2) жобалау компаниясының үлескерге тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесті беру мерзімі;
3) шарттың бағасы, яғни үлескердің банк шотының шарты бойынша үлескер депозитіне енгізуіне жататын, тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайдың жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін есептік негізге алынған ақша сомасы;
4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша салынған тұрғын жайға берілетін кепілдікті мерзім;
5) сәулеттік жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының тұрғын жайдағы үлескерге берілуге жататын тұрғын үй-жайға қатысты бір бөлігін (тұрғын үй-жайдың салыну жоспарлары, қабаттылығы) шартқа міндетті түрде қоса тіркеу;
6) үлескерге тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесін берудің шартта көзделген мерзімін жобалау компаниясы бұзған жағдайда, тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) мөлшерін көрсету;
7) үлескер шартта белгіленген төлемді енгізу мерзімін бұзған жағдайда, тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) мөлшерін көрсету;
8) үлескердің ақшасын банк-агенттің жобалау компаниясына беру тәртібі мен мерзімдері;
9) банк шотының шарты бойынша үлескер депозитінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасының кемінде он бес проценті мөлшерінде бастапқы жарнасының болу қажеттігі туралы көрсету болып табылады.
3. Тұрғын жайға берілетін кепілдікті мерзім құрылыс объектісі пайдалануға қабылданған күннен бастап екі жылдан кем болмауға тиіс.
4. Шартта осы баптың 2-тармағында көзделген талаптар болмаған жағдайда, шарт есепке қойылмауға тиіс.
5. Үлестік құрылысқа қатысушы азамат қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда оның шарт бойынша құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлеріне ауысады. Құрылыс салушы, жобалау компаниясы, банк-агент үлестік құрылысқа қатысушының құқықтары мен міндеттері ауысқанда осындай мұрагерлерден бас тартуға құқылы емес.
6. Егер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан үлескер шарттың бағасын шарттың талабына сай толық көлемінде төлесе, тұрғын жайдың жалпы алаңының 1 шаршы метрі үшін бағаны одан әрі өзгертуге жол берілмейді.
7. Құрылыс салушы және жобалау компаниясы іс жүзіндегі мекенжайы, сондай-ақ жұмыс режимі өзгерген жағдайда үлескерлерге оларды міндетті түрде хабардар ету арқылы хабарлайды.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 10 бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасу
Жобалау компаниясы үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензияны осы Заңда белгіленген тәртіппен бірінші кезеңде алғаннан кейін құрылыс салушы, жобалау компаниясы, үлескер және банк-агент тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасуға құқылы.
11-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алу
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар, сондай-ақ шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру салынатын тұрғын жай орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органында есепке алынуға тиіс.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, оған енгізілген өзгерістерді, сондай-ақ шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруді есепке алу үшін жобалау компаниясы шарт немесе қосымша келісім жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салынатын тұрғын жайдағы үлес алаңдары мен оның орналасатын жері көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
Жобалау компаниясы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органында есепке алынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оның есептік жазбасы туралы үзінді-көшірмені үлескерге және банк-агентке табыс етуге міндетті.
Шарттарды, оған енгізілетін өзгерістерді, сондай-ақ шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруді есепке алу кезінде үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған үлеске құқықтарының болуы нысанасында міндетті тексеру жүргізіледі. Ондай құқықтар болған кезде, шартты есепке алудан бас тартылады.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жобалау компаниясы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды осы баптың 2-тармағында аталған құжаттардан басқа, құрылысқа немесе оның кезеңіне рұқсатты облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына ұсына отырып жүргізеді.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Шарттарды есепке алу облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына құжаттар берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Шартты орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда, бастамашы тарап облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына шартты орындаудан біржақты бас тартылуын есепке алу туралы өтініш ұсынады. Бұл ретте бастамашы тарап басқа тараптарды шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Міндеттемелердің орындалуы
1. Үлескердің шарт бағасын төлеуі төлемдерді шартта белгіленген мерзімдерде енгізу арқылы жүргізіледі.
