«16) монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды анықтау жөніндегі әдістемені бекітеді;»;
23) тармақша алып тасталсын;
7) 40-бап алып тасталсын;
8) 40-1-баптың 1, 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тiзiлiмдi бекiту және оған өзгерiстер енгiзу монополияға қарсы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.»;
«3. Монополияға қарсы орган нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу (одан шығару) туралы шешiм қабылдаған жағдайда, осы нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсiне монополияға қарсы орган нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу (одан шығару) туралы шешiм қабылдаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде тiзiлiмнен үзінді көшiрме жiберіледi.»;
«5. Нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу және одан шығару монополияға қарсы орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
9) 41-бап алып тасталсын;
10) 42-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқарған кезде, оның ішінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы өтініштерді қараған, монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы істерді тергеп-тексерген, экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асырған және бәсекелестік деңгейінің жай-күйін айқындаған кезде, өздеріне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қызметтік куәліктерін және монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімін көрсеткен кезде:»;
11) 43-1-бап алып тасталсын;
12) 7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен және басқа мемлекеттердің монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы»;
13) 44-бап алып тасталсын;
14) 47-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тауарлардың өзара алмастырылу және оларды сатып алуға қолжетімділік, тауар нарығы шекаралары, оны талдау және бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау критерийлерін айқындау әдістемелерін - тауардың ерекшелігін және Қазақстан Республикасының экономиканың тиісті саласын реттейтін заңнамасын ескере отырып, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша, ал қаржы ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша монополияға қарсы орган бекітеді.»;
15) 79-бап алып тасталсын.
109. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып айқындайды.
Жасалған әрекеттерге қатысты қылмыстық іс жүргізуді қозғау фактісінің бар-жоғына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасына, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты әрекеттер, сондай-ақ адам ұрлау әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездік таныту нысандары болып табылады.»;
2) 7-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
3) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
3) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
4) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге сұранысты бағалау мен айқындау тәртібін әзірлейді және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
6) мыналарды:
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді;
халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілігіне талдау жүргізуді;
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;
7) мыналарды:
Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді;
жеке және заңды тұлғалармен, білім беру саласындағы уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 9-бап алып тасталсын;
5) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
3) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
4) әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекітеді;
5) мыналарды:
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді;
халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілігіне талдау жүргізуді;
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;
6) мыналарды:
Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
жеке және заңды тұлғалармен, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
110. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың 3), 4), 5), 6), 6-1), 6-2) және 6-3) тармақшалары алып тасталсын;
2) 4-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) биржа саудасының үлгілік қағидаларын бекітеді;
2-2) тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекітеді, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;»;
«7-1) тауар биржасында халықаралық биржа сауда-саттығын дамыту үшін жағдайлар жасайды;»;
3-2), 3-3), 3-4) және 3-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды әзірлейді және бекітеді;
3-3) тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3-4) кепілді және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, олардың мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
3-5) тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 24-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы «атқарушылық іс жүргізу органдары» және «атқарушылық іс жүргізу органының» деген сөздер тиісінше «әділет органдары» және «әділет органының» деген сөздермен ауыстырылсын.
111. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102 -құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 1-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф - уәкілетті орган бекіткен жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатуына арналған тариф;
4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі - қаржы-есеп айырысу орталығы) - жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын осы Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға.»;
2) 5-бапта:
3), 4), 5), 6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын бекітеді;»;
7-3) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
3) 6-бапта:
3), 4), 7), 8), 10) және 10-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді әрі электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалау, салу, пайдалану және олардың техникалық қауіпсіздігі саласындағы ұлттық стандарттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;
«7) жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді және оны жүзеге асырады;
8) электр немесе жылу желілеріне қосатын және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосатын ең жақын нүктені айқындау тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;»;
«10) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығы орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен және шартты тұтынушылармен жасасатын шарттардың тиісті үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
10-1) тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын әзірлейді, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 10-4), 10-5), 10-6) және 10-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-4) жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектілерінің техникалық-экономикалық негіздемелері мен оларды салу жобаларын келісу және бекіту тәртібін, мерзімдерін бекітеді;
10-5) қаржы-есеп айырысу орталығын айқындайды;
10-6) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
10-7) жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
4) 9-баптың 8 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен өндірілетін электр энергиясының теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді уәкілетті орган бекіткен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы жүзеге асырады.»;
«10. Мемлекет уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, жиынтық қуаты бес киловаттан аспайтын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының елу пайызы мөлшерінде жеке тұтынушыларға атаулы көмек береді. Атаулы көмек жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары пайдалануға берілгеннен кейін төленеді.».
112. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 114-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту саласындағы уәкілетті орган:
1) жәбірленушілерге медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының практикасына енгізеді;
2) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарын қолдану жөніндегі шараларды әзірлейді.»;
2) 14-бап алып тасталсын.
113. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат):
1) 5-баптың 4-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 13-5) тармақшамен толықтырылсын:
«13-5) босқын куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды бекітеді;»;
3) 7-баптың 2-1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша босқындарға көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;».
114. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 1-2, 3-құжат; 2013 ж., № 13, 64-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензия - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жеке тұлғаға сот-сараптама қызметiмен айналысуға беретiн рұқсат;»;
2) 12-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген сот сараптамалары түрлерінің тізбесінде көзделмеген сот сараптамасы тағайындалған;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдардың сот сараптамасының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына бiлiктiлiк куәлiгiмен расталатын сот сарапшысы бiлiктiлiгiнің болуы, оларды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң комиссиялары аттестаттаған болуы және олардың Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлуі тиiс.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сот сараптамасы органдарына алғаш рет жұмысқа кiретiн адамдар бiлiктiлiк емтиханын тапсырумен аяқталатын арнайы кәсiптiк даярлықтан өтедi. Арнайы кәсiптiк даярлық қағидаларын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлейдi.»;
3) 13-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Біліктілік емтихандарын қабылдауды және сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін беруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің біліктілік комиссиялары жүзеге асырады.
3. Біліктілік комиссиялары қызметінің қағидалары мен олардың құрамын, сондай-ақ сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.»;
4) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Сот сарапшысын аттестаттау
1. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларының, сондай-ақ сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардың кәсіптік даярлығы деңгейін айқындау мақсатында, олар бес жылда бір рет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиялары жүргізетін аттестаттаудан өтеді.
Сот сарапшысының кәсіптік даярлығының тиісті деңгейіне негізді күмән туындаған кезде ол кезектен тыс аттестаттаудан өткізіледі.
2. Аттестаттау комиссиялары қызметінің қағидалары мен олардың құрамын, сондай-ақ сот сарапшысын аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.»;
5) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің қағидалары мен оның құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.»;
6) 16-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаны сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыру:
1) адам сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел не бірнеше рет бұзған;
2) оны аттестаттау нәтижелерімен расталған кәсіптік даярлығы деңгейінің жеткіліксіздігі салдарынан адамның сот сарапшысы міндеттерін атқаруы мүмкін болмаған;
3) адам аттестаттаудан өтуден жалтарған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап қоюы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Көрсетілген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы талап арызды дайындау жөніндегі ұсыныспен лицензиялаушы органның басшысына жүгiнедi.
Сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиядан айыру оның қолданысын тоқтатуға әкеп соғады.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, лицензияның қолданысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия ұсынған материалдардың негізінде лицензиялаушы орган басшысының бұйрығымен тоқтатыла тұрады, қайта жалғастырылады және тоқтатылады.
Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған, қайта жалғастырылған немесе тоқтатылған жеке тұлға қабылданған шешім туралы үш тәулік ішінде хабардар етіледі және тиісті мәліметтер бес тәулік ішінде Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.»;
7) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары туралы, сондай-ақ сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиясы бар жеке тұлғалар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi, оның мақсаттары мен қалыптастыру және пайдалану қағидаларын Әділет министрлігі айқындайды.»;
8) 20-баптың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдары, оның ішінде сот-медициналық сараптамасын жүргізетін органдары;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының мамандандырылған психиатриялық және наркологиялық ұйымдары жатады.»;
9) 25-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көздеген ерекше жағдайлардан басқа, сот сараптамасын жүргізу мерзімі отыз тәуліктен аспауға тиіс.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындаудың жалпы критерийлерін, олардың күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.»;
10) 27-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сот сараптамасы объектiлерiмен жұмыс істеу қағидаларын Әділет министрлігі белгiлейдi.»;
11) 29-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сот сараптамасының әртүрлі органдарына тапсырылған кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.»;
12) 31-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сот сараптамасын жүргізу нәтижелерін ресімдеу ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.»;
13) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаның құрылымы мен мазмұнын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.»;
14) 42-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот-сараптама қызметiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету, сондай-ақ сот сарапшыларын кәсiптік даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң сот сараптамасы органдарына жүктеледi.
2. Сот-сараптамалық зерттеулердің әдiстемелерін әзірлеу, сынамалау және енгізу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
15) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Қазақстан Республикасының Сот-сараптамалық зерттеулер әдiстемелерінiң мемлекеттiк тiзiлiмi
Осы Заңның талаптарына сай келетiн сот-сараптамалық зерттеулердiң әдiстемелерi туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасының Сот-сараптамалық зерттеулер әдiстемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi, оның мақсаттарын, қалыптастыру және пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгiлейдi.»;
16) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«46-бап. Сот сараптамасын жүргiзудi материалдық-техникалық қамтамасыз ету стандарттары мен талаптары
Сот сарапшысы өз қызметін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен стандарттар мен талаптарға сәйкес келетін арнайы жарақталған үй-жайлар болған кезде жүзеге асыра алады.».
115. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«24) шаруашылық бойынша есепке алу - үй шаруашылықтары мен шаруа және (немесе) фермер қожалықтары бойынша әкімшілік деректерді қалыптастыру процесі.»;
2) 3-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
3) 11-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
4) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін үйлестіреді;