемде оның шешімімен уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен және талаптармен газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде жасалатын шарттың негізінде тартылатын инвестордың меншігіне беріледі.»;
6) 20-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жоспарланған кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің алдағы жарты жылға арналған шекті бағаларын бекітеді.»;
4-тармақ алып тасталсын.
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жоспарланған кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің алдағы тоқсанға арналған шекті бағаларын бекітеді.»;
7-тармақ алып тасталсын;
7) 25-баптың 5-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеке немесе ұжымдық есепке алу аспаптары болмаған, олар жарамсыз не газ жабдығының параметрлерiне сәйкес келмейтiн жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекiтетiн тұтыну нормалары бойынша жүргiзiледi.»;
8) 29-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке есепке алу аспаптары болмаған, олар жарамсыз не газ жабдығының параметрлерiне сәйкес келмеген жағдайда - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекiтетiн тұтыну нормалары бойынша көлемдiк әдiспен жүргiзiледi.».
128. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63-құжат):
1) 4-баптың 7), 10), 11), 12), 14), 15), 17), 18), 19), 20) және 21) тармақшалары алып тасталсын;
2) 5-бапта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындайды;»;
13), 15), 16), 17), 19), 20), 21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;»;
«15) салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
16) отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарыққа жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
«19) технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
20) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
21) шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
22) инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу тәртібін әзірлейді және айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторларды айқындайды;»;
3) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Технопарктер қызметінің негізгі түрі - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде оларға үй-жайлар, жабдықтар беру, бухгалтерлік есеп жүргізу, заңдық, ақпараттық және консультациялық қолдау, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін қажетті өзге де қызметтер көрсетуді білдіретін технологиялық бизнес-инкубациялау болып табылады. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ мұндай көрсетілетін қызметтер құнын айқындау қағидаларын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
4) 24-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.».
129. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 4-баптың 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 17), 18) және 19) тармақшалары алып тасталсын;
2) 5-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6), 6-7), 6-8), 6-9), 6-10), 6-11), 6-12), 6-13) және 6-14) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекітеді;
6-2) энергия тұтынудың нормативтерін, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін бекітеді;
6-3) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекітеді;
6-4) Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторын айқындайды;
6-5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекітеді;
6-6) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бір бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;
6-7) көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілейді;
6-8) электр қозғалтқыштардың энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;
6-9) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекітеді;
6-10) энергия аудитін жүргізу тәртібін және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу тәртібін бекітеді;
6-11) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекітеді;
6-12) энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;
6-13) энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі оқу орталықтарының қызмет тәртібін айқындайды;
6-14) орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін бекітеді;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісімді әзірлейді және бекітеді;»;
19) тармақша алып тасталсын.
130. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат):
1) 6-баптың 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 12) тармақшалары алып тасталсын;
2) 7-бапта:
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және оны бекіту бойынша конкурстар ұйымдастырады, өткізеді;
7) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және оны бекіту бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекітеді;
12-2) ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін бекітеді;»;
14), 15), 16), 17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
15) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
16) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;