1) 1-баптың 19-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы - бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы;»;
2) 4-баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және уәкілетті орган бекіткен тауарлар тізбесі бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;
6) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды кейіннен өңдеу мақсатында уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша сатып алуы;»;
3) 5-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушіні таңдау, сондай-ақ онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу осы Заңдa айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тапсырыс берушінiң іркіліссіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында пайдаланылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемінен аспайтын көлемде, уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша, күнделiктi немесе апта сайынғы қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға құқылы.»;
4) 7-баптың 5-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орындайды;»;
5) 13 және 14-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік сатып алу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
3) осы Заңда айқындалған отандық әлеуетті өнім берушілер санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды;
4) отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекітеді;
5) сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлiк тауарларын сақтау, өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердiң) тiзбесiн бекiтедi;
6) түзету мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес олардан тапсырыс берушілер сатып алатын, сол кәсіпорындар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемдерін бекітеді;
7) қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртібін айқындайды;
8) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
9) арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімдерін берушілерді айқындайды, сондай-ақ осы Заңның 4-бабы 1-тармағының
16) тармақшасына сәйкес олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекітеді;
10) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
14-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) осы Заңда көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
2) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындайды;
4) мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану тәртібін айқындайды;
5) мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу тәртібін айқындайды;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
қажет болған жағдайда, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері ұсынған есептілік деректерінің, материалдар мен ақпараттың анықтығын тексереді;
7) іркіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайын қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
8) осы Заңның нормаларын қолдану үшін қажетті қор биржаларының тізбесін бекітеді, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 6-тармағында көзделген құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді;
9) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар оларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекітеді;
10) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекітеді;
11) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын, тауарларды мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын, жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын бекітеді;
12) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртібін айқындайды;
13) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды белгілейді;
14) мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды;
15) электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын айқындайды;
16) мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды;
17) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды айқындайды;
18) аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
19) конкурстың не аукционның қорытындылары шығарылғанға дейінгі және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге тапсырыс берушілер бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайын қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
20) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган:
1) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілерінен қажетті ақпарат пен материалдарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын сараптамалар және консультациялар жүргізуге тартуға құқылы.»;
6) 32-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер осындай мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзімі ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейінгі және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса;»;
7) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша, құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет аукционның нысанасы болып табылады.
Тауарды (жұмысты, қызметті) беретін (орындайтын, көрсететін) бірнеше орын болған жағдайда, аукцион тәсілімен өткізілетін лотта тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) беретін (орындайтын, көрсететін) бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.»;
8) 41-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
9) 42-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге қолдау көрсету тәртібіне қойылатын талаптарды қамтитын, уәкілетті орган белгілейтін арнайы тәртіпке қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес бекітеді.»;
10) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын жұмыстарға, көрсететін қызметтерге Қазақстанда шығарылған тауарлармен, тиісінше қазақстандық әлеуетті өнім берушілер орындайтын жұмыстармен, көрсететін қызметтермен тең талаптарда ұлттық режим Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда және шарттарда қолданылады.
2. Елдің конституциялық құрылысының негіздерін қорғау, құқықтық тәртібін, ұлттық қауіпсіздігін және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, отандық тауар өндірушілерді, отандық жұмыс, көрсетілетін қызмет берушілерді қолдау мақсатында, уәкілетті орган мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын жұмыстарға, көрсететін қызметтерге рұқсатқа тыйым салу және аталған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге рұқсатты шектеуге құқылы.
Көрсетілген тауарлардың шығарылған елін айқындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі оларға қатысты тыйым салуды, шектеулерді белгілеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, уәкілетті орган шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде рұқсат беру талаптарын белгілеуге құқылы.»;
11) 44-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауарлар өндіретін және (немесе) тауарлар беретін, жұмыстар орындайтын, қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар тізбесін және оларды енгізу тәртібін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Тауарлар өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
102. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат):
1) 4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган;»;
6-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жергілікті атқарушы органдар оларды жасауды, өткізуді және айналысын тоқтата тұру туралы беретін нұсқаманы, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының нарығын қоспағанда, осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін машиналар мен жабдықтарды жасауды, өткізуді және олардың нарықтағы айналысын тоқтата тұру туралы нұсқама беру;».
103. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 138-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат):
1) 4-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 5-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ойыншықтар қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;»;
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзырет шегінде техникалық регламенттердің талаптарына ойыншықтардың сәйкестігін бақылау жатады.».
104. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат):
1) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
2) 18-баптың 2 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын және оның филиалдары жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.»;
«5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
3) 57-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасында жүйелі тіркеуді жүргізу мерзімдері мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.».
105. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат):
1) 4-баптың 6), 9), 14), 17), 18), 22), 26), 27), 28) және 29) тармақшалары алып тасталсын;
2) 5-бапта:
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) медициналық, фармацевтикалық және әскери білім берудің, мәдениет, өнер және спорт саласындағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын келіседі;»;
мынадай мазмұндағы 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-2) мемлекеттік жалпы білім берудің білім беру стандарттарын әзірлеу тәртібін айқындайды;
6-3) мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру тәртібін айқындайды;»;
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын келіседі;»;
мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3) және 8-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
8-2) «Алтын белгі» белгісі туралы ережені бекітеді;
8-3) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» және «Үздік педагог» атақтарын беру қағидаларын бекітеді;
8-4) «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекітеді;»;
16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен тоықтырылсын:
«24-1) білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;»;
25) және 36) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«25) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және оны жүргізуді үйлестіреді, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«36) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
45-1) және 45-3) тармақшалар алып тасталсын;
3) 6-бапта:
2-тармақта:
16) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 24-6) және 24-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-6) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
24-7) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
24-2) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 21-4) тармақшамен толықтырылсын:
«21-4) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;»;
4) 8-баптың 4-1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.».
106. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 11, 80-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 2-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік - есепті кезең ішінде трансферттік бағаларды қолдана отырып жасалған мәмілелерді қоса алғанда, уәкілетті орган бекітетін тәртіп пен нысанға сәйкес мәмілеге қатысушы жыл сайын салық қызметі органдарына ұсынатын мәмілелер бойынша деректер;»;
2) 6-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тізбесін уәкілетті орган бекітетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша халықаралық іскерлік операциялар мәмілелер мониторингіне жатады.»;
«4. Мәмiлелер мониторингiн жүзеге асыру қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi және оларда мәмiлеге қатысушының мәмілелер мониторингі бойынша бекiтiлген есептiлiк нысандарын толтыру және оларды уәкілетті органдарға ұсыну тәртібі, сондай-ақ мәмілелер мониторингі бойынша құжаттама жүргiзу тәртібі қамтылады.».
107. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 63-құжат):
1) 12-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) сатып алушылар бөлінісінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары;»;
2) 49-баптың 1) тармақшасының он сегізінші, он тоғызыншы, қырқыншы, алпыс бесінші және жетпіс бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«тауарды өңдеу инвестиция және даму саласындағы уәкілетті орган белгілеген жеткілікті өңдеу критерийлеріне сәйкес келген;
тауар салық саясаты саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген;»;
«1) уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;»;
«Аталған тауарлар тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
«Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады.»;
3) 49-1-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Аталған тауарлар тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
бесінші бөліктің 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады;»;
оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, осы бапта көрсетілген тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.».
108. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 14, 84-құжат):
1) 5-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Монополияға қарсы орган бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.»;
2) 6-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын;
3) 14-баптың 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес нарық субъектісіне белгіленген тауар бағасы монополиялық жоғары баға болып танылмайды.»;
«5. Егер тауар бағасы осы баптың 4-тармағында көрсетілген критерийлердің ең болмағанда біреуіне сәйкес келмесе, ол монополиялық төмен баға болып танылмайды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес нарық субъектісіне белгіленген тауар бағасы монополиялық төмен баға болып танылмайды.»;
4) 32-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға баға белгiлеу қағидаларын монаполияға қарсы орган бекітеді.»;
5) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Монополияға қарсы орган»;
6) 39-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;»;
9), 14) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу және одан шығару қағидаларын әзiрлейді және бекітеді;»;
«14) тауарлардың өзара алмастырылу, оларды сатып алуға қолжетімділік критерийлерін, сондай-ақ тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемелерін, қаржы ұйымдарына қатысты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекітеді;»;