1) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретiне:
1) агроөнеркәсіптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негізгi бағыттарын әзiрлеу;
2) азық-түлік қауіпсіздігі саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ету;
3) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін бекіту;
4) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;
5) сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесiн, сондай-ақ олардың сыйақы мөлшерiн бекiту;
6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту;
7) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту;
8) мамандандырылған ұйымдарды құру және олардың қатысуымен агроөнеркәсiптiк кешендi қолдау тәртiбiн айқындау;
9) оларға қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін бекіту;
10) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас схемасына сәйкес ауылды оңтайлы қоныстандыру схемасын бекiту;
11) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесін бекіту;
12) ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн бекiту;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсiптiк кешенде және ауылдық аумақтарда қалыптасатын жер қатынастарын реттеу;
14) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң өзара iс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту үшiн агроөнеркәсіптiк кешен салаларын айқындау;
15) осы Заңның 18-бабының 8-тармағында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау;
16) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау кіреді.»;
2) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) агроөнеркәсiптiк кешен мәселелерi жөнiндегi мемлекеттің саясатын iске асыру;
2) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы техникалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
3) ауыл шаруашылығы өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын схемасын әзiрлеу және бекiту;
4) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын тұжырымдау, өз құзыретi шегiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы халықаралық жобаларды iске асыру;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi жөніндегi мемлекеттiк iс-шараларды ұйымдастыру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;
7) мыналардың:
агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың;
азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтарының;
азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жүргізу;
8) өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысандарын және есептілікті ұсыну тәртібін бекіту;
9) агроөнеркәсіптiк кешен субъектiлеріне өтеусiз негізде берілуге жататын ақпарат пен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн әзiрлеу;
10) өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
11) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесін әзірлеу;
12) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, баға, техника, кеден, салық, кредит, сақтандыру қызметi, сондай-ақ агроөнеркәсіптiк кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттiң саясаты саласындағы мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзу;
13) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу;
14) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
15) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
16) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
17) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
18) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
19) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
20) барлық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды қоса алғанда, агроөнеркәсіптік кешендi дамыту саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық инспекция саласындағы заңнамасын жергілікті атқарушы органдардың сақтауына бақылауды, агроөнеркәсіптік кешендi дамыту саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық инспекция саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі орындалуы міндетті ұйғарымды беруді жүзеге асыру;
21) топырақты агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
22) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзірлеу және бекіту;
23) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
24) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу;
25) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық
жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу қағидаларын бекіту;
26) ауыл шаруашылығы өнімінің және оны өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын әзірлеу және бекіту;
27) агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
28) агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;
29) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
30) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдiстемелiк басшылық жасау;
31) нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығаруға қатысушы ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
32) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру;
33) салалық көтермелеу жүйесін бекіту;
34) «Агроөнеркәсіптік кешендегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын әзірлеу;
35) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің республикалық көрмелерін, жәрмеңкелерін ұйымдастыру;
36) субсидияларды алушы міндеттемесінің нысанын бекіту;
37) мамандандырылған мемлекеттiк мекемелердiң суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнің мониторингi мен оны бағалауды жүргiзуiн ұйымдастыру;
38) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлеу;
39) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
40) ауылдық жерлерде микрокредит беру жүйесін дамыту мониторингін жүзеге асыру;
41) мыналарды:
тұқым шаруашылығын дамытуды;
мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды;
акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруды,
жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын;
тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда);
өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;
жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын;
ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын;
отандық ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу үлесiн ұлғайтуды;
кредиттер және технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін;
шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын;
ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды;
ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
42) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) осы Заңның 18-бабының 8-тармағында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібін айқындау;»;
3) 11-баптың 2-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Агронеркәсіптік кешенді субсидиялау агронеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен осы Заңның 9-бабының 3-тармағында көзделген ережелер ескеріле отырып, мынадай бағыттар бойынша:»;
2) тармақша алып тасталсын.
87. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75 құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 27-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Дара кәсiпкердi (бiрлескен дара кәсiпкерлiктi) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын уәкілетті орган бекiтедi.»;
2) 29-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ өнімдеріне, процестеріне қойылатын талаптарды белгілеу;»;
3) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен жеке кәсiпкерлiк өнiмдеріне, процестеріне қойылатын талаптарды белгiлеу
Мемлекет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің орындауы үшін мiндеттi өнiмдерге, процестерге қойылатын талаптарды белгiлейдi.»;
4) 33-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда белгіленеді.»;
«3. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.».
88. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган - бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
8) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) концессиялық жоба - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы Заңға сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы. Концессиялық жобалар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызылуы мүмкін.
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерийлерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
«20) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган - стратегиялық және экономикалық жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады және осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген, концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі ескеріле отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасының белгілі бір үлестерімен бірыңғай төлемдер түрінде жүргізілетін, бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемдерді қамтиды.»;
3) 8-бапта:
2), 3), 4), 4-1), 4-2) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:
«6-3) ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекітеді;»;
7-1) және 7-2) тармақшалар алып тасталсын;
4) 9-бап мынадай мазмұндағы 7-5), 7-6), 7-7), 7-8), 7-9) және 7-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-5) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын бекітеді;
7-6) концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларын бекітеді;
7-7) экономиканың әртүрлi салаларында (аясында) концессияның үлгiлік шарттарын бекiтедi;
7-8) концессия шарттарының мониторингін жүргізу, концессиялық жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргізу қағидаларын бекітеді;
7-9) концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалар санатына жатқызу критерийлерін бекітеді;
7-10) концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерийлерін бекітеді;»;
5) 10-бап мынадай мазмұндағы 7-2), 7-3), 7-4) және 7-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жасалған концессиялық шарттардың және берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiтедi;
7-3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша пайдалану шығындарының өтемақысын төлеу қағидаларын бекітеді;
7-4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру қағидаларын бекітеді;
7-5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу қағидаларын бекітеді;»;
6) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктеріне:
1) концессиялық жобаны консультациялық қолдауды қаржыландыру, концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдау жөніндегі мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру кіреді.»;
7) 15-1-баптың 5-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтініміне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
8) 15-2-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісілген, тиісті саланың уәкiлеттi мемлекеттік органының өтінімі және осы баптың 6-тармағында көрсетілген, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
9) 20-бапта:
1-тармақтың бесінші және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
«Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комиссия концессиялық өтінімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгiлейтiн жобаларға қойылатын критерийлер негiзiнде үздiк деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессиялық шарт талаптарын нақтылау бойынша келiссөздер жүргiзедi.».
89. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат, № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат):
1) 7-баптың 4) тармақшасының екінші, алтыншы және оныншы абзацтары алып тасталсын;
2) 8-баптың бірінші бөлігінде:
5-1) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшаның сегізінші абзацындағы «көлемдерін бекіту;» деген сөздер «көлемдерін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасын және оларды қорғау режимiнiң түрiн;
осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекіту;»;
16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн әзірлеу және бекіту;»;
16-5) және 16-7) тармақшалар алып тасталсын;
3) 10-баптың 2-тармағының 3), 5), 6) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi бекiтедi;»;
«5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын бекiтедi;
6) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;»;
«13) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумағының шекарасын және қорғау режимiнiң түрлерiн бекiтедi;»;
4) 33-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына бақылау жүргізу мақсатында табиғат қорғау мекемесінің және оның күзет аймағының аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың объектілеріне баруға;»;
5) 40-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) уәкілетті орган белгiлеген нормадан асып түсетiн жасанды жолмен жасалатын шуылға және өзге де акустикалық әсерлерге;».
90. «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат № 10, 52-құжат):
1) 3-баптың 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
2) 3-1-бап мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгілік шартты бекітеді;
5-2) тұрын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;»;
3) 7-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
91. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 6-баптың 4), 5), 6), 7), 13) және 14) тармақшалары алып тасталсын;
2) 7-бапта:
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-1), 15-1), 21-1), 23-1), 23-2), 23-3), 23-4), 23-5) және 23-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
«15-1) мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын айқындайды;»;
«21-1) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібі мен шарттарын бекітеді;»;