«23-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
23-2) мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекітеді;
23-3) фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
23-4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
23-5) мәдениет және өнер саласындағы барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
23-6) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;»;
3) 8-бап мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын:
«14-3) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;».
92. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжат; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 9, 51-құжат):
1) 6-баптың 3), 5) және 9) тармақшалары алып тасталсын;
2) 7-бапта:
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініш нысанын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініш нысандарын әзірлеу және бекіту;»;
3) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту жатады.»;
4) 8-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын қоспағанда, оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін әзiрлеу, уәкілетті органмен келісу және бекіту жатады.
Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін әзiрлеудi және бекітуді, егер жергiлiктi атқарушы орган лицензиар болып табылған жағдайда, орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;»;
5) 10-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін лицензиялардың және оларға қосымшалардың нысандарын қоспағанда, лицензияның және оған қосымшаның нысанын уәкілетті орган белгілейді.».
93. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2- құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 7, 36- құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 5-баптың 7), 10), 12-1), 13), 15) және 19-1) тармақшалары алып тасталсын;
2) 6-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3), 5-4) және 30-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің және депозитарийдің мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын бекіту;
5-2) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту;
5-3) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесiнiң ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидаларын бекiту;
5-4) мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру тәртібін айқындау;»;
«30-4) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлiк жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
3) 9-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органның келісімі бойынша уәкілетті орган белгілейді.».
94. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Респбуликасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат):
1) 7-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
2) 8-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ойын бизнесін ұйымдастырушының осы Заңның 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлейді және бекітеді;».
95. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат):
1) 6-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке тіркеу нөмірлерін қалыптастыруды қоспағанда, сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыруды орталықтандырылған түрде жүзеге асырады әрi тiркеушi және басқа да мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелерге ақпарат бередi;».
96. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат):
1) 20-бапта:
1-1-тармақтың 1) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
5-тармақтың 2) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бугалтерлік есепті жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
«11) кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 22-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті орган бекiткен аккредиттеу қағидаларына сәйкестiк.».
97. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
1) 6-баптың 2), 3), 3-1), 4), 6), 7) және 9) тармақшалары алып тасталсын;
2) 7-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ету;»;
2) тармақша алып тасталсын;
3), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«5) мыналарға:
мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке;
сарапшылық ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
6) мыналарды:
шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын;
шитті мақтаның сапасы туралы куәлік нысанын (үлгісін);
мақта талшығының сапа паспортының нысанын (үлгісін) әзірлеу және бекіту;»;
7) және 11) тармақшалар алып тасталсын;
17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«17) сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
18) мыналарды:
мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын;
мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу қағидаларын;
мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу қағидаларын;
мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдіктерін алу қағидаларын;
мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу қағидаларын;
мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасына сараптаманы субсидиялау қағидаларын;
мақтаны сандық-сапалық есепке алуды жүргізу қағидаларын;
мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын;
шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларын;
мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын;
мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
19) және 20) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) мақта саласын дамыту жөніндегі техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;»;
3) 8-бапта:
3) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мақта нарығының мониторингін жүргізу;»;
«6) уәкілетті органға стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды, мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) сотқа мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу және оны мерзімінен бұрын аяқтау туралы өтініш беру;»;
9) тармақшаның төртінші абзацындағы «қызметін бақылау;» деген сөздер «қызметін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«сараптама ұйымының мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын сақтауын бақылау;»;
14) тармақшаның үшінші абзацындағы «пайдалану қағидаларын сақтауын бақылау;» деген сөздер «пайдалану;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, күшін жою және өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;»;
мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), 14-3), 14-4) және 14-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту;
14-2) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау;
14-3) мақта тұқымдарының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды қамтамасыз ету және басқару әрі олардың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
14-4) мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, күшін жою және өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;
14-5) сарапшылық ұйымның мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын сақтауын жыл сайын бақылау;»;
4) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасы заңнамасының мақтаның қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.»;
5) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мақта нарығына қатысушылардың мүдделерін қорғау мақсатында аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібін сақтауы жөніндегі қызметін бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп жүзеге асырады.»;
6) 11-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мақта талшығының сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын сарапшылық ұйым осы Заңның 7-бабының 5) тармақшасына сай бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.»;
7) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Есепке алу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету, мақта нарығының мониторингін жүргізу жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша есептілікті ұсыну мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.»;
8) 20-баптың 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мақта өңдеу ұйымдары облыстың жергілікті атқарушы органына мақта қолхаттарына қол қоюға уәкілеттік берілген жеке тұлғалардың тектері, аттары, әкелерінің аттары (олар бар болса) бар карточканы, олардың қолдарының үлгілерін, сондай-ақ мақта қолхатына қойылатын мөр бедерінің үлгісін табыс етуге міндетті.
