6) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Имитациялық режимдегі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.»;
7) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығына қол жеткiзу тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.»;
8) 18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өңiрлiк электр желiлерi бойынша электр энергиясын беру энергиямен жабдықтаушы ұйым немесе тұтынушы өңiрлiк электр желiсi компаниясымен уәкілетті орган белгiлеген үлгiлік нысан бойынша жасасатын электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтер көрсету шартының негiзiнде жүзеге асырылады.»;
9) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау тәртiбi мен талаптарын уәкілетті орган бекiтедi.»;
10) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi.».
79. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат):
1) 1-баптың 69) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«69) рекреациалық балық аулау аймағы - әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен айқындайтын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің және оған іргелес жағалау белдеуінің учаскесі;»;
2) 8 және 9-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
2) жануарлар дүниесiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
3) уәкiлеттi органның және жергiлiктi атқарушы органдардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылық жасауды жүзеге асырады;
4) уәкiлеттi органды айқындайды;
5) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша міндеттемелерді орындау үшін әкімшілік органды және ғылыми ұйымдарды айқындайды;
6) тірі күйінде бекіре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығару туралы шешім қабылдайды;
7) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдайды;
8) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің тізбесін бекітеді және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
9) ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда өсетiн жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің, олардың бөліктерінің және дериваттарының халықаралық саудасына шектеулер енгiзедi;
10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
11) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекітеді;
12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
9-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыретi
1. Уәкілетті орган:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
4) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор актiлерiнiң нысандарын, оларды жасау мен берудiң тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi әзiрлейдi және бекітеді;
6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерiнiң айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, оны киіп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
7) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянның орнын толтыру мөлшерiн айқындаудың, сондай-ақ балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянның, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеудің әдiстемелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
8) аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерiнің нысанын және оны беру тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
9) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн әкелуге және әкетуге рұқсаттар бередi;
10) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күшін қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
11) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындаудың тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
12) балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу шарттарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітедi;
13) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
14) жолдаманың үлгiлік нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзiрлейді және бекітеді;
15) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiнiң тізбелерін айқындайды және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;
16) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
17) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
18) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін әзірлейді және бекітеді;
19) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
20) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді және оларды орнатуды келіседі;
21) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді және бекітеді;
22) ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін және сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын әзірлейді және бекітеді және ішкі нарықта саудалауға таңба беруді жүзеге асырады;
23) бақылау үшін аулауды, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды ұйымдастырады;
24) екі және одан да көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;
25) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
26) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
27) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
28) зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және тоқсан сайын жаңартады;
29) аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын әзірлейді және бекітеді;
30) балықтардың қырылуына сөзсіз әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қатердің бетін қайтару мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
31) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
32) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
33) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
34) қорықшының төсбелгісінің және айырым белгілері бар арнайы киімінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
35) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
36) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
37) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
38) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;
39) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидаларын әзірлейді;
40) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу қағидаларын әзірлейді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;
41) аңшы куәліктерін беру жөніндегі есептіліктің нысанын әзірлейді және бекітеді;
42) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
43) су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
44) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
45) су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
47) табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
48) жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
49) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
50) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киімді киюге құқығы бар жұмыскерлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
51) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын әзірлейді;
52) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
53) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді және бекітеді;
54) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыру туралы шешім қабылдайды;
55) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін әзірлейді және бекітеді;
56) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
57) аң аулау, балық аулау қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
58) аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын және балық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
59) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
60) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
61) жануарлардың санын реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
62) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеменің негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
63) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
64) зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
65) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзірлейді және бекiтедi;
66) аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың құнды түрлерiнiң тiзбесiн әзірлейді және бекiтедi;
67) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
68) дериваттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
69) жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
70) аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
71) жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
72) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
73) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құнды объектілерге жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
74) балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорындағы және (немесе) учаскелер мен аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесінің өсімін молайтуды және оларды мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
75) жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсат береді;
76) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
77) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізеді;
78) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аумақтық бөлімшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдарының құзыретi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.»;
3) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-2), 5-3), 5-4), 5-5), 5-6), 5-7), 5-8), 5-9) және 5-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-2) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
5-3) бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
5-4) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
5-5) аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
5-6) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
5-7) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
5-8) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;
5-9) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашады және жабады;
5-10) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;»;
4) 11-1-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бекіре тұқымдас балықтарды қолдан өсіру мақсатында өсімді молайту кешені мемлекеттік кәсіпорындарының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу үшін аулау кезінде заңды тұлғалардың оларды табиғи мекендеу ортасынан алып қоюы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
5) 18-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құндыларға жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидаларын уәкілетті орган биологиялық негіздеме негізінде бекітеді.»;
6) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялауға, реинтродукциялау мен будандастыруға, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге биологиялық негiздеме мен мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес уәкiлеттi органның шешiмi бойынша жол берiледi.»;
7) 22-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жануарлар дүниесiн ғылыми-зерттеу мақсаттарда пайдалану уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган жануарлар дүниесiн пайдалануға берген рұқсаттар негізінде жылдың кез-келген уақытында және рұқсат етілген аң аулау құралдарымен жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесi объектілерін ғылыми зерттеулер үшін алып қою квотасын - уәкілетті орган бекiткен жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимиті шегіндегі ғылыми зерттеулер бағдарламаларына сәйкес, аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейді.»;
8) 29-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi олардың санының есеп материалдары, жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның мониторингi, ғылыми зерттеулер негiзiнде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес айқындалады және оны мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда уәкілетті орган бекiтедi.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квотасы - аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері үшін аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейтін жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитiнің бөлігі.
Балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.»;
9) 33-1-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен аккредиттелуге жатады. Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығын аккредиттеуді уәкілетті орган олардың берген өтініштері негізінде және олардың меншікті қаражаты есебінен жүргізеді.»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар әлемі объектілерін алып қою квоталарын бөлуді;»;
4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлуді;»;
10) 34-бапта:
2-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы орган белгілейтін рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі уәкілетті орган бекіткен Балық аулау қағидаларында айқындалады.»;
11) 35-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жергілікті атқарушы органмен балық аулауға жасасқан шарты болған кезде берiледi.»;
12) 37-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аңшылық шаруашылығын, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтіп беріле отырып, балық шаруашылығын жүргiзу құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру туралы шешiмiнiң, жергілікті атқарушы орган мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу шартының негiзiнде берiледi.
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп берусіз балық шаруашылығын жүргiзуді Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.»;