2. Іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын және қауіпсіздіктің іс жүргізу шараларын қолдануға негіздер, оларды қолдану тәртібі, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде айқындалады.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
24-бап. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасының қолданылуын қадағалау
Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасының дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады.
25-бап. Жәбірленушілерге көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде құпиялылықты сақтау
Жәбірленушілердің жеке және отбасылық өмірі туралы мәліметтер құпия ақпарат болып табылады және жария етуге жатпайды.
Өзінің қызмет бабына байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі мәлім болған адамның құпия ақпаратты жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы желтоқсанның 4-і.
№ 214-ІV ҚРЗ