29) 120-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру тәртібін құзыретті орган белгілейді.»;
30) 121-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары бойынша мемлекеттік комиссиясының және пайдалы қазбалар қорлары бойынша өңіраралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, олардың құрамы, жұмыс регламенті мен іс қағаздарын жүргізуі индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары бойынша мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережеде айқындалады.»;
31) 123-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрініс-белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
32) 124-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты жедел алу, шешімдерді қабылдау, жер қойнауына зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар көмілетін және сарқынды суларды ағызатын жерлердің жай-күйін жоспарлы түрде бақылау мақсатында, жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін белгілейді және оларды ұйымдастырады.»;
«3. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму мен сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
33) 125-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.»;
34) 127-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залал мөлшерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесе отырып айқындайды.».
120. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 67-құжаттар; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын талаптар
Тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын талаптар нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.»;
2) 12-баптың 3-тармағының 23) тармақшасындағы «жүзеге асыруға қолданылмайды.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
«24) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның объектіге жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындауын анықтау мақсатында баруына қолданылмайды.».
121. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 4, 36-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 3-баптың 15), 16) тармақшалары алып тасталсын;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту;
5-2) ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бекіту;»;
3) 22-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.».
122. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 13) және 22) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - тиісті саланың уәкілетті органы) - мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды өзге мемлекеттік органдарға берген жағдайларда, осы Заңның тиісті саланың уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады;»;
«22) мемлекеттік мүлік тізілімі - арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервтің мүлкін қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;»;
2) 11-баптың 6), 7), 8), 9) және 9-1) тармақшалары алып тасталсын;
3) 13-бапта:
1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады, өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;»;
«3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып:
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау;
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібін айқындайды;
4-2) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды;
4-3) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды;
4-4) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау тәртібін айқындайды;
4-5) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу қағидаларын бекітеді;»;
4) 18-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
5) 74-баптың 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Республикалық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) мемлекеттiк мүлiкті басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган (республикалық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi.
Коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) жергiлiктi атқарушы орган (коммуналдық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi. Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.»;
«5. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартының талаптары осы Заңда айқындалған шектеулер ескеріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік шартпен айқындалады.»;
6) 75-баптың 3 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға мемлекеттiк мүлiкті басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган (республикалық мүлiктi сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы) бередi.
Коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға жергiлiктi атқарушы орган (коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы) бередi.
Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттік мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.»;
«6. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартының талаптары осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
7) 96-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүлiктiк кешендер ретінде кәсіпорындарды немесе табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың мемлекетке тиесілі акцияларын жекешелендiру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдайды.»;
8) 107-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкiлеттi органға және тиісті орталық атқарушы органдарға хабарлайды;»;
9) 120-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттiк меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерiн өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн кейiннен меншiгіне өтеусiз бере отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
10) 124-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік мекеме - тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) шешімі бойынша, ал мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) шешімі бойынша Әділет министрлігі бекіткен үлгі жарғының (жалпы ереженің) негізінде қызметін жүзеге асырады.»;
11) 139-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңда көзделген жағдайларда, басшыны тағайындау, басшының кандидатурасын келісу, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген мемлекеттік білім беру кәсіпорындарының бірінші басшыларын қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
12) 140-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік кәсіпорынның қызметі даму жоспарына сәйкес өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
2. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.»;
13) 148-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Байқау кеңесін құру тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
14) 184-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар үшiн даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
7-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының iске асырылу мониторингi мен оны бағалау тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептi ұсыну тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
15) 185-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында жазылған мақсаттар мен міндеттерге және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген бюджет параметрлеріне сәйкес әзірленеді және оларды мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің директорлар кеңестері (байқау кеңестері) бекітеді.
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
3. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылуын бағалауды олардың директорлар кеңестері (байқау кеңестері) жүзеге асырады.
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуы бойынша есепті ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
16) 186-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемін, коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) жергілікті атқарушы орган белгілейді.»;
17) 198-бапта:
1-тармақта:
6) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекiтетiн мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларында айқындалған мемлекеттiк мүлiктiң өзге де түрлерi (санаттары) болып табылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
18) 200-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 201-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
20) 202-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік мүлікті басқару тиiмдiлiгiн бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
«3. Мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және артық, пайдаланылмаған не мақсатқа сай пайдаланылмаған мүлікті алып қоюды республикалық мүлікке қатысты - мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, коммуналдық мүлікке қатысты жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.»;
21) 211-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай мүлiкті:»;
2-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын;»;
6) тармақшадағы «көмбелерді (қазыналар үлесін) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.» деген сөздер «көмбелерді (қазыналар үлесін);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) тәркіленген;
8) сот актілері негізінде мемлекеттің кірісіне айналдырылған заттай дәлелдемелерді есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
22) 213-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі және 5-тармағындағы «атқарушылық іс жүргізу органы», «атқарушылық іс жүргізу органдары» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 215-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «атқарушылық іс жүргізу органы» деген сөздер «мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 216-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«216-бап. Сыйлықтарға құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері
1. Лауазымдық жағдайларына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған), құны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген он айлық есептік көрсеткіштен асатын сыйлықтар мемлекетке берілген сыйлық болып есептеледі және мемлекеттік мүліктің құрамына түседі, ол арнаулы мемлекеттік қорды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен және шарттарда мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органдарға тапсырылады.
2. Арнаулы мемлекеттiк қордағы мүлікті өткізу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескеріле отырып жүргiзiледi.
3. Арнаулы мемлекеттік қорға сыйлықты тапсырған адам оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқаннан кейін ғана мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы.»;
25) 217-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзатын, тағамдық өнiмдерді, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, акциздiк таңбаларсыз өткізілетін темекi бұйымдарын және шығарылған елi белгісіз құрамында темекi бар басқа да бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетiн тауарлардың шамалы партияларын және өзге де мүлiктi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар құратын комиссия жояды.».
123. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 11-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органды мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға мұнай өнімдерін сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер ұсыну болып табылатын заңды тұлға;»;
2) 6-баптың 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 12-2) және 12-3) тармақшалары алып тасталсын;
3) 7-бапта:
3) тармақша алып тасталсын;
5), 9), 15), 18), 21-1) және 21-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
«9) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
«15) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын белгілейді;»;
«18) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
«21-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
21-2) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 21-3) және 21-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-3) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
21-4) инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;