2. Үлескердің міндеттемелері тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес ақша толық көлемде төленген және тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлес қабылдап алынған кезден бастап орындалған болып есептеледі.
3. Жобалау компаниясының міндеттемелері тұрғын жайды пайдалануға беруге рұқсат алынған және үлескерге тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) тиісті үлесті беру туралы актіге тараптар қол қойған кезден бастап орындалған болып есептеледі.
4. Банк-агенттің міндеттемелері тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес ақша үлескерлердің депозиттерінен жобалау компаниясына аударылған және үлескерге жинақталған сыйақы мөлшеріндегі ақша қайтарып берілген кезден бастап орындалған болып есептеледі.
5. Құрылыс салушының міндеттемелері кепілдікті мерзім аяқталғаннан және кепілдікті мерзім кезеңінде туындаған, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көрсетілген құрылыс объектісі көрсеткіштері сапасының бұзылуын жою жөніндегі міндеттемелерін орындағаннан кейін орындалған болып есептеледі.
6. Тұрғызылған тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлес үлескерге берілгенге дейін оның кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелін жобалау компаниясы көтереді. Тараптар беру актісіне қол қойғаннан кейін үлестің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелі үлескерге өтеді.
13-бап. Шартты өзгерту және бұзу
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер шартта және (немесе) оған қосымша келісімдерде шартты өзгерту жағдайлары мен талаптары көзделсе, құрылыс салушының, жобалау компаниясының, үлескер мен банк-агенттің келісімі бойынша шарт жасалғаннан кейін оның талаптары өзгертілуі мүмкін.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен мазмұн 1-1-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-1. Үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты мерзімінен бұрын бұзуға және үлескер депозитінің сомасын банк шотының шарты жасалған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде талап етуге құқылы.
Осы мерзім аяқталғаннан кейін үлескердің ақшаны сұратып алуы:
жобалау компаниясының үлескерлер ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуы тоқтатылған;
жобалау компаниясы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көрсетілген тұрғын жайды пайдалануға беру мерзімін бұзған жағдайларда ғана мүмкін болады.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен мазмұн 1-2-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-2. Осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бұзылған кезде банк-агент үлескердің депозитіндегі ақшаны және жинақталған сыйақы мөлшерінде ақшаны үлескерге қайтарып береді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі) (бұр.ред.қара)
2. Үлескердiң тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруiне ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен шарттың бағасын төлегеннен кейiн немесе борышын бiр мезгiлде жаңа үлескерге аударғаннан кейiн ғана жол берiледi.
Құқықты осылай басқаға беру кезiнде тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шартқа өзгерiстерде немесе қосымша келісімде үлескер тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлестi талап ету құқығын басқаға беретiн, ал жаңа үлескер оған ие болатын құн туралы ақпарат болуға тиiс.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Yлескердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруіне шарттар есепке алынған кезден бастап салынған тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) тиісті үлесті беру туралы актіге тараптар қол қойған кезге дейін жол беріледі.
4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың міндетті талаптары бұзылған жағдайда, кез келген тарап шартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға және осы Заңның 17-бабына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлей отырып, оның бастапқы жағдайға келтірілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шығындардың өтелуін талап етуге құқылы.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен тақырып жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесті беру
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жобалау компаниясы үлескердің салынған тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесін оған шартта көзделген мерзімінен кешіктірмей беруге міндетті.
Жобалау компаниясының тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесті беруі және оны үлескердің қабылдап алуы тараптардың беру актісі бойынша жүзеге асырылады.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жобалау компаниясы үлескерге оның тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесін беруді өзі тұрғын жайды пайдалануға беруге рұқсат алғаннан ерте жүзеге асырылмайды.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бүкіл тұрғын жайды пайдалануға беруге рұқсат алғаннан кейін жобалау компаниясы тиісті үлескерлерге тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлестерін беру жөніндегі міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жобалау компаниясынан құрылыстың аяқталғаны және тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесті беруге дайын екендігі туралы жазбаша хабарлама алған үлескер оны шартта көзделген мерзімде немесе егер, мұндай мерзім белгіленбесе, аталған хабарлама алынған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдауға кірісуге міндетті.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Үлескер оған өз үлесін беру туралы актіге қол қойылғанға дейін жобалау компаниясынан өзінің тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесінің осы Заңда немесе шартта аталған талаптарға сәйкес келмейтіндігін беру актісінде көрсетуді талап етуге, не беру актісіне қол қоюдан бас тартуға құқылы. Бұл ретте жобалау компаниясы осы мәліметтерді беру актісіне енгізуге міндетті.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Егер, шартта өзгеше көзделмесе, үлескер осы баптың 4-тармағында көзделген мерзімде тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) өз үлесін қабылдаудан жалтарған немесе үлескер оны қабылдаудан бас тартқан жағдайда (осы баптың 5-тармағында аталған жағдайды қоспағанда), жобалау компаниясы тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесті беру үшін шартта көзделген күннен бастап он төрт жұмыс күні өткеннен кейін шартты бұзуға.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен мазмұн 14-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
14-1-бап. Техникалық қадағалау
1. Жобалау компаниясы техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымды тартуға міндетті.
2. Инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымның есептері құрылыс салушыға, жобалау компаниясына және егер инвестор ретінде әрекет етсе, банк-агентке табыс етіледі.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыруға байланысты жарнаманың ерекшеліктері
1. Жобалау компаниясы үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензияны алғанға дейін құрылыс салушының тұрғын жай құрылысы жобасының жарнамасын тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жасасу құқығынсыз жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жобалау компаниясының үлескерлер ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрған кезеңде үлескерлердің ақшасын банк-агентке тарту үшін жарнамалауға тыйым салынады.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бұзылуы
Құрылыс салушы және жобалау компаниясы осы Заңда белгіленген толық және дәйекті ақпаратты ұсынбаған жағдайда, үлескер мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы.
2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тараптардың жауапкершілігі
1. Жобалау компаниясы үлескердің тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесін оған берудің шартта көзделген мерзімін бұзған жағдайда, жобалау компаниясы үлескер жеке тұлғаға мерзімі өткен әрбір күн үшін үлескердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты бойынша төлеген сомасының 0,1 проценті мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
Егер үлескер заңды тұлға болса, онда жобалау компаниясы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта белгіленген мөлшерде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
2. Үлескер, жұмыс нәтижелерін қабылдаудан кейінгі кепілдікті мерзім ішінде онда шарттан ауытқушылықты немесе әдеттегідей қабылдау тәсілі кезінде анықталуы мүмкін емес өзге де кемшіліктер (көрінбейтін кемшіліктер), оның ішінде жобалау компаниясы әдейі жасырған мұндай кемшіліктерді өз таңдауы бойынша тараптар келіскен мерзімде құрылыс салушыдан:
1) кемшіліктердің өтемсіз жойылуын;
2) шарт бағасының мөлшерлес азайтылуын;
3) кемшіліктерді жоюға жұмсалған өз шығыстарының өтелуін талап етуге құқылы.
3. Төлем енгізудің шартта белгіленген мерзімі бұзылған жағдайда, үлескер жобалау компаниясына мерзімі өткен әрбір күн үшін банк-агенттегі үлескер депозитіне енгізу арқылы шартта белгіленген кезеңде өзінің төлеуіне жататын соманың 0,1 проценті мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
4. Yлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа орай құрылыс салушының, жобалау компаниясы мен инвестордың тұрғын жай құрылысын жүзеге асыру кезіндегі қаржылық және басқа да тәуекелдері үшін жауаптылықта болмайды.
Жобалау компаниясының құрылысты аяқтауға және (немесе) тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесті беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда банк-агент үлескердің депозитіндегі ақшаны және жинақталған сыйақы мөлшеріндегі ақшаны үлескерге қайтарып береді.
18-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
19-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заңның күші осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу қатынастарына қолданылмайды.
2. Егер, құрылыс салушыға үлестік қатысу арқылы тұрғын жай құрылысының кезекті сатысына осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін рұқсат берілсе, онда осы Заңда көзделген ережелер құрылыс салушыға қолданылмайды.
20-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі
Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-сі.
№ 180-III ҚРЗ