8. Мақта қолхатындағы қойылған қолдарының, мөр бедерінің облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынылатын карточкада көрсетілген қолдарының үлгілері мен мөр бедеріне сәйкес келмеуі осы мақта қолхатын жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.»;
9) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мақта нарығын реттеу және мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында, мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде облыстың жергілікті атқарушы органы дербес және (немесе) тиісті мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, сондай-ақ мақта саласындағы мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуы тұрғысында мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүргізеді.»;
10) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Мақта өңдеу ұйымдарына ықпал ету шаралары
Тексеру нәтижелері бойынша мақта өңдеу ұйымының қызметінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мақта өңдеу ұйымына мынадай ықпал ету шараларын:
1) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімдерде жою туралы орындалуға міндетті жазбаша нұсқамалар беруді;
2) осы Заңның 32-бабында көзделген негіздер бойынша мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізуді;
3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізуді қолдануға құқылы.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының жазбаша нұсқамасы жіберілген мақта өңдеуші ұйым оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.»;
11) 32-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мақта өңдеу ұйымының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүргізу үшін:
1) тексерулер жүргізу кестесі;
2) мақта қолхаттарын ұстаушылардың мақта беруден бас тартудың екі және одан да көп фактілері бойынша ресми өтініштері (шағымдары) негіз болып табылады.»;
12) 33-бап алып тасталсын;
13) 34-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды мерзімінен бұрын тоқтату не мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мерзімін ұзарту туралы ұсыныс енгізуге құқылы.»;
14) 35-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уақытша басқару жөніндегі комиссия уақытша әкімшілік құрамына өкілдер сайлау үшін мақта қолхаттарын ұстаушылардың жиналысын өткізуді ұйымдастырады. Бұл ретте уақытша әкімшіліктің құрамына сайлануға осы мақта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау пунктінде) сақтаулы мақтаның ең көп мөлшері бар мақта қолхаттарын ұстаушылардың артықшылықты құқығы болады.»;
7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мақта қолхаттарына қол қоюға уәкілетті адамдардың тегі, аты және әкесінің аты (олар бар болса) бар карточканы, олардың қолдарының үлгілерін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына табыс етуге;»;
15) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды тоқтату
1. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша тоқтатылады.
2. Уақытша басқару:
1) мақта өңдеу ұйымы берілген мақта қолхаттары бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігін қалпына келтірген;
2) басқа да мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптарын тиісінше орындауға ықпал ететін жағдайлар болмаған кезде, уақытша басқару кезеңінде мақта қолхаттарын ұстаушылардың мәлімделген барлық талаптарын толық көлемде қанағаттандырған жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Уақытша әкімшіліктің уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау үшін негіздердің болуы туралы актісінің негізінде қабылданатын уақытша басқару жөніндегі комиссияның ұсынысы соттың уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.
3. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды оны енгізуге әкеп соққан себептердің жойылуына байланысты тоқтату (оның ішінде мерзімнен бұрын) осы мақта өңдеу ұйымына қатысты барлық шектеулерді жоюға әкеп соғады.
4. Егер мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау қабілеттілігін қалпына келтірмеген жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдайды және сотқа мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы талап арыз беруге бастама жасайды.»;
16) 37-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында кез келген негізде таратуға уәкілеттік берілген заңды тұлға органының шешімі бойынша таратылуы (ерікті түрде таратылуы) мүмкін, бұл ретте облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына хабарлама жіберіледі;».
98. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 5-баптың 3), 4), 5), 6 және 7) тармақшалары алып тасталсын;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 14), 15), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидаларын бекітеді;
15) импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру қағидаларын бекітеді;
16) өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
17) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
18) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
19) өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
20) өнімнің кері экспортына рұқсат береді.».
99. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) 5-баптың 5) тармақшасының екінші абзацы алып тасталсын;
2) 6-баптың 3-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) мыналарды:
тамақ өнімінің қауіпсіздігін айқындау бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;
Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын) жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібін бекіту;».
100. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 7-баптың 2) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
2) 8-бапта:
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеуді және бекітуді;»;
6), 11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-баптармен толықтырылсын:
«8-1-бап. Инвестициялар және даму жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Инвестициялар және даму жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібін бекіту жатады.
8-2-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне:
1) осы Заңда және химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау;
2) осы Заңның және химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімді анықтау және оны өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында тұтыну нарықтарына мониторинг жүргізу;
3) өтінім беруші (өндіруші, өнім беруші, импорттаушы) ұсынған ақпарат негізінде химиялық өнімнің адам денсаулығы мен өмірі, қоршаған орта үшін қатерін бағалауды тексеру;
4) осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімнің өмірлік циклінің бір немесе бірнеше процесін тоқтата тұру туралы нұсқамалар беру жатады.».
101. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):