2) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
4) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы қалыптастырады;
5) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснаманы, оның ішінде әдістемелерді бекітеді;
6) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырады және жүргізеді;
7) респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, өзі белгілеген тәртіппен бастапқы статистикалық деректерді тіркеуді жүргізеді;
8) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды, сондай-ақ оларды бекіту тәртібін бекітеді;
9) респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;
10) мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын бірыңғай есептілік тізілімін әзірлейді;
11) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
12) ведомстволық сыныптамаларды жүргізудің үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
13) мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
14) респонденттер бастапқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және осы нысандарды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді;
15) респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;
16) үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алады;
17) статистикалық ақпаратты түзу кезінде бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпарат талап етеді;
18) респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалаулары анықталған кезде респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап етеді;
19) әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін ғана пайдаланады;
20) оларды уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы мемлекеттік статистика органдарын статистикалық сыныптауыштармен қамтамасыз етеді;
21) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқор жинақтауды, жүргізуді және оны жаңартуды қамтамасыз етеді;
22) мемлекеттік статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастырады;
23) статистикалық ақпараттың сапасын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік статистика органдарының статистикалық қызметіне оның уәкілетті орган бекіткен ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснамаға сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізеді және сараптама жүргізуге қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұратады;
24) мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан тексеруді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
25) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және ынтымақтастық шеңберінде шарттар жасасады;
26) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
5) 16-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уәкілетті органмен әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін келісуге;»;
6) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Статистикалық қызмет мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық жұмыстар жоспарының негізінде жүзеге асырылады.»;
7) 23-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.».
116. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың 3 және 3-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомаларын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу уәкілетті орган белгілеген қағидалар сақтала отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3-1. Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
2) 75 және 76-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«75-бап. Мемлекетке берiлетiн мүлiктi өткізу
Мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде қылмыстық iс бойынша сот үкiмi негiзiнде не мүлiктi мемлекетке беру туралы шешiм негiзiнде тыйым салынған мүлiк мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өткізіледі немесе пайдаланылады.
76-бап. Құндылықтарды өткізу
Борышкерден алып қойылған және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға сақтауға берiлген бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, зергерлiк және бағалы металдардан, асыл тастар мен iнжуден жасалған басқа да бұйымдар, сондай-ақ осындай бұйымдардың сынықтары мен антиквариат уәкілетті орган белгiлейтiн қағидаларға сәйкес өткізіледі.»;
3) 131-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.».
117. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113- құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 13-баптың 7), 8), 9), 10), 10-1), 11), 12), 13), 14), 15), 15-1), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 22-1), 23), 24), 25), 26), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 43), 45), 46), 47), 48), 49), 50), 51) және 53-1) тармақшалары алып тасталсын;
2) 14-бапта:
20), 21) және 26) тармақшалар алып тасталсын;
41-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«41-4) өзі бекіткен Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;»;
мынадай мазмұндағы 41-17), 41-18), 41-19), 41-20), 41-21), 41-22), 41-23), 41-24), 41-25), 41-26), 41-27), 41-28), 41-29), 41-30), 41-31), 41-32), 41-33), 41-34), 41-35), 41-36), 41-37), 41-38), 41-39), 41-40), 41-41), 41-42), 41-43), 41-44), 41-45), 41-46), 41-47), 41-48), 41-49), 41-50), 41-51), 41-52), 41-53), 41-54), 41-55), 41-56), 41-57), 41-58), 41-59), 41-60) және 41-61) тармақшалармен толықтырылсын:
«41-17) азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
41-18) әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
41-19) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларын бекітеді;
41-20) сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекітеді;
41-21) азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекітеді;
41-22) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекітеді;
41-23) аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидаларын бекітеді;
41-24) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларын бекітеді;
41-25) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекітеді;
41-26) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекітеді;
41-27) аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтеріне қойылатын сертификаттық талаптарды бекітеді;
41-28) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекітеді;
41-29) азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесін бекітеді;
41-30) Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
41-31) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекітеді;
41-32) пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
41-33) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
41-34) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
41-35) аэроклубтар туралы үлгілік ережені бекітеді;
41-36) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
41-37) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
41-38) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекітеді;
41-39) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекітеді;
41-40) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекітеді;
41-41) азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
41-42) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электржарықпен техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
41-43) Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көлік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
41-44) азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
41-45) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларын бекітеді;
41-46) Қазақстан Республикасында азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
41-47) Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
41-48) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекітеді;
41-49) Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
41-50) авиатасымалдауды ұйымдастыру қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;
41-51) авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;
41-52) азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;
41-53) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекітеді;
41-54) әуе кемелерін ұшу алдында және арнайы жете тексеру қағидаларын бекітеді;
41-55) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
41-56) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекітеді;
41-57) авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекітеді;
41-58) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекітеді;
41-59) азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету ұйымдарына қойылатын талаптарды бекiтедi;
41-60) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптарды бекітеді;
41-61) авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;»;
3) 16-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін сертификаттық талаптарға сәйкес болған кезде өтініш берушіге сертификат (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік) береді.»;
4) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әуеайлақтардың метеорологиялық органдары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекiткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.»;
5) 35-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтерін сертификаттау тәртібін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
6) 40-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына алдын ала хабарлама беру шартымен, қонбай орындалатын ұшуларды қоспағанда, халықаралық тұрақты емес (біржолғы) ұшуды орындауға арналған рұқсаттардың;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес (біржолғы) ұшуын орындауға арналған рұқсаттарды береді.
Азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес (біржолғы) ұшуын орындауға арналған рұқсаттарды беру және қонбай орындалатын ұшуларды орындау туралы алдын ала хабарламалар беру тәртібі Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар берудің және рұқсаттар беруден бас тартуға негіздердің қағидаларында белгіленеді.»;
7) 44-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен, Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларына сәйкес, әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.»;
8) 47-баптың 2-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жалпы мақсаттағы авиация мақсатында авиациялық жұмыстар мен ұшуларды орындайтын жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
9) 54-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Азаматтық және эксперименттік авиацияның ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты авиация персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктерін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
10) 76-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Коммерциялық әуе тасымалдары әуе тасымалы шартының негізінде орындалады. Әуе тасымалы шарты авиакомпания не ол уәкілеттік берген тұлғалар (агенттер) беретін тасымалдау құжаттарын ресімдеумен куәландырылады.
Жолаушылардың, багаждың және жүктердің коммерциялық әуе тасымалдары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
11) 80-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыруға арналған халықаралық және субсидияланатын (облысішілікті қоспағанда) авиамаршруттарды бөлудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган конкурстық негiзде жүргiзедi. Жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидилияланатын облысішілік авиамаршруттарға арналған конкурсты жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Конкурс жеңiмпаздарына авиамаршрутқа арналған куәлiктер берiледi.
Конкурсқа Жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтiмдерiн тасымалдау бойынша халықаралық авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында, сондай-ақ Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша субсидияланатын авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетін авиакомпаниялар жіберіледі.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар құзыреті шегінде авиакомпания авиамаршрутты пайдалану талаптарын орындамаған жағдайда одан авиамаршрутқа арналған куәлікті қайтарып алады.»;
12) 90-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген объектілерді орналастыру жергілікті атқарушы органдар немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
13) 93-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның өкiлеттiгi, сондай-ақ авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргiзу тәртібі уәкілетті орган бекіткен Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.».
118. «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 22, 127-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі, биоотын өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.»;
2) 5-бап алып тасталсын;
3) 6-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу және қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;»;
3), 8) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квота белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындайды;
13-2) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға ұсыну тәртібін бекітеді;
13-3) биоотын өндірісі мен айналымы саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;»;
4) 7-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
5) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
1) биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде іске асырады;
2) биоотын өндірісі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) биоотын өндіру зауытын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемеге салалық сараптама жүргізеді;
4) биоотын өндірісінің мониторингін жүргізеді;
5) биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді.»;
6) 11-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) биоотын етіп кейіннен өңдеу үшін тамақ шикізатын биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген квотадан асатын көлемде пайдалануға;»;
7) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Биоотын өндірісі саласындағы камералдық бақылау
Биоотын өндірісі саласындағы камералдық бақылауды биоотын өндірушілер ұсынатын ведомстволық есептілікті, тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, бақылау аспаптарының көрсеткіштерін зерделеу және талдау негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.»;
8) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бұзушылықтар анықталған (биоотын нарығына қатысушылар осы Заңның 20 және 21-баптарында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған не оларды зерделеу және талдау кезінде бұзушылықтар анықталған) жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың биоотын айналымы саласындағы жергілікті атқарушы органы мұндай бұзушылық анықталған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде биоотын нарығына қатысушыға хабарламаны табыс етеді.».
119. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 11-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қаржыландыру көзіне қарамастан, жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпарат жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ол бекіткен тәртіпке сәйкес, сақтау, жүйелеу және жинақтау үшін міндетті түрде өтеусіз беруге жатады.»;
3-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкету қағидаларын